Микроорганизмдер экологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Модуль 1
Тақырып 8. Микроорганизмдер экологиясы.
1. Ауа, су, топырақ микроорганизмдер экологиясы.
2. Жануарлар денесінің микрофлорасы.
3. Нәжіс микрофлорасы.
4. Химиялық, физикалық, биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Стерилизация және дезинфекция әдістері. Антибиотиктерге микроорганизмдердің сезімталдығы.
Топырақ микрофлорасы. Топырақ түзуде микроорганизмдердің маңызы орасан үлкен. Микроорганизмдер арқасында топырақ тірі жүйе қасиетіне ие болды. 1г қара топырақта ондаған милионнан бірнеше милиардқа дейін микроб клеткалары болады, олардың жалпы биомассасы 1 гектарда 3-5 тоннаға жетеді. Микробтар топырақта біркелкі бөлінбеген: олар жоғарғы қабатта және өсімдіккке жақын жерде көп болады. Топырақ бетінен тереңдеген сайын микроб саны кеми түседі, ал 2-3 м тереңдікте олар болмайды деуге болады. Қара топырақта және сұр топырақта микроб көп, саз және құмды топырақта аз болады. Жаздың басында және күзде микроб саны артады, жылдың қалған маусымында саны азаяды. Олардың саны ылғалға, органикалық заттар мөлшеріне, күн райына және басқа факторларға байланысты келеді. Топырақтың микроб дүниесінің құрамына балдырлар, зең саңырауқүлақтары, актиномицеттер, бактериялар және басқа организмдер кіреді.
Балдырлар қалыптаса бастаған топырақты алғашқы қоныстанушылар, хлорофилі бар және топырақтың ылғал мен жарық жеткілікті болатын жоғары қабатын мекендейді. Бұларға ең маңызды экологиялық фактор - ылғал. Балдырлар құрамында пигменттер болады, осыған байланысты оларды көк-жасыл, жасыл және диатом балдырларға бөледі. Пигменттердің болуы балдырлар күн энергиясы көмегімен ауадан көміртегін, азот және басқа минералдық заттарды топырақтан сіңіреді. Жарық түспейтін терең қабаттарда балдырлар органикалық заттар ыдырағанда бөлініп шығатын энергияны пайдаланады. Сөйтіп, балдырлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тәрізді де, саңырауқұлақтар тәрізді де тіршілік ете алады. Балдырлар топырақта тіршілік ете отырып органикалық заттарды синтездейді, бойына жинайды және соның арқасында топырақ құнарлылығын арттырады.
Саңырауқұлақтар -- хлорофиллсіз организмдер, топырақта кең таралған тірі жәндіктердің үлкен тобы. Базидомицеттер көбіне орман топырақтарында кездеседі, бұлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен микориза (саңырауқүлақ-тамыр) түзеді. Зең саңырауқұлақтары қышқыл, органикалық заттар жеткілікті және жақсы аэрацияланатын топырақта көбірек тараған. Ашытқы саңырауқұлақтары басқа саңырауқұлақтарға қарағанда, сирегірек кездеседі, топырақ тіршілігінде олардың маңызы, сірә, онша емес сияқты.
Саңырауқұлақтар топырақгың жоғарғы қабатында (5 -- 20 см) көп, дегенмен олардың кейбіреулері (төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, актиномицеттер, шала саңырауқұлақтары) 50 -- 80 см тереңдікте де кездеседі. Саңырауқүлақтардың көбі аэрофильдер болғанымен, терең қабатта анаэробты тіршілік ететіндері де бар. Топырақтың жоғарғы қабатының 1 грамында 1 млн-ға дейін микроб болады, ал олардың биомассасы 1 га-да 1500 кг-ға жетеді. Солтүстік және сол маңдағы өңірде мукор және пеницилл, ал ыстық оңтүстік өңірде аспергилл саңырауқүлақтары кездеседі. Саңырауқұлақтар клетчатканың 50 % және одан да көп мөлшерін ыдыратады, бүлардың кейбіреулері көміртегін лигиннен ғана алады.
Бұлардың қарашірік (гумус) түзуде маңызы үлкен, топырақ құнарлылығын арттырады.
Актиномицеттер аэрация жақсы жүретін бейтарап және сілтілі топырақта, ылғалы онша емес, бірақ органикалық заттар мөлшері жеткілікті топырақта мекендейді. Олар физиологиялық жағынан бактерияларға, морфологиялық жағынан саңырауқүлақтарға жақын тұрады.
Топырақтың жоғарғы қабатының 1 гр-да актиномицеттер саны бірнеше миллионға жетуі мүмкін, ал олардың биомассасы 1 га-да 700 кг. Актиномицеттер органикалық заттарды бұзады және көп элементтерді жоғары сатыдағы өсімдіктер сіңіре алатын күйге келтіреді. Актиномицеттер кебуге тұрақты, олар қүрғатылған топырақта 10 жылдан артық тіршілігін сақтайды. Олардың саны жалпы топырақтың флорасының көктемде 20%, күзде 30%-ке жуығын құрайды. Актиномицеттер көбіне топырақгың жоғарғы қабатын мекендейді, тереңдеген сайын олардың саны, басқа саңырауқұлақгарға қарағанда аз, кемиді, дегенмен 75 см тереңдікте олардың үлесіне барлық саңырауқұлақтардың 55%-ті келеді. Актиномицеттер арасында антибиотик заттар шығарушылар көп, бүл жағдай мекендеген жерлерінде микроорганизмдер тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік туғызады.
Бактериялар. Саны мен әр түрлілігі жөнінде бактериялар микробтардың басқа топтарынан асып түседі. 1г құнарлы топырақта бактериялар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді, ал жалпы массасы 1 гектарда 500 кг. Бұл үлкен топқа автотрофтар және гетеротрофтар, көптеген процестерді қоздырушылар: аммонификация, нитрификация, азотты сіңіру-жинау, топырақта күкіртті, темірді және бірқатар басқа элементтерді өзгерту кіреді; бұл процестер топырақтың биологиялық активтігін, сонымен қатар топырақ құнарлылығын арттырады.
Топырақ -- көптеген ауру қоздырғыштарының тіршілік ететін ортасы; ауру қоздырғыштары топыраққа өлексе қоздырғыштары жұққан төсеніштер, жануарлардың нәжісі, несепі арқылы келеді. Топырақта көп мөлшерде зиянды (патогендік) клостридий (Сl. tеtаnі. Сl. реrfingеns, Сl. botilinum), сол сияқты, зиянсыз патогенсіздер кездеседі. Мысалы, дүние жүзінің барлық жерлерінен жиналған 152 үлгінің 137-нен Сl. реrfingеns табылған (П.Н. Бургасов, С.Н. Румянцев, 1974).
Патогенсіз -- зиянсыз анаэробты клостридийлер әр түрлі топырақ-климаттық өңірде біркелкі таралмаған. Бүл олардың биохимиялық қасиеттеріне, топырақ кұрамына, жыл маусымына және басқа факторларға байланысты. Сахаролитті қасиеті клостридийлер саны солтүстік кеңістік топырағында, оңтүстік өңір топырағына карағанда көп. Протеолитті қасиеті клостридийде бұған керісінше: Оңтүстікке аяқ басқан сайын олардың саны көбейеді.
Оңтүстік топырағында, әсіресе сары топырақта, органикалық заттар тез минералданады, соның нәтижесінде оларға белоктар, пептидтер, углеводтар, сол сияқты пурин және пиримидин негіздері яғни биохимииялық қасиеттері жоғарыда керсетілген микроорганизмдерге қажет қорек көп жиналады (В.Т. Емцев,1984). Сөйтіп, орта белгілі дәрежеде микроорганизмдер құрамын анықтайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер экологиясы – микроэкология
Бактерия
Жалпы экология
Геоэкология
Атырау қаласының және Атырау облысының өркендеуіндегі проблемалар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық мәселелер жайлы
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Каспий жағалауындағы проблеммалар
Пәндер