АКТ пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АКТ пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері

Бүгінгі күні ақпараттандыру үдерісі елімізде қарқынды дамуымен байланысты соңғы онжылдықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біраз өсіп даму үстінде. Өркениет үнемі ақпараттық қоғам орнатуға ұмытылып келеді, мұндай қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алмау қазіргі кеңістікте бағдарлануда үлкен қиындықтар туғызады. Цифрлы қоғам - ол қоғамның өмір тіршілігінің барлық саласында білім мен ақпараттың басымдылығымен ерекшеленетін, адам өміріне және қоғаммен өзара қарым-қатынасқа ақпараттық коммуникациялық технологияның шешуші әсер ететін, өркениеттің дамуының қазіргі кезеңі болып табылады.
Қоғам өмірдің барлық саласында, оның ішінде білім бері саласында жаһандық ақпараттандыру жағдайында мектептің алдына білгір, ойшыл, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, өз бетімен білім алатын және оны тәжірибеде қолдана білетін түлектерді даярлау міндеті алға қойылып отыр.
Информатика пәні бүгінгі күні еліміздің барлық орта мектептеріне оқытылып келе жатқан пән. Информатика пәні ақпарат алудың, қабылдаудың, жинаудың, сақтаудың, таратудың, өңдеудің барлық қырларын үйренуге және зерттеуге арналған пән болып табылады. Оқу үрдісі нәтижелі және сапалы болуы үшін оқытушы информатика пәніндегі ақпараттық коммуникациялық технолгия ұғымын түсініп және оны қолдану аясы мен орнын дұрыс білуі қажет.
Көптеген адамдарды осы орта мектептегі информатика пәні не оқытатыны, тәжірибе жүзінде нені үйрететіні қызықтырып келеді. Яғни, инфорамтика пәні әртүрлі сипаттағы жүйелерде ақпараттық үрдістер ағынының заңдылықтары, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру технологиялары, құралдары мен тәсілдері туралы ғылым болып саналады. Бүгінгі үні еліміздің білім алушылары осы информатика пәнін үшінші сыныптан бастап оықып келеді, алдағы уақытта білім беру жүйесіне енген өзгерістер нәтижесінде орта мектепте информатика пәнін бірінші сыныптан бастап оқыту қолға алынантын болады.
Ал орта мектептердегі информатика пәні мұғалімдерінің өз алдына қойған мақсат міндеттері бар, бірақ бұл мақсат-міндеттер төменгі және жоғары сынып оқушылары үшін әр түрлі деңгейде болады. Төменгі сынып оқушыларына информатиканы оқытудың мынандай масқаттарын атап өтсем: білім алушылар ақпараттың сипаттары жайлы білімдерін толықтыралы, оларды дербес компьютерді қолдануға және сол арқылы алынған ақпараттарды өңдеуге үйретеді; білім алушылар жұмысты жоспарлауды және оқу үрдісінде алынатын ақпаратты ұйымдастыруды үйренеді; білім алушыларға заманауи ақпараттық және коммуникацяилық технологиялар туралы ақпарат беріледі; оқытушылар мемлекеттік және жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі туралы білім береді.
Қазіргі кезде орта мектепте оқытылатын Информатика пәні ақпараттық коммуникацяилық технологияларды зерттеуді қамтып келеді. Бұл бөлім оқу үрдісінде және жалпы қоғамды қалыптастыру мен ұйымдастыруда маңызы өте зор.
Информатикадағы акпараттық коммуникациялық технологиялар ақпараттарды құру, беру, тарату және өңдеу және қызметтерді ұсыну үшін қолданылатын сандық технологиялардыңкең ауқымды спектрін қамтиды. Яғни, оларға компьютерлік жабдықтар, бағдарламалық қамтамассыз ету, телефон желілері, ұялы байланыс, электронды пошта, интернет және басқа жаңа технологиялар кіреді.
Ақпараттық коммуникациялық технология - ол бағдарламалық жасақтама мен мультимедияны қамтитын әртүрлі құралдарды қолдану арқылы сабақ өткізуге мүмкіндік беретін педагогикалық технология болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технологияның негізгі артықшылығы сабақты көрнекі және қызықты да, мәнді өткізу мүмкіндігі, сол арқылы білім алушыларды ынталандырып, сабаққа деген қызығушылықтарын дамытады. Жыл өткен сайын компьютерлік технология даму үстінде болғандықтан күрделеніп келеді, бірақ олардың көмегімен көптеген үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіп келеміз.
Бүгінгі күні көптеген мамандық салаларында дербес компьютерлер және басқада жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданылып жүр. Сол себепті орта мектептің бірінші сынып білім алушыларына информатиканы үйрету қажеттілігі туындап отыр.
Балалар ерте жастан бастап ақпараттық коммуникациялық технологияны игере бастайды және оқытушылар үшін бүгінгі заманауи өмір ағымының көшінен қалмаудың маңызы өте зор. Бұл ерте жастағы білім алушыларға барлық ақпаратты, атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін әзірлеу
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Пәндер