ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТІЛІ
ОӘЖ:93:327
Асан И.Б. -ЕҰУ студенті (Т-21 тобы)
Ғылыми жетекші - PhD, аға оқытушы ЕҰУ Ақпанбет Н.Н.
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТІЛІ
Ұлттық азаматтық мойынсұнбауға немесе ұлттық азаматтық тұтастыққа жеткен ұлт-кемеліне келген ұлт. Ондай ұлт адамзаттың ортақ тарихына үлес қосуға қабілетті және өркениеттің әр мүшесі оның пікірімен санасуға міндетті деген сөз. Тарих пен тағдырдың қандай ыбаға ұсынғанына қарамастан, қазақ ұлтының дәл осындай қауымдастықтың қатарына қосылуға толық қақысы да мүмкіндігі де бар.
Қазақстан тәуелсіздігін алды, азат ұлт атану үшін бар уақытта күресіп келген.
Демек, кемеліне келген ұлтпыз деуге толық қақымыз бар[1,119б].
Өткеннің бұрысы-сабақ, дұрысы-өнеге. Мұны жүзеге асыру бірдің шаруасы емес, көптің мұраты болмақ. Қазақ зиялыларының оянуы бажайлап қарасақ, 100 жылдың арғы жағында жатыр [2,339б].
Алаш идеясы-XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық идеясы болатын. Рухани-мәдени кеңістікте Алаш қозғалысы әлемге танымал жәдитшілдіктің Қазақстандағы көшбасшы бағыты еді.
Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай еместін. Керегеміз-ағаш, ұранымыз-Алаш. Кереге - мемлекет құрылысы, Алаш-идеология. Алаш-жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді. Түрік-мұсылман халықтарынан шыққан әрбір жәдитшіл азамат өз Отанының еркін, тәуелсіз болуын, байырғы елдік дәстүрдің озығын мықтап ұстап, демократиялық Батыстың жетістіктерін меңгеруді армандады.
Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер сонда олар қазақ атынан жеріген бе? деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған әрине, жеріген жоқ деп жауап береміз.
Есімізге олардың:
Арғы атам-ер түрік
Біз-қазақ еліміз,-
деген әнұраны түседі.
Сонымен бірге зиялылар:
Азаматы Алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,
деген жоқ па?!
Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар.
ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идеясы қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік.
Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы осы идея. Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары - ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен кезеңі 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді [3,3б].
Тәуелсіздік туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: 1991 ж. 16 желтоқсандықтар - қазақтың халықтық, залдағы Қазақстандықтардың жұлдызды сәті. Осы сәттен бастап біздің халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Қазақ халқы өзінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінде өзінің тәуелсіздігін жариялап, оны барша әлемге жария етті деп мәлімдеді. Бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңісті ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстары да мақсат тұтқан. Алаш козғалысының да түпкі мақсаты-біртұтас қазақ мемлекетін құру еді. Бұған Х.Досмұхамедовтың түрмедегі тергеушіге берген мына жаyабы дәйек бола алады: Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып койылуы керек. Егерде, Кеңес өкіметі саяси еркіндік жариялап, еркін партия кұруға мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек. Бұл бағдарламаға М.Тынышбаев екеуміз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дәрежеде белсене қатысты - делінген [5,6б] .
Алашорда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ - қырғыз сьезінің ұйымдастырушылары : Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Сьездге қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан-58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан -8 делегат және арнайы шақырумен-15 адам, ұйымдастыру комитеті съездге келген делегаттардың тізімінде барлық жиын-терісі 81 делегат тіркелінген. Көп дауыс алған Ә. Бөкейханов Алаш автономиясының өкіметі - Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасап, ол жөнінде: Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады-деп қаулы қабылдады [6,46б].
Алаш құбылысы-сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын. Қозғалыс қайраткерлерінің сол кезеңдегі қазақ қоғамының барша саласын қамтып, оларды жетілдіруге күш жұмсағанын байқауға болады. Осы мақсат жолында олар қоғамды жетілдірудің, әлеуметті ұйытудың, саяси билікке жетудің-осылардың қорытындысында дербес мемлекет құрудың басым бағыттарын айқындап, сол жолдан ауытқымай күреске шықты [4,209б].
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы-айрықша тарихи құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Жаңашылдығы-қазақ қоғамы үшін қиын - қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, билігі өзгенің қолындағы, мемлекеттік институттары қалыптаспаған, бытыраңқылық жайлаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әлі бұлтартпас мысалы-тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы [4,206б].
Елбасы, Н.Ә. Назарбаев өзінің Тарих толқынында кітабының Алаш мұрасы және осы заман атты тарауында : ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал-деп Алаш азаматтарының тарихи еңбегіне лайықты баға берген болатын [4,207б].
Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары-бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Алаштың жолы-сонау қазақ хандығы құрылған шақтан бері қазақты қазақ етіп келе жатқан, оның жігерін жаныған, рухын асқақтатқан орасан оқиғалар мен киелі күрестердің ішіндегі ұлы жолы, дәстүрі кемел даңғылы, сарабдал соқпағы [4,228б].
Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзатқа ауыр қасірет алып келген жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық идея өзінің рухани және әлеуметтік эволюциясы барысында Алаш идеясы түрінде көрінді. Алаш идеясы қазақ түсінігінде туыс түркі халықтарын біріктіретін алты алаш ұғымын білдіргендіктен, ХХ ғасырдың басында артта қалған отар халықтардың ұлттық өзіндік санасының оянуына орай, түркістаншылдық идеясымен шектесіп жатты. Бұл, әсіресе Мағжан Жұмабайдың поэтикалық шығармашылығы мен Мұстафа Шоқайдың тарихи саяси қызметінен аңғарылады. Саяси тәуелсіздіктің туын көтерген қазақ зиялылары Оян, қазақ! идеясымен халыққа ой тастады. Соның нәтижесінде үлкен идеялық әрі реалды Алаш қозғалысы басталды және Алаштың әлеуметтік, саяси және тұлғалық белсенділігі мен еркіндігі ұлттық идея ретінде ұсынылды. Бұл тәуелсіздік ұранының алдыңғы кезеңі ағартушылық идеяларымен астасып жатқан болатын. Және Алаш қайраткерлерінің бұл үндеуі Абай мен Шәкәрімнің адам бол! ұстынымен және ұждан тұжырымымен сипатталады рухани-адамгершілік бағдармен де бекітілді.
ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы өз эволюциясының жаңа сатысына көтерілді және заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай саяси тұрғыдан ширығып, жаңа ұлттық идея-Алаш идеясы дүниеге келді. Жалпы Алаш идеясын жаңа деп айтуға келмейді, өйткені бұл идеяның Қазақ хандығы дәуірінен бері бар екендігі белгілі. Дегенмен, ХХ ғасырдың басында көтерілген бұл идеяның мазмұны алдыңғыларымен салыстырғанда мүлдем бөлек еді. Оны жетілдіруші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz