Көшбасшы қабілетінің диагностикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Көшбасшы қабілетінің диагностикасы

Көшбасшы - жеке ықпалымен әлеуметтiк және саяси процестерде шешушi рөлге ие ұйым немесе ұсақ топтың беделдi мүшесi.

Көшбасшылық - бұл топтық қызметтi интеграциялау механизмi, сонымен бiрге ұйым мен индивид мақсаты үшiн жеке адамдар мен топтарға тұлғалық ықпал етуге қабiлетi. Саяси көшбасшылық - адамдардың саяси мiнез-құлқы мен саяси қызметiне ықпал етудiң жеке тұлғалық қасиетi. Оның негiзгi ерекшелiгi- билiк феноменiмен тығыз байланысты болуында. қабілет дегеніміз - белгілі бір тұлғаның белгілі бір қызметті жүзеге асыру қабілетін анықтайтын жеке және психологиялық ерекшелігі. Белгілі бір қабілеттердің пайда болуының туа біткен алғышарттары - бұрынғыға қарағанда, тұлғаның бойына туылғаннан бастап қойылатын бейімділік. Қабілеттер - бұл динамикалық ұғым, олардың әрдайым қалыптасуын, дамуын және әр түрлі қызмет салаларында көрінуін білдіретінін есте ұстаған жөн. Қабілеттердің даму деңгейлері үнемі өзін-өзі жетілдіру үшін ескерілуі керек көптеген факторларға байланысты.

Харизма: бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!

Мен ешқашан қай қызметте болмасын, сынауға қарағанда мақтаудың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін. © Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы

Харизма дегеніміз - адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Адамның басқа мінез-құлқы сияқты оны да дамыта алады. Басқаларға өзіңізді тартымды қылу үшін не істеу керек?

Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, кіммен араласқанды жөн көрсеңіз, соған ұқсас болуға тырысыңыз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Айтқанынан қайтпайтын қырсық па? Түңіліп жүретіндер ме? Әрине, жоқ. Олар өміріне риза, позитив, наразылық танытпайды. Ең бастысы өмірді сүйеді!

Әр адамға жоғары баға қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өз күшімен миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Іскер кісілердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре алатындығы»

Адамдарды үміттендіру. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.

Тәжірибеңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар тәжірибені айта жүріңіз. Сіздің біліміңіз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне жарасын.

Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлау емес, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет! Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға бұру. Бұл - харизма! Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: іскерлердің ауызбен орақ оратындардан басты айырмашылығы

Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін істі жасаса, барлық уақытта өмір сүреді. © Иоганн Фридрих Шиллер, неміс драматургі және ақыны

Іске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық. Іске адалдықтың басы жүректе жатады. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін жүректің терең түбіне үңіліңіз. Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Іске адалдықтың жалғыз өлшемі - іс-әрекет. Артур Гордон айтқандай: «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ». Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?

Іске адалдық - жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көшбасшы ретінде сіз - көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыз. Алға жылжытатын жалғыз күш - сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.

Өз мақсаттарыңызға жете аласыз ба? Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндігіңіз жететін нәрсені орындадыңыз ба? Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме? Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!

Төртінші қасиет. Дұрыс қарым-қатынас жасай білу

Оқытушылар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым-қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады. © Джон Максвелл

Мына төрт негізгі ұстанымдарды орындасаңыз, тиімді коммуникатор боласыз:

Ойыңызды ықшамдаңыз. Қарым-қатынас - сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес, оны қалай айту да маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас - ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына: «Ширақ болыңдар, ширақ болыңдыр, ширақ болыңдар!» деп қайталай беретін.

Нақты адамды көре біліңіз. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыз: менің тыңдаушыларым кімдер? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қай мәселесін көтеру керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.

Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші - айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші - айтқаныңызды жүзеге асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ БЕРУ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA КӨШБACШЫЛЫҚ ҚACИЕТТЕРДІ ҚAЛЫПТACТЫРУ ТҰЛҒAНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру
Психологиялық бейімделу компоненттері
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау
Псхологиядан билеттер
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі
Эмпатия деңгейін диагностикалау әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz