МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к.

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Аннотация
Мақалада қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы мен шетелдерге қоныс аударуының себептеріне қысқаша шолу жасалған. Қандастарымыздың елге оралуы мен атамекенге бейімделуі және одан туындаған кейбір мәселелер төңірегінде отандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып талдау жасалған. Моңғолиядан қоныс аударған қазақтардың атамекендегі жай-күйі, орналасу, бейімделуі мен төлқұжат рәсімдеу барысындағы кедергілер мен қиыншылықтар туралы жарияланған еңбектерге сүйене отырып талдау жасалған. Қандастарымыздың атамекенге квота және одан тыс көшіп келуіндегі әрбір жылдағы сандық көрсеткіштер айқындалған. Моңғолиядан түрлі себептермен көшіп келген қандастарымыздың жергілікті халықпен сіңісіп, жақын араласып кету үрдісінің ерекшеліктері және мемлекеті тарапынан көрсетілген жәрдемдер қарастырылған

Түйін сөздер: диаспора, босқын, репатрация, бейімделу, қоныс аудару, көшу, құрылтай.

Қазақ диаспорасының елге оралуы мен атамекенге бейімделуінде туындаған мәселелер жөнінде отандық зерттеушілер З. Қинаятұлы, Г.М. Меңдіқұлова, А.И. Құдайбергенова, Е.Ю. Садовская, К.Н. Балтабаева, Д. Баймолда және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.
Қазақ ұлтының үштен бірі таяу және алыс шетелдерде өмір сүреді. Қазақ диаспорасының қалыптасуы XVIII-XX ғғ. ортасына дейін ұзақ уақытқа созылған тарихи оқиғаларға байланысты үдеріс.
Бүгінгі таңда алыс шетелдердегі қазақ этностарының ауқымды бөлігі Қытайдан кейінгі Моңғолияда шамамен 150 мыңдайы мекендейді. 1989 ж. санақ бойынша Моңғолияда 120 500 қазақ болған, олардың 82 750-і Баян-Өлгейде, ал қалған 37 750-і басқа аймақтарда тұрады [1, 155-б.]. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтсек, XIX ғасырдың 70-ші жылдардың басында Қытайдың Шыңжан өлкесінің Алтай аймағында тұратын қазақтардың бір бөлігі Моңғолия территориясына көшіп келіп орналасты. Қоныстану уақыты мен себептерін анықтау мақсатында ғалымдар А. Мініс пен А. Сарай зерттеулер жүргізіп: Қорыта келгенде, қазақтар Алтай тауының теріскей бетіне немесе Қобда өлкесіне 1868-1869 жылдары келгендігі және сонан бері 91-92 жыл өткендігі даусыз, - деген қорытынды жасаған [2, 14-б.]. Мәселені қарастырған өзге зерттеушілер осы қорытындыны негізге алады. Қытайдың Манъчжуриялық Цин империясы моңғол елін XVIIІ ғ. - ХX ғ. басына дейін отаршылдық езгіде ұстады. Манъчжурия-қытай басқыншыларының үстемдігіне қарсы бағытталған халық наразылығы 1911-1912 жылдары ұлт-азаттық қозғалысқа ұласып, Моңғолия өз тәуелсіздігін жариялады. Моңғолияға көшіп келген қазақтар 1921 жылы моңғол елінде жеңіске жеткен ұлт-азаттық революцияның нәтижесінде тәуелсіз елдің азаматы атанды. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы сол елдің әлеуметтік экономикалық дамуына мол үлестерін қосуда. Олар тек мал шаруашылығымен ғана айналысып қойған жоқ, түрлі кәсіп мамандығын игерді. Моңғолияның білім, ғылым, денсаулық, тау-кен, жол салу саласында қазақтар өздерін білікті мамандар екендіктерін танытты [3, 30-б.].

Қазақ елінің тәуелсіздік алуы, қазақ диаспорасын атамекеніне шақыру, олардың ұлттық санасының оянуы моңғол еліндегі қандастарымыздың атамекенге көшуіне себеп болды. 1990 жылдың басында Моңғолияның саяси-экономикалық және әлеуметтік өмірінде қалыптасқан жағдай қазақ диаспорасын алаңдатпай қоймады, оларды өз ұрпағының болашағын ойлауға мәжбүр етті. Моңғолия үкіметінің басына келген демократтардың күш салуымен моңғол елінде 50 жыл қолданып келген кириллица әліппесін моңғол әліппесімен алмастыру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, іс-қағаздар мен мектепте осы әліппемен дәріс берілетін болды. Әліппенің түбегейлі өзгеріске ұшырауы жергілікті қазақтардың рухани сұранысына сай келмегендіктен, олардың өз ұрпағының болашағына деген күдік сезімін арттыра түсті.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін моңғол мемлекеті саяси, экономикалық және мәдени салада Кеңестер Одағымен тығыз байланысты болды. Социалистік жүйе ыдырап, тоталитарлық жүйе құлаған жағдайда Моңғолияның демократ қайраткерлері елдің сыртқы саясатын Шығысқа бұрды. Моңғолияның ішкі, сыртқы жағдайы мен үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 90-шы жылдың басында қандастарымы атамекенге көшуіне түрткі болды. Олардың көп жылдар бойы атамекендегі қазақтармен қоғамдық саяси-экономикалық және мәдени өмірі ұқсас жүйедегі өмірі мен қазақ халқының екі бөлігінің арасындағы тығыз мәдени байланыстың болуы, олардың бірінші болып Қазақстанға көшіп келуінің себебі болды [4, 108-б.].
Моңғолияда 1940 жылы құрылған Баян-Өлгей ұлттық аймақта завод, фабрикалар аз болғандықтан, аймақтағы адамдардың барлығын жұмыспен толық қамту мүмкін емес еді. Осының салдарынан қазақтардың арасында жұмыссыздар саны күн санап артты. Ол туралы ғалым Д. Баймолда: Статистикалық мәліметтер бойынша 1991 жылы Моңғолиядағы жұмыссыздық көрсеткіші 6% құраса, Баян- Өлгей аймағында бұл көрсеткіш 11% жеткен. Баян-Өлгей аймағының еңбекке қабілетті тұрғындарының 79,5% шаруашылықтың түрлі салаларында жұмыс істеген болса 20,5% жұмыссыздар ретінде тіркелді, - деген мәлімет береді [3, 71-б.]. Осы жағдай Моңғолиядағы қазақтардың Қазақстанға алғашында жұмыс шартымен келуінің себебі 1990 жылы 27 желтоқсанда Сарыөзекте екі жақ жасаған
№1 келісім шартта: Қазақстан жағы 1991 жылы 1 наурыздан бастап Моңғолиядан мал бағуға бейімді 80 адам, көкөніс өсіру, құрылыс салу және инженер техникалық қызметке икемді (әрқайсысы 10 адамнан) барлығы 110 адамды (қазақтарды) еңбек шарты бойынша қабылдауға келісім берді. Осы келісім шарт бойынша 1991 жылы 17 наурызда алғашқы 97 адам Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Кербұлақ ауданына келіп, жұмысқа орналасты. Қоныс аударушылардың ішінде Моңғол Халық Республикасының құрылыс министрінің орынбасары Зұқа Жапарұлы, жиһаз өндіріс инженерлер институтын бітіруші Тоқтар, Белоруссияда жоғары білім алған Жәлелбек, сәулетші - Шегебек, құрылысшы-инженер Сымажан, тіл маманы, қазіргі кезде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында қызмет жасайтын Ботакөз Уатқан және т.б. болды. Оралмандардың келесі легі Алматы облысы Кеген ауданына орналастырылды. Одан кейінгі көшіп келуші топтар республикамыздың басқа аймақтарынан орын таба бастады [5, с. 232- 233]. 1991-1992 жылдары Қазақстанға 61 609 этникалық қазақтар көшіп келді. Қоныс аударушылар легінің көбеюіне байланысты ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты 1992 жылы МХР Баян-Өлгей аймағындағы қазақтар арасында социологиялық зерттеу жүргізді. Оның мақсаты олардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау және мүмкіндігінше Қазақстанға көшу себептерін білу болды. Сұралған 354 қазақтың 80,5% Қазақстанға көшу ниетін білдірсе, олардың 58,8% пайызы 1992-1993 жылдардың өзінде-ақ көшетіндігін байқатты [6, с. 12]. Олар өздерінің көшіп-барып орналасатын аймақтарын былайша айқындады: Шығыс Қазақстанға (29,4%), Оңтүстік Қазақстанға (25,7%), Орталық Қазақстанға (20,0%), Солтүстік Қазақстанға (16,1%), Батыс Қазақстанға (3,4%). Оралмандардың көпшілігінің алғашқы елді аймақтың таңдап алуының себебі

біріншіден, жақындығы; екіншіден, қазақтардың көп орналасуы. Соңғы екі аймаққа тілек білдірушілердің аз болуы, олардың қашықтығы және де орыс тілдес халықтардың көп болуы, сұралғандардың 30,5% тұрғылықты мекен-жайы ретінде ауылдық жерлерді, 48,9% қалаларды, соның ішінде 23 (34,8%) шағын және орташа қалаларды таңдады [6, с.13]. Олар Қазақстанға қоныс аудару себептерін былайша түсіндіреді: 24,6% балаларына білім беру; 20,3% атамекенінде тұру; 14,4% ұлт мәселесіне байланысты; 8,2% қалаларда мамандығына байланысты жұмыс табу мақсатында; 4% ауылдық жерлерде өмір сүру үшін; 3,1% туысқандарымен бірге болып ана тілінде қарым-қатынас жасау үшін. Моңғолиядағы қазақтар көші-қон үрдісіне кедергі мен қиындықтар туғызып отырған себептер ретінде мыналар: 28,0% - материалдық қиыншылықтар; 23,5% көші- қон мәселесін заңды жолмен шешудегі қиыншылықтар; 15% Монғолиядағы саяси ахуал [6, с. 14]. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының атамекенге көшуінің маңызды себептері, олар ұлттық мәдениетін сақтау және дамытуда ұмтылыстары, өйткені олар моңғол еліндегі аз ұлттың бірі (1992 ж. республика халқының 4,6% болды); өздерінің өмірлік мақсат-мүдделерін, соның ішінде кәсіптік жоғарғы деңгейге жетуді іске асыруға тырысады. Екіншіден, Моңғолиядағы қазақтардың өмірі мен тұрмысының төмендігі, әлеуметтік инфра құрылымның әлсіздігі, Баян-Өлгей аймағы экономикасында ауыл шаруашылық бағыттың басым болуы. Отандастарымыздың атамекендеріне көшіп келуі, олардың этникалық және жалпы адамзаттық дамуында үлкен мүмкіндіктер ашуы тиіс [6, с. 15].
1991-1996 жылдары Моңғолиядан Қазақстанға - 12647 отбасы, барлығы 62 126 адам көшіп келген. Иммиграциялық квотаға сәйкес 1993 жылы - 3000 отбасы 8700 адам [7, с.59], 1994 жылы - 2000 отбасы 3490 адам [7, с. 81], 1995 жылы 305 отбасы - 1600 адам [7, с. 100], 1996 жылы - 70 отбасы 460 адам [7, с.108]. Олардың бәрі іс-жүзінде ауылдық жерлерге, бір бөлігі ескі мектептер, кітапханалар, клубтар мен уақытша тұрғын үйге айналдырылған ғимараттарға орналастырылды. Өйткені мемлекет иелігіндегі мекен- жайлар жекешеленіп қойған еді. Көптеген мекемелер қысқарып, бұрынғы жұмысшы қызметшілер жұмыстан босап қалды. Осындай жағдайлардан оралмандар қиындық қыспағында қалды. Тұрғын үйдің болмауынан отандастарымыз басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Ал, бұл жағдай облысаралық көші-қон мәселесін едәуір қиындатып жіберді.
Оралмандарды жұмысқа орналастыру республика бойынша 46% ғана жүзеге асты. Соның ішінде әйелдер 37% құрайды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарына тән. Қоныс аударушылардың басым бөлігі өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алмады. Себебі оларды республика аумағына бөлу ісінде кәсібі бойынша жұмыс табылатын жерге емес, тұрғын үй немесе жер участогын бере алатын шаруашылықтарға бөлген [8]. Келесі бір маңызды мәселе - келген отандастардың азаматтық алуы және оларды төлқұжатпен қамтамасыз ету. 1991- 1994 жылдары Моңғолия азаматтығынан шықпаған 50 мыңнан астам қазақ ұлт өкілдері Қазақстанда тұрып жатты. Олар бірнеше рет Моңғолия елшілігіне сол ел азаматтығынан шығу туралы ниеттерін білдіргенімен құжат рәсімдеу мәселесінің қиындығынан өтініштері қанағаттандырылмады [7, с.106]. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан 5 жылдық еңбек шартымен келген оралмандардың уақыты бітті. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы 1994 жылы 21 желтоқсандағы келісімі бойынша отандастарымыздың ҚР азаматтығына өтуі немесе Моңғолияға кері қайтуы мәселесі қойылды. Қазақтардың Моңғолия азаматтығынан шығуына қатысты рәсімнің күрделілігі және оның Қазақстан азаматтығын алуға кедергі келтіретінін ескере отырып, Сыртқы істер министрлігіне моңғол жағымен қосымша хаттамаға қол қою тапсырылды [1, 118-б.]. Бұл мәселеде оралмандардың құжаттарының реттелуінің барлық кезеңі мен мерзімі нақтыланып, жалпы жағдайы ерекше бақылауға алынып, тиісті іс-шаралар жасалынды. Республикада тұрақты тұру үшін келген отандастарымыздың Моңғолия азаматтығынан шығуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге қол қою жөнінде келіссөз жүргізілді. Моңғолиядан еңбек шартымен келген қазақтардың көпшілігі Қазақстанда қалғысы

келді. Осыны зерттеу үшін Қазақстан және Моңғолия үкіметтерінен арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына екі жақтан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Жұмыс тобы қазақтардың атамекеніне қоныс аударуына байланысты барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазақ диаспорасы
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Пәндер