Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы


3-дәріс
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
1. Психологиядағы ерік түсінігі. . 2. Ерікті актінің құрылымы 3. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. 4. Ерік және тұлға.5. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент) .
6. Саналы өзін-өзі бақылау.
7. Стресс түсінігі.
8. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері.
Психологиядағы ерік түсінігі .
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы - ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-әрекет қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті байланыстылыққа, детермннизм принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.
Еріктік амал кезеңдері: Мақсатты аңғару. Қандайда қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Туа бастаған қажеттілік адам санасына күңгірт, бұлыңғыр құштарлық түрінде бейнелейді. Оның күңгірт болатындығы оған қажеттілік әлі аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады. Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатының білдіру (жазу, біреулерге немесе өзіне айту арқылы) . Тілек дегеніміз мұрат түрінде өмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны. Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке ү түрткі) болуы мүмкін. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады; Тілек іс әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Әр қилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы. Бұл талас - тартыстың мәні; әлі бастамаған әр түрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетгілігін таңдауға бағытталған адамның талқылау ісінің жүруі. Түрткілер таласы жағдайына адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан қойылған міндет «талауына » түседі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау;
Шешім қабылдау дегеніміз - бір тілекті екінші тілектен ажырату сөйтіп, мақсаттың идеалды бейнесін жасау.
Жоспарлау . Бұл - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал - жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспар әр қилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы үстүрт жоспармен шектеледі. Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші жұмсалады.
Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, түрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Адамның мінез-құлқы қойылған міндет пен алдын ала жоспарланған әрекет тәсіліне бағынышты болады. Бірақ адам әрекет жасап қана қоймай, сол әрекетін бақылап және түзеп отырады. Ол әр сәт сайынғы нәтижені мақсаттап (немесе оның бір бөлігінің) күн ілгері ойда жасалған бейнесімен салыстырып қарайды. Осылайша қол жеткен жеке нәтиже бұрын қол жеткен нәтижелермен қатар қойылады және идеалды бейнеге «жалғастырылады». Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттін нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне бірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т. б. ),
екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым ерекше, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары) .
үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т. б. ) бөлінеді.
Тоқтамға келу дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдеріне келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып аптықпайды. Тек осындай жағадайда ғана адам алдындағы ІСІН дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.
Табандылық . Мінез- құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатқа сай бағыттап, бағалап отыру қабілетінен көріетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді . Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа толы, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамнын ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңіл күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиетін айтады. Ұстамдылық адамның өз ерік-жігерін билей алу қасиеті. Отан соғысы батырларының, біздің космонавтарымыздың, ұшқыштарымыздың мінез-құлқы тамаша ұстамдылық үлгісі. Тәртіптілік - дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллекивтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негұрлым өз қылығының қоғамдық мінін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.
Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет . Сонымен қатар ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қауіпі төнсе де сасқалақтамайды, өзрухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.
Стресс. Стресс - бұл күтпеген , шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік күйлер болып табылады. Бұл жағдайда мақсатты әрекетті, зейінді аудару мен бөлуді жүзеге асыру қиынға соғуы мүмкін, тіпті, әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Стресс кезінде қабылдау, ес қателіктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар т. б. болуы мүмкін. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбінесе адамның жеке басының ерекшелігіне оның жағдайды тез бағалай білуіне күтпеген жағдайды қолмақол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтылығына, батылдығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып кедеді.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады . «Фрустрация»латынша аударғанда - көнілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісімен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі кұлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Фрустрация кезінде адам өте күшті нервтік-психикалық күйзеліске түседі. Ол әбден өкіну, ызалану, жабырқау, айналадағыға мүлде селқос қарау, өзін-өзі жазғыру түрінде көрінеді. Фрустрацияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шешілуіне байланысты болады. Фрустрация әлсіреуі, тыным табуы немесе күшейуі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа жағдайда басталады.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі - эмпатия деп аталады. Эмпатия - адамның өзгелер қайғы - қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып көрсеткен - америкалык психолог Э. Титченер. Ол адамның бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интеллектуалды (танымдық), эстетикалық деп бөледі. Моральдық сезімдердегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезімі қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрнісінен байқалып тұрады. Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі -. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам өзінің барлық күші мен энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Интеллектуалдық сезімі (ақыл-ой) адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның іздемпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушыдық маңызы зор көңіл-күй. Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күй, әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім мазмұны мен мән-мағынасы және түр - сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүнисеінде бейнеленіп, оның мінез - құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл - күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістеуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің не ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Өмір суру процесінде қалыптасатын сезімдер жүйесі мен типтік эмоциялық күйлер жеке адамның эмоциялық жағын құрайды. Индивидуалды ЭМОЦИЯЛЫҚ көріністердің көптеген түрлерінің арасынан жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен эмоциялық қасиеттерін бөліп қарастырады. Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық ҚОЗҒЫШТЫҚ, ЭМОЦИЯЛЫҚ албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады. Эмоциялық ерекшеліктер нерв жүйесінің типімен негіздес. Ең алдымен мінез - құлықтан солар байқалады және ерекше қиыишылықсыз ақ көзге түседі. Егер адамдардың қатынастары мен сезімдерін ұғыну қиынға соғатын болса, эмоциялық ерекшеліктер мінез - құлықта тікелей көрініс береді, сондықтан оңай көзге түседі. Жеке адамның эмоциялық қасиетіне әсерденгіштік, қайырымдылдық, сондай-ақ адамның көптеген көріністеріне, тіпті оның бүкіл психикалық келбетіне ізін қалдыратын эмоциялық сапалар және олардың жиынтығы жатады. Қайырымдылық - адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді эмоциялық сапаларының бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz