Ғұндар өмірі мен тарихы


Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі -ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншісі - қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209- 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя - Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230- 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.
Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518) . Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.
Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған.
Ғұн мемлекеті б. з. д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б. з. д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды.
Жазба деректерге сүйенсек, ғұндар біздің заманымызға дейін 188 жылы қытай императоры Гао-Диды бағындырып, содан хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Тарихта жауынгер халық ретінде аты қалған ғұндар бұдан басқа юечжи, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алып, үстемдік еткен.
Қытаймен ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылды. Б. з. д ІІІ ғасырда Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын сала бастады.
Сол замандарда ғұндардың әскер басы 300-400 мыңға жететін. Олар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иелік етіп, мемлекет құрған. Алайда, ғұндардың билеушісі Мөде қайтыс болғаннан кейін елде өзара қақтығыс орын ала бастайды. Содан біздің заманымызға дейін 47 жылы Хулагу билігі кезінде ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Оңтүстік ғұндар Қытайға бодан болуға көнсе, солтүстік ғұндар орталық азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударып, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалады.
Дегенмен, Қытай үнемі қысым көрсете бергендіктен, ғұндар Тянь-Шань тауынан асып өтіп, қаңлы жеріне қоныстанады. Осылайша, кезінде ұзан-ғайыр жерді мекендеген ғұндар Орта Азия мен Қазақстанға алғаш рет қоныс аударып келеді.
Ал, біздің заманымыздың 1 ғасырында ғұндардың екінші рет қоныс аударуы болды. 93 жылы қытайлардан қысым көрген солтүстік ғұндар өз жерінен ығыстырылып, тағы да батысқа қарай көшуге мәжбүр болады. Осылайша, ғұндар қазақ жері арқылы батысқа жылжиды. Ал олардың Қазақстан аумағына келуіне байланысты қаңлы тайпалары түркі тілін үйрене бастайды.
Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа. Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған. Оның ішінде асыл тұқымды жылқыларды қолда өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Сонымен бірге, ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген.
Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қөлөнермен айналысқан.
Сондай-ақ, ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды. Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сиынған. Тіпті, өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін де қалыптастырған.
Ғұндар қоғамында мал мен жерді жеке меншік ретінде пайдалану, алым-салық, жазу-сызудың пайда болауы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Б. з. 1 мыңжылдығының басында ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына көшіп барады. Ал біздің заманымыздың 4 ғасырында Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келеді. Сөйтіп, олар үш ғасыр уақыт ішінде Еуропа жеріне енеді.
IV ғасырдың аяғында ғұндар Закавказье мен Месопотамияға шабуыл жасап, Шығыс Рим империясының астанасына жақындап, императорды алтын ақша төлеуге міндеттеді.
437 жылы ғұндар Еуропаның ішкі елдеріне шабуыл жасап, Францияда аумағына кіріп, Бургундия корольдігін ойрандады.
445 жылы Аттила Румыния мен Венгрия аумағында оқшауланған ғұн тайпаларын біріктіріп және Еуропада ғұн мемлекетін басқарды. Сөйтіп, Аттила Еуропа халқының әбден үрейін ұшырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz