Тарих пен әдебиет
Тарих пен әдебиет қашан да бір-бірін толықтырып жүреді. Тарихта болған оқиға әдебиет арқылы көркем көрініс табады. Тарих болған оқиғаны деректермен жеткізсе, әдебиет сол оқиғаны көркем түрде суреттеп, оқырманына эмоциямен жеткізуге тырысады. Сол себепті де, байқасақ, тарихта болған оқиғалар кітаптарда, дерек ретінде аса көп қалмаған. Олардың орнын әдеби шығармалар басқан. Ауыздан ауызға таралу арқылы сақталған бұл шығармалар қашан да құнды болмақ. Әдебиетті жаны сүйген халық бірінші орынға тарихи жырларға көңіл бөлген. Бұл олардың Отанға деген адал махаббатынан да бар. Бұл тұрғыда Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. олардыңбірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен [1], - деген Шоқан сөзінің шындығына мойын ұсынуға болады. Бұған дәлел ретінде тарихи тұлғаларға арналған жырлар мен дастандар, поэмалар, шығармаларды айта аламыз. Ауыздан ауызға тараған, жыршы жырлаған тарихи жырлардың барлығы тек болған оқиға күінде баяндалмайды. Оның ішінде халық арманынан туған қиялға толы образдар да, сәттер де кездеседі. Халық тарихтағы батырларды өздерінің қиялдары арқылы дамытып, оларға ерекше күш береді. Бұны біз дипломымыздың басты кейіпкері Ағыбайға арналған зерттеулерден, жырлардан байқай аламыз.
Ағыбай батырдың әдебиеттегі және тарихи бейнесін салыстырып, зерделеуде осы жырлар мен дастандардың алар орны зор. Ағыбай жөніндегі тарихи аңыз-әңгімелер Доскей Әлімбайұлының, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, тағы басқа фольклорлық мұраларды жинаушылардың әңгімелеулері арасында топтастырылған. Аңыз-әңгімелердің көпшілігі Ғылым Академиясындағы Орталық кітапхананың қолжазбалар қорында 1296, 1337, 1339 папкаларда сақтаулы.
Мазмұнына қарай бұл әңгімелерді біз екі топқа бөліп қарастырамыз.
1) Аты халыққа әлі беймәлім Ағыбайдың Кенесары ханмен жолыққанға дейінгі өмірі, оның қасында қолбасылық етіп, жауда батырлығымен, елде шешенділігімен көзге түскен сәттері;
2) Екіншіге Кене ханның қайтыс болып, Ағыбайдың соңғы өміріне дейінгі кезеңі. Бүл кезеңге аса көп тарихи аңыз-әңгімелер болмағанымен, Ағыбайдың Кенесары хан атымен байланысы болғандықтан осылай екі топқа бөліп қарауға болады.
Тарихи жырларға қарағанда аңыз әңгімеде батыр бейнесінің ашыла түсуінің себебін былай қарастырсақ болады:
Мысалы, Көтібар батырдың асы, Ағыбай батырдың айтқаны, Жер дауы, Үйсін Бөлтірік батыр, Ағыбайдың билігі секілді аңыз-әңгімелерде батырдың шешендігі, көрегендігі анық көрініс тапқан.
Сонымен қатар Ағыбай жөніндегі аңыз-әңгімелердегі тұрақты мотивтердің алатын орны мен қызметі айрықша. Фольклорлық мұралардағы дәстүрлі мотивтердің Ағыбай жайындағы әңгіме жырлардағы уақиға желісін қызықтыра түсудегі қызметі ерекше. Ағыбайдың құрсақта жатып анасына күш беруі, Кенесарымен жекпе-жекке шығып, оның соңы достыққа ұласуы, Ақжолтай батыр атануы, Ақжолтайлап жауға ұран салуы, Дәулет құсының қонуы, жүйрік атының болуы, жолбарысқа, қасқырға жолығуы, түс көруі, дүниеден өтетінін сезіп, ел-жұртымен қоштасуы - фольклорлық мұралардан жалғасын тапқан дәстүрлі мотивтер болып табылады.
Қазақ ауыз әдебиетінің маңызды бір саласы - тарихи жырлар мен аңыз-әңгімелер. Тарихи жырлар, аңыз-әңгімелер дегеніміз - халықтың өмірінде бұрын-соңды болған, саяси әлеуметтік мәні зор тарихи оқиғалар, істер жөніндегі, бұрынды-соңды тарихта шын болған көрнекті адамдар жөніндегі ауызша шығарылған өлең-жырлар, аңыз әңгімелер.
Әдетте халықтың басынан өткен оқиғалар мен халыққа еңбегі арқылы мәлім болған тарихи тұлғалар жөнінде тарихта жазылады. Тарих қорытындысы болады. Бірақ халық та өзінің басынан өткен оқиғалар, өзібілген адамдар жөнінде болсын, өзінің пікірін, көзқарасын айтады.
Сондықтан көп реттерде тарихпен ауыз әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы болып келеді. Халықтың ауыз әдебиетін дұрыс, терең ұғу үшін оның тарихы қандай қажет болса, тарихын дұрыс, жете, толық білу үшін ауыз әдебиеті сондай қажет деуге болады. Онымен қатар тарих пен ауыз әдебиеті дәл бірдей емес екенін де ескеру қажет. Тарихшы болған оқиғаны тыңнан, ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта болғанынша тексеріп, талдап айтып береді. Ол үнемі тарихтық нақтылық материалдарға сүйенеді, айтылған ойын, пікірін солармен дәлелдейді. Ал, ауыз әдебиеті, ақын, жырау болған оқиғаны, тарихи адамның өмірбаяны мен істеген ісінің тек сүрлеуін, ізін, желісін ғана алады. Басқасын өзінің қиял дүниесінен шығарады, суретпен, пернемен, бейнемен айтып дәлелдейді.
Қазақ фольклорын зерттеуде болған жалпы қате-кемшіліктер осы тарихи жырларды зерттеуде де болды. Зерттеушілер тарихи жырлардың да таптық, саяси, әлеуметтік мәнін ашу орнына оларды көркем деп тамашалаумен, халықтық жыр деп, мақтаумен болды.
Айбынды қазақ халқының тарихында аты аңызға айналған талай дарабоз батырлар өткен. Ел үшін атқа мінген сол батырлар образы әдебиет тарихында үлкен орын алады. Әріге бармағанның өзінде ХVIII - XIX ғасырларда өмір сүрген батыр тұлғаларымыз жайындағы әдеби мұраларымыз да жетерлік.
Қазақ әдебиетінде батырлар тұлғасы қалыптасқан ауқымды тақырыптардың бірі болатын болса, осы тақырыптың ішінде Кенесары әскерінің қолбасшы батыр ақжолтай Ағыбай батыр бейнесі - өзінше бір төбе. Бір өкініштісі, кешегі соқыр саясаттың кесірінен ел тарихындағы қаһарман батырларымыз қарақшы шапқыншылар бейнесінде ғана танылып келген. Міне, бүгін ел тәуелсіздігінің, демократиялық оң көзқарастың тууына орайхалық батырлары өздерінің дұрыс бағасын алуда. Олардың ақиқат та айқын тұлғалары ғылыми зерттеу еңбектерінде, баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Батырлар көшінің көлемді тұлғасының бірі Ағыбай Қоңырбайұлы жөнінде ой өрбіткенімізде біз оның қолбасшылық қасиетін және ардақты халық батыры болғандығын ашып айтуымыз керек.
Ақжолтай Ағыбай батыр Арғын-Қаракесек ішіндегі Шұбыртпалы руының Күйелі тармағынан болады. Үлкен атасы Олжабай батыр, өз әкесі Қоңырбай да қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен халық батырлары.
Ағыбай батырдың шешесі Қойсана - Арғын-Тарақты руынан шыққан, қазақтың бірнешехас батырларының нағашысы, Абылай ханның ту ұстаушысы Байғазы батырдың ұрпағы екен.
Тарақтыдан Байғозы,
Бұда асқар ер еді.
Наймантайдың қамшысы,
Сойылдан қатты дер еді, - деген өлең жолдары осы ерлерге сүйінішпен арналса керек.
Ағыбайға екіқабат күнінде, көшіп келе жатқанда, алты қарақшы көшіне тиіп жалғыз Қойсана ұрыс қылып, қолындағы бақанмен алтауын ұрып түсіреді. Жау бір-бірін сүйеп, әйелдің екі қабат екенін көрген соң: қояйық, бұл әйелдің күші емес, ішіндегі баласы - арыстанның күші ғой - деп жүріп кетіпті.
Ағыбай батырдың жас кезінде әкесі Қоңырбай қайтыс болады. соләкесінен қалған Қарабесті деген атақты атын, Шұбыртпалыны сол кезде басқарып, Қасымханға арқа сүйеген, ел жегіш, немерелес туысы Наубай күш көрсетіп тартып алып Қасымханға тарту етеді. Осыдан кейін Қойсана қой, Ағыбай ерегісіп Наубаймен соғысар, ол - жас мерт болып кетер, баламның аманында төркініме жетейін деп ел жатқан соң түнде жүгін артып көщкен екен. Көшіп келе жатып, бұлекі күннен кейін көпқоңсысы бар бір ақауылдың үстінен тап болады. Бұл ауыл Қасым ханның ауылы екен. Ауылға тоқтап анадай жерде қонған соң, құдыққа суға барса, кешегі Наубай тартып әкеткен Қарабесті ат құдық басында шалғында арқандаулы тұр екен. Қойсана ертеңіне хан ордасына барып, есігінен ізет етіп, тізе бүгеді. Қасым шаруасын сұрайды. Сондай Қойсана: баламның жалғыз атын кеше Наубай тартып әкетіп еді, сізге тарту етіп беріп кетіпті, соны сізден сұрай келіп едім -дейді. Қасымға Наубай атының мақтауын жеткізсе керек. Атты ерттеп мінгендебір кісіге жүгендетіп міндірмейді. Ол ұшін мықты жігіт керек десе керек. Осы сөз есінде қалған Қасым әйелдің көңілін аулап атың ана жерде тұр, атыңды барып жүгендеп ал, ала алмасаң арқаннан қозғама, солай тұрсын - дейді. Онысы ат әйелге әл бермейді деген ойы еді. Қасым өзім көремін деп үйдің ішінде есікті шалқасынан аштырып, шынтақтапжатып қарап отырыпты. Қойсананың орамалының арты желмен желп еткенде, асау ат ышқынып үріккенде қазығын жұлып кетіпті. Сол кезде Қойсананың қолына қазық тиіп, тартып тұрып жіберіп қалғанда ат шалқасынан түсіпті. Бірден жүгендеп, үстіне мініп алып, екі аяғын екі қолтығына салып алып,басқа - артқа қамшыны басып-басып жіберіп, шауып ала жөнеліпті. Асау ат пен әйелдіңалысып, әйелдің қайраты асқанын көрген Қасым хан қайран болып: Мына дүзқарадан туған бала тегін болмас деген екен.
Ағыбайдың ең сүйікті қаруы - тоғыз буынды, жез сақиналы жуан қайың найза. Атқа мінгенде құлан терісінен бұзау тіс етіп өрілген қайыспен қанжығасына байлап алады. Ал жай жүргенде қолына ұстайды. Бұл найзаны Ағыбайдың жақсы көретіні соншалық, ол күндіз қолынан бір түсірмейді, түнде басына жастанып жатады. Батырдың денелілігі соншалық, биіктігі кішігірім түйедей, атақты Ақылағына мінгенде, есекке мінген өзбектей, тізесі атының қолтық тұсын соғып тұрады. Ағыбайдың түсі суық, сонау шүңет көздері сөнбес оттай жанады. Қандай жүректі жан болса да, Ағыбайдыалғаш көргенінде, алпамсадай ызбарлы түрінен сескенбей қалған емес. Ал әлдеқалай түнде кездескен адам ертегінің дәуін көргендей жүрегі жарылып кете жаздайтын [3,3].
Кенесары хан ҚырғызАлатауындағы бір-екі соғыстан кейін Жердің жайын білмейдідеп талай соғыста бас батыр болған, Ағыбайды қолбасылықтан алып тастайды. Оның орнына шапырашты Бұғыбайды сыйлайды. Бұған дәлел Нысанбайдың жырында Ағыбай көп қайрат көрсеткенмен жай батыр есебінде соғысып жүреді. Бірақ, ҚырғызАлатауында соғыс сәтсіз болып, көтеріліс жеңіліске ұшырады [3,6]. .
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқандай, Алатауда Бұғыбай батырға сенген Кенесары қырғыз-орыс қолдарына түскен соң, Ағыбай батыр бұрынғыдай бас билікті қолға алып, қалған әскерді құрап, майдан ашып, жеті қабат Алатауды айналған жауды жарып өтеді. Неміс ғалымы Радлов жинаған Кенесары туралы жырда былай делінген:
Кенеге тігілмеді торғын шатыр,
Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр.
Басы екен шұбыртпалы ер Ағыбай,
Құтылдыбұзып жарып сексен батыр.
Қалың қоршаудан шыққан қазақ батырлары арасында болған көтерілістің шежірешісі Нысанбай жырау да Бұхарбай батырмен еліне қайтып, бара жатып:
Белгілі ақын Жеңіс Қашқыновтың Ақжолтай Ағыбай батыр атты тарихи очеркінде мынадай қызықты деректер келтірілген: Алашорда партиясының көсемі Әлихан Бөкейханов өтіп бара жатқан, әдейі келген жолаушылардың ойлары мен тілектері жазылып қалсын деп, кезінде Ағыбай күмбезінің ішінде альбом ашыпты. Солальбом да, кейін Қаныш Сәтпаев пен Әлкей Марғұлан ашқан екінші альбом да жоғалып кеткен. Кейінгі ашылған альбомға зиялы қауымның ізгі тілектері жазылған. Ағыбайдыңасында тойға барған қонақтармен бірге мен де Хан Кене - Ер Ағыбай деген өлеңімді сол альбомға жазып қалдырдым.
Ақжолтай Ағыбай батыр 1885 жылы Балқаш көлінде Тасарал қамалында қайтыс болды. Аты аңызға айналған батырдың денесін Түркістанға Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қоюға орыс отаршылдары қарсылық білдірген.
1935 жылы жазылған Ер Ағыбай атты жырда әкесі түсіне кіріп, Ағыбайды жолдас етуін сұраған жігітпен болған оқиға туралы айтылады. Жыр оқиға құрылысы, суреттеу әдісі жағынан қызықты. Ертегі романтикалық сарын да бар. Бір оқиға кезеңінен екінші оқиға кезеңі қызық болып, үнемі бір жұмбақ сырды ішіне түйгізіп, Бұл кім екен, Қайтер екен дегізіп, тыңдаушыны ертіп отырады. Одан соң жапан дала, қорқыныш, Тектұрмас сияқты жартасты бұлақ басы, жолбарыс жорытқан қалың қамысты өзен жағасы, жас жігіттің бірінен-бірі басым түскен оқыс ерлігі, бір ауыз сөз айтпастан жортып жүре беруі - бәрі жырдың сюжет, композициясындағы бірыңғай жымдасып келген көркемдік шеберлікті көрсетеді. Жырда Ағыбайдың, жас батырдың, жиен батырдың, Ақауыз аттың даралық сипаттары да әдемі беріледі.
Ағыбайдың батырлық бейнесін көрсету үшін оған қарама-қарсы шендестіру әдісін жас батырдың бейнесін салыстырып отырады. Ал, жас батырды жиен батырмен салыстырады. Ағыбайдың ерлік, батырлық бейнесін берумен жырдың тарихи-әлеуметтік идеясы да айқын көрінеді.
Салғаны жанды ортаға - елдің қамы,- деп Кенесарыға ерген ерлерге ел қамқоры деп баға береді. Ағыбайдың жүйрік тұлпар іздеп аттануы да көтеріліс заманынының тілек-мақсатынан туған. Жырда:
Астында бусандырып мінген атын,
Тастамай батырлықтың салтанатын, - деп, Ағыбайды басқа жолдастарынан даралап, сырткелбетін әсемдеп суреттейді. Ағыбай бұл жырда соғыспайды, не бір ерекше қайрат көрсетпейді. Бірақ оның аруағы басым, соншалық қорқынышты жағдайда ол намыстанып, қайраттанып, сыры жұмбақ батырға еріп жүре береді:
Мұндайдың талайын көріп ем, жайын білмей қалғанымша, бірге еріп өлейін, - деп аттанып кетеді. Бұл- өлімнен қорықпайтын, нағыз қауіпті жауды іздеп барып, табатын жүректі батырдың тұлғасы. Ағыбайды жолдас қылғандықтан, жас батыр да бұрын қарасын көруге қорқатын жиен ағасын өлтіреді. Және өзінің еліне: Жауымнан кегімді әперген - мынау Ағыбай батыр, - деп таныстырады. Наурызбайдың басқа жорықтарында да Ағыбайды ертіп жүрсе, жолы болады екен. Жасауыл қырған әңгімесін айтушылар Наурызбайдың жолдастары қырғынға ұшырауы: Қасында Ағыбайдың жоқтығынан болды, -дейді. Жас батыр, өзінің күші артық болса да, Ағыбайды өзіне ие тұтады, батырлығының кілті Ағыбай деп сенеді. Бқл да онң батырлық бейнесін өсіре түседі. Жырдың соңынада Наурызбайға сыйлайтын Ақауыз аттың сипатын береді.
Ағыбай туралыбасқада әңгімер көп. Оларда Ағыбайды аю, жолбарысқа кездестіреді, қалмақпен соғыстырады, бәрінде де Ағыбайды ер етіп әңгімелейді. Мұндай ертектердің бәрінде Ағыбайдың ерлігі, батырлығы тарихи жыр шеңберінен асып, аңызды әңгімеге, ертегі сарынымен беріліп отырады. Ағыбайдың қорыққанының өзінде үлкен ерліктің тұлғасы елестейді.
Кенесары батырларының ішінде елқиялы көбірек әлпештеп, ардақтап айтқан Наурызбай мен Ағыбайға түседі. Ағыбай туралы қандай аңыз-әңгіме болса, Кенесары-Наурызбай заманының тарихи күрес бейнесін айқын елестетіп отырады. Сондықтан Ағыбай батыр туралы жырлар Кенесары-Наурызбай жайындағы тарихи жырлар тобына жатады.
Тарихи деректер Ағыбайдың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күреске араласуын тым ерте бастайды. 1824-1826 жылдары ол патша өкіметі орыс шаруаларына жерін тартып алып берген Қарқаралы округі қазақтарының көтерілісін басқарған. 1832 жылдан Кенесарының ағалары - Есенкелді мен Саржан бастаған көтеріліске қатысқан. Ол Саржан мен Есенкелдінің Қоқан хандығы мен Ресей испериясына қарсы бірігіп күресу үшін жүргізген келіссөзінің ішінде болған. Қазақ хандарының батыр ұрпақтарының ел тәуелсіздігі жолындағы күресінен сескенген, өздері билеп отырған оңтүстік қазақтарынан айырылып қалу қаупінен секем алған қоқандықтар қазақ өкілдерін Ташкенде қырып салғанда, олардың ішінен тек Ағыбай мен Ержан ғана аман құтылған. Мұнан кейін Ағыбай Кенесары бастаған халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне басынан аяғына дейін қатысып, неше қилы ерлік күрестерді бастан кешкен. Оның даңқының қалыңелге жетуі, халықтың сүйікті батырларының біріне ауналуы - осы тұс. Тарихи аңыздар Ағыбайды Кенесарыға серік етіп берген Қасым ханның өзі дейді. Бірде Қасым қасына ерген сарбаздарын сайысқа шығарып сынағанда, Кенені Ағыбай жеңіп кетеді. Содан Қасым оны батыр ұлының қасына қосқан. Кенесарымен құрдасболған. Өзіне ең жақын тұтқан досын Кене хан Көсе деп атаған. Тарихи мәліметтер бұл сөзді Кене ханның жақын тұтып, айрықша жылылықпен айтатынын растайды. Ағыбай Кенесары әскерінің шабуылға шығатын тобын ғана басқарып қоймай, хандық кеңестің мүшесі де болған. Ханның жақын, сырлас, ақылгөй кеңесшісі қызметін қатар атқарған. Ағыбайдың батырлығын, аруақтылығын білген Кене одан сескенген де. Халық аңыздарының бірінде, Ағыбайлап ат қойған кездегі жеңісті мойындап: Тегінде, көсе - сақтанарлық адам, -дегені айтылады.
Ағыбайдың ерлігіне қоса ел бірлігін армандағаны жайында атақты Жамбыл ақын естелік қалдырған. Үйсін Бөлтірік батыр көтерілісшілерге қосылмай, оларға қарыс күреске шығады. Кенесары Бөлтірікке Ағыбайды жібергенде ол Бөлтірікті киімінен шаншып, үш рет атынан аударып түсіреді де, өлтірмей кетеді. Оның себебін Кенесарыға: Арпа ішінде бір бидай, Бөлірік өлсе, Үйсінде бас көтерер ер кісі жоқ,енді шолтаңдамайды, шолтаңдаса, біткен жері. Ер кезегі үшке дейін. Мен Бөлтірікке уәде беріп келдім осы сапар еліне тимеске. Еліңді еңіреткің келмесе, кері қайт дедім,-деген.
Осыдан Ағыбайдың ел арасындағы келіспеушілікке дұшпандық көзбен қарамағандығын, мұқатуды, жеңуді мақсат тұтпағанын, үлкен парасаттылыққа, сыйластыққа жүгінгенін көруге болады. Ол үшін ең бастысы - ел татуығы, сыйластық, мүмкін болған жерде қан төгіске бармау.
Ағыбайдың парасаттылығын көрсететін тағы бір оқиға Қырғыздарен соғыста Кенесарының жау қолына түсіп қалғанда - сақтық танытқаны жайында. Наурызбай оның айтқанын тыңдамай өзі қолға түскенде Ағыбайдың ойлы қайраткерлігі, ұстамдылығыанық аңғарылады.
Халық жырлары Ағыбай батырдың аузына бейнелі сөздер салып, оған ойлы толғаулар айтқызады. Жаңағы кеңесте Науанды тоқтату үшін айтқан сөзінде:
Ағыбайдың халық қастерлеген, есімі ұмытылмас, аруақты батыр болғандығын әдеби мұраларымыз да, ғылыми зерттеу еңбектер де дәлелдей түседі.
Ағыбай батыр (халық нұсқасы) - жыршысы мен жинаушысы белгісіз нұсқа. Жырдың қолжазбасы ҚР БҒМ ОҒК қолжазбалар қорында сақтаулы. Мәтін латын әрпімен жазылған. Көлемі - 492 жол. Осы нұсқа 2002 жылы Ақжолтай Ағыбай батыр атты жинағы жарияланды.
Жырдың композициясы:
Ағыбайдың жүйрік ат іздеп жолға шығуы;
Жас батырмен жолығуы;
Екі батыр қосылып жиен батырды өлтіруі;
Ақауыз атты таңдап алуы;
Оны Наурызбайға сыйлауы сияқты әңгімелерден құрылған.
Шығармада Ағыбайдың, жас батырдың, Ақауыз аттың даралық сипаты өте шебер суреттелген. Аталған жырда Ағыбайдың ерлік күрестері, небір ерекше қайрат көрсететін тұстары айтылмайды. Бірақ оның әруағының басым, алашқа даңқы тараған ардақты батыр екендігі баяндалады.
Ағыбай батыр жырының сюжеттік құрылымында әлем халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшырасатын: батырдың өзіне лайық тұлпар іздеп табуы, түс көру, аян беру сияқты мотивтері көрініс тапқан. Мысалы, жырда жас батырға түсінде қлген әкесі: Осылай қарай Ақжолтай Ағыбай батыр келе жатыр. Соны іздеп тауып, жолдас етіп алып, жауыңды мұқат, - деп аян береді. Жас бала көрген түсін жүзеге асыру үшін әрекет жасайды. Ол Ағыбаймен табысып, көптеген қиындықтарды жеңіп, мақсатына жетеді. Бұл орайда түс көру мотиві оқиғаны одан әрі дамыту қызметін атқарып тұрғандығы аңғарылады.
Жыр толық он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Шығарма оқиға желісі, құрылымы, суреттеу тәсілі жағынан қызықты болып келеді.
Ел тарихындағы ерен тұлғалар Кенесары хан мен Ақжолтай Ағыбай батыр ғұмыр кешкен ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күрделі оқиғаларға толы, тарихи тағдыры сынған түскен кезең еді. Ел болып өзіндік болмысын саралау, мемлекет болып өз тағдырының тізгінін ұстау, іргелі көрші мемлекеттерге бодан болу ауыртпалығы сияқты кесек-кесек тарихи жүктер осы кезеңнің белін қайыстырғандай. Халықты отарлаушыларға қарсы бастап шыққан ерлер - Кенесары, Ағыбай батырлар, тағы басқа елім деп туған жеке тұлғалар тарих сахнасына осы қиын-қыстау кезде шыққан болатын. Кенесары бастаған халық көтерілісінің себептері мен маңызы, Кенесары хандығының саяси құрылымы және Ақжолтай Ағыбай батырдың қазақ әскерін басқаруы, шешендігі мен жүргізген биліктерінің қоғамдық-саяси және құқықтық болмысы тек өз заманының көкейкесті мәселелеріне ғана арналып қоймай, бүгінгі күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселелелерге де өзінің нақты жауабын беретіндігіне таңданбасқа болмайды. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы тәуелсіздікті мақсат тұтқан, саяси әрі тарихи мәні бар және ХІХ ғасырдағы аса ірі оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс пен Ағыбайдай тариххи тұлғаларға кешенді зерттеулер жүргізу - ғалымдарымыздың алдындағы бүгінгі күннің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz