Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Шығыс Қазақстандағы өндіріс орындары: тарихы және даму барысы


Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы бойынша
білім беру бөлімінің
«№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі
Есеналина Анар Аманбаевна
Ғылыми жетекші
Өскембай Әлия Ақымқызы т. ғ. к,
қауымдастырылған профессор

«Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Шығыс Қазақстандағы өндіріс орындары: тарихы және даму барысы»
«Жаңа кезеңге - жаңа реформалармен»
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Еліміздің жер қойнауында кездесетін байлықтың сан түрі жерінде тұрған Шығыс Қазақстан облысы сияқты «асыл тәждің» Қазақстанда болуын мақтан етемін», «Кенді Алтайды Қазақстанның көкірегіне тағылған алқа деп тегін атамаған. Оның өркендеу шыңы әлі алда деп ойлаймын» Нұрсұлтан Назарбаев. Мен өзінің жер көлемі жағынан еліміздің аймақтарының ішінде үшінші орын алатын Шығыс Қазақстан туралы жазылған. Еуразия континентінің дәл кіндігінен қоныс теуіп, кәрі Ертістің бойымен жүздеген километрге созылып жатқан біздің ырысты өлке тағдырдың жазуымен және адамдардың ниетімен бір жарым миллионға жуық шығыс Қазақстандықтың Отанына, үйіне, тіршілік құрған құтты қонысына айналды. Шығыс Қазақстан - ҚР өнеркәсіп өндірісіндегі көшбасшылардың бірі. Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазбалардың басты «қоймасы» болып саналады, мырыш, титан, магний, тантал және басқа да сирек кездесетін металдарды еліміз бойынша бірден-бір өндіруші. 1992 жылы ақпанда осы жерде егемен Қазақстанның алғашқы алтыны қорытылды. Осы уақытқа дейінде облыс жұртшылығы экономиканы нығайту мен әлеуметтік саланы дамыту жолындағы қауырт та сан қилы тірлікті бастан кешіруде. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын аяғынан тұрғызып, келешегі мол жаңа өндірістер құруда. Шығыс Қазақстан Қытайдың, Монғолияның, Ресейдің мемлекеттік шекаралары түйіскен жерде орналасқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қойнауы толған қазына, қазба байлық, сол себепті де оның екінші аты - Кенді Алтай. Басты байлығы - полиметалл кендері. Мұндағы кен орындарының рудалары кешенді болып келеді, негізгі металлдар қорғасын, мыспен қатар олардан кадмий, висмут, алтын, күміс, сынап, күкірт алынады. Облыстың кәсіпорындары сондай - ақ сирек кездесетін металдар: титан, берилий, церий, ниобий, самарий европиймен олардың қосылыстарын өндіру мен шұғылданады. Облыс мырыш, титан және магний сирек кездесетін металдар - тантал мен ниобий атом электр станцияларына арналған отын өндіретін бірден бір аймақ болып табылады. «Қазмырыш» акционерлік қоғамындағы мырыш өндірісінің 5% - ын құрайды. «Қазмырышта» алғаш аффинаждық алтын мен күміс шығарылды. 1995 - 1996 жылдары материалдар Лондон халықаралық биржасында аттестацияланды. 1995 жылдары қымбат металдардың ұнтақты өндірісі игерілді. Облыс республика бойынша өнеркәсіп өнімі көлемінің 7, 6% (2002ж) өндіреді де, аймақтар арасында дәйекті түрде төртінші орынды алып келеді. Түсті металл кендерінің бірегей кен орындарының болуы Шығыс Қазақстан дамуының экономикалық негізін айқындап берді. Облыстың өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы ең үлкен үлес салмағы өңдеуші және тау - кен өндіруші өнеркәсіпке тиесілі. Қазақстандағы барлық орман үштен екіге жуығы Шығыс Қазақстан аумағында шоғырланған. Аса ірі кәсіпорындары - «Қазмырыш»АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан - магний комбинаты» ААҚ, «Шығыс Қазмыс» бірлестігі, «Андас-Алтын-Төбе» ТКК ЖАҚ, «Алел» ҚИК ААҚ, «Алтын - төбе» ТКК ЖАҚ, «Ертіс сирек металлдар компаниясы» ЖШС және «Қазниобий ЕХМЗ» - шығарылатын өнім көлемін үнемі ұлғайтып отырады. Шығыс Қазақстанның төрт елдің шекарасымен жапсарлас орналасуы облыс әкімшілігінің КСРО-ның ыдырауы себебінен айырылып қалған, шекаралық аймақтармен арадағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды қалпына келтіруге, қазіргілерін нығайтуға және жаңа байланыстар орнатуға аса үлкен мән беруіне себеп болып отыр. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанмен ортақ шекарасы жоқ аймақтар: Ресей Федерациясының Новосибирск, Иркутск, Томск және Самара облыстарымен Краснояр өлкесімен сауда - экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Болашаққа қарай қаншалықты жылдам аяқ басқан сайын біз тіршілігіміздің тарихи бастауларына, өзіміздің тегімізді танып білуге соншалықты қызығушылық танытамыз. Ал ғасырлар тұңғиығындағы барлық құпия ашылып біткен сияқты көрінгенде, таңғалдырарлық соны жаңалықтар мен гипотезалар тағы да пайда болатынын қайтесіз. Аңыз бойынша бір халық «биік таулардың беткейін қарағай ормандары жапқан, жарқыраған өзендер саф көлдерге құйған, көк аспаны жаһандағы ең биік ең таза» (М. Аджи) . Жерге қоныстанған екен. Бұл - бір жағынан тарихқа, атамекенге құрмет, екінші жағынан өскелең ұрпақ үшін аса қажет өнегелі іс. Біз - бір халық, бір мемлекетпіз. Сондықтан да қазақтың жері де, мәдениеті де ұлы тұлғалары да баршамызға ортақ. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы, әлемдік геосаяси кеңістіктен өзінің лайықты орнын алуы баршамыз үшін қандай мақтаныш болса, тарихымызды тану мен құрметтеу де елдің абыройын асыратын мәселе. Осы тараптан келгенде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық маңызы зор орасан идеяларды ұсынды. Ол - Елбасы тарапынан айтылған «Ұлы дала елі», «Мәңгілік ел» сияқты ауқымды елдік мұраттар. Осындай маңызы өте ерекше атаулар ономастикалық кеңістіктен лайықты орынға ие болғаны жөн. Мысалы, «Ұлы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz