АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Аппақова Фарида Рамазанқызы, қазақ тілі мен әдебиеті, 2-курс магистранты
Ғылыми жетекші: Обаева Г.С аға оқытушы
Аңдатпа
Бұл мақалада Абай шығармасының жарық көруі талқыланады. Сонымен қатар Абай шығармаларын, монографияларды, зерттеу мақсатында Абайтану маңызды рөл атқарады. Ақынның мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа және ғасырлар бойы сақталып қалады. Кез келген адам қиын жағдайға түскенде Абай шығармаларын оқи алады.
Аннотация
В данной статье рассматриваются публикации произведения Абая. А также в целях изучения монографий, трудов и произведений Абая, очень большую роль играет Абаеведение. Богатое наследие поэта будет передаваться из поколения в поколение и сохранится на протяжении веков. Любой непредубежденный гражданин может обратиться к Абаю, когда он находится в трудной ситуации.
Abstract
This article discusses the publication of Abai. This article discusses the publication of Abay's works. As well as for the purpose of studying monographs, works and works of Abay, Abay Studies plays a very important role. The rich heritage of the poet will be passed down from generation to generation and will continue from century to century. Any open-minded citizen who turns to Abai in times of hardship will find a way
Абай XIX ғасырдың екінші жартысында жазба ұлт әдебиетінің негізін салды. Жазды күн шілде болғанда және Күлембайға деген екі өлеңін өзі тірі кезінде тұңғыш рет Дала уалаяты газетіне бастырып шығарды. Әрине, ақынның алғашқы жинағының жариялануының басында Әлихан Бөкейханов, Абайдың өз балалары мен жақын туыстарының жүргендігі ақиқат. Оның ішінде Кәкітай Ысқақұлының есімі алдымен ауызға түсетіндігі белгілі. 30 Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай - Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп жіктеуде еңбек сіңірді. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен шығармашылығына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде - ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары батыл бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше, өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі - Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді. Кәкітай мақаласы төңкеріске дейінгі дәуірде ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтуымен де ерекшеленеді. Жиырмасыншы жылдар басында қоғамдық ойда Абай шығармаларын жариялау жөнінде пікірлер туындай бастады. Бұл іспеттес пікірді тілші ғалым Т.Шонановтың мақаласында айтылған деректер арқылы дәлелденіп жатты. Уақыт талабы тудырған бұл рухани сұранысқа назар аударған Қазақстан Оқу комиссариаты Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып басып шығаруды ресми түрде ақын Бернияз Күлеевке тапсырды. Бернияз Күлеев осы мақсатты жүзеге асыру үшін, Абай өмірбаяны мен шығармаларын толық түрде жинастырмақ болып, Еңбекші қазақ, Ақжол, Степная правда газеттеріне жазған мақала үндеулерінде алға қойылған мақсатын анықтап та берді. Олар: Абайдың қара сөздерін бар болмысымен толық жариялау, Абай өмірбаянына байланысты фотоқұжаттарды толық қамту, Абай өмірбаянын жаңа дерек мағлұматтарымен толықтыра түсу, ақын өлеңдерін бастапқы табиғи қалпына түсіру, яғни өлең өрнектерін қалыптастыру мәселелерін алға қойды. Қаншалықты күш салып әрекеттенсе де, заман ауыртпалығы қол байлау бола берді. Қазан қаласында 1922 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын (1909) қайталап басумен тоқталды. Дәл осы жылы Ташкент қаласында Абайдың өлеңдер жинағы да осы қалыпта басылым көрді. Абай мұраларының төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жайында нақтылы ұғым, белгілі хабар беретін жазба деректердің бірі - Дала уалаяты газеті еді. Дала уалаятының газеті қазақ әдебиетінің жәй˗күйі мен болашағы, бүгінгі заманға қандай әдеби шығармалар қажет екендігі жайында талай ойлы да құнды материалдар жариялады. 1889 жыл әдеби тұрғыдан алғанда газет өміріндегі ең бір елеулі жыл. Абайдың екі өлеңі (Жазды күн шілде болғанда және Күлембайға) тұңғыш 31 рет баспасөз бетінде жарияланып, әдебиет тарихындағы елеулі оқиғаға айналды. Ақынның көзі тірісінде сонау қияндағы Қазанда Князь блан Загифа (1897 жылы басылған) қиссасындағы кездесетін Сынағандағы аттың сыны немесе Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Бүркіт ( Қан сонарда бүркітші шығады аңға) деген атпен Абайдың атақты екі өлеңінің жариялануы назар аударарлық құбылыс. Бұл кітапта қиссаны бастырушы˗ Бектұрған Сиқымбайұлы, өлең етуші˗Жанұзақ ақын деп көрсетілген. Князь блан Зағифа қиссасы князь атанған жігіт пен Зағифа деген ақын қыздың жұмбақ айтысына құрылған. Қиссадағы бас кейіпкер жігіттің өзі арман еткен ат пен құстың сипаты былай еді деп, шығарушы Абайдың атақты екі өлеңін Сынағандағы аттың сыны, Бүркіт деген атпен түгелімен келтіреді. Бірақ бұл өлеңді Абайдың атынан емес, қиссаны шығарушы өз атынан: Насихат қып шығардым, осы сөзді, Бозбала, осыны оқы сөз таппасаң, ˗ деп келтіреді. Қиссадағы өлеңде кездесетін өзгерістер, өлең жолдарындағы сөздердің орнын ауыстырулар, кейінгі автордың өзінше жаңа жолдар қосуы мұнда жиі кездеседі. Абай шығармаларының ең алғашқы жинағы 1909 жылы Санкт˗Петербург баспасынан жарық көрді. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары Қазан төңкерісінен бұрын басталған. Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек. Бірінші жолы - баспа арқылы тарауы; екіншісі - халық арасында ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі - қолжазба көлемінде әр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz