Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың құқықтарды қорғауды жүзеге асыру тәжірибесі


3. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың құқықтарды қорғауды жүзеге асыру тәжірибесі
«Сот процесі кезіндегі құқықтар» тобы заң мен сот алдындағы тең құқықты; істі заң анықтайтын білікті, тәуелсіз және әділ соттың қарауы құқығын; әділ сот қарауы құқығын; кінәсіздік презумпциясын; түсінік беруге немесе кінәсін мойындауға мәжбүрленбеу құқығын; азаптау немесе мәжбүрлеудің басқа жолымен алынған түсініктерді алып тастауды; кері күші бар қылмыстық заңнаманы қолдануға және бір іс бойынша қайта қудалауға тыйымдарды; өзін жеке басы арқылы немесе адвокат көмегімен қорғау құқығын; сотта және апелляция беру кезінде қатысу құқығын; куәларды шақыру және сұрақ беру құқығын; аудармашыға және жазбаша аудармаға құқығын; апелляция құқығын қамтиды. Соттан кейінгі құқықтар тобына шағымдану құқығы және жіберілген сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы кіреді.
Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыс-тық істі қозғау, алдын ала тергеу және жауап алу процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (байқау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.
Адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмауы құқығын шектеуді неғұрлым елеулі шаралары тұтқындау мен қамауда ұстау болып табылатындығы жалпыға ортақ мойындалған.
Адвокат алу және оның қызметін сотқа дейінгі іс-қимылдар барысында пайдалану құқығы соттың істі әділ қарауының, сот ісін жүргізу мәселесін шеш-ер кезде көп назар аудартатын кепілдігі болып табылады, өйткені тәжірибе көрсеткеніндей бұл құқықтық норма бәрінен көп бұзылады.
ҚР Заңнамасы білікті көмек алу құқықтарына кепілдік береді. ҚР Консти-туциясының 13-бабының 3 тармағына сәйкес «әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi». Бұл құқық ҚР ҚІК 26-бабында да көзделген.
ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасы адамды өз таңдауы бойынша қорғаушы алу құқығы туралы хабардар ету рәсімін, сондай-ақ тегін білікті заңгерлік көмек берілуі рәсімін егжей-тегжейлі регламенттеуді талап етеді. Адамның құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудың маңызды шарты азаматтарға білікті заң көмегін көрсету институттарының болуы болып табылады. Білікті заңгерлік көмек алу құқығы халыққа заңгерлік көмек, соның ішінде адвокат қызметін көрсету жөніндегі кең ауқымды желіні ұйымдастыруды талап ететін маңызды конституциялық жағдай болып табылады.
Мұқтаж адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетудің заңнамалық тетіктерінің, тағайындалған адвокаттардың қызметін бюджеттік қаржыландырудың қалыптасқан жүйесінің бар екендігіне қарамастан мұндай адвокаттар жұмысының сапасына елеулі сындар айтылуы әлі жалғасуда.
Сотқа дейінгі ұстау кезеңінде адамның өмірі мен денсаулығына тиісті күзетті, ізгілікті қарым-қатынас құқығын қамтамасыз ету, бостандығы шектел-ген адамға азаптау мен басқа да қатыгездік қатынасты болдырмаудың тиімді тетіктерін құру қажет.
Жалпы алғанда алдын ала тергеу мен жауап алу саласындағы ахуалды талдау қылмыстық-құқықтық қатынастар орбитасына тартылған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілдігін күшейтуге бағытталған заңнама мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажет-тігі туралы куәландырады.
Тергеушілердің (жауап алушылардың), жедел қызметкерлердің қылмыс істеді деген күдікті адамдарды ұстау, оларды ішкі істер (ҰҚК, қаржы полиция-сы және т. б. ) органдарына жеткізу және уақытша ұстау изоляторларына (УҰИ) орналастыру, алғашқы тергеу жүргізу процесіндегі қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу қажет.
Қылмыстық процес жүргізетін адамға күдіктіге (айыпталушыға) оның процессуалдық құқықтарын, соның ішінде білікті заң көмегін алу, туыстарына ұсталу (тұтқындалу) фактісі туралы хабарлау құқықтарын дер кезінде түсіндіру бөлігінде қатаң талаптар қойып, жауапкершілігін күшейту қажет.
Алдын ала тергеу және жауап алу барысында теріс пайдаланушылық пен қызметтік өкілеттіліктерін асыра сілтеудің алдын алу мақсатында ұсталғандар-дың, күдіктілердің, айыпталушылардың тәуелсіз медициналық тексеруден өту құқығын заңнамалық түрде бекіту қажет
Әділ сот ісін жүргізу құқығы адамның іргелі құқығы болып табылатыны белгілі. Бұл барлық жерде қолданылатын, халықаралық құқық қорғау жүйесінің негізгі идеясы болып табылатын принциптердің бірі. 1948 жылдан бастап Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы таныған әділ сот ісін жүргізу құқығы әдеттегі халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде барлық мемле-кеттердің құқықтық міндеттемесіне айналды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әділ сот ісін тек сот жүргізеді. Сот жүйесін Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық) соттар құрайды. Сот жүйесі адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қорғау-дың мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарына тәуелсіз негізгі мемлекеттік институты бола отырып, мемлекеттік құқықты қорғау теті-гінде орталық орынды алады.
Сот ісін жүргізу қайта құрылды, мамандандырылған экономикалық және әкімшілік соттар құрылды, соттардың материалдық-техникалық базасы нығайды, судьялардың жалақылары едәуір өсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Әділ сот ісін жүргізу институты құрылды, ол магистранттар дайындауды, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді жүзеге асырады. Әділ сот ісін жүргізу институтында халықаралық құқық және сот ісін жүргізудің халықаралық принциптері жөніндегі судьялар дайындалады, судьялық кадрларды дайындау және қайта дайындау жөніндегі оқу орталығы жұмыс істейді
Жемқорлық көріністерін тез арада және батыл жою жөніндегі бірінші кезекті іс-қимылдардың бірі соттардағы істерді судьялар арасында автоматты бөлуді енгізу болды. Жоғарғы Соттың ресми сайты ашылған, Сот актілерінің бірыңғай ақпараттық базасы жұмыс істейді.
Cоттарда сот процестерінің аудио- және бейне жазбала-рын енгізу сот процесінің құқықтық мәдениетін көтеруге, сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды, соттардың транспаренттілігі мен ашықтығын күшейтуге, сот ісін жүргізуді демократияландыруға әкеп соғады, сот отырыстарының хаттамаларындағы жазбаның дұрыс еместігі туралы дау-ларды, судьялар тарапынан бұрмалауға шағымдану, басқа да процессуалдық бұзушылықтарға шағымдар болмайды.
«Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әрбір адам қорғалуға құқылы. Алайда ол жеке қорғанудан бас тартып, адвокаттың қызметін пайдалануы мүмкін. Бұл жағдайда сот айыпталушыны оның адвокаттық қызметтерді пайдалану құқығы туралы хабардар етуге міндетті. Қаржылық мүмкіндігі бар айыпталушы адвокатты өз бетінше таңдауға құқылы. Егер де айыпталушының жеткілікті қаражаты болмаса және де бұл әділеттілікті қамтамасыз ету мүддесі үшін талап етілер болса, ол сот ақысыз негізде тағайындайтын адвокаттың қызметін пайдалануға құқылы. Әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің адвокатты тағайындауы бірінші кезекте қаралып жатқан қылмыстық істің маңыздылығына және мүмкін болатын ең жоғары жазалауға байланысты» .
АСҚХП негізгі ережелерін басым түсіндіруге сәйкес адвокат қызметін алу құқығы қылмыстық істер бойынша сотта істі қараудың алдын ала тергеу мен сотқа дейінгі ұстауды қоса алғандағы барлық кезеңдерінде жүреді. Егер де айыпталушының адвокат қызметін өз таңдауы бойынша пайдалану мүмкіндігі болса адвокатты соттың тағайындауы әділеттілік принципіне қайшы келеді. Сот тағайындайтын адвокат айыпталушының мүдделерін осы мақсатқа өзінің тәжірибесі мен кәсіптік дағдыларын пайдалана отырып тиімді қорғауға қабілетті болуға тиіс.
Айыпталушының бұл құқықтарына қазақстандық заңнамада кепілдік берілген. Соған қарамастан практикада адвокат алу құқығын айыпталушының таңдауы бойынша қамтамасыз ету қажет. Сол сияқты білікті заң көмегін көрсету жүйесін мемлекеттік бюджет есебінен едәуір жетілдіру қажет. Заңнамалық жолмен адвокаттардың мәртебесі мен айыптау тарапынан процессуалдық теңдікке қол жеткізуге бағытталған процессуалдық мүмкіндік-терін көтеру қажет. Алдын ала тергеу және сотта істі, соның ішінде азаматтық және әкімшілік істер санаты бойынша қарау кезеңінде тағайындалған адвокат-тардың еңбек ақысын төлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсауды талдау, тегін заң көмегін көрсету туралы заңды әзірлеу мен қабылдауды жедел-дету ұсынылады [44, б. 45] .
Сотталушы А Мусаев, 1984 жылғы 18 сәуірде Алматы облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, жұмыста жоқ, Алматы облысы, Алматы қаласы, Отырар мөлтек ауданы, №35 үй, №47 пәтердің тұрғыны, сотқа келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбірлеу шарасы қолданылған, айыптау актісінің көшірмесін алған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 190-бабының 2-бөлігінің 1) -тармағында және 28-бабының 4-бөлігі - 367-бабының 3-бөлігінің 1) -тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілді. Сонымен қатар оның сыбайласы А. Акылова, 1979 жылғы 30 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, білімі жоғары, жұмыста жоқ, Алматы облысы, Алматы қаласы, Отырар мөлтек ауданы, №35 үй, №47 пәтердің тұрғыны, сотқа келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбірлеу шарасы қолданылған, айыптау актісінің көшірмесін алған, ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 1) -тармағында және 28-бабының 4-бөлігі - 367-бабының 3-бөлігінің 1) -тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген.
Сот үкімінің сипаттау бөлігінде төмендегі қылмыс бойынша болған оқиғаны сипаттаған. Яғни, сотталушылар А. Мусаев және А. Акылова екеуі 2020 жылғы қараша айының сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталмаған күні, Алматы қаласы, Абай көшесінде орналасқан «ЭЛИТ»атты тойханасына құдалық тойға барып, сол жерде тойхана иесі жәбірленуші Ж. Сулейменовамен танысып, сол жерде олар өзара әңгіме барысында, Ж. Сулейменованың карантин кезінде той жасап жатқанын, той жасағаны үшін ешкім мазаламай, кедергі болмауына лауазымды адамдардың көмегін қажет ететінін байқап, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жымқыру немесе алдау арқылы қылмыстық ниеттері туындап, осы қылмыстық ойларын жүзге асыру мақсатында, екеуі өздерінің құқық қорғау органдарымен және санитарлық - эпидемиологиялық мекемемен ешқандай байланысы болмаса да, дүние жүзінде болып жатқан «COVID-19» індетіне қатысты карантиндік режимге сәйкес тойханаларға қойылған шектеулерді полиция қызметкерлерімен және өзге тергеумен анықталмаған лауазымды тұлғалармен келісіп, Ж. Сулейменованың тойханасында той болып жатқан кезіндегі тексерулерден шеттетіп бере алатындарын, емін - еркін кедергісіз той жасауына мүмкіндік бере алатындарын алдап айтып ұсынған.
Содан, 2021 жылғы 04 сәуірде А. Мусаев өзінің сыбайласы А. Акылова мен алдын-ала сөз байласуымен құрған жоспарларына сәйкес алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкіне сенімді теріс пайдалану арқылы заңсыз иемденуге бағытталған қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында, жәбірленуші Ж. Сулейменоваға қоңырау шалып, соңғы күндері тойханада болған үш күндік тойдың әр күніне 150 000 теңгеден, жалпы 450 000 теңге ақша беру қажеттілігін, ол ақша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына арналғандығы туралы көрінеу жалған айтып, ақша қаражатын беруді талап еткен. Осыдан кейін, А. Мусаев 2021 жылғы 08 сәуірде сағат 15. 30 шамасында Алматы қаласы, Абай көшесі, №61/а үйге барып, Ж. Сулейменовамен жолығып, оның үйінде алаяқтық жолмен Ж. Сулейменованың 150 000 теңге ақша қаражатын алып, өздерінің қылмыс жасауға бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерін өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай, бөтеннің мүлкін алдап және сенімін теріс пайдалану жолымен, жымқыруға оқталған.
Бұдан бөлек, А. Мусаев пен А. Акылова алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерімен шектелмей, сол күні жәбірленуші Ж. Сулейменовадан, соңғының үйінде, алдын ала жоспарлаған қылмысын жүзеге асыру кезінде, Ж. Сулейменовадан ақша қаражатын алу барысында, соңғы А. Акылованың ұялы телефононына қоңырау соғып, сұраған ақша қаражатының толық еместігін хабарлаған уақытта, А. Акылова жәбірленуші Ж. Сулейменоваға: «Ақшаны толықтырып, түгендеп 150 000 теңгеге толтырып беру керек екенін, бұл ақша қаражаты мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына беруге арналғандығын», айтып, жәбірленуші Ж. Сулейменованы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге итермелеп, көндіріп айдап салған.
Тергеу анықтау органдары жоғарыдағ болған қылмысты тергеп-тексеріп айыптау актісімен сотқа жіберген. Сот тергеу басталғанан кейін төмендегі мән-жайлар анықталған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz