Журналисттердегі сөз бостандығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
А.А.Қаршығаева , Тұран университеті
ф.ғ.қ., қауымдастырылған профессор
И.Ғ.Тойжан ,Журналистика мамандығының
1 курс студенті
Алматы қ . Қазақстан Республикасы kai_ainur@mail.ru
Журналисттердегі сөз бостандығы
Аңдатпа: Мақалада журналистика саласындағы сөз бостандығы мәселесі қарастырылады . Әлемде журналистер кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында өздерін қауіпсіз сезінуі үшін сенімді құқықтық кепілдіктер бар. Ендеше, неліктен әлі күнге дейін журналистерге шабуыл жасалып, олар өлтіріліп, бас бостандығынан айырылып келеді? Өйткені көптеген елдердің үкіметі ол кепілдіктер мен журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жүзеге асыруға асығар емес.Ақпаратқа құқық, пікір білдіру және сын еркіндігімен бірге әрбір адамның негізгі бостандықтарының бірі болып табылады. Әр азаматта бар сөз бостандығы не себепті журналистерге келгенде қирап қалады? Осыған сәйкес , журналисттердің қоғам алдындағы жауапкершілігі, биліктің журналист жұмысына ашық кедергі жасауы,әйел БАҚ қызметкерлерінің көбейюі , цензураның болуына тоқталамыз . Сөз бостандығы -Журналист маңдайынан ойып тұрып орын алатыны белгілі . Сол орынның болмау себебі , Журналист басынан өтетін түрлі жағдайдың қыр-сыры зерттеліп , нәтиже шығарылады .
Кілт сөздер :Сөз бостандығы, цензура , Конституция заңы , билік қолшақпары , қоғам пікірі , билік тарапынан қысым , комитет статистикасы.
Аннотация: В статье затрагивается проблема свободы слова в журналистике. Журналисты всего мира уверены, что будут чувствовать себя в безопасности в процессе своей профессиональной деятельности. Есть юридические гарантии. Так почему же на журналистов до сих пор нападают, убивают и сажают в тюрьму? Потому что это гарантируют правительства многих стран Право на информацию, наряду со свободой слова и критики, является одной из основных свобод каждого человека. Почему уничтожается свобода слова каждого гражданина, когда речь идет о журналистах? Соответственно, акцентируем внимание на ответственности журналистов перед обществом, открытом вмешательстве государства в работу журналистов, увеличении числа женщин-работников СМИ, наличии цензуры. Известно, что свобода слова имеет место перед журналистом. Причина отсутствия этого места в том, что были изучены различные аспекты положения журналиста и сделаны выводы. Ключевые слова: свобода слова, цензура, конституционное право, правительственные перчатки, общественное мнение, давление властей, комитетская статистика.
Annotation: The article deals with the problem of freedom of speech in journalism. Journalists around the world are confident that they will feel safe in the course of their professional activities. There are legal guarantees. So why are journalists still being attacked, killed and imprisoned? Because it is guaranteed by the governments of many countries The right to information, along with freedom of speech and criticism, is one of the fundamental freedoms of every person. Why is the freedom of speech of every citizen destroyed when it comes to journalists? Accordingly, we focus on the responsibility of journalists to society, the open interference of the state in the work of journalists, the increase in the number of women in the media, and the presence of censorship. It is known that freedom of speech has a place in front of a journalist. The reason for the absence of this place is that various aspects of the situation of a journalist were studied and conclusions were drawn. Key words: freedom of speech, censorship, constitutional law, government gloves, public opinion, government pressure, committee statistics.
Біз әлемді білім , ғылым , ақпарат басқаратын тәуелсіз мемлекетте, қоғамда өмір сүріп жатырмыз.Шынымен де , бүгінгі таңда ақпаратсыз өз өмірімізді елестете аламыз ба? Журналист-елдің құлағы, аузы , көретін көзі болса , сол журналисттерге неге сөз бостандығын бермеске ? Елдің мұңы мен зары , қуанышы мен жеңісін жариялайтын журналист қауымы емес пе? Әлем елдерінде БАҚ қызметкерлеріне құқықтық еркіндіктер мен мүмкіндіктер берілген . Иә , „сын түзелмей мін түзелмейді " деген қағиданы ұстанған елдерде журналисттерге мүмкіншілік мол . Ал бізде ше , өздеріңіз көріп білгендей , жағдай мәз емес. Шындық іздеп шырылдап жүрген журналист жетерлік . Бірақ... Айтылмай қалған қаншама шындық ,сол шындықты айтамын деп өліп кеткендер қаншама? Жүздеген журналистер өлтірілді немесе қамауға алынды, әйел БАҚ қызметкерлерінің санының артуы, жалған ақпарат тасқыны және өшпенділік сөздері және халықтың білу құқығын қорғай алмайтын немесе қорғағысы келмейтін тиімсіз немесе дұшпандық үкіметтер. Қорқыту, жек көрушілік және цензура. Журналистер өз жұмыстарын орындау үшін өсіп келе жатқан қауіптерге тап болуда - бұл физикалық қорқыту, оларға қарсы бағытталға өшпенділік немесе онлайн троллинг. Тек Қазақстанда емес кейбір Еуропалық елдер бұл заңды саяси субъектілер өздерінің билігі мен заңдылығына қауіп төндіретін ақпараттың таралуына жол бермеу үшін пайдаланды . Бұл ақпараттың еркін ағынына кедергі келтіру болып табылады, тіпті кейбір журналистерге баспасөз конференцияларына тыйым салу үшін бар күш-жігерін жұмсағанын көріпте жүрсіз. Журналисттер елде болып жатқан ақпарат пен алыса ма? Әлде ақпараттың шығуына қарсы билікпен алысады ма? Бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті жұмысына араласуды, сондай-ақ өз жұмысын атқарып жатқан журналистерге жасырын және ашық қауіп тудырып жүрген елдер қатарында біз де бармыз . Ақпаратқа құқық, пікір білдіру және сын еркіндігімен бірге әрбір адамның негізгі бостандықтарының бірі болып табылады. Журналистердің құқықтары мен міндеттері қоғамдық фактіге және пікірге қол жеткізу құқығынан шығады егер сөз бостандығы болмаса . Журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігі үшінші тараптың, әсіресе жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың алдындағы жауапкершіліктен бұрын болуы керек . Іштің қайнауына себепкер болатын дүние БАҚ-қа шабуыл жасағандар жазасыз қалса , журналистерді қасақана нысанаға алып, қорқытса, БАҚ еркін бола алмайды және демократияға қауіп төне береді. Ешбір мемлекет демократияға сай дами алмайды егер сөз , баспасөз және идеялар мен пікірлерді тарату еркіндігі жоқ болса . Журналист - демократиялық қоғамда тұрақты жұмыс жасай алады , егер халық жаңалықтан хабардар болса және БАҚ қызметкерлері жіберген жаңалыққа еркін қол жеткізе алса ғана.Журналист болашағы тікелей қоғамдағы еркіндікке байланысты . Егер еркіндік беріліп , журналисттік зерттеу көбейіп жатса онда ол біздің мамандыққа оң әсерін тигізеді . Керісінше түрмеге қамалса, өлтірілсе , үнемі аузына қақпақ болатын болсақ әрине біз бір орында қалып қаламыз.
Родлильд кім ақпаратқа ие - сол әлемді басқарады -дейді.[1] .Әлем бойынша сөз бостандығы рейтингінде 180 орын ішінен 158-ші орынды алып тұрған Қазақстанда сөз бостандығы бар деу сенімсіздік туғызады.Біз қандай ақпаратқа ие болуымыз керек? Онда қаншалықты шындық айтылады ? Бұған жауап беру әрине оңай емес . Әр түрлі арна , кез-келген ақпаратқа тез қолымызды жеткізе аламыз , ол бізге пайдалы ма зиян ба? Шын ба әлде өтірік пе? Кімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз бостандығы және баспасөз
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Азаматтардың саяси қүкықтары
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
Адам құқығының тарихы
БАҚ-ң саясатта алатын орны
Қазіргі Қазақстандағы БАҚ және саяси көшбасшылық
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Пәндер