2021-2022 жылдағы Ақтөбе облысы бойынша бас ми қан тамырлары ауруларындағы эндоваскулярлы ем тиімділігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: 2021-2022 жылдағы Ақтөбе облысы бойынша бас ми қан тамырлары ауруларындағы эндоваскулярлы ем тиімділігі.
Өзектілігі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының айтуынша өлім себептерінің ішінде инсульт екінші орынды алады. Соған дәлел ретінде 2015 жылы инсульттен өлім көрсеткіші 6 млн-нан асқандығы туралы мәлімет ұсынады. Бас миының ишемиялық инсультінің негізгі себебі басты артериялардың окклюзивті - стенозды зақымдалуы болып табылады. Бас миының артерияларының стеноздалуы себептерінің арасында негізгі орынды атеросклероз, екінші орынды - ұйқы және омыртқа артериясының деформациясы мен экстравазалды компрессиясы алады. Барлық ишемиялық инсульттың 23 бөлігі ұйқы артериясының стеноздалуы мен деформациялық патологиясымен байланысты. Инсульттердің 30% вертебро-базиллярлы бассейн артерияларының патологиясынан дамиды, ал кардиогенді және лакунарлы инсульт ұсақ артериялардың окклюзиясынан туындайды. Norris J.W. мәліметтері бойынша ұйқы артериясының стенозы 75% асса инсульт пайда болу қауіпі 3%, транзиторлы ишемиялық шабуыл кезінде жылына 13% құрайды. Еуропалық рандомизирленген зерттеуде 70-99% стенозда инсульт дамуы жылына 5,7% көрсетеді.
Тамырлардың зақымдалу дәрежесі мен хирургиялық ем таңдауға көрсеткіш ретінде бірнеше критерийлер қолданылады. Оларға: NASCET (North American Symptomatic Carotid Endarterectomy Trial) - ұйқы артериясының стеноздалған аймағы мен сол тамырдың дисталды бөлігінің арасындағы тамыр диаметрінің айырмашылығы, ECST (European Carotid Surgery Trial) - ұйқы артериясының стеноздалған аймағы мен сол жердің тарылуға дейінгі тамыр диаметрінің айырмашылығы, CC (Common Carotid Method) - ұйқы артериясының стеноздалған аймағы мен сол тамырдың проксималды бөлігінің арасындағы тамыр диаметрінің айырмашылығы жатады. Қан тамырлары стеноздық ауруларының жоғары қауіп тобына кіретіндер:
* Каротидтік эндартерэктомиядан кейінгі рестеноз;
* Ұйқы артериясының контралатералды окклюзиясы;
* Мойын аймағындағы операциялар немесе радиотерапия;
* Хирургиялық ену мүмкін емес зақымдалулар;
* Мойын қозғалмауы;
* Трахеотомия;
* Көмейдің контралатералды салдануы;
* Билатералды ауыр стеноздық зақымдалулар;
* Ұйқы артериясының бас сүйек ішілік ауыр стенозы;
* Тұрақсыз стенокардия;
* Лақтыру фракциясының аз болуы;
* Жүрек жеткіліксіздігі;
* Ұйқы артериясындағы жоспарлы шунттау;
* Өкпенің обструктивті аурулары;
* 75 немесе 80 жастан жоғары.
Қазіргі таңда ең көп қолданылатын операция түрлері: артерияларды экстракраниалды және интракраниалды стенттеу, артериовенозды мальформация (АВМ) эмболизациясы, қалталы аневризманың эмболизациясы, баллондық ангиопластика.
Оперативті ем жүргізу үшін тамырлардың тарылу дәрежесі мен клиникалық белгілер көрсеткіш болып табылады. Егер науқаста тамыр тарылу дәрежесі 50%-ға дейін және клиникалық белгілері болмаса, науқас оперативті емге алынбайды, ал егер науқаста транзиторлы ишемиялық шабуыл және инсульт белгілер бар, бірақ тамыр зақымдалуы 50%-ға дейін болса да оперативтік коррекция жасалуы керек. Науқаста тамыр тарылу дәрежесі 70% және одан жоғары болса, клиникалық симптомдар болмағанның өзінде де оперативті емге алынады.
Зерттеу мақсаты: 2021-2022 жылдағы Актөбе обылысы бойынша бас ми қан тамырлары ауруларындағы эндоваскулярлы операциялар тиімділігін салыстырмалы бағалау және операциядан кейінгі асқынулар мен жақсарулар көрсеткішін анықтау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеуге Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасының қабылдау бөліміне жедел бас ми қан айналым бұзылысы диагнозымен түскен орта (45-59 жас) және егде жастағы (60-74 жас) науқастар алынды (n=100). Негізгі іріктеу критерийі - церебралды ангиография қорытындысы бойынша 50%-дан асатын бас ми қан тамырының стенозы. Зерттеу барысы 2 этаптан тұрады:
1. Бірінші этапта - зерттеуге қатысушыларды іріктеу мақсатында науқастарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ - ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР
Халықтың орналасуы бойынша өлім - жітім көрсеткіштері
Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Қатерлі ісіктің жалпы белгілері
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Массажбен емделетін дерттер
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Пәндер