ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 372. 854

ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Байтемір Ж. Т. - 1504-10 тобының магистранты

Ғылыми жетекшісі: Аширов А. М. - т. ғ. д., профессор

Шағраева Б. Б. - х. ғ. к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

Резюме

В статье рассматриваются особенности и преимущества дистанционного обучения химии в старшей школе. Химия отличается от других дисциплин тем, что большинство уроков основано на практических занятиях. Чтобы понять состав, структуру, свойства и взаимоотношения веществ, необходимы эксперименты. Показано, что дистанционное обучение не мешает практической работе. С помощью современных технологий ученик может увидеть практическую часть урока и принять непосредственное участие в некоторых видах. Дистанционное участие в практической работе также является оптимальным способом для здоровья и безопасности студентов. Хотя обучение проходит дистанционно, основные предметы и задачи образовательного процесса не меняются. Отношения «учитель-ученик» осуществляются с помощью техники, и физическое расстояние не может разорвать психоэмоциональную связь. Дистанционное обучение улучшает у студентов навыки самоуправления и навыки работы с современными технологиями.

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы өмірдің барлық саласына өзгерістер енгізіп жатыр. Адам баласының жетіліп, дамуында жетекші рөл атқаратын білім саласы да бұл үдерістен тысқары қала алмайды. Керісінше, білім беру саласы озық технологияларды пайдалануда көш бастауы тиіс. Кейінгі жылдардағы Covid - 19 пандемиясына байланысты жаңа технологиялардың көмегімен қашықтықтан білім беруді жетілдіру қызығушылықтан бұрын уақыт талабына сай қажеттілікке айналды. Қашықтықтан білім беру кезінде мұғалім мен оқушы бір-бірімен компьютерлік техника мен интернет желісінің көмегімен байланысады. Білім берудің бұл түрін негізінен бастапқыда тіл үйрету курстары мен мектептері пайдаланды. Орта мектептегі білім беру жүйесіне қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу артықшылықтарды қолданудан гөрі қажеттілік жағдайында қолданылады [1] . Мысалы, карантин кезі, оқушының денсаулық жағдайы немесе мектептен тым алыс жерде тұрып орта мектепке бара алмаса қашықтықтан оқыту түрін қолдану мәселені шешеді.

Химия - қызықты әрі күрделі ғылым. Бұл пән өзге сабақтардан практикалық бөлімінің басым болуымен ерекшеленеді. Тек дәріс арқылы химияны түсіну мүмкін емес, оқушының тақырыпты игеруі үшін көрнекіліктер мен зертханалық жұмыстың орны маңызды. Қашықтықтан оқыту кезінде технологиялық мүмкіндіктерді пайдалану сабақтың теориялық бөлімін қызықты әрі түсінікті етіп өткізуге мүмкіндік береді. Дайындалған презентация немесе анимациялық видеолар оқушылардың оқуға ынтасын арттырады және сақталған сабақтан түсінбеген жерін шәкірт қайталап көріп тақырыпты толық меңгереді. Үй тапсырмасын орындау барысында оқушының ақпараттық технологияларды қолдану, интернетпен жұмыс істеу қабілеті артады, түрлі бағдарламалармен жұмыс істеп үйреніп, болашағына қажет маңызды техникалық мүмкіндіктерді игереді.

Заттардың құрамын, құрылымын, олардың қасиеттері мен өзара байланысы кезіндегі химиялық өзгерістерді түсіну үшін практикалық жұмыс жүргізу қажет. Бұл жағдайда қашықтықтан оқытудың тағы да бірнеше артықшылықтары пайда болады.

Біріншіден, мұғалім медиа-технологияларды қолданып қауіпсіздік ережесіне сай оқушылармен сынып бөлмесінде өткізе алмайтын қауіпті (жарылғыш, улы) заттармен жүргізілетін тәжірибелерді көрсете алады. Сондай-ақ, оқушы материалдың қажет жерін қайта айналдырып, ұнаған жұмысты қалаған уақытта қайта көре алады. Оқушылар ұнаған видеоларды достарымен бөлісіп, әлеуметтік желіде, форумдарда тәжірибені талқылауды ұсынған дұрыс. Мұндай әлеуметтік белсенділік тақырыпты толық игеру мен балалардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Екіншіден, кейбір практикалық жұмыстардың уақыты бір сабақтың көлеміне сыймауы мүмкін. Мысалы «кристаллдар бағы» деп аталатын кристалдау тәжірибесі кристалдардың баяу өсуіне байланысты бірнеше күнге созылады. Веб-камераның көмегімен тәжірибе барысын интернет желісінде ағымдағы трансляция арқылы бақылауға болады. Бұл тәсіл оқушылардың қызығушылығын оятып, химиялық үдерісті толық түсінуіне көмектеседі.

Үшіншіден, интерактивті қосымшалар қашықтықтан оқитын шәкірттің берілген мәселені тереңірек зерттеуіне мүмкіндік береді. Мұндай қосымшаларды қарапайым сыныпта қолданумен салыстырғанда, қашықтықтан білім алу кезінде оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері ескерілетін жеке оқыту формасы жүреді. Әрбір оқушы басқадан бөлек қосымшамен жеке жұмыс істеп, өзі қалаған өзгерістер енгізу мүмкіндігі болады. Мысалы, жоғарыда аталған кристал торларының шар-сырықты моделін зерттеу кезінде оқушы тордың түрін, түйіншектегі құрылымдық бөлшектерінің түрлерін (атом, молекула, ион), байланыс ұзындығын немесе өзге де мәндерін өзгерткенде модель басқа түрге енеді. Ондай жұмысты бірнеше модель түрі ғана бар және уақыты шектеулі кәдімгі сынып сабағында жасау мүмкін емес.

Химия сабағы зертханалық жұмыс жасау барысында оқушы үшін қызықты пәнге айналады. Білім алушының денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін тәжірибелер де бар. Химия кабинетіндегі қауіпті тәжірибелерге мыналарды жатқызуға болады:

Күйік қауіпі бар тәжірибе - қышқыл мен сілті әсерінен болатын химиялық күйіктер, спиртшамды немесе электр қыздырғыш құралдарды дұрыс қолданбаудан болатын термиялық күйіктер; жарылыс қаупі бар тәжірибе - газдар қоспалары жануына және жеңіл тұтанатын заттардың жануына негізделген; өрт қаупі бар эксперимент - жеңіл тұтанатын заттардың ойламаған жерден жарқ етіп тұтануына негізделген [2] .

Сондықтан да, химия пәнін оқыту кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелерін мұқият түсіндіру керек. Үй жағдайында да кей тәжірибелерді өз бетінше жасамау қажеттігін ұғындыру абзал.

Кейінгі жылдары зертханалық жұмыстарды жүргізуде оқушылардың әр түрлі иістерге аллергиялық реакциясы, реагенттердің жеткіліксіздігі, улы заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және де пәнді оқытуда сағат санының азаюы сияқты мәселелер туындап отыр. Бұл мәселені шешуде қашықтықтан оқыту көмекке келеді. Мұндай сабақ барысында оқушы тікелей тапсырманы өз қолымен орындап қатыса алмағанымен, көзбен көріп көңіліне түйе алады. Ал болашақта қашықтықтан оқыту барысында зертханалық сабақтарды vr-көзілдіріктерінің көмегімен өткізсе нұр үстіне нұр болар еді .

Ақпараттық технологиялар білім беру үшін ұстаздың шығармашылық қабілетін қолданып, ақпаратты жеткізудің жаңа тәсілдерін ойлап табуына түрткі болады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «30 under 30» тізімдеріне енген әріптесіміз Ұлан Үсеновтың химиялық реакциялар мен формулаларды «тик-ток» әлеуметтік желісінде аниме, рэп стильінде жеткізіп, химия пәні қиын және түсініксіз деген ұғымның өзгеруіне себепші болуы мені қуантады.

Бүгінгі мұғалім тек өз пәнін жетік білетін маман ғана емес, ақпараттық технологияны да жақсы меңгерген және оны өз жұмысында тиімді пайдалана алатын жан-жақты шығармашыл тұлға болуы қажеттігіне көз жеткіземіз.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушы қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін мен оқу материалын жүйелеп, мынадай бірнеше бөліктерге бөлдім:

1) оқып-зерттеуге арналған материалдар - бұл презентация, видеодәріс, көрсетілетін арнайы тәжірибе. Бұл бөлікті міндетті түрде оқып, түсіну қажет; 2) үй тапсырмасы - тест, викторина сұрақтары, тәжірибені зерттеу, өзіндік жұмыс. Тест өткізу үшін «google формасы» мен телеграм боттарын қолданамын. 3) байланыс жүйесі - оқушы мен мұғалім арасында, оқушылардың өз араларында кеңесіп пікір алмасуы үшін құрылған чаттар. Оқушыға көмек қажет болғанда ол мұғалімге немесе сыныптастарына хабарласып, мәселесін шеше алады;

4) қосымша материалдар - пәнді терең меңгеру және оқушының дүниетанымын кеңейтуге арналған бөлік. Бұл бөлімде болашағын химия пәнімен байланыстыратын білім алушылармен қосымша жұмыс істеймін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны оқыту әдістемсі
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақпаратты тасымалдау құралы
Интерактивтік оқыту технологиясы
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz