Мысық жануарының емдік қасиетін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
№11 Жәйрем жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба

Атауы: Мысықтың емдік қасиеті

Орындаған:Жанбекова Аружан 3 Б сынып оқушысы
Жетекшісі: Тарашева Сагныш Жексеновна

2021-2022 оқу жылы





Мазмұны

Пікір.
Аннотация.
Кіріспе бөлімі
Зерттеу бөлімі
Қорытынды бөлімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

№11 жалпы білім беретін мектебінің
3 Б сынып оқушысы
Жанбекова Аружан
Мысықтың емдік қасиеті атты
зерттеу жобасына

Пікір

Ұсынылып отырған 3Б сынып оқушысы Жанбекова Аружан
Мысықтың емдік қасиеті атты зерттеу жобасында автор алдына қойған міндеттерін толық орындап, мақсатына жеткен. Мысық туралы мәліметтер мен деректерді кітапханалардан, ғаламтор желісінен, энциклопедиялардан, түрлі әдебиеттерден жинақтап; саралап; салыстырып; күнделікті өмірде бақылап, өз ойы мен пікірін түйіндеп зерттеу жұмысын атқарған. Ізденуші жинақталған материалдарды қатыстырып қана қоймай өзіндік көзқарасын да танытып отырған. Зерттеу жұмысының құндылығы да осында.
Яғни, ғылыми жоба мазмұнындағы теориялық және практикалық маңызды мәліметтерге сүйене отырып мысықтың зерттей білген.

Сынып жетекшісі:Тарашева Сагныш Жексеновна

Аннотация
Зерттеу жұмысында орындаушы Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысық терапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.
Аннотация
Ученик, в ходе научно - исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.
Особенное внимание уделил на фелинотерапию - кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.
The summary
The pupil, in a course scientifically - research work, putting the abilities and searches, has well written about medical properties of a cat concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.
Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In work it is visible that the pupil leaned against works and researches of world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a human body.
The news occurring in the field of medicine has managed to prove soundly.

Кіріспе
Менің зерттеу жобамның тақырыбы: "Мысықтың емдік қасиеті".
Мысық бізді емдеу үшін оған жақсы қарым- қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді сол жерге жатып грелка қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді.Пештің түбінде пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың қасиетін, қыр-сырын көбіміз біле бермейміз. Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным-сенiмдер әлi де бар. Онымен қоса емдік қасиеті мол деген пайымдаулар да жоқ емес.
Маған үйдегі мысықтың жүріс - тұрысындағы көптеген ерекшеліктерінің себептері қызықтырды.
Мәселен:
- Мысық неше сағат ұйықтайды екен?
- Биіктіктен құлағанда неге 4 аяқпен түседі?
-Мысықтың тілі қандай?
- Мысық неге тышқандарға өш?
- Бұл үй жануарының тағы қандай ерекшеліктерін бар?
Міне, осы сауалдарыма жауап алу үшін мен мысықтың этологиясының ерекшеліктерін зерттеуді мақсат еттім.
Зерттеу жүргізу үшін мен бақылау жасау, эксперимент жүргізу, ақпарат жинау (кітапханадан, интернет желісінен, теледидардан) әдістерін; зерттеу құралдарын (дүрбі, сағат) пайдаландым.
Бақылау мерзімі: күз айлары. Бақылау барысында өзімді қызықтырған жағдайларды анықтау үшін қойылған сұрақтар негізінде зерттеу жоспарын құрдым. Бақылау күнделігіне өзімді қызықтырған мысықтың ерекшеліктерін жаза бастадым және жетекшімнің, биология пәнінің мұғалімдері, ата - анамның көмегімен зерттеуге кірістім.
Зерттеу нәтижесінде мысықтың емдік қасиетімен танысып, өзімнің қызығушылығымды қанағаттандырдым.
Болашақта мен мысықтың тарихын зерттеуді көздеп отырмын.

2

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Мысықтың емдік қасиеті мен іс - әрекетіндегі қызықты, жұмбақ
болып келген жағдайларды бақылап, қызығушылығын
қанағаттандыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мысық жануарының пайда болуы,оның емдік қасиетінің анықталуы және өмірде пайдалана білуге үйрету,осы жануарды аялап, қамқорлыққа алу болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Жануардың шығу тарихын анықтау
Мысық жануарының пайда болуын оқып білу
Мысық жануарының емдік қасиетін анықтау
Мысық жануарының медицинадағы анықтаулары



Зерттеу жұмысының жоспары


Зерттеу жұмысы
Мерзімі
1
Зерттеу бағытын анықтау; тақырыбын таңдау; мақсатын, міндеттерін анықтау; әдістерін таңдау.

Қыркүйек

2
Мен бақылаушымын.

Күз айлары
3
Эксперимент

Желтоқсан
4
Ақпарат жинау
(төмендегі тақырыптар бойынша)

Қаңтар

5
Алынған материалдарды талдау және жүйелеу

Ақпан

6
Зерттеу жұмысын қорытындылау

Наурыз

7
Презентация жасау (зерттеу жобасын әзірлеу)

Сәуір

4

Бақылау күнделігі

Мерзімі
Бақыладым
Нәтижесі
Проблемалық
сұрақтар
Қорытынды
Қыркүйектің 18-сі
1.Мысық ағаштың сынған бұтағынан құлағанда жерге төрт аяқпен түсті.
Мысықтар арқасымен құламайды
Ол кеңістікте денесін басқара алу қасиеті бар.
Ол қандай қасиет?

Неге байланысты?
Мысық - ұлы акробат.
Қыркүйектің 24-і
2.Көршінің баласы мысықты үйден шығарып, лақтырып жіберді, онда да мысық жерге төрт аяқпен түсті.

Қазанның
28-і мен 30-ы аралығында
Мысықтың көп ұйықтайтынын байқадым.
Ол тәулігіне 18 сағат ұйықтағаны анықталды.
Ұйқысына байланысты халық қалай ауа-райын болжаған?

Өмір сүру
мерзімі қандай?
Мысық- ең жалқау сүтқоректі
яғни, 7жылдық мысық өзінің өмірінің 5 жылын ұйқыда өткізеді екен.
Қарашаның
2-16 аралығында
Мысық неше түрлі дыбыстар шығарады екен.
Адамдарға ғана мияулайды екен, ал бір-бірімен басқа дыбыстар арқылы тілдеседі.
Пырылдауы
нені білдіреді?
Мысықтың
тілі бай.
Қарашаның
18-26 аралығында
Мысық адамдарға сүйкенеді.

Не үшін?

Қарашаның
29-ы
Жаңбыр астында жүрмейтінін байқадым.
Терісінің түгі тез суланып, жабысып қалады екен.

Жаңбырдың астында қалудан не үшін қашады?
Ағзасының қандай ерекшелігіне байланысты екен?

5



Мысықтың сиқыры мен емдiк қасиетi
Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Ежелгi мысырлықтар мысық жануарын қатты қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниенi жалғастырушы деп қадiр тұтқан. Расында да, мысықтың көзiне бiр рет үңiлген адам ондағы терең тұңғиық-ты байқай алады. Бағзы заманның сиқыршылары мысықтың көзiн басқа әлемнiң көрiнiсi, өзге дүниеге апарар жол деп сенген.
Мұндай наным сенiмдер тектен текке шықпаған. Мысық адам көзiне көрiнбес тылсым дүниенi көре алады. Тiптi онымен байланыс орнатады. Кейбiр халықтардың ескi аңыздарында мысық үйдегi тылсым күштермен, үй иесiмен сөйлеседi деп жазылған. Мысық үйдегi терiс энергиясы көп жердi әдейi таңдап алып жатады. Бұл да мысықтың сиқырлығымен байланысты. Мысықтар бiз өмiр сүретiн әлем мен жұлдызды әлемнiң шекарасын жалғастырушы ғана емес, олар адамды өзге әлемнен енетiн тылсым күштерден қорғай алады.
Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшiн асырады. Алайда, шын мәнiнде, мысықтың Жер бетiндегi негiзгi қызметi тышқан аулау да емес. Оның негiзгi миссиясы - өзi тұратын үйдi аластау, ондағы тыныштық пен үйлесiмдiлiктi сақтау. Кейде мысық өзiнiң сиқырлы қызметiн қажет ететiн үйдi өзi iздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесi мысықты қумай, оны паналатып, "сиқырын" iске асыруға мүмкiндiк беру керек екен.
"Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды" деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондық-тан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.
Ал ендi мысықтың емдiк қасиетi өз алдына. Бiр жерiңiз ауыра қалса, мысықтың дәл сол жерге барып жатуы бекер емес. Мысықтың емдiк қасиетiн бұрынғы емшiлер де жақсы бiлген. Қазiр де медицинада "анималтерапия" атты сала бар. Мысық иесiнiң ауыратын жерiн әртүрлi жолмен емдейдi. Бiр мысықтар дененiң сол бөлгiн ақырын тырналап массаж жасаса, бiреулерi жай ғана сол жерге жатып ақ әсер ете алатын көрiнедi.
Қысқасы, мысық - иесiнiң ауырған мүшесiн дөп басып бiлетiн энергетикалық ақпараттық құрал. Себебi адамның ауыратын дене бөлiгiнiң энергетикасы өзгередi, осы өзгерiстi мысық қатты сезедi екен. Осылайша, мысықтың биоөрiсi жүрек жұмысын қалыпқа келтiредi, қан тамыр мен бас ауруын жазады. Әрi анималтерапевтердiң айтуынша, мысықтың пыр пыр еткен даусының өзi адамды емдей алады. Оның мияулаған даусы 20-50 герцке дейiн жететiн дыбыс толқындары. Осы шамадағы дыбыс диапазоны адам жарақатының тезiрек жазылуына, сынған сүйектiң тез бiтiп кетуiне септiгiн тигiзедi. Мысықтың осы мияулағаны ағзаның иммундық жүйесiн күшейтіп, тiптi өмiрдi ұзартады екен.
Мысықтың мамық терiсiн бiрнеше минут сипаған адамның инфаркт, инсульт алу қаупi азаяды. Себебi жануарды сипаған кезде саусақ терiсi арқылы миға белгi берiледi. Ит немесе мысықты сипалау - әлсiз тоқ арқылы электростатикалық әсер ету деген сөз. Осының өзi физиотерапия емей не?
Батыс дәрiгерлерi мысықты есiрткi мен iшiмдiктен емдеу үшiн медицинада қолдана бастаған. Ал ағылшындар мысықтар қандай ауруды емдей алатынын оның түр түсi мен терiсiне қарап ажыратады. Мәселен, ағылшындарға сенсек, ақ түстi мысық бүкiл ауруларды жаза алады екен. Сондықтан Ұлыбританиядағы кейбiр дәрiханаларда ақ мысықты дәрi дәрмек тәрiздi сатады.
Қазақ халқы мысықты жақтыра бермейді. "Оның тілеуі жаман" деп қарайтындар да бар. Бірақ "мысықтың қарғысы жаман болады" дегенді де бала күнімізді жиі еститінбіз. Қазақ Мысықтан гөрі ит пен жылқыға жақындау, әрі оларды жеті қазынаға жатқызады.
Дәрігерлер стресс күйін ағзаны мүжіп-құртатын ең жаман күш деп бағалайды. Оның алдын алмаса немесе тоқтатпаса күре тамырлық қысымды жоғарылатып, ішек-асқазан құрылысын таптап өтіп, иммуналды жүйені жеп тауысып, мезгілсіз қартаюға соқтырады. Ал, мұндай тығырыққа үйінде мысығы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысықтың емдік қасиеті. Үй мысығы
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Мысықтың дене жамылғысы
ОҚО физикалық – географиялық сипаттама
БУРАБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЕУРОПА БҰҒЫСЫ
Оба аса қауіпті жұқпалы ауру
Ешкі сүтінің биологиялық - химиялық құрамы
Қазақтың ақбас сиыры
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар дүниесін қорғау
Пәндер