ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Теміртау қаласының білім беру бөлімі ММ
Теміртау қ. №4 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Бағыты: ЖАРАТЫЛЫСТАНУСекциясы: БИОЛОГИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ
Орындағандар: Искаков Ерасыл, Курышбекова Лена
9 сынып оқушылары
Жетекшісі Рахимова А.С.
биология пәнінің мұғалімі
Теміртау, 2020 жыл
9 сынып оқушылары
Искаков Ерасыл және Курышбекова Ленаның
қолданбалы жобасына
ЖЕТЕКШІНІҢ ПІКІРІ
9 сынып оқушылары Искаков Ерасыл және Курышбекова Ленаның Қазақстанның флорасы мен фаунасы атты қолданбалы жобасының жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында зерттеушілер үлкен ізденіс кезінде туған өлкемізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы мәліметтер жинақтаған. Әр аймақта кездесетін өсімдіктерді кеппешөп түрінде, жануарларды ермексаздан, 3D қаламнан және 3D принтерден жасап, қолдан Қазақстан жеріндегі жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу орнының макеті жасалынған. Оқушылар өз қызығушылығы мен шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білген. Бұл жұмыстың берері көп екеніне де көзім жетті. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғатты зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған көрнекілік.
Жетекші Рахимова Анар Сайлауовна
биология пән мұғалімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
І тарау. Теориялық бөлім
Флора және фауна ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Қазақстанда кездесетін өсімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3-7
Қазақстанда кездесетін жануарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7-13
Қазақстан облысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Сарыарқа. Қарағанды облысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-16
ІІ тарау. Практикалық бөлім
2.1. Қазақстан картасы
Қазақстан картасының үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Жобаның нәтижесі (жұмыс барысы)
Макетпен жұмыс жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-21 ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Қазіргі қоғамда өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты- олардың бойында Отанына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті қалыптастыру. Өлкетану - географияның, тарихтың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оқушылардың туған жер туралы білімін байытып, оған деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін шын сүйетін тұлға тәрбиелеуде маңызға ие болып табылады. Сондықтан оқушыларды өз елін, өз жерін сүйетін тұлға қалыптастыруда Туған жерім - тұғырым курсы бағдарламасының маңызы ерекше. Туған жерім- тұғырым бағдарламасының мазмұны жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғатты зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
7Ә сыныбында Сарыарқаның флора мен фаунасы бұл курста оқушылар Сарыарқаның өсімдіктер мен жануарлар әлемін тани отырып, өсімдіктердің дәрілік мақсатта, тағам ретінде, дәрумендерге бай өсімдіктерді саралап, жан-жануарлардың түрлерін анықтап, өмірдегі мәнін ұғынуға және табиғаттан өзіне керегін алуға, табиғатты қорғауға баулиды.
Туған жерім - тұғырым курсы бағдарламасының мақсаты: туған жердің табиғаты, оның қойнауында кездесетін түрлі байлықтары мен табиғат құндылықтарын қастерлеу, құрметтеу қабілеттерін қалыптастыру және туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып туған жер табиғаты макетін жасау.
Міндеттер:
табиғат туралы мәліметтер жинақтау, танысу, оларды тиімді пайдаланып жұмыстар жүргізу;
туған жердің табиғатын өз бетімен оқуға қызығушылығын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көтеру;
туған жер табиғатының макетін жасау.
Өзектілігі:
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді жүйелі меңгерту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Курсты оқып үйрену барысыныда меңгерген білімін күнделікті өмір жағдайында қолдана алуын қамтамасыз ететін қабілеттердің болуы, түрлі құзыреттіліктер қалыптастыру көзделген.
Күтілетін нәтиже:
- туған жердің табиғатын зерттеудің қажеттілігін біледі, табиғат көріністері макетін жасай отырып, танымдық және жобалаушылық қабілеттері артады.
Флора және фауна
Адам өміріндегі ең керекті қазына көзі - табиғат. Өсімдік пен жануар - табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жоқ. Өсімдік - өмір өзегі деп бекер айтылмаған. Жануар -
Флора - өсімдіктер әлемі, яғни ағаштар, гүлдер, шөптер, бұталар, жалпы алғанда жер бетінде өсетін барлық нәрсе.
Флора -- нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан)... Облыстың дала белдемінде, негізінен, бөрте жусан, бетеге, селеу және жіңішке қоңырбас, қозықұлақ, сарыбас беде, бұйырғын, жебіршөп, борпылдақ шөп, т.б. жазық жерінде қараған, тобылғы, итмұрын, қыраттарында жатаған арша, ырғай, тасжарған, т.б. бұталар өседі. Грунт суы таяу тауаралық өлкелер мен өзен аңғарларының жайылмаларын бидайық, шалғындық көде мен түлкі құйрық сияқты өсімдіктер жапқан. Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Қызыларай, т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көк терек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Облыстың шөлейт белдемінде бетеге, селеу, т.б. түрлі шөп пен эфемерлер өседі. Шоқылардың тастақты беткейлерінде жусан басым. Шоқыаралық ойыстарда түрлі бұта кездеседі. Ұлытау, Қараағаш, Бектауата тауларында қайың, көк терек, қандыағаш, оңтүстігіндегі шөл далада жусан мен әр түрлі сораң шөп тараған.
Фауна - барлық жануарларды, құстарды қамтитын жануарлар әлемі, біз сондай-ақ фаунаның өкілдері деп санаймыз. Облыс өңірін арқар, елік, бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққұлақ, ақкіс, сасық күзен, ақ тиін, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, көл қамыстарында жабайы шошқа, ондатр; құстардан дуадақ, тырна, құр, шіл, бүркіт, кезқұйрық, қарақұс, күйкентай, безгелдек, үкі, жапалақ, қасқалдақ, қаз, үйрек, шағала, т.б. су құстары мекендейді. Көлдері мен өзендерінде мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран, көкбас балықтары бар. Балқаш көлінде ақ амур, ақмарқа, табан, тұқы, жайын, көксерке, қаяз, пілмай жерсіндірілген.
Қазақстанда кездесетін өсімдіктер
Терек (лат. Populus) - талдар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, тораңғы, т.б.) бар.
Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 - 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі - қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы - өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Селеу (лат. Aristida) - астық тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық өсімдіктер. Маңғыстаудың шағылды-төбелі құмдарында өседі. биіктігі 30 - 40 см. Гүлшоғыры бытыраңқы жапырақ қынабымен қабысқан. Бұтағы қабыршақты, қауырсын тәрізді
Масақтанғанша - мал азығы. Мамыр - маусым айларында гүлдейді. Масағының ұзындығы 2 см-дей. Селеудің құм тоқтатудағы маңызы. Тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады.
Қараған (Caragana) - бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш). Қазақстанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар. Қараған - топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік.
Жапырағы қос қауырсын тәрізді, оның сағағы тікенекті болып біткен. Гүлі бір-бірден не шоқтанып гүл сағағында, жапырақ қолтығында орналасқан. Гүл тостағаншасы түтік пішіндес, қапшыққа ұқсайды. Гүлшоғыры сары, кейін қоңыр түсті болады. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жапырағы мен тұқымында 20,8 - 35,3% протеин, 4,3 - 8,2% май, 12,5 - 16,3% клетчатка бар. Топырақты құнарландырады. Қарағанның сүрегінен құрсау жасайды, жіңішке жас бұтақтарынан себет тоқылады. Мал азықтық, шірнелі, әсемдік өсімдіктер. Сары Қ. - дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда, атеросклерозда, гиповитаминоз кезінде ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар.[1]
Қарағай (лат. Pínus) - қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді.
Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады. Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы
Күріш (лат. Oryza) - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңд. дейін кетеді).Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды
Мақта (лат. Gossypium) - құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды.
Мақтаның биіктігі 1 - 1,5 м. 1 - 2 негізгі бұтақтан 10 - 15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90 - 130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3 - 5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20 - 40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді.
Сексеуiл -- ( лат. Haloxylon) діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды, жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi.
Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.
Жүзім (лат. Vitis) - жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі Діңі - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке болып келеді.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза, глюкоза (15 - 35%),
Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады.
3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Әр түрлі тұқымдастары кездеседі.
Күнбағыс (лат. Helianthus) - астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған.
Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі -- тұқымша, онда 22 -- 27% май болады.
Жусан (лат. Artemisia) - астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 - 60 см, кейде 1,5 - 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі - тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан - құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
Жантақ (Alhagі) -- бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар
Олардың биіктігі 30 -- 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 -- 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі -- қызыл. Мамыр -- маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі -- бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақ -- дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.
Қазақстанда кездесетін жануарлар
Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі,тұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді,салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау.
Қазақстанда Жайық өзеі аңғарындағы ормандарда,солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі. Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты қыркүйек-қазан. 225-230 күн буаздықтан кейін, мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады.
Барыс - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 - 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 - 100 см, салмағы отыз - қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі.
Оның ең көп жүретін жері - басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа (1996) енгізілген.
Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе, бір өркешті түйе (дромедар), -- Ең көп өсірілетін жері -- Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады.
Түйенің еті мол, жүні биязы болады.[1] Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады.
Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) -- кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрық сарышұнақ, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар.
Бұлардың тұрқы 14 -- 40 см, құйрығының ұзындығы 4 -- 25 см, салм. 100 -- 150 г. Жалпы түсі -- сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғарғы жақ сүйегінің оң жағында да, сол жағында да 5 азу тісі, төменгі жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6 -- 9 ай ұйықтайды. Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5 -- 6 жыл тіршілік етеді. Сарышұнақ -- дәнді дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады. Сарышұнақтың кәсіптік маңызы бар, терісі бағалы түрі - зорман.[1]
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) - жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Бетпақдала - Арыс, Үстірт және Еділ - Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 - 150 см, салм. 37 - 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 - 127 см, салм. 22 - 37 кг-дай болады.
Үстіңгі ерні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz