Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу


«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АРГОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Қайнулдина Динара Қайратқызы
«Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В060800 - Экология мамандығы
Нұр - Сұлтан - 2022
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті
(факультет атауы)
Экология кафедрасы
(кафедра атауы)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
С. С. Ахметова
(қолы)
«__» 20 __ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу» тақырыбында
Мамандығы: 5В060800 - Экология мамандығы
Орындады Қайнулдина Динара Қайратқызы
(қолы)
Ғылыми жетекші
(қолы)
Нұр - Сұлтан - 2022
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АРГОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті
Экология кафедрасы
5В060800 - Экология мамандығы
Бекітемін:
Кафедра меңгерушісі
С. С. Ахметова
(қолы)
«__» 20__ ж.
ТАПСЫРМА
(дипломдық жобаны (жұмысты) орындау бойынша)
студентке Қайнулдина Динара Қайратқызы
Жоба тақырыбы (жұмыс) : «Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу»
«__» 20__ ж.
№ бұйрығымен бекітілген.
Студенттің аяқталған жобаны тапсыру мерзімі
Жоба бойынша бастапқы мәліметтер
Есептік-түсіндірме жазбаның мазмұны (әзірленуге жататын мәселелердің тізбесі)
Графикалық материалдың тізімі (міндетті сызбаларды дәл көрсете отырып)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жоба бойынша кеңесшілер (жобаның тиісті бөлімдерін көрсете отырып)
Тапсырманың берілген күні:
Жоба жетекшісі:
(қолы, аты-жөні, лауазымы)
Тапсырманы студент орындауға қабылдады Қайнулдина Д. Қ.
(қолы)
РЕЗЕНЦИЯ
дипломдық жобаға
Студент Қайнулдина Динара Қайратқызы
(тегі, аты, әкесінің аты)
Мамандығы: 5В060800 - Экология
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА тақырыбы:
«Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу»
Дипломдық жобаның өзектілігі мен ескертулер
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ШЖШ - шекті жол берілген шоғыр
ЖЛ - жоғары ластану
ЭЖЛ - экстремальді жоғары ластану
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Атырау облысының 2003-2005 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау және экологиялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кешендi бағдарламасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР . . .
1. 1. Атырау қаласының географиялық мәліметтері (орналасуы, климаты, табиғаты, экологиясы, т. б. ) . . .
1. 2. Атырау қаласының экологиялық ластау көздері (мекеме, зауыттар) . . .
ІІ. АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
2. 1. Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасының мониторингі . . .
2. 2. Атырау қаласының жер үсті су сапасының мониторингі . . .
2. 3. Атырау қаласының топырақ жамылғысы сапасының мониторингі . . .
2. 4. Атырау қаласының экологиялық ахуалына әсер ететін мұнай сапасының мониторингі . . .
ІІІ. АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда, эколог мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға жанашыр мен-мен деген адамдардың азайғанын айтуда. Сондықтан да, қоршаған ортаны сақтап қалу экологияның негізгі өзектілігі болып табылады. Осыған орай, «Атырау қаласының қоршаған ортасына мониторинг жүргізуі» туралы қарастырып, зерттеуді қолға алдым. Өңірдің экологиясын зерттеуде оның әрбір тұрғынына үн қаттық.
Жалпы алғанда, бұл ғаламда адамзаттың аяғы баспаған, сонымен қатар, олар зерттемеген жер қалмаған шығар. Мұхит асып, Айға ұшып терең бойлады. Алайда, «адам алдынан ну кездессе, артында шөл қалар» деген сөзден қоршаған ортаға адамның көп кеселі тиетінін ұғындырғандай. Оның дәлелі - Атырау қаласы. Атырау қаласы - Қазақстан Республикасының экономикасына қарқынды үлес қосып жатқан мұнайлы мекен. Өндірістердің қайнаған ошағы. Ел игілігіне қызмет етіп жатқан өндірістердің Атырау қаласының экологиялық жүйесіне техногенді үлкен салмақ салып отырғаны рас. Жыл сайын қала атмосферасына мыңдаған тонна ластаушы қалдықтар бөлінеді. Және де қала маңы күл-қоқыстарға алаңына айналып жатқаны да ащы шындық. Әкімдік мәліметтерге сүйенсек, 22 млрд тонна тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар жиналған. Оның 6 млрд тоннасы қала тұрғындары үшін өте қауіпті екен. Солардың 150 - ден астамы ауа ластайтын улы заттар.
Атырау қаласын құлдыратып жатқан ластау көздерін 3-ке бөліп қарастырамыз. Олар:
1. Мұнай-газ кәсіпорындары;
2. Қаладан шыққан қалдықтарды жинайтын полигон;
3. Қалдық суларды төгетін булану алаңы;
Осы аталған ластау көздеріне жекелеген мониторинг жүргізу арнайы қарастыруды қажет етеді. Бұл менің дипломдық зерттеу жұмысымның өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Атырау қаласының ластау көздерін қарастыра отырып, қоршаған орта жағдайына жүргізілген мониторингтерді зерттеп, ерекшеліктеріне тоқталу - негізгі дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңашылдығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы.
І. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
1. 1. Атырау қаласының географиялық мәліметтері (орналасуы, климаты, табиғаты, экологиясы, т. б. )
Қазақстанның батыс бөлігін бой түзетіп, сәні мен салтанаты келіскен мұнайлы және шырайлы қала - Атырау қаласы. Атырау облысының орталығы болып табылатын Атырау қаласы Жайық өзенінің бойында бауырлай орналасқан. Қаланың іргетасы 1640 жылы қаланған тарихи қала болып табылады. Тарихқа үңілетін болсақ, Атырау қаласының тарихы ХІІІ ғасырдағы әйгілі болған Ақтөбе-Лаэти, Үйшік, Құтлукент, Жайық, Гурьев, Чапаев қалаларынан бастау алады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан бойынша өнеркәсіп, мәдени-ағарту, ғылыми, саяси-әлеуметтік маңызы бар бірден-бір үлкен қалалардың бірі. Географиялық орналасуы бойынша қала Каспий теңізінің қазіргі жағасынан 40 км жерде орналасқан. Қаланың ескіше атауы «Гурьев». Бұл атау Атырау қаласын салуға қаржысын төккен көпес Гурьевтің еңбегіне орай қойылған. 1991 жылдан бастап қала тұрғындарының ақ тілегінің негізінде Гурьев атауы «Атырау» деп аталды.
Атырау қаласын геологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, көне Шығыс Еуропа платформасының алып аумағына кірген Каспий ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Атырау - екі құрлыққа ортақ қала. Сондай-ақ, ойпатқа жақын орналасқан әр түрлі құрамды шөгінді жыныстардың зор қабатында жер асты сулары мол кездеседі.
Атырау қаласының климатына тоқталсақ, ылғалдылықтың жеткіліксіздігімен, жазда қатты ыстықтығымен, қыста қара суықты ауа райымен, аязды, шаңды дауылымен басқа қалалардан ерекшеледі. Жауын-шашынның мардымсыздығы - қала климатының басты мәселесі. Қалада ылғалдылық ауада қарқынды жылдам буланады, сондықтан құрғақшылық басым.
- кесте. Жылдық жауын-шашын мөлшері.
![]()
2 - кесте. Жылдық ауа температурасы.
3-кесте. Атырау қаласының ауа райы
Жалпы, Атырау облысы өзен мен көлге бай. Қала бойын Жайық өзені кесіп өтеді. Облыс көлемінде Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің төменгі ағыстары мен үлкенді-кішілі көлдер орналасқан.
Әкімшілік бөлінуін айтатын болсақ, Атырау қаласының әкімшілігінің құрамы бір қала, Балықшы, Жұмыскер атты екі кент, сонымен қатар, Ақсай, Геолог, Еркінқала, Кеңөзек, Атырау, Қайыршақты деп аталатын жеті ауылдық аймақтан тұрады. Балықшы ауданы 1990 жылы қалаға қосылған.
Демографиялық статистика
(Атырау қаласы)
2020 жылы
1 қаңтар
2021 жылы
1 қазан
2022 жылы
1 қаңтар
4 - кесте. Атырау қаласының халқы
Атырау облысы жалпы, Қазақстан бойынша демографиялық статистика бойынша 13 орында тұр. Соның ішінде біз қарастырып жатқан Атырау қаласының халық саны 2022 жылыдың қаңтар айында 374 784 адамды құраса, наурыз айындағы көрсеткішке сүйенсек, 376 366 адамға артқан. Халықтың жалпы өсімі - 1582 адам. Табиғи өсім - 1236. Атырау қаласынан көшкен халық саны - 346.
Атырау облысы Каспий ойпатының бауырында орналасқан соң, топырақ жамылғысының құрылы өте күрделі болып табылады. Мұнда топырақтың бір емес, бірнеше түрі таралған. Олар: шалғынды топырақ, бозғылт-құмды топырақ, автоморфты қоңыр топырақ, тақыр және батпақты топырақ. Сортаң топырақ - облыс және қала аумағының көпшілік бөлігін алады.
Әр облыстың өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Атырау облысында құрғақшылық басым болған соң, суды көп қажет етпейтін жусан, ебелек, көкпек, мортық, қоңырбас және т. б. өсімдіктер жие кездеседі. 50-ден астам дәрілік өсімдіктер де ұшырасады. Есекмия, мендуана деген сияқты улылығы бар шөптерде кездеседі. Тіпті, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген бірнеше өсімдіктер: берік сүттіген, күманды долана, су шылымы, тегеурінгүл сияқты сирек кездесетіндер де бар.
Ал жануарлар дүниесіне келетін болсақ, қала аумағы шөлейітті болған соң, 500-дей омыртқалы жануарлар мен 1000-ға жуық омыртқасыз жануарлар кездеседі. Атырау облысы құстарға бай. Құстардың 280-дей түрі ұшырасады. Каспий мен Жайық өзендері жақын орналасқан Атырау қаласы «балықтардың Отаны» болып табылады. Бағалы сирек кездесетін 122-ден астам балық түрлері бар. 12 түрлі жыртқыш аңдар түрі кездеседі. Олардың ішіне: қасқыр, түлкі, жанат тәрізді т. б.
Қазіргі таңда, Атырау қаласы мұнайлы мекен болған соң, мұнай-газ кен орындарының қарқынды жұмысының нәтижесінде жануарлар және өсімдіктер дүниесінің таралу аумағы тарылып, жылдан-жылға азайып жатыр.
1. 2. Атырау қаласының экологиялық ластау көздері (мекеме, зауыттар)
Атырау - Қазақстанның әртүрлі пайдалы қазбаларына толы бай өңірі. Соның ішінде, еліміздің «қара алтыны» болып табылатын қоры бай, әрі көлемдісі - мұнай. Атырау - мұнай-газдан басқа борат, ас тұзы деген сияқты өнімдерді өндіріп, еліміздің экономикасына бірден-бір үлес қосатын облыс орталығы. Гипс, сазды, құмды әктастар, бор, ангидрит сияқты құрылыс шикізаттарын өндіретін зауыт-фабрикалар бар. Дүниежүзі бойынша борат тек Атырау қаласында өндіріледі. Атырау қаласында 1000-нан астам ірі кәсіпорндар орналасқан. Олар: «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ, «Болашақ Атырау» ЖШС, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ - бұрғылау» Сервистік бұрғылау кәсіпорны, «ЮЛМАР - Сервис» ЖШС, «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» ЖШС, «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС, «Арианда» ЖШС, т. б.
Атырау қаласы - кәсіпорындардың ортасында орналасқан, экологиясы төмен, лас қалалардың қатарындағылардың бірі. Қаланы ластаушылардың 80-85 %-ын мұнай өңдейтін және таситын кәсіпорындар алады. Өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар қаланы жылдан-жылға ластап, көрсеткіші тонналанып артып жатыр. Кәсіпорындардың көпшілігі тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сондықтан, зиянды қалдықтар ешқандай сүзгісіз қала аумағын шарлауда.
Қала экологиясын құлдыратып отырған үш фактор бар:
- Мұнай-газ кәсіпорындары;
- Қаладан шыққан қалдықтарды жинайтын полигон;
- Қалдық суларды төгетін булану алаңы;
5 - кесте. Атырау қаласының ластану көздері
Атырау қаласын ластаудан көш бастап тұрған кәсіпорындарды айтатын болсам:
- «ҚазТрансОйл» АҚ - 68, 7% (көмірсутегі)
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС - 22, 79% (көмірсутегі)
- «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ - 19, 79% (көміртегі)
- «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС - 46, 08% (көміртегі)
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС - 52, 54% (күкірт оксид)
- «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС - 73, 2% (азот оксид) пайыздарын ауаға шығару арқылы қала ластануда.
Атырау қаласында атмосфералық ауа сапасын анықтайтын сегіз стансалар орналасқан. Сол арқылы ауа сапасын анықтап қана қоймай, тәулік сайын зерттеу жүргізеді. Ол стансалардың қызметі - қай кәсіпорындар шектеуден тыс мөлшерде ауаны ластап жатқанын анықтау. Мысалы ретінде «ВестОйл» ЖШС кәсіпорынын айта аламын. Себебі, осы кәсіпорын орналасқан жердегі станса күкіртті сутектің шектеулі мөлшерден асып кеткені анықталды.
6 - кесте. Атырау қаласындағы ірі кәсіпорындар
Атырау - Қазақстан Республикасының негізгі мұнай шығаратын және өңдейтін қаласы, сонымен қатар, ең көп кәсіпорындар шоғырланған аймақ. Өндіріс өнеркәсіптері ілеспе газ, мұнай, көмір, борат, бояғыш заттар, кальций карбидін, минералды тыңайтқыштарды өңдеумен, автокөліктермен, ауыл шаруашылық кқліктерінің бөлшектері шығарумен және т. б. айналысады.
Атырау - еліміздің экономикасын мұнай-газымен байытып отырған өңір. Кәсіпорындардың қарқынды дамып, нәтиже көрсеткен сайын қала экологиясы құлдырап жатыр. Атырау үшін экология мәселесі жылдан-жылға ушығу үстінде. Ірі мұнай-газ кәсіпорындарында күнделікті санитарлық-гигиеналық іс-шаралар үнемі жүргізілсе де, өндірістерден бөлінетін көмірсутегі, күкірттегі, бензол, азот, фенол сияқты зиянды заттар мен құбылмалы микроклимат зауыттардағы жұмысшылардың денсаулықтарына кері әсерін тигізіп жатыр. Осындай химиялық факторлар жүрек-қантамырлар, өкпе-бронхы, ас қорыту жолдарының ауруларын тудырады.
Жайықтың бойында орналасқан Атырау қаласының экологиялық ахуалы жылдан-жылға нашарлап жатқаны қала тұрғындарының үлкен уайымы. Қала маңында өндірістердің көбеюі қаланың экожүйесін ластап, тұрғындардың таза ауамен тыныстауын бір арман қылды. Атырау қаласында жел оңтүстік-шығыстан және солтүстік-шығыстан соғады. Ал зауыттар мен кәсіпорындар қаланың осы жағында орналасқан соң, жел қаланың экологиясына кері әсерін тигізіп жатыр.
ІІ. АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасының мониторингі
Бүгінгі таңда, Атырауды толғандыратын мәселе - экология. Атырау экологиясын жақсарту мақсатында көптеген іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар іске асты. Алайда, қала экологиясы әлі мәз емес. Атырау облысының экология департаментінің хабарлауынша, қаланың экологиясын құлдыратып жатқан ластау көздері - газ-мұнай өндіретін зауыттар. Яғни, «Интергаз-Орталық Азия», «Атыраумұнаймаш», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», т. б. ірі кәсіпорындар мен өндірістер. Қаланың солтүстік-батыс жағында квадратты және шығыс жағында «шіріген сәуле» («Тухлая белка») деген жел соғатын қаланың екі жағында орналасқан жинақтағыш тоғандар бар. Ол жинақтағыш тоғандардың қызметі - мұнай өнімдерін ыдырату. Жинақтағыштарға қалалық төгінділер іс жүзінде тазартусыз жүзеге асады. Атырау қаласында бірінші санаттағы 142 кәсіпорындар бар. Олардың жиынтық шығарындылары 2020 жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 150, 07 мың тоннаны құрайды. Міне, осылардың бәрі Атырау қаласының атмосфералық ауасын ластауда. Сол үшін қала әкімшілігі жыл сайын қалада атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізеді.
Атырау қаласының атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 5 бақылау бекіті мен 3 автоматты станция бар.
- Азаттық даңғ., Әуезов даңғ. Бұрышы
- Сәтпаев даңғ., Владимирская көш., бұрышы
- Атырау филиалының жанында, Бигелдинов көшесі 10 А
- Сырдария 3 ауданы
- Береке шағын ауданы, Береке өндірістік ауданы
- Қалқыма бөлшектер РМ-2, 5 және РМ-10, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкірттісутегі, аммиак
- Қалқыма бөлшектер РМ-10 және РМ-2, 5, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкірттісутегі, аммиак
- Қалқыма бөлшектер РМ-10 және РМ-2, 5, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкірттісутегі, аммиак
7 - кесте. Бақылау бекеттерінің орналасу орны мен анықталатын қоспалар
Қала бойынша атмосфералық ауа мониторингі 12 көрсеткіш бойынша жүзеге асады:
- Қалқыма бөлшектер (шаң) ;
- РМ-2, 5 қалқыма бөлшектер;
- РМ-10 қалқыма бөлшектер;
- Күкірт диоксиді;
- Көміртегі оксиді;
- Азот диоксиді;
- Азот оксиді;
- Аммиак;
- Күкіртсутегі;
- Озон;
- Фенол;
- Формальдегид
2021 жылғы Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері
Атырау қаласының бақылау желісінің деректері бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды, ол №8 (Сырдария ауданы 3) бекет ауданындағы РМ-10 қалқыма бөлшектері бойынша СИ=9, 0 (жоғары деңгей) мәнімен айқындалды және ЕЖҚ күкірт сутегі мәні бойынша 5, 9% (көтеріңкі деңгей) №8 бекет ауданында (Сырдария ауданы 3) .
Максималды-бірлік шоғырлары қалқыма бөлшектер (шаң) бойынша - 2, 0 ШЖШм. б., қалқыма бөлшектер РМ-2, 5-3, 1 ШЖШм. б., қалқыма бөлшектер РМ-10-8, 9 ШЖШм. б., азот диоксиді - 1, 3 ШЖШм. б., күкіртті сутегі - 2, 1 ШЖШм. б., басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады. Орташа-бірлік қалқыма бөлшектер РМ-2, 5 бойынша -1, 3 ШЖШо. т. қалқыма бөлшектер РМ-10 бойынша -1, 2 ШЖШо. т. озон бойынша -1, 2 ШЖШо. т. басқа ластаушы заттардың шоғырлары ШЖШ-дан аспады. Экстремалды жоғары және жоғары ластану (ЖЛ және ЭЖЛ) жағдайлары: ЖЛ (10 ШЖК астам) және ЭЖЛ (50 ШЖК астам) тіркелген жоқ.
Жоғардағы кестедегідей соңғы бес жылда қаңтар айында ауаның ластану деңгейі өзгерді. Зерттеу нәтижесінде 2017-2021 жылдары қаңтар айында Атырау қаласының атмосфералық ауа ластану ең жоғары деңгейде болып тұр. 2018-2020 жылдары көтеріңкі деңгейді көрсетті. 2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2021 жылғы қаңтарда РМ-10 қалқыма бөлшектерінің ауа сапасы өте нашар болды. Осы аралықта бір реттік ШЖШ артуының ең көп саны күкіртсутегі бойынша 132 жағдай, РМ-2, 5 бойынша 34 жағдай, РМ-10 бойынша 72 жағдай, қалқыма бөлшектер бойынша 5 жағдай орын алды.
1 - сурет. Атырау қаласының атмосфералық ауа ластануларын бақылау стационарлық желісінің орналасу сызбасы
Өндірістік мониторингке зерттеу жүргізу
Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізген бірнеше өндіріс орындарын анықталды. РКМ «КАЗГИДРОМЕТ» Атырау қаласы бойынша филиалы мен Экологиялық Мониторинг Департаментінің жүргізген өндірістік мониторингілеріне талдау жасайық. 2021 жылдың қаңтар айына арналған «North Caspian Operating Company» станцияларының атмосфералық ауаның ластануы туралы тың деректеріне көз жүгіртсек, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау үшін автоматты түрде жұмыс жасайтын мониторинг станциялары (АСМС) қолданылды. Атмосфералық ауа ластануын бақылайтын АСМС «Аджип Казахстан Каспиан Оперейтингнің» он тоғыз (19) станциясы бар. Олар: «Восток», «Загородная», «Привокзальная», «Самал», «Доссор», «Әкімдік», «ТКА», «ШАҒАЛА» т. б. орналасқан.
Ал санитарлық қорғауды талап ететін аймақтарда орналасқан станциялар: « Болашақ Шығыс», «Болашақ Батыс», «Болашақ Оңтүстік», «Болашақ Солтүстік» деген сияқты станциялар. Осы аталған станциялардан азот оксиді, азот диоксиді, күкіртті сутегі, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді өлшенген болатын. Нәтижесін 8 - кестеден толығырақ көрсек болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz