Абай шығармаларының тілі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: Мақсут Амина

Қабылдаған: Ғалия Тілеубергенқызы Майкотова

“Абай шығармаларының тілі” Р. Сыздықова

Профессор, филология ғылымдарының докторы Рәбиға Сыздықованың 1968 жылы жарық көрген “Абай шығармаларының тілі” атты монографиялық еңбегінде Абай шығармаларының тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері жан - жақты қарастырылып, талданады. Жалпы, кітап құрамы алғы сөзден, ауқымды 3 тараудан, қорытынды мен библиографиядан тұрады.

Қазақ тілінің Абай қолданған бұрынғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб - парсы және де орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр - сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға - тәсілдер талданып, олардың мән - мәнісі, қолданылудағы себеп - дәлелі көрсетіледі. Сонымен қатар, қазақ әдеби тілінің 19 ғасырдың 2 жартысындағы жай - күйіне, ондағы Абайдың орны мен еңбегіне баға береді. Бұл еңбек тіл білімі мамандарына, әдебиетшілерге және студенттерге арналған.

Кітаптың алғы сөзінде автор Абайдың тілі - кең тақырып екендігін атап өтіп, Абайдың тілін жан - жақты талдауға болатындай себептерді келтіреді. Сонымен қатар, Абай тілін зерттеуде оның алдындағы және тұсындағы басқа да қаламгерлердің бірі - Ыбырай Алтинсариннің тілі де қосымша талданған.

Кітаптың бірінші тарауына “Абай - қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы” деген тақырып берілген. Бұл тараудың “Абай өмір сүрген дәуір мен орта” бірінші бөлімінде 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен интеллигенциясы талқыланып, осы уақытта болған мектептер мен кітап басу ісінің айтарлықтай өсуі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, тура осы уақытта ана тіліндегі баспасөздің, газеттердің шығуы мен орыс ғалымдарының қазақ тілін зерттеп, солар бойынша еңбектер жариялануына ерекше назар аударылады. Жалпы алғанда, бұл бөлім Абай заманындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және идеологиялық жайттардың қазақ тілінің сол тұстағы күй - қалпы мен даму - қозғалысына әсеріне арналады. Бірінші тараудың екінші бөлімі “Абай және қазақ әдеби тілі” деп аталады. Бұл бөлімде “Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы” деген тұжырымдамаға қатысты әрқилы көзқарастар мен пікірлер ұсынылады. Жалпы бұл бөлімде Абай тірек еткен, иек артқан, барын дамытып, жоғын толықтырған қазақ әдеби тілінің сыр - сипаты мен атақ - лауазымы талданады. “Абай және кәсіби тіл” атты үшінші бөлімде қазақ философиясында күні бүгінге дейін анық - айқын мәнге ие болмай келген “кітаби тіл” ұғымына талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, “тіл құрылысы” деп аталатын іс - әрекетке әлеуметтік күштердің саналы түрде араласуы тек кеңес тұсында ғана болғандығы туралы сөз қозғалады. 19 ғасырдың екінші жпртысында қазақ мәдени дүниесінде өмір сүрген кітаби тілдік үлгілердің сипаты, құрамы және т. б. бойынша белгілері талданылған.

Бірінші тараудың төртінші бөлімі “Абай - жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы” деп аталады. Бұл бөлім Абай творчествосының тілі бұрынғы қазақ әдеби тілінің жаңа этапы болып саналуына бірнеше дәлел факторлардан бастау алады. Сонымен қатар, Абайдың жаңа жазба әдеби тіл этапын бастауда ұстаған бағыт - принциптерінің ішіндегі көңіл бөлетін жайт та қарастырылады. Автор төртінші бөлімде “Абай - қазақтың сапалық жаңа типтегі жазба әдеби тілінің негізін салушы. Бұл тіл - қазіргі жазба әдеби тіліміздің бастамасы. Демек, дәлірек тұжырымдасақ, Абай тілі - қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеди тілінің басы” деген қорытындыға келеді.

Кітаптың екінші тарауы “Абай шығармалары тілінің лексикасы” деп аталады. Кіріспе ретіндегі “Зерттеу объектіміз туралы” деп аталатын бөлімде Абай творчесвосының дені - поэзия қарастырылады. Сонымен қатар, Абай шығармаларының сөздік құрамын қоғам құрылысына, әкімшілік пен заң системасына, сауда-саттық пен оқу-ағартуға т. б. қарай жіктеп, талдау арқылы ақынның өз басының сөздік байлығын ғана емес, өткен ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының бүкіл әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірінің тілдегі көрінісін табуы да бөлімде көрініс табады.

Екінші тараудың “Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары” деп аталатын екінші бөлімі Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда үш қабаттан тұратыны қарастырылады. Ал, “Абай - парсы сөздері” деп аталатын үшінші бөлімде Абай тілінде орын алған араб - парсы сөздері бірнеше тұрғыдан талданады. Сонымен қатар, 18 ғасырда, әсіресе оның екінші жартысына дейінгі кезеңдерде қазақ тіліне енген араб - парсы сөздерінің басым көпшілігінің Абай шығармаларында кездесуі қарастырылады. Сөйтіп, автор “Абайдың барлық поэзиялық мұрасында шығыстың орны орыс классик поэзиясының орнынан әлдеқайда аз болса да, тұтас тілінде, оның лексикасында, керісінше, араб-парсы тілдерінің пропорциясы орыс тілінен әлдеқайда жоғары” деген қорытындыға келеді.

“Орыс сөздері(русизмдер) ” деп аталатын екінші тараудың үшінші бөлімінде 18 ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың әдеби тіліне енген орыс тілі сөздері қарастырылады. Бөлім соңында автор “Абай лексикасында русизмдердің қолданылуы - қазақ жазба әдеби тілінің даму жолындағы «азаматтық паспорт» алған тенденциялардың бірі” деген қорытындыға келеді. Бесінші бөлім “Қазақтың төл сөздері”, алтыншы бөлім “Абай шығармалары тіліндегі көне сөздер (архаизмдер мен историзмдер) ” және жетінші бөлім “Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздер (неологизмдер) ” тақырыптарымен талданады.

Кітаптың үшінші тарауы “Абай шығармалары тілінің граммаьикалық сипаты” деп аталады. Бұл тарауда XIX ғасырда жазылып алынған ауыз әдебиеті үлгілерінің (өлеңмен берілген эпостардан бастап, қара сөзбен айтылған қарапайым ертегі-аңыздарға шейін), сол кезде баспа бетін көрген жеке ақындар шығармаларының, екі тілдік сөздіктердің, XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ баспасөзінің тілдеріне және қазақ тілі грамматикасы туралы өткен ғасырда орыс ғалымдары жазған ғылыми мағлұматтарға қарағанда, қазақ тілінің негізгі грамматикалық тұлға-тәсілдері қазіргі кездегіден көп ажыратылмайтын сипатта қалыптасып үлгергені туралы сөз қозғалады. Үшінші тараудың “Сөз жасау тәсілдері” атты бірінші бөлімінде Абайда бірінші орында тұратын сөз жасаудың морфологиялық тәсілі, яғни, жұрнақ жалғау амалы талқыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармаларын мектепте оқыту
Абайтану ғылымы туралы
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері
Абай тілінің зерттелуі
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Кіріккен сөздер
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz