Білім жайында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Шет тілдер факультеті

ЭССЕ

Пәні: Философия

Тақырып: Маған не үшін жоғарғы білім қажет

Орындаған: Якубова Асия

Тобы: КА-10

Тексерген: Джумагельдинов Марат Нуркенович

Жоспар

1. «Бұл заман- білекке емес, білімге сенетін заман» (Н. Ә. Назарбаев) .

2. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» (А. Игүнеки)

а) Маған жоғарғы білім қажет;

б) Қазір білімділердің заманы;

3) Оқы, оқы және оқы!

Маған не үшін жоғарғы білім қажет

Соңғы қоңырау соғылып, барлығымыздың көптен күткен ересек өміріміз басталады. Содан кейінгі алғашқы қадам білім және оқу орнын таңдау болады. Әрине барлығымыз білімді болуды қалаймыз. Себебі Елбасымыз айтқандай «Бұл заман - білекке емес, білімге сенетін заман». Қазіргі цифрлы дәуірде, ғылым мен техника дамыған ғасырда білім бәріне керек. Осы орайда Ф. Бэконның: «Білім - күш» деген сөзі ойыма келеді, шынындада білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Егер білім күш болса, сол күшімізді арттыратын және ерекше мүмкіндіктер сыйлай алатын, ол- жоғарғы білім. Оқу мен білім салтанат құрған қазіргі уақытта әрбір қазақстандықтың еркін білім алуына барынша жағдай жасалған. Осы мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа, Ахмет атамыз айтып кеткендей: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді». Сондықтанда адам қанша жаста болмасын заман талабы мен мемлекет сұранысына сай бола алады, тек қана жоғары білімі мен біліктілігі болуы керек.

Маған жоғарғы білім қажет. Әлбетте, ұнаған мамандығымның иесі болып, сүйікті ісіммен айналысу үшін. Алдымен білімнің қолданылу саласын анықтау керек, мысалы мен ұстаз болып, мемлекетке жұмыс жасағым келеді, сол үшінде маған жоғарғы білім алу қажет. Себебі мемлекет талабы осындай. Бірақ біз менен диплом талап етеді деп емес, білімді болу үшін оқу керекпіз. Тіпті біз тек білу үшін емес, бір нәрсені қалай жасау керектігін үйрену үшін білуіміз керек. Сондай- ақ маған жоғарғы білім не үшін қажет? Біріншіден, мен заман ағымымен қатар дамығым келеді, білімді және мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау мақсатым. Мақсатымды іске асыру үшін жоғарғы білімім болуы міндетті. Екіншіден, Н. Назарбаев атамыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман», сол ойлау қабілетімді шыңдаудың бір түрі ол адамдармен қарым- қатынас жасау, яғни жаңа орта құру. Ал менің ой шыңдайтын, білім жетілдіретін ортам неге жоғарғы оқу орны болмасқа. Үшіншіден, қазір білім мен білімділердің өте қажет заманы. Қарап тұрсам, әдемі болғың келе ме- оқы. Ауырмайын десең - оны да оқы. Болашақта балаларым маған ұқсағысы келіп, мені үлгі тұтсын десек -тағы да оқу керек. Бұрын аталарымыз айтқан қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - қазір туып тұрған сияқты. Әдемі болғың келсе - оқы, денің сау болсын десең - білім ал. Бай болғың келсе - білім ал. Төртіншіден, білім алған адамның санасы өзгереді. Санасы өзгерген адамның - өмірі өзгереді. Міне осы және осы сынды көптеген себептер маған не үшін жоғарғы білімнің керектігіне жауап береді деп ойлаймын.

Қазіргі заманда білімнің маңызы артып келеді. Адам өз өмірін білімсіз елестете алмайды. Көпшілігіміз көбірек білуге, жаңалыққа ұмтыламыз. Себебі дәл қазір білімділердің дәуірі екені айқын көрінеді. Дегенмен жоғарғы оқу орнын аяқтап, өз жолын таппағандар да жетерлік. «Сатып алынған» дипломдар мен жұмыссыз жүрген университет түлектері туралы бәрі біледі. Себебі, адамдар бірнеше жыл оқуға құлшыныссыз, мамандыққа қызығушылық танытпай, бедел үшін жоғары оқу орындарына түседі. Оның үстіне барлық университеттер, өкінішке орай, жақсы білім бере бермейді. Студенттер берік теорияны оқиды, бірақ олардың практикасы аз. Бірақ бәрі емес. Адам өмірде не істесе де, өз ісін сүю керек. Сіз жоғары білімсіз ағаш ұстасы немесе бағбан, шаштараз немесе кондитер болып жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар өз жұмысыңызды жақсы көріңіз, шеберлік пен мамандықта табысқа жетіңіз. Дегенмен тағы айта кететін жайт маған және менің өмірлік жолыма жоғары білім керек деп есептеймін, өйткені мен өмірде кең мүмкіндіктерге ие болғым келеді.

Ендеше қорытындылайтын болсам, әлі күнге өз өмір жолын таппаған жандарға үндеу жолдағым келеді. Оқу үшін қолайлы кез - жастық шақ. Бірақ оқу ешқашан кеш болмайды, болмағанда. Ештен кеш жақсы дегендей оқу мен жаңа ізденістерден ешқашан бастартпаңыздар. Ыбырай Алтынсарин атамыздың керемет сөзімен аяқтайын «ОҚЫ, ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ!»

Пайдаланылған әдебиеттер:

http://www. oilar. kz/topic_list/283/bilim

https://abai. kz/post/47978

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту ерекшелігі
2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Баланың ақыл ойының дамуы
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектепішілік бақылау жүйесі
Сандарды салыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz