ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе қаласы
№ 10ЖББОМ география пән мұғалімі Махамбетова Жаннур
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ

Мұғалім-мәңгі нұрдың қызыметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тымсыз лаулаған жалын иесі
Я.А.Коменский

Елбасымыз Қазақстанның қарқынды даму барысында әр жылы халыққа арналған жолдауларында оқу білім саласын міндетті түрде қамтып, бағытымызды анықтап, жолымызды саралап келеді. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында Н.Ә.Назарбаев Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сонықтан білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты - білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-217оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпенберілуі.Спиралды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Яғни білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған.
Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. География сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Критериалды бағалау бойынша мысалы қалыптастырушы бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты сабақтың мақсатындағы етістікті Блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Сабақты құрғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа аламыз.
География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді құралымыз - Блум таксономиясы. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. География пәні бойынша берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Қолдану болса тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді. Блум таксономиясы оқыту нәтижелерін жазу үшін жиі қолданылады, ол дайын құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс қолдану - оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті. Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз -- білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор - оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсырманы орындау үшін берілетін уақытты нақты белгілеу. Жұмыстың аяқталу мерзімін тақтаға жазып қойған орынды. Дәл осы уақытта жұмыс тоқтатылып, қажет болса жиналып алынады. Мұғалім тапсырманы қалай орындау керегін түсіндіреді, немесе тақтаға жазып қояды. Әр топқа немесе әр оқушыға таратып беруге де болады. Тапсырма бойынша не жасау керектігін 1 минут уақыт беріп топ ішінде талқылауға да болады. Критерийлер мен дескрипторлар әр оқушыға немесе топқа таратылады. Интерактивті тақтаға шығарып қоюға да болады. Тапсырманы дұрыс түсінгендігін анықтау қажет. Берілген тапсырманы топ немесе жұп құрамында орындау қажет. Оқушылардың бұл жұмысты таңдап алған рөлдер ауқымында жүзеге асырғандығы дұрыс.
Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксіз жүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі. Сабақта мұғалім әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалауды кіріктіріп отырса, Джон Хэтти зерттеулеріне сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені ескерілсе, оқыту нәтижелі болады. Оқушылар сабақ үдерісіндеқұрбыларын бағалауда бір-біріне құнды кері байланыс ұсына алады және бір-бірінен үйренеді, бір-бірін қолдайды. Жаңартылған мазмұндағы білім беруде, оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру- мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Қытайдың дана ойшылы Конфуций: Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады, - деген, сондықтан, қазіргі заман мұғалімі - рухани жағынан дамыған, педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болуы керек.
Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолданутиімді болады. География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге, болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына мүмкіндіктер береі. География ғылымы-өте қызықты да күрделі ғылым. Жаңартылған білім мазмұнынгеография пәнінде жүзеге асыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
ХХІ ғасыр- ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. География пәні үшін басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұмысты талап етеді, сондықтан оқушылардың материктер мен дүние бөліктеріндегі және аралдардағы елдер мен халықтар жайында деректерді жинау, оларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау басқа пәндермен байланыстыру оқушы үшін ерекше қызық. Мысалы: материктің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін бейне материалдан көрсету оушының білімін кеңейтеді және пән туралы ұғымын қалыптастырады. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, интернет ақпараттарын пайдалану арқылы бір-бірімен білім алмасып бір-бірінің оқуының ілгерлеуіне ықпал етеді. Педагог-жазушы Жүсіпбек Аймауытов Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер дегендей, сабақты өткізуде белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыруды; мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс орнатуды; оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалауды да ескеруі қажет. Нәтижесінде білім алушылар өзара ынтымақтастықта жұппен, топпен жұмыс істеуге; өз ойларын еркін жеткізуге; өзін-өзі және серіктестерін бағалауды жүзеге асыруға; бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға; оқытудың белсенді әдістерінің пән мазмұнына еніп, алынған білімнің негізінде еркін бағдарлай білуге дағдыланады.
Қорыта келе айтарым, жаңартылған мазмұндағы білім беруде, оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру- мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. География сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту тәсілдерін қолданудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызы зор.
Әйгілі зерттеуші Л.С. Выготский: Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту - дамытуды өзімен бірге ала жүреді,- деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектелмей, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Искакова Р., Ерназарова З. Жаңа технологияны пайдалану әдістері. Қызылорда, 2004жыл.
2. География және табиғат журналы №6, 2016 жыл
3. Қазақстан мектебі ғылыми - педагогикалық журналы. № 12, 2002 ж.
4.М.ВалиеваБілім беру технологиялары және оларды оқу - тәрбие үрдісіне енгізу жолдары Әдістемелік нұсқау.
5.Ж.Ж.Қожамқұлова. Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар Алматы, 2013ж.
5.2016-2017оқу жылында ҚазақстанРеспубликасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған бағдарлама негізінде география пәніндегі халықтық тәлім тәрбие мұраларын қолдану жолдары
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Бастауыш мектепте Дүниетану сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері және қазіргі экологиялық білім беру маңыздылығы
Мектеп географиясында қалыптастырылатын дағдылар
Пәндер