Философиядағы тәсіл мәселесі. Ғылым және техника


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Комерциялық емес акционерлік қоғамы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

Институт Телекоммуникация және ғарыштық инженерия

Кафедра Телекоммуникация және инновациялық технология

6 СЕМИНАР

Мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Тақырыбы: ««Философиядағы тәсіл мәселесі. Ғылым және техника»

Орындаған: Оспан Сафура

Тобы:РЭТк-20-7

Тексерген: оқытушы Мұхамеджан К.

Алматы, 2021

«Философиядағы тәсіл мәселесі. Ғылым және техника»

1. Ғылым дамуының қазіргі тарихы, ерекшеліктері: информатика, интернет клондау.

2. Инженерлік іс-әрекет - тұлғаның шығармашылық дамуының бір белгісі ретінде.

3. Ғылыми техникалық революция заманындағы өнердің даму ерекшеліктері.

1. Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А. Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1. Орыс зерттеушісі В. И. Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нәтижесі ғылымның бастамасын сыртқы және ішкі деп бөлуге мәжбүр етеді. Сыртқы бастама - ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы - ғылым тарихының алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оныңалғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада - тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету. Екінші бір орыс зерттеушісі Г. И. Рузаңин да ғылымның тууы мен дамуында екі кезеңді атап көрсетеді: бірінші кезеңін оның туу кезеңі немесе бастапқы ғылым кезеңі деп атаса, ал екінші кезеңін шын мәніндегі ғылым немесе дамыған ғылым кезеңі деп атайды. Ғалымдардың әрқайсысы әртүрлі атағанымен, ғылым тарихы үлкен екі кезеңге бөлінетінін бәрі де мойыңдайды. Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында мифтік (аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әсерін тигізді: ең алдымен мифтік ойлау "логикасынан" үзілдікесілді бас тарту себеп болды: мифтік сана затты оның бейнесімен тепе-тең қарастырды, дүниедегінің бәрі біртұтас және бір-біріне айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат пен мәдениет, адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас деп түсінілді, адам өзін табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қысқасы, мифологияда адам бейнесі айналадағы табиғат заттары мен құбылыстарға қолданылып, дүниедегінің бәрінің жаны бар деп қарастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас баланың санасына ұқсатады.

2. Инженерлік психология - адам мен машина арасындағы ақпараттық әрекет құралдарын және процестерін оқытатын психология саласы. Инженерлік психология адамның психикалық пен психофизиологиялық процестерін және қасиеттерін оқытады. Адам қызмет ерекшелігінен пайда болатын техникалық құрылғылар құруға талаптарды шығарады. Сол сияқты адамның еңбек шартына деген және техникаға икемденуіне деген тапсырмаларды шешеді. Инженерлік психология күрделі техниканы басқару функциясын орындайтын оператордың еңбегін түрлендіреді және оқытады. Сондықтан ол жүйе техникасымен, процестер технологиясымен және құқықтанумен тығыз байланысты. Инженерлік психология күрделі адам-машина жүйесін жобалауға оқуға және түрлендіруге бағытталған. Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:

1) «Адам - машина - орта» жүйесіндегі адам функциясын талдау, адамоператор қызметінің классификациясын және құрылымын оқу;

2) оператормен ақпаратты түрлендіру және қабылдау процестерін оқу;

3) оператордың жұмыс орындарын эргономикалық принциптермен

құру;

4) « Адам - машина - орта» жүйесін эргономикалық жобалау және

бағалау;

5) «Адам - машина» жүйесі операторларын кәсіби дайындайтың әдістері мен принциптерін құру. Инженер кадрларды қалыптастырудың психологиялық проблемаларын қалыптастыру. Қазіргі кездегі инженердің жеке тұлғасы инженерлік психология және еңбек психологиясы, «адам-машина» жүйесіндегі олардың байланысы - ХХI ғ. маманының инженерлік ойлауы. “Инженер дегеніміз - латын сөзінен алғанда бейімділік, ќабілеттілік, өнертапќыштыќ деген мағынаны береді. Ќазіргі кездегі инженерлер жоғарғы білімімен, мамандыќ иегері, жоғарғы оќу орнын бітірген, адамдармен ќарым-ќатынас жасайтын, әр салада жұмыс жасай алатын адамды айтамыз. Ќоғамда инженер ұғымы ХVIII ғасырдың ортасы, ХІХ ғасырдың басында ќалыптасты. Инженерлер бұрын-соңды болмаған ќоғамға аса ќажетті туындыларды жасайды. Инженерлердің бәрі бірдей емес. Адам жаратылысынан әр түрлі болып туады. Зеректігі, аќылы әр түрлі болады”. (Ц. Р. Розенберг, У. Е. Сыдыков) . Инженер деп бұрын әскери машиналарды (саперлер, миналы офицерлер) басқаратын адамдарды атаған, яғни мамандық болған. Азаматтық инженер түсінігі ҮІ ғасырда Голландияда пайда болды. Көпір, жол жасау, архитектура сөзімен тығыз байланыста болды. Инженер түсінігінің басқа анықтамасын И. Грант энциклопедиялық сөздігінде: “Инженер латын сөзінен шығуы мүмкін, яғни ойлап табушы адам”, - деп көрсетілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні мен қызметі
Философия пәні және оның қызметі
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Техника философиясы
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Философия (Оқу құралы)
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz