Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Факультет:
Инжиниринг
Кафедра:
«Құрылыс инжиниринг»
Мамандық:
6В073030 - «Құрылыс инжиниринг»
Құрылыс өндірісінің технологиясы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «
Нөлдік сызық деңгейін анықтау»
Орындаған:
С-20-5 тобының студенті
Нұрымқызы Томирис
Тексерген:
аға оқытушы Оспанова С. М.
Ақтау - 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе3
1. Құрылыс алаңының нақты шартына сәйкес тапсырманы бекіту4
1. 1. Тегістеудің алдын-ала орташа белгілерін анықтау6
1. 2. Қазаншұңқыр мен ор жолдарды қазудағы көлемдерін анықтау6
1. 3. Ақырғы тегістеудің орташа белгілерін анықтау7
Қорытынды8
Қолданылған әдебиеттер тізімі9
Кіріспе
Жер жұмыстары кешенді процес болып табылады. Жер жұмыстарының құрамына келесі процесстер кіреді: территория және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар немесе ұзын орпар қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын-ала қопсыту, су ағызу, су бұру және жер асты суының деңгейін төмендету.
Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді.
Топырақты өңдеу, тасымалдау, үю және жер ғимараттарын өңдеумен байланысты жұмыс процестері жиынтығын жер жұмыстары деп атайды.
Жер ғимараттары атқару міндетіне және пайдалану ұзақтығына байланысты тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Тұрақты ғимараттар салынып жатқан обьектілердің құрама элементтері болады және оларды дұрыс пайдалануға арналады.
Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т. б. жатады.
Уақытша жер ғимараттары тек құрылыс кезеңіндежасалады және үймереттердің жер асты бөліктерінің іргетастарын, технологиялық жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын және т. б. орнату үшін арналады.
Оймалардың өлшемдерін салыстырғанда оның ені ұзындығынан 1/10 кем болмаса, оны қазаншұңқыр, ал ені 1/10-нан кем болса ұзын ор деп аталады.
Жер жұмыстарының көлемін есептеу оларды жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын дұрыс таңдау, тасымалдау қажеттілігін анықтау үшін қажет немесе іргелес аумақта шұңқырлардың, траншеялардан алынған топырақты бөлу және оны кейіннен қайта толтыру үшін пайдалану мүмкіндігі, қазба жұмыстарының құны мен ұзақтығын анықтаудан тұрады.
1. Құрылыс алаңының нақты шартына сәйкес тапсырманы бекіту.
Миниметрлік қағазда 1:2000 немесе 1:3000 масштабпен көлденең сызықтармен құрылыс алаңы сызылады. Алаңның ортасында берілген өлшемдерімен жобаласатын ғимарат орналастырылады.
Жер жұмыстары көлемін анықтау.
Жобалық орташа белгіні анықтау
Тегістеу алдын-ала орташа белгісін (Норт) қазаншұңқыр және оржолдан шыққан жер негізін алмай жазық беттің белгісі бойынша қабылдайды. Осы белгіні тапсырма нұсқасы бойынша қабылдайды, ал жер көлемінің нөл теңестігін сақтауы талап етілсе, есептеу бойынша анықтайды. Ол үшін берілген алаңды қабырғасының ені мен ұзындығы 100м тең тіктөртбұрышты призмалар әдісі бойынша есептейді немесе таблица мен анықтағыштар арқылы табады.
Тіктөртбұрыштар төбелеріндегі қара белгіні екі көршілес жер деңгейіндегі ирек сызықтар аралығы арқылы сызық интерполяция әдісімен анықтаймыз, онда
Мұндағы, Г- жақын ирек сызықтың белгісі, М;
x - тіктөртбұрыштың керекті төбесінен жақын ирек сызыққа дейінгі арақашықтығы, М;
l - ирек сызықтардың ең қысқа арақашықтығы, М;
x, l - масштаб бойынша анықтайды.
Егер жобалық белгі тапсырма бойынша берілген болса, онда жұмыстық белгіні жобалық және қара белгілердің айырмасы ретінде төмендегі формуламен есептейді:
Тегістеудің алдын-ала орташа белгілерін анықтау
Тегістеудің алдын-ала орташа белгісін жер көлемінің нөлдік теңестігін сақтау және төртбұрышты призма әдісін пайдалану арқылы төмендегі формула бойынша анықталады.
n=15
1. 2. Қазаншұңқыр мен оржолдарды қазудағы көлемдерін анықтау
Қиябетімен юірге қазаншұңқыр көлемі төмендегі формула бойынша есептеледі:
n=15;
- орташа тегістеу белгіден төмен жатқан қазаншұңқыр тереңдігі (тапсырмамен беріледі), М;
m-алаңның жобаланатын еңіс коэффиценті;
төртбұрышты қазаншұңқырдың бетіне алынған ені, ұзындығы, М;
- төртбұрышты қазаншұңқырдың түбіне алынған ені, ұзындығы, М;
Ақырғы тегістеудің орташа белгілерін анықтау
Тікбұрышты призма төбелеріндегі қызыл жобалық белгілерін
Анықтау
-тіктөртбұрышты призма төбелерінің қызыл белгісі, м.
-ақырғы тегістеу орташа белгісі, м.
-тіктөртбұрышты төбелерінің көлбеулік ағымы тік тұрған H белгісі барайналуға дейінгі қашықтық.
J=0. 005 l=50; 150
Жұмыс белгілерін анықтау
Жұмыртқа белшенің «+» таңбасы үйіндіні, ал «-» таңбасы ойманы көрсетеді. Есептелінген жұмыстық белгінің сандық мөлшерлері тіктөртбұрыш төбелеріне жазылады.
2. 1. Нөлдік жұмыс нүктелерін анықтау
Нөлдік жұмыстары сызығы жобалық ойма мен үйіндінің шектері болып есептеледі. Нөл жұмыстарының сызығы кері таңбалы белгілері бар сәйкес квадраттар төбелерінен өтеді, жұмыстық белгілердің пропорциялық шамалары арқылы төбелерінің қашықтығын анықтайды. Содан кейін тіктөртбұрыштар қабырғаларының жұмысшы белгілерінің нөл нүктелерін есептеп қосып, нөл жұмыстары сызығын анықтацмыз.
Тексеру:
Тік жобалаудағы жер жұмыстарының көлемдерін анықтау.