Осман - түрік мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. XVI-XVII ғасырлардағы Осман империясы
  2. Осман-түріктердің жаулап алу жорықтары
  3. Осман империясының ішкі саясаты: әлеуметтік-экономикалық жағдайы және әскери-әкімшілік құрылымы
  4. XVI-XVII ғасырлардағы Осман империясы мен Еуропа державалары
  5. XVI-XVII ғасырдағы орыс-түрік соғыстары
  6. Осман-түрік мәдениеті

XVI-XVII ғасырлардағы Осман империясы

Осман империясы Оттоман империясы - Түркияны сұлтандар билеген тұстағы мемлекет (1299 - 1922) . Осман империясы тарихта ең ұзақ өмір сүрген империялардың бірі болып саналады. 1219 - 1221 жылдардағы Орталық Азиядан батысқа қарай шабуыл жасаған түркі тайпалары ішінде қайы тайпасының көсемі Ертоғрұл Кіші Азияда өз билігіндегі аумақты Византия жерлерін жаулап алу есебінен кеңейте түседі. 1281 ж. Ертоғрұл өлгеннен кейін, оның баласы Осман I сұлтан билігіндегі әмірлікті өз есімімен атап, Осман әулетінің негізін салды.

Осман империясы 14 ғасырдың 20 жылдарында Османның баласы Орханның тұсында қалыптаса бастады. Ол 1326 ж. Кіші Азияның солтүстік батысындағы аса ірі Бурса қаласын басып алып, астана етті. Орхан сұлтан көп ұзамай Никомедияны, Вифинияны, Мизияны, Ионияны жаулап алды.

Сөйтіп 14 ғасырда Еуропаға жақындады. 1389 ж. Баязид I әскері Балқан түбегіндегі елдерді бағындырды. 1453 ж. Мехмед II Фатих сұлтан кезінде Константинополь қаласы алынды. Константинополь қаласының аты өзгертіліп (Стамбұл), Осман империясының астанасына айналды. Константинопольді жаулап алу Осман сұлтандарының мәртебесін көтеріп, империялық құрылымға жол ашты.

Арада 25 жыл өткеннен кейін бүкіл Балқан түбегінен Дунайға дейін Осман империясына қарады. Молдавия мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. 1514 - 1515 ж. Армения мен Күрдістан, солтүстік Месопотамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, 1519 ж. Алжирдің бір бөлігі империя құрамына қосылды.

Хиджаз аймағындағы Мекке мен Мәдине қаласына ие болған кейін Селим I барлық мұсылман қауымының дін басшысына айналды. 1521 ж. Белград қаласы алынды, 1526 ж. біріккен Чехия - Венгрия жасақтары талқандалды.

1553 ж. Грузияның батыс бөлігін, 1574 ж. Кипр мен Тунис, кейін Алжир мен Триполи Осман империясының құрамына күшпен кіргізілді. Сондай-ақ 1669 ж. Критті, Подолияны, 1672 ж. Украинаның бір бөлігін басып алды.

Осман империясының 16-17 ғасырларда гүлдену дәуірін бастан кешірді. Осман империясының қуатының артуы Сүлеймен I Кануни сұлтанның атымен байланысты болды. Осман империясының жеңістері Еуропа мен Кіші Азияда жаңа өзгерістерді әкелді. Түркі тайпалары жергілікті отырықшы халықпен араласып, византиялық өркениетті тәртіпке бой ұрды. Осы үрдісте Бурса, Эдирне, Стамбұл сияқты негізгі әкімшілік мәдени, сауда және кәсіптік орттар негізгі рөл атақарды. Осман империясының билеушілері рухани бірліктің негізі ретінде исламға ерекше назар аударды. Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын исламдандыру ісін жүзеге асырды. Халық саны өсті, сыртқы және ішкі сауда жанданды. Мәдениеттің әр саласында, әдебиетте, сәулет және бейнелеу өнерінде өрлеу байқалды.

Осман-түріктердің жаулап алу жорықтары

Түріктер XVI ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен 1516 - 1517 ж. ж. сұлтан I Селимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің әскери - феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.

1515 - 1517 жылдары түрік сұлтаны I Селимның әскері Сирия мен Египетті басып алды. Түрік армиясы оқ - дәрімен атылатын қару - жарақпен қаруланған еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің сұлтаны аттан құлап өлді.

Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны I - Селим Дамасске салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз - ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбей әскери бекініс тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын мамандар болмағандықтан пайдалана алмады.

1517 жылдың басында I Селим бастаған түрік армиясы Каирды басып алды. Туман - бейді Египет бедуиндері Селимге ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды (Батыс Аравия) басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең “қасиетті ел” болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мединаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын.

I Селим Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына “қос қасиетті қаланың қызметкері” деген атақты қосып алды.

XVI - ғасырда түрік мемлекетінің әскери - феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғары дәрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан әлеуметтік тәртіптер

I Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді.

І Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол “заң шығарғыш” деген сөз. Заң жинағы “Канун - намэ” деп аталды. Бұл заң бойынша шаруалар феодалдың рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қолөнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.

XVI ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды. Оның көсемі өзін Шах - құлы деп (Исмаил шахты) атады. Сөйтіп, ол өзін шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер Шайтан құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзербайжанға қашты.

Шаруалардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья аудандарында өріс алды. Оны Нұралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң Жәлел басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды. 1525 жылы Баба - Зуннун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды. Көтерілсті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те жеңіліске ұшырады.

Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік - османдардың бұл арманын жүзеге асыруға Сефевилер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Ол соғыс Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының маңында болды. Венгр, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.

1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты. 1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Австрия мен Түркия бөліп алды. Трансильвания (Румынияның солтүстігі) Түркия вассалына айналды. Закавказьедегі соғыс әрекеттерін Түркия 1533 - 1538, 1547 - 1555, 1578 - 1588 жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевилер державасы арасындағы 1555 ж. Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения (Ван көлінің бассейні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен Шығыс Грузия - Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны күрдтердің билеп - төстеуіне берді.

Арменияның үстем таптары азаттық күресінде үміттерін Батыс Еуропа елдеріне, әсіресе Венеция көпестеріне артты. Әрине, Венеция тек армяндардың бостандығы туралы емес, өзінің саудадағы үстемдігін ойлады. Закавказье халықтары үшін, әсіресе 1578 - 1588 жылдардағы иран-түрік соғысы өте ауыр болды. Түріктер Грузияға басып кірді, Тбилисиді басып алды. Түрік әскерлері Арменияға кіріп, Ереванды талқандады. Ганжа мен Ширванды басып алып, Дербентке дейін жетті.

1578 ж. Карабах пен Оңтүстік Әзербайжанды да қол астына қаратты. 1578 жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі - 1579 жылы - Тебризді басып алды.

1578 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына айналдырды. Ал ислам дінін қабылдаған грузин бай - феодалдарының мал - мүліктері аман қалды. 1595ж. Гурджистанда ең алғашқы адам санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қазынасына 9, 5 млн. сом салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Бүкіл Закавказье Түркияның қол астына көшті.

Түркияның XVII ғасырдың басындағы әлсіреуін Иран шахы I Аббас пайдаланып қалды. Ол 1606-1607 жылдары түріктерден Баку, Дербент, Шамаха, Ганжа, Ереванды алып қойды. 1613 жылғы бітім бойынша Түркия Иранға, Әзербайжанды, Шығыс Грузияны, Солтүстік Арменияны, Луристанды (Батыс Иран), Күрдістанның біраз бөлігін беруге мәжбүр болды. 1622 жылы Эрзерум (Солтүстік Шығыс Түркия), Бағдад патшалықтары империядан бөлініп шықты. 1623 жылы Иракты, оның астанасы Бағдатпен қоса, Иран басып алды. Бірақ 1639 жылы түріктер ауыр шайқастан соң Иракты өздеріне қайтарып алды. 1639 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Түркия Иранға Әзербайжанды, Шығыс Грузияны, Солтүстік Арменияны, Луристанды (Батыс Иран), Күрдістанның біраз бөлігін беруге мәжбүр болды. 1622 жылы Эрзерум (Солтүстік Шығыс Түркия), Бағдад патшалықтары империядан бөлініп шықты. 1623 жылы Иракты, оның астанасы Бағдатпен қоса, Иран басып алды. Бірақ 1639 жылы түріктер ауыр шайқастан соң Иракты өздеріне қайтарып алды. 1639 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Түркия Батыс Грузиямен Батыс Арменияға, Күрдістанның біраз бөлігіне ие болды.

1620 жылы Түркия Польшамен соғысып, Цецора маңында жеңіске жетті. Ал 1621 жылы түріктер Украинаға басып кірді. Бірақ Хотиндегі шайқаста олар жеңілді. Бірақ Польша пен Украинаға шабуылын тоқтатқан жоқ.

Түркияның Польшамен бітімдерінде 1621, 1630, 1640 жылдары Украина мәселесі өте маңызды орын алып отырды. Түріктер Запорожье казактарының Дон казактарымен бірлесіп Қара теңіздегі қарақшылығын, түрік қалаларын Синоп, Трапезунд және басқа тонаушылығын тоқтатуды талап етті. Бұл талаптары орындалмаған соң түріктер Украинаға бірнеше рет соққы жауап берді. 1654 жылы Украина Ресейге қосылған соң Түркияға соғыс ашты. Бірақ көп ұзамай орыстар бұл соғысты тоқтатып, қаруын Польшаға қарай бұрды.

1637 жылы түріктер Азовтың солтүстік жағын Ираннан тартып алып, қоныс тепті. 1642 жылы орыстардың казак басқыншыларын талқандап, Азовта түпкілікті бекінді. XVII ғасырдың екінші жартысына қарай Түркия құрлықта 250 мыңдық, теңізде 50 мыңдық әскер ұстады.

XVI - XVII - ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб елдері өзінің тәуелсіздігі үшін күресті.

XVI ғасырдың аяғында Ливанды эмир II - Фахреддин басқарды. Алғашқы кезде ол сұлтан қазынасына тиісті салықты уақтылы және толық жинап беріп отырды. Сұлтанның сенімі мен қолдауына ие болған Фахреддин өзінің иелегін бірте - бірте кеңейте берді. Оның жалдамалы отряды болды. Бұл отряд қарулы күштердің негізі еді. Олардың құрамында 40 мың жауынгер болды.

Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын Фахреддиннің қазынасы байып, қуаты арта түсті. Бірте - бірте Фахреддин өз еркімен шет - елдермен байланыс орната бастады. Мысалы, Флоренциямен сауда келісімін жасады. Мұндай өзін - өзі билейтін тәуелсіз мемлекетінің құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасктің патшасы етіп түрік үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады. Фахреддин әскері жаңа патшаға қарсы тұрды. 1618 жылы ливандықтардың 100 мыңдық әскері Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін жойды. 5 жылдан соң Дамаск патшасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны Ливанға қосып алды. Бірақ, 1633 ж. түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық қалпына келтірілді.

Осман империясының ішкі саясаты:әлеуметтік-экономикалық жағдайы және әскери-әкімшілік құрылымы

Осман империясын сұлтан басқарды. Сұлтан мемлекеттің саяси басшысы ғана емес, сонымен бірге әскери басшы, сонымен қатар ішінара діни тұлға болды. Демек, елдің тағдыры көбіне сол немесе басқа билеушінің жеке қасиеттеріне байланысты болды.

Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтанның өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға (ротаға) бөлінді. Олардың қару - жарағы жетілдірілді, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды.

Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер) ; 2) әскери феодалдар; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар - табындар) . Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.

Осман империясы орта ғасырлардағы жалғыз шынайы әскери держава болды. Империяның әскери сипаты онын мемлекеттік және әскери құрылымына әсер етті. XVI ғасырда түрік мемлекетінің әскери - феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан әлеуметтік тәртіптер І Сүлеймен сұлтанның тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді . Бұл заң жинағы «Канун - намэ» деп аталды. Кейін Сүлеймен сұлтанға «Кануни», яғни «заң шығарушы» атағы берілді. Империя аумағы провинцияларға (вилайеттер) бөлінді. Сүлейменнiң тұсында мемлекетте 21 вилайет құрылды, XVII ғасырдың орта сына қарай олардың саны 26-ға жеткізілді. Вилайеттер санжактарға (округтер) бөлінді. Вилайеттердің басшылары (бейлер) мен округ билеушілері (санжак бей) азаматтық және әскери билiктi қолдарында шоғырландырып, феодалдық жасақ пен жергілікті янычарлар гарнзонына басшылық етті. Атты әскердің жауынгерлеріне (cипaxилер) арнайы жерлер (тимарлар мен земеттер) үлестірілді. Олар сұлтанның бұйрығымен әскери жорықтарға қатысуға мiндеттендi және қол астындағы халықтан атты әскер жабдықтауға тиіс болды. Сипахилер бейбіт уақытта санжақтарда орналасқан өз иеліктерінде әкімшілік кызметпен айналысты, яғни салык жинады, тәртіпті қадағалады, шаруашылықты басқарды. Бейлер, санжак бейлер мен сипахилер халықтан жиналатын салыктың бiр бөлiгiн өздерiне алып қалуға құқылы болды. Осылайша, Осман империясында өзіндік феодалдық саты калыптасты.

Осман империясында әскери басшылар мен шенеуніктер сот қызметін жүргізе алмады. Империяда сот билігі кадилердің қолында болды. Сот билігі де орталыққа бағындырылды, сондықтан сұлтан кадилер арқылы провинциялар мен округтердегі жағдайды үнемі уысынан шығармады. Сұлтан шексіз билікке ие болды. Ол әкімшілік билікті Ұлы уәзір арқылы, ал сот билiгiн шейх-уль-ислам арқылы жүзеге асырды. Басқарудың бұл жүйесі империяның орталықтануына жағдай жасады.

Алайда барлық вилайеттердiң дәрежесі бірдей болмады. Араб аудандары түріктер жаулап алушылығына дейінгі аграрлық қарым катынастар мен әкiмшiлiк құрылымды сақтап қалды. Онда тек янычарлардың гарнизондары орналастырылды. Араб вилайеттерiнiң мiндетiне жыл сайын алым төлеу мен сұлтанның талап етуімен белгілі бір мөлшерде әскери жасақ жіберіп отыру ғана жатты. Күрдтер мен бірқатар араб тайпаларының иеліктері (хюкметтер) одан да бетер тәуелсіз болды. Олардың өзіндік әкімшілік автономиясы болды және тек соғыс уақытында ғана сұлтанға әскери жасақ жiберумен шектелді. Империя құрамына енген кейбір христиан кінәздіктерінің ішкі істеріне Порма (Осман империясының үкімет) мүлде араласпады. Ондай кінәздіктерге Молавияны, Валахияны, Трансильвания мен Дубровникті, сондай- ақ Грузия мен Солтүстік Кавказдың кейбір аудандарын жатқызуға болады. Қырым хандығы, Мекке, Триполи, Тунис және Алжир жерлері де ерекше жағдайға ие болды.

XVI-XVII ғасырлардағы Осман империясы мен Еуропа державалары

Он алтыншы ғасырдың басына қарай Осман империясы әлемдегі ең күшті державаға айналды. Шығыс Жерорта теңізі мен Балқан түбегінде орныққан Осман империясы XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін Орталық және Батыс Еуропаға тікелей қауіп төндіре бастады. Порта Еуропаға қарсы жаулап алу жорықтарын жасап, Венецияны теңіздегі иеліктерінің көпшілігінен айырды, Венгрия патшалығының едәуір бөлігін басып алды, Италия жағалауларына, Австрия және Польша жерлеріне шабуыл жасап, Дунай княздіктерін бағындырды. Ғасырдың аяғында ғана Еуропа қарсы шабуылға шыға алды. Осман империясы Еуропа мемлекеттерінің өміріндегі маңызды факторға айналды. Олар Порта алдында өздерінің сыртқы саяси ұстанымдарын әзірлеуге мәжбүр болды.

Порта мен Еуропа арасындағы дипломатиялық қатынастардың ерекшеліктері. Еуропалық саяси фразеологияда османдықтар Еуропадан шығарылуы керек "табиғи жау" ретінде саналды. Алайда, ғасырлар бойы онымен қарым-қатынас тек соғыспен шектелмей, Дипломатияға да үлкен рөл берілді. Ыстамбұлда ең маңызды еуропалық мемлекеттердің: Венеция, Франция, австриялық Габсбургтер, Польша, Англия, Голландия және т. б. тұрақты дипломатиялық миссиялары пайда болды. Венеция мен Риммен қатар Стамбул да халықаралық саясат пен әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат жиналатын маңызды дипломатиялық орталыққа айналды.

Еуропалық-Османлы дипломатиясының қалыпты жұмыс істеуіне, Порта онымен бейбітшілік орнатуға баратын барлық мемлекеттерді оған бағынғандай санайтындығы кедергі келтірді және мұны мойындау үшін олардан тұрақты (әдетте жыл сайын) алым немесе салық төлеуді талап етті.

Австрия мен Испанияны билеп отырған Габсбургтер әулетімен жүргізілген күрес Осман империясы Франциямен одақтастыруға алып келіп, олар Габсбургтерді Солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция Жерорта теңізіне өту үшін, Осман империясы Венеция мен Генуяны әлсірету үшін күресті. Ал бұл екеуі Габсбургтер империясы мен оның одақтасы Рим папасының қолдауына сүйенді. Осман-түріктер француз көпестеріне өте көп жеңілдіктер жасады.

1535 жылғы франко - түрік келісімі “бірінші капитуляция” деген атпен әлемге әйгілі болды. Мұнда көрсетілген жеңілдіктер Түріктер тарапынан бұрын Венеция пен Генуяға жасалған болатын. Бірақ француз көпестеріне берілген артықшылықтар бара - бара француз ұлтына тарады. Бұл артықшылықтар үшін осман-түріктер ақы алған жоқ, бірақ қашан тоқтатам десе өз еркі болды. Француз көпестері Осман империясындағы қылмыстық жаза қолданатын тәртіп бұзғандағы үшін сотқа тек өз елінде ғана тартылатын болды, яғни түрік соттары француз көпестерін жазалай алмайтын болды.

Франция XVII ғасырдың басына дейін Еуропа елдерімен Осман империясының барлық дерлік саудасын өз қолында ұстады., Голландия мен Англия өз субъектілері үшін осындай құқықтарға қол жеткізе алды. Осы уақытқа дейін ағылшын және Голланд көпестері Француз туы астындағы кемелерде түрік иелігінде сауда жасауға мәжбүр болды.

1580 жылы Англия өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға Осман империясынан рұқсат алды. Бұл компания шығыс елдеріне еніп, олардан шикізат алып отыру үшін керек еді. Осы кезден бастап Франция мен Англия көпестері арасында Таяу Шығыста бәсекелестік туды. Кейін бұл екі мемлекет Осман империясындағы экономикалық және саяси үстемдік үшін күрес жолына түсті.

XVI ғасырдағы Осман империясының Англиямен, Франциямен келісімдері Осман-түріктердің соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына тәуелді етті, елдің экономикалық жағдайын нашарлатты.

XVI-XVII ғасырдағы орыс-түрік соғыстары

Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар XV ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Ресейге жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін Польша - Литва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М. Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа (Феодосия) қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.

Екі жылдан соң Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға достық өмір сүруге, Түрік жерлерінде орыс көпестерінің саудасына ыңғайлы жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Ресей де ешқандай саяси немесе аумақтық мәселелер көтерген жоқ. Бұл мәселелер XVI ғасырдың басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен қатар Мәскеуде тұтқында отырған Қырым Ханы Абдуллатифты қайтаруды талап етті. Бұл талап орындалмаған соң түріктер орыстардың ноғайлардағы елшісі Семен Мальцевті тұтқынға алды.

Орыс казактарының басқыншылығы, олардың Түркия шекарасына жақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орыстардың түркі тілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы, Қабарда халқын езгіге салуы (1557) - осының бәрі 1569 жылғы I орыс- түрік соғысының себебі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Орта ғасырлардағы Tүркия
Осман империясы құрамындағы араб елдері және олардың түрік езгісіне қарсы көтерілістері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Түркия Оңтүстік - Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекеті
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz