Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері


Жоспары:
- Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
- Сүт безінің қатерлі ісігінің эпидемиологиясы
- Патогенезі
- Жіктелуі
- Клиникалық көріністері
- Диагностикасы мен дифференциалды диагностикасы
- Емі
Қолданылған әдебиеттер
Сүт безінің қысқаша анатомиялық сипаттамасы
Сүт безі кеуденің алдыңғы бетінде III-IV қабырғалар арасында орналасқан. Без денесі алдыңғы жағынан тегіс емес диск тәрізді, ол май клетчаткасымен толған. Артқы беті тегіс және үлкен кеуде бұлшық етінің фасциясында жатады. Паренхимасы ұсақ бөлшектерге жиналған күрделі альвеолярлы түтікті бездермен көрінеді. Олар қосылып үлкен бөлшектер түзеді. Сүт безінің бөлшектер саны 6-8-ден 20-24-ке дейін болады. әрбір бөлшектің шығарғыш сүт өзегі болады. Кейбір өзектер қосылып сүт безінің ұшында тесіктер саны 12-ден 20-ға дейін болады. Без панренхимасы беткей кеуде фасциясының қабаттануынан түзілген дәнекер тінді футлярда жатады. Сүт безінің қандануы: ішкі кеуделік және қолтық асты артерияларының бұтақтарымен қамтамасыз етіледі.
H. Vorherr (1974ж) мәліметі бойынша сүт безі 60% қанды ішкі кеуде артериясынан, ал 30% қанды бүйір кеуделік артериядан алады. Сүт безінің веналары артериялармен қатар жүріп көрші аумақтардағы веналармен анастомоз құрады.
Онкологиялық тұрғыдан сүт безінің лимфа аппараты маңызды роль атқарады. Өйткені ісік клеткалары біріншіден осы лимфа жүйесі бойынша тарайды. Сүт безінің лимфа жүйесінің ерекшеліктерін білу емдеу және арласуларда маңызды роль атқарады. Сүт безінің лимфа жүйесі торлар мен байланыстар түзетін мүшеішілік лимфа қантамыры мен капиллярлардан, мүшеден тыс әкеткіш қантамырлы коллектор мен лимфа түйіндерінің регионарлы топтарынан тұрады. Сүт безінің әкеткіш лимфа түйіндерінің бір бөлігі субареолярлы өрімдерге, кейін регинарлы лимфалық жолдармен таралады. Ал бір бөлігі өрімнен тыс регионарлы лимфа түйіндеріне барады. Сүт безінен лимфаның ағып шығуы бірнеше топ лимфа түйіндерімен қамтамасыз етіледі:
- Парамаммарлы лимфа түйіндері. Ол алдыңғы тісті бұлшық еттің үшінші тісінде орналасып бірінші этаптың лимфа түйіні болып табылады.
- Қолтық асты лимфа түйіндері .
- Бұғана асты лимфа түйіндері.
- Бұғана үсті лимфа түйіндері.
- Парастернальды лимфа түйіндері.
- Ретромаммарлы кеңістіктің лимфа түйіндері.
- Субпекторальды лимфа түйіндері.
Сүт безінің қатерлі ісігі кезінде ісіктің орналасуына байланысты метастаздану 7-8 бағытта жүруі мүмкін.
- Пекторальді жол- парамаммарлы түйіндерден қолтық асты лимфа түйіндеріне қарай. Өте жиі кездеседі (60-70%) .
- Транспекторалды жол- ортаңғы қолтық асты лимфа түйіндеріне қарай. Сирек кездеседі.
- Бұғана астылық жол- бұғана асты лимфа түйіндеріне қарай. 20-30% жағдайда кездеседі.
- Парастерналды жол- парастерналды лимфа түйіндеріне қарай. 10% жағдайда кездеседі.
- Айқасты жол- қарама-қарсы жақтағы сүт безі мен лимфа түйініне қарай. 5% жағдайда кездеседі.
- Герот лимфалық жолдармен құрсақ қуысының және эпигастральді лимфа түйіндеріне қарай. Өте сирек кездеседі.
- Теріішілік түрі- құрсақ қуысының бетімен шап түйіндеріне қарай.
Сүт безінің қатерлі ісігінің эпидемиологиясы.
Сүт безінің қатерлі ісігі қазіргі уақытта дамыған елдер арасында әйелдерде кездесетін ісіктердің негізгісі болып табылады. Көптеген тіркеу мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісіктердің ішінде бұл мүшеде кездесу жиілігі 1% шамасынан жоғары емес.
Соңғы он жыл ішінде, әсіресе экономикасы дамыған Еуропа және Америка елдерінде сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындар саны көбейген.
Біздің елімізде сүт безінің ісігі қатерлі ісіктердің алдыңғы қатарында. Соңғы он екі жылдықта сүт безінің қатерлі ісігінен адам өлімінің төмендеуіне тенденция байқалса да, аталмыш көрсеткіш жоғары деңгейде, атап айтсақ 100 000 әйелге есептегенде 23, 3 келеді.
Аталған мәліметтер осы қатерлі ісіктің ерте аныңталуын және нәтижелі емделуінің үлкен маңызға ие екенін дәлелдейді.
Сүт безіндегі бластомогенді процесстің дамуына себепші факторлар көбіне профессионалды ерекшеліктер мен өндірістік объектіге жақын тұру болып табылады.
Патогенезі .
Бас ісіктері сияқты сүт безінің қатерлі ісігінің даму себептері толық анықталмаған. Тәжірибелік және ғылыми зерттеулерде сүт безінің қатерлі ісігінің негізгі себептері әйел денесіндегі гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы, нерв жүйесінің күйзелісі, тектік бейімділік, тамақтану ерекшеліктері, тұрмыс жағдайлары және т. б. жатады. Көбіне емізбеген әйелдердің ауыру дәрежесі жоғары. П. А. Герцен оны бездің эпителиінде болашақ лактацияның өсуіне жоғары потенция жатыр. Өз қызметін орындамаған физиологиялық функция ісіктің дамуына ықпал етеді.
Жоғарыда келтірілген тектік бұзылу себептері сүт безінде кездесетін қатерлі ісіктердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, тез өсіп даму дәрежесіне және аурудың ену нәтижесіне толығымен белгілі бір әсер етеді.
Сондықтан жалпы анықтауда және ауруларды емдеуде ескеру керек.
Сүт безінің қатерлі ісігіне қаупі (Пурде М. К., 1979ж) :
- Бездің дисгармональды гиперплазиясының болуы.
- Біріншілік бедеулік.
- 26 және одан жоғары жаста біріншілік босанулар.
- Менструацияның кеш басталуы (17 жас және одан да жоғары)
- Менопаузаның кеш болуы.
- Жыныстық өмірдің кезеңсіздігі және кеш басталуы (30 жас және одан жоғары) химиялық, механикалық қорғаныс заттарын қолдану.
- Жүктіліктен кейінгі маститтің болуы, әсіресе консервативті ем жүргізілген болса.
- Фригидттілік және либидоның төмендеуі.
- Ұзақ уақыт бойы балаларын емшекпен емізу
- Ірі балалардың туылуы (дене массасы 4000 және одан да көп) .
- Әйелдің дене массасының жоғары болуы (70 кг және одан да жоғары) .
- Қартайған әйелдерде менопаузаның ұзақ уақыт болуынан әйел организмінің эстрогенді қанығуының жоғары болуы.
- Қалқанша безінің үлкейуі және оның аурулары кезінде.
- Тектік бейімділік және тұқым қуалаушылық.
- Сүт безінің әр түрлі травмаларынан соң.
Сүт безінің қатерлі ісігінің негізгі клинико-патогенетикалық түрлерін ажыратады:
Тиреоидты ( 4, 3%), инволютивті(8, 6%), бүйрекүсті бездік (39, 8%), аналық бездік (44%) . Көбіне қатерлі түрде аналық бездік түрі, ал аз пайызда бүйрекүсті бездік түрі кездеседі. Қалған екі түрі қатерсіз түрде өтеді.
35 жастағы әйелдерге қауіп факторлары болып қалқанша без патологиясы (гипотериоз), менструацияның кеш келуі, кеш босанулар немесе босанудың болмауы, туған туысқандарында сүт безінің қатерлі ісігінің болуы, сүт безінің әртүрлі ауруларының болуы.
35-49 жастағы әйелдер үшін қауіп-қатер факторлары болып қабыну немесе аналық безіндегі гиперпластикалық процесстер, туған туысқандарында сүт безінің қатерлі ісігінің болуы, жыныстық және балатуушылық қызметтердің бұзылуы.
50-59 жастағы әйелдер үшін қауіп-қатер факторлары болып гипертониялық аурулар, семіздік, жанұялық анамнезінде жыныс ағзаларынның қатерлі ісіктердің болуы, қант диабеті, менопаузаның 50 жастан кейін басталуы.
60 жастан жоғары әйел адамдар үшін қауіп-қатер факторлары жанұялық анамнезінде жыныс ағзаларынның қатерлі ісіктердің болуы, қант диабеті, кеш болған босанулар, менструалды циклдың ұзақ уақыт болуы, гипертониялық ауру, атеросклероздың болуы болып табылады.
Жіктелуі.
Халықаралық гистологиялық жіктелуі
- Эпителиалды ісіктер
- Қатерсіз:Интрадуктальды папиломмаСүт безі ұшының
- Тағы басқа
- Қатерлі:
- Инвазивті емес
- Өзек ішілік карцинома
- Бөлік ішілік карцинома
- Инвазивті:
- Инвазивті өзек ішілік карцинома
- Инвазивті өзек ішілік карциноманың өзек ішінде көбірек кездесетін түрі
- Инвазивті бөліктік
- Шырышты карцинома
- Меддулярлы карцинома
- Папиллярлы карцинома
- Тубулярлы карцинома
- Аденоидты-кистозды карцинома
- Секреттеуші карцинома
- Апокриндік карцинома
- Метаплазиялық карциномаЖалпақ клеткалық түріШашыранды клеткалық түріШеміршекті және сүйекті түріАралас түріТағы басқаСүт безінің үшының Педжет ауруы
2. Аралас дәнекер тіндік және шырышты ісіктер :
- Фибро аденома
- Филлоидты аденома
- Карциносаркома
3. Аралас ісіктер:
- Жұмсақ тіндердің ісіктері
- Терінің Ісіктері
- Гематопоэтикалық және лимфалық тіндердің ісіктері
4. ісіктер
5. Сүт безінің дисплазиясы
6. Ісік тәрізді процесстер :
- Өзектің экстазиясы
- Қабынған псевдо ісіктер
- Гамартома
- Гинекомастия
- Тағы басқалары
Бұл жерде сүт безінің қатерсіз ісіктерінің, дисплозиялардың және ісік тәрізді түзілімдердің жіктелуі берілмеген. өйткені бұл жағдайларда сәулемен емдеу қолданбайды. Қатерлі трансформация ошақтарынан ісік жасушаларының өсуі және таралуы бөлшектің өз эпителиінен, ацинустарынан немесе сүт жолдарының интрадукталды өзек інімен дәл солай перидуктальды тері асты шелінде және сонда орналасқан лимфа және жіңішке қан тамырларымен таралады.
Ісік ошағының өсуі үлкейуінің мөлшері бұл құбылыста бөлікше аралық дәнекер тін және ірі лимфа тамырларына байланысты. Соңғыларының ісік жасушаларымен бітелуі нәтижесінде субэпидермальды және тері ішіне, сүт безінің меншікті тінін қоршайтын жақын орналасқан кеуде шандырларына өсуі.
Сондай-ақ тері асты маай шеліне сіңуі бұлшықеттен теріге шығып өсіп кетуі мүмкін. Кез-келген ем түрін таңдағанда, соның ішінде сәулемен емдеу кезінде ісік құрамының лимфа қантамырларының жүйесімен ошақтануы мен таралуының ерекшеліктерін есте сақтау керек.
Соған байланысты лимфа және қантамыр жүйесінің сүт безіндегі орналасу құрылысын аймақтық лимфа жолдарының жаратылысын алысқа таралған ісік ерекшеліктерін, сүт безінің қан тамыр жүйелері арқылы оның көбіне жиі таралуын ескеру қажет.
Сүтбезінен лимфа тамыры арқылы негізгі жолы- қолтық астылық түйіндерге құүятын қолтық астылық 2-4 лимфа безі . Осы жол арқылы ісік жасушалары сүт безінің барлық квадраттарынан таралады.
Сүт безінің қатерлі ісінің морфологиялық құрылысы әртүрлі макроскопиялық ерекшеліктеріне қарай ісік өсуінің келесі түрлерін ажыратады:
-Қатерлі ісіктің түйінді түрі- ол бір немесе бөлек түйіндермен, кейде бір-бірімен байланысқан “жол” тәрізді орналасады. Сүт безінің тінінен анық шектелген және жайылып немесе сіңіп өсетін ісіктер, сүт безінде шекараланған немесе шектелген.
Сіңіп өсетін ісіктерге жедел түрі белгілі тілме ісігі тәрізді тез өсуімен денеге таралуымен сипатталады. Одан басқа “жасырын” немесе окультялы сүт безі ісігінің түрі, бұл кезде жасушалар лимфа түйіндері арқылы қолтық, бұғана үсті аймағына таралады. Біріншілік ошағы үлкен емес мөлшері 1 см тіндерді кейде тек микроскопиялық тәсілмен күмәнді бөлігін зерттеу арқылы анықтайды.
Клиникалық көрінісі.
Сүт безінің қатерлі ісігі көптеген болжама және нақты белгнілері ажыратылмайды. Бездің өзі және негізгі аймақтық лимфа түйіндері қолмен анықталады. Айқын дерттік белгілерге түйін түрінде және айқын шекарасы жоқ беткей біртекті емес бұдырлы сіңбе түрінде без тінінде тығыз түзілістердің пайда болуы жатады.
Қалыпты без және сүт безінің ісуі өзгерген тіннен де тығыздалып ісік, (өкпеге) өспесе тері асты май қабатына жартылай немесе толық теріге жабысып терілік белгілер “әжімдену” кезеңі умбиликацмя шақырады.
Бездің көлемінің үлкейуі немесе кішірейуі мүмкін . Емізіктің пішіні мен орналасуының өзгерістері, тері ісінуі байқалады және ісіктің өсуінің соңғы кезеңдерінде тағы басқа белгілер пайда болады.
Сипатталған белгілер жинағы айқын сүт безінің қатерлі ісігінің кезеңдеріне тән алғашқы кезеңдерінде ауруды анықтау көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені ісік ошағы сирек емес дисгармональдық түйінді дисплазияның нәтижесінде диффузды, өзек ішілік папилломалар және тағы басқа ісік емес немесе сүт безінің тінінің қабынулық өзгерістеріне байланысты. Осыған орай ісік барына күмәнданса, онда оны цитологиялық зерттеу арқылы өзгерген ошақтан инемен алынған немесе өзгерген лимфа түйінінен алынған жасушалармен дәлелденеді.
Морфологиялық зерттеулер ісікке биологиялық сипаттама берумен қатар ісіктердің қатерлілігінің дәрежесін, емдеу тәсілін таңдауда маңызы зор. Сүт безінің қатерлі ісігінің диогностикалық зерттеулер жиынтығына цитологиялық зерттеулермен тағы басқа рентген контрасты, ультра дыбысыты және маммография кіреді. Бұл тәсілдердің нәтижелерін арттыру үшін әртүрлі қосымша құрамдармен ауа қолданылады. әрбір көрсетілген тәсілдердің жоғарғы көрсеткіші 80% дейін және одан да жоғары, бірақ та аса жоғары анықтау 95% ғана. Бұл тәсілді жеке сүт безінің құрылысына, жасына, ісіктің орналасуына қарай комплексті қолданылады.
Б. П. Димидов және Л. Д. Островцеваның мәліметтері бойынша клиникалық диагностиканың нәтижелілігі 83% құрайды. Мың зерттеулердің 80% дұрыс, ал рентген -78% комлексті-85% жағдайда дұрыс анықталады. Рентгендік маммография әдісі пальпация жағдайфында анықталмайтын ісіктің алғашқы түрінде көбірек мәліметтер береді. Рентгендік және ультрадыбыстық маммография алғашқы сатысында анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар операция алды кезеңінде сәулемен емдеудің химиялық әдісімен емдеудің нәтижесін бағалау үшін де қолданылады. Жүргізілген емнің арқасында ісіктің көлеменің және консистенциясының өзгеруін белгілеуге мүмкіндік береді. Алыстағы және аймақтық метастаздардың диагностикасы кезінде айтарлықтай ауырлық туады. Аймақтық метастаздарды анықтау үшін негізгі әдісі болып пальпация, жіңішке ине арқылы пункциялық биопсия, контрастсыз оксилография, пневмооксилография, ультрадыбысыз томография, тікелей және тікелей емес лимфография төс маңылық лимфаның коллекторының жағдайын анықтау үшін төс арқылы Au 188 колоиты ерітіндісімен тікелей радионуклеидті лимфография, флебография және сцинтиграфия жасалады.
Операцияға дейінгі регионарлық лимфа түйіндеріндегі метастаздар диагностикасының қателілігінің жиілігі 25-30% тең. Алыстағы метастаздардың клиникалық белгілері сүт безінің қатерлі ісігінің дамуының соңғы кезеңдерінде көрінеді. Алыстағы метастаздардың клиникалық ерте түрін анықтау үшін өкпенің және кеуде аралығынанң лимфа түйіндерінің бауырдың санотомографиясын және тағы басқа мүшелер мен жүйелердің көрсеткіштері бойынша Тс99 пирофосфатпен радиоизотоптық зерттеулердің нәтижесінде аурудың кезіңін көрсету арқылы клиникғалық диагнозын құрады. Біздің елімізде аурудың кезеңін отандық клиникалық жіктелуі арқылы сатыларға және халықаралық TNM жіктеу жүйесі бойынша бөледі.
TNM жүйесі бойынша халықаралық классификация
Т - алғашқы ісік
Т -периинвазиялық карцинома (carcinoma in situ), инфильтрацияланбайтын интрадуктальді карцинома немесе Педжет ауруы, анықталатын ісік жоқ емізік ауруы.
Т0- сүт безінде ісік анықталмайды.
Т1- ісік 2 см немесе үлкен өлшемде
Т10- жақын жатқан кеуде фасцияға немес бұлшық етке бекітілмеген.
Т16- жақын жатқан кеуде фасциясына және бұлшық етке бекітілген
Т2- 2 см үлкен ісік, үлкен өлшемде 5 см аспайды
Т20- жақын жатқан кеуде фасциясына және бұлшық етке бекітілмеген
Т21- жақын жатқан кеуде фасцияға және бұлшық етке бекітілген
Т3- 5см үлкен ісік ең үлкен мөлшерде
Т30- Жақын жатқан кеуде фасцияға және бұлшық етке бекітілмеген
Т31- Жақын жатқан кеуде фасцияға және бұлшық етке бекітілген
Т4- кеуде қабырғасына немесе терісіне тікелей тараған әртүрлі көлемді ісіктер
Т4а- кеуде қабырғасына бекітілген
Т4в- Ісінген сүт безінің терісінің инфильтрациясы (“лимон қабығы”) екіншілік түйіндермен үңірейюлері
Т4с- жоғарыдағы варианттардың қосындысы
N- регионарлық лимфа түйіндері
N0- регионарлық лимфа түйіндерін ұстағанда білінбейді
N1- зақымданған бөлімінде лимфа түйіндері қозғалмалы
N1а- лимфа түйіндері метастатикалық болып бағаланады.
N2- қолтықасты лимфа түйіндері зақымдану жағында бір-біріне жабысқан немес басқа құрылымдармен жабысқан
N3- зақымдану жағында бұғана үсті-астылық лимфа түйіндері қолмен ұстағанда білінеді.
М -алшақтаған метастаздар
М0- алшақтаған метастаздардың белгісі жоқ
М1 - сүт безінен тыс терінің зақымдануы, алшақтаған метастаздар бар.
Кезеңдеріне байланысты топтастыру
Т1-carcinoma in situ
Инвазиялық карцинома
- Саты:Т1а N0 немесе N1а М0
Т1в N0 немесе N1в
- Саты:Т0 N1а
Т1а Nв
Т1в N1в
Т2а N0 немесе N1а М0
Т2в N1в
- Саты: кез-келген Т3 кез-келген N
кез-келген Т4 кез-келген N М0
кез-келген Т N2
кез-келген Т N3
- Саты: кез-келген Т N М1
Қатерсіз ісік пен сүт безінің қатерлі ісігі арасындағы дифференциалды диагноз
(Л. М. Ратнер)
Қосымша зерттеу әдістері
Морфологиялық зерттеу әдістері:
Емізіктен шыққан бөлінділерді цитологиялық зерттеу, ісік биопсиясы кезінде алынған материалды цитологиялық зерттеу.
Ісік тінінен арнайы инемен алынған (трепанобиопсия) материалды гистологиялық зерттеу. Эксцизионды биопсияны күмәнданған жағдайда ғана жасайды. Ол үшін сүт безін секторальды резекциясын жасап ісікті зерттеуге жібереді.
Маммографиялық зерттеу нәтижелілігі 75-тен 91 пайызға дейін.
Ультрадыбыстықзерттеу көмегімен ісіктің визуализациясын жасап, оның орналасуын, көлемін, құрылымын зерттеуге болады . Нәтижелілігі 50-60%тен 80-93%-ке дейін.
Термографиялық әдіс патологиялық өзгерген тіннің үстіндегі температураны өлшеуге негізделген. Егер сүт безі ісігінің клиникалық көрінісі бар болса термографияның эффективтілігі 77, 6%, ал жоқ болса -25, 4% .
Сүт безінің қатерлі ісігінің радиоизотопты диагностикасы радиоактивті фосфор 32 Р ді қолдану арқылы жүргізеді. Ісіктің сырттай орналасуында бұл әдіс эффективті.
Клиникалық практикада қолтықасты-бұғанаасты лимфа түйіндерінің жағдайын тікелей түрлі-түсті лимфография әдісін бағалау арқылы анықтайды.
Радиоизотопты лимфосцинтиграфия әдісінің негізінде лимфа тиүйіндерінің метастаздық өзгерістері кезінде түйіндер изотопқа жиналу қасиетінен айрылады. Сондықтан сцинтиграммада жиналу деффектісі байқалады.
Емі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz