ТАҺИР - ЗУХРА ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
1."ТАҺИР-ЗУХРА" ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ.

1.1. Өзбек, түрікмен, татар нұсқасы

Орта Азиялық сюжеттер туралы сөз болғанда біз, әріден, Мың бір түн, Шаһнама, Тотынама дастандарынан бастаймыз. Солардағы айтылатын желілерге салып, бірақ оқиғаны, оның болған жерін, кейіпкерлерін, Орта Азия, қазақ өміріне жақындатып алған қисса-дастандар туған. Оларға біз Таһир - Зуһра, Бозжігіт, Мұңлық - Зарлық, т.б дастандарды жатқызамыз. Бұл дастандар дами келе, әрбір географиялық аймаққа тарала келе қазақтың өз тарихынан алынғған дастандарға ұласады. Бозаман, Жаскілең, Назымбек - Күлше, Ақбөпе - Сауытбек, Сырым - Шынар, Есім - Злиқа, Мақпал - Сегіз шығармалары соның кепілі болып табылады. Бірақ сол шығыстық сарынды еш жоғалтпайды. Оған біз Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры мен Таһир-Зуһра дастанын, олардың өзара ұқсастықтарын айтуға болады. Оның бірден-бір себебі - қиссалардың ауыздан ауызға таралуы және шығыс халқының мәдениетінің тағдырлас болуынан деп айтуға болады.
"Таһир - Зуһра - өзбек, татар-ноғай, əзірбайжан, түрікмен, түрік, қазақ арасында кеңінен танымал сюжет. Алғашқы нұсқаларын жазған өзбек ақыны Саййоди (ХVІІ ғ.), түрікмен ақыны Молла Непес (1810-1862). Қазақша екі нұсқасы белгілі. Бірі - А.Оразаев (Сатбаева Ш.К., 1982-79), екіншісі - Ақылбек Сабалұлынікі (Ғашықтық... 1994-180- 259).
Біз Молла Непестің Зохре - Тахирын жəне өзбектің қара сөзбен өлең араласа жазылған Тахир ва Зухрасын, Ақылбектің Таһир - Зуһрасын салыстыра қарастырдық. Сондағы аңғарғанымыз, əр ақын бұл оқиғаны өзінің əдеби ортасына қарай бейімдеп алған.
Мысалы, өзбек ертегі нұсқасында оқиға былай баяндалады. Шығыс шахы мен оның уәзірінің балалары болмағаны оларды қатты қынжылтты. Бірде олар көптен бері кіреберіс таба алмаған бақшаны аралап, ішке кіргенде, сол жерде бір қарияны көріп, өз мәселелерін айтады. Ақсақал әрқайсысына бір-бір алма беріп, әйелдеріне алма жеуді бұйырды. Шах пен уәзір солай жасады, кейін олардың әйелдері жүкті болды. Қария алма беріп, баланы Тахир, қызды Зухра деп атаса, олар тарылмақ дейді.
Шахтың баласы туғанда қыз екен депті. Түсінде ұл көрген шах баланы өлтіруді бұйырады. Дәл осы күні уәзірдің баласы дүниеге келді. Уәзір үйіне қарай жүгірді, бірақ аттан құлап өлді. Тахир анасымен күн көріссіз қалды.
Арада көп уақыт өтті, бір күні шах бұрынғы уәзірдің әйелін бір баламен көреді. Сонда шах қызын өлтіруге бұйрық беріп, үлкен қателік жасағанын түсінді. Бірақ жаңа уәзір бір сырды білді - шахтың қызы өлтірілмеді. Бұл туралы ол шахқа айтып, қуанып, қызын қабылдады.
Тахир көршілерінің бірі келінінің барын айтқанша алаңсыз өмір сүрді. Тахир енесінен кім келін бола алады деп сұрады, анасы көпке дейін сөйлеген жоқ, бірақ кейін ол барлық оқиғаны айтып берді. Сондай-ақ ол Зуһра шахтың қызы, оның кедей адам екенін, екеуінің бірге болу жазылмағанын айтты.
Алайда Тахир Зухрамен араласа бастады, олар бірге оқи бастады. Тахир Зухраның оқуына кедергі келтіріп жатыр деген мұғалімдердің шағымына шах олардың арасына қабырға салуды бұйырды, бірақ Тахир қабырғаны бұзып өтті. Сонда шах сандық жасауды бұйырады, оған Тахирді салып, өзенге лақтырады. Зухра қолөнершілерге ақша төлеп, кеудені ауа өткізбейтін етіп жасады, Тахир суға батпайды. Тахир кеудеге қамалған кезде анасы қайтыс болады, Тахир мен Зухра бір-бірін ұмытпауға уәде береді.
Тахир сандықта өзенге лақтырылып, басқа мемлекеттің шахының екі қызы ұсталғанша ұзақ жүзеді. Үлкені кеудені, кіші Тахирді алады, ол үшін шах қызын алады. Бірақ Тахир үнемі Зухраны ойлап, әйелімен сөйлеспейді.
Тахир Зуһраға хабаршымен келе жатқанда, олар бір қалаға тоқтап, екі қарақшыны іздейді. Тахир мен оның серіктесі сол қарақшылармен қателесіп, түрмеге жабылды. Түрмедегі терезеде Тахир Зухра туралы ән айта бастады, оны Тахир мен Зуһра туралы білетін саудагерлердің бірі естіді. Бұл туралы көпес тұрғындарға айтып, саяхатшылар босатылды.
Ақыры Тахир мен Зухра кездесті, бірақ мұны білген күйеуі ашуланып, Тахир тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Зухра пышақ алып, қулықпен Тахир бейітіне барып, өз-өзіне қол жұмсады.
Бұл кезде Зухра өз еркінен тыс жергілікті байдың әйелі болады. Бірде ол түс көріп, Тахирмен бірге қыдырып жүргенін көріп, ол өлген жоқ деп ойлады. Ол Тахирді іздеуге әртүрлі адамдарды жіберді, олардың бірі оны тапты. Тахир әйеліне Зухраны жақсы көретінін мойындап, оған кетіп қалады.
Түрікмен нұсқасында Татария деген мемлекетте Бабахан деген падиша жəне оның Бахир атты уəзірі болады. Соған қарағанда, Молла Непес Қазақ басылымын пайдаланса керек. Өзбекшесінде: Утган замонда, элу йурты омонда, анави куринган тоғларнинг ортида, Самарқанднинг сиртида, Узжан йуртыда Қархон ва Сарихон деганлар утди, - дейді. Яғни, Қарахан мен Сарыхан - Самарқан маңайында өмір сүрген адамдар.
Ақылбектің де Молла Непес секілді татар нұсқасын пайдаланғаны байқалады. Онысы өлеңінде байқалады. Оқиғаның қайда болғанын, нақты мекенін айтпай, тек бір патшаның оқиғасы ретінде көрсетеді. Қазақтың табиғатына жақынжатқысы келгенімен, дастанның кей жерінде бұл оқиғаның қалада болғандығы байқалып қояды.
Екеуі көше аралап енді жүрді,
Шəһардан бір дəруіш адам көрді.
Үш нұсқаның оқиғасы да балаға зарығу желісімен басталады. Бұл жерде таза қазақ фольклорының əсері туралы айту аса дəлелді емес секілді. Өйткені, ол Мың бір түннің сюжеттерінде баршылық. Ары қарай Молла Непесте жетім балаға қызын бергісі келмеген патша, Тахир мен Зухраның қарсылық əрекеттері, Тахирды суға ағызып жіберуі баяндалады [1, 281].
Оқиға ары қарай сандықтың Евфрат арқылы жүзіп өтуі, үш ай дегенде барып Бағдатқа келуімен жалғассады. Бағдат патшасының қызы Махим түсінде көруі арқылы сандықты Евфрат жағасынан тауып алады. Патшаның халық алдындағы абыройын сақтау мақсатында әкесіне мынадай етіп хат жазады: Мен бір сандық таптым. Соны ішіндегісімен қызыңа сыйла! . Әкесінің рұқсатымен қыз Тахирді алтыннан белдік пен бас киім кигізіп, қасында ұстайды. Дастанның осы нұсқасы Жүсіп-Зылихаға үқсайды. Патша қызы Махим жігітті қанша қасында баптап ұстағанымен, Тахирдің бар ойы Зухраа болдаы. Соққан желден де оны аңсап, сәлемін жолдап отырады. Тіпті бұл дауыс алыстағы Зухраға да жетеді-мыс.
Бұл уақыттарда Зухраның әкесі оны Қарабатыр деген батырға тұрмысқа бермекші болып жүреді. Тахир да еліне келіп, қызды әнімен оятуға тырысады. Алдына келген Қарабатыр екен деп, көргісі де келмей бар халінше көрпемен басын жастаныа жауып алады. Тахир қолындағы дутарының ішегі үзілгенше ойнап, бар үміті үзіліп енді кетуге ұмтылғанда қыз жүрегі оны танып, Тахирға тұра ұмтылады. Екеуі сағынысып жолыққан сәтінде Хасан есімді бағбан патшаға жеткізеді. Ал, Ақылбек нұсқасында анасы оны жақтырмайды. Сонымен Тахирды ұстап алып, оны жазалап, өлтіреді. Бұл қиындыққа шыдамаған Зухра өзіне-өзі қол жұмсайды. Екеуінің моласынан екі қызыл гүл, Қарабатырдың моласынан қара тікен өседі.
Соңында Махимның әкесі Əділ патша Тахир еліне шабуыл жасап жасап, Татарияны алады. Бабаханды Тахирды өлтіргені үшін жазаламаққа ұмтылады. Бірақ, Алланың күшімен екі ғашық тіріліп, патшаны жазалаудан құтқарады. Тахир Мехимге де қосылады. Үшеуі бақытты өмір сүреді.
Ал, өзбек нұсқасында Қарабатыр - Қарахонның палуаны болады. Сарихан өлген соң орнына уəзір қылып қойып, қызын соған бермекші болып серттеседі. Әкесінің құдандаласып қойғанын еш білмей жүреді. Бірақ оқиға Алпамыс пен Ер Төстіктегідей бір кемпірдің қасақана сөзінен басталады. Оның Айттырып қойған қызының бар екенін білесің бе? деген сөзінің растығын тексеру үшін анасының қолын ыстық бидаймен күйдіргенде, ана байғұс шынын айтады. Содан былай Тахир мен Зухра бір-бірін біліп, ынтық болады.
Тахирды сандыққа салып, ағызып жібергенде Үргеніш деген елде Рүстемхан есімді патшаның Гүлайша, Гүлхадиша деген екі қызы тауып алады. Зухраны татар оқиғасындағыдай Қарабатырға қоспақшы ниетте болады. Некесін Хаққұл есімді молда қиятынын, Қарабатырмен қосылмақшы болғанын Тахир Үргенішке келген керуеннен естиді. Бұл хабарды ести сала еліне келіп, Зухрамен жолыққанын көріп Қарабатыр Тахирді өлтіреді. Зухра Тахирдің моласына барып өзіне қол жұмсайды. Қарабатыр да өзіне-өзі қанжар салады. Соңы үшеуінің басына гүл мен тікен өсуімен аяқталады. Мұнда Тахир мен Зухраның тірілуі айтылмайды.
Ақылбек Сабалұлында кемпірдің қарғауы, бидай желісі жоқ. Таһир домбыра тартуды үйренеді (Молла Непесте - дутар). Екеуіне қастандық қылатын - Ғараб құл Таһир əскерімен соғысады. Ақыры, Аллаға зарлық етіп, тіленеді, жаны шығып кетеді. Онан соң Зуһра да Аллаға жалбарынады, тілегін Хақ тағала қабыл етіп, оның да жаны шығады. Ғараб құл:
Жетіп кеп көзін салды Таһир ерге,
Қасында Зуһра өліп жатыр бірге.
Қанжармен өзін-өзі ол да шаншып,
Ажал жетіп жығылды қара жерге.
Зуһраға ол да ғашық болған екен.
Соңы ақ, қызыл гүлді баяндаумен бітеді. Ақылбек Таһир - Зуһра оқиғасын қоюлау етіп береді. Діни жағын баса көрсетеді. Таһирға батырлық сипаттар беріледі.
Енді оқырман бұл сюжеттің Алпамыс батырмен (зын- данда жеті жыл жатуы), Қозы Көрпеш - Баян сұлумен (Қарабай мен Сарыбай) ұқсас жерлерін аңғарса керек. Өйткені ол жырларды айтушы ақындар дастан жүйесін жақсы біліп, өз өлеңінде пайдаланған [1,283].
Таһир - Зуһраның түрікмен, өзбекше нұсқаларын салыстыру арқылы, əр ақынның оқиғаны өз ортасына қарай бейімдегені аңғарылады.
Таһир-Зуһрада ғашықтардың қосылуына бөгет болған Ғараб құлдың бейітінің басына қара тікен шығады:
Тамам жұрт қайтып кетті жиылысып,
Тағдырға қылар шара бар ма десіп.
Қабірінің үстіне Зуһраның,
Жасарып пайда болды, ақ гүл өсіп.
Қызыл гүл шықты үстіне Таһир ердің,
Тілеуін əр пенденің Тəңірім бердің.
Екі əсем жапырақ шықты екеуіне,
Қарасаң тамашасын осы жердің.
Құдайым құдіретпен мұндай қылдың,
Тікенек үстіне шыққан Ғараб құлдың.
Екі гүл қосылайын дегенінде,
Түседі арасына екі гүлдің.
Кейбір елдерде адам жанының ағаш өзегіне кіргендігі туралы айтылады. Бенгалияда жақсы адамның жаны жеміс ағашына кіреді дейді. Брахмандар шөптің жемісін жегенде, оны тамырымен жұлып алудан сақтанады екен. Өйткені, шөптің тамырында жаман адам ның жаны болады, оны жұлып алсаң, шыға салып басқа бір аң, не адамың бəденіне кіреді деп есептелінген. Мұның бəрі жанның жансыз денеге кіруі туралы мифтер тобына жатады. Таһир-Зуһрада Таһир мен Зуһраның, Ғараб құлдың жаны шөпке кіреді, бірақ əрқайсысының құлық-пиғылына қарай: бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - тікенге айналады. Осыған қарап, аңыз-ертегілерде түлкінің - айлакер, қасқырдың - зұ- лым, аюдың - аңғал болуы, сол аңдарға жаман-жақсы адам- дардың жаны ауысқан деген мифтерден де шыққан болуы мүмкін. Ежелгі адамдардың түсінігінде: о дүниеде мағыналы өмір күтіп тұр. Адамның денесі о дүниеде орналасқанымен, жаны жер бетіндегі адамдарға əсер етеді. Сондықтан, бəле- жаладан аман болу үшін, өлген кісінің артын күту қасиеті борыш деп есептелген. Өліктің жаны қырық күнге дейін тірілермен бірге болып, қырық күннен соң ғана кетеді. Осы уақытта аруақты ренжітпеу - кімге де болса сын.
Жыр желісінде қаhарманнық эпос дәстүрі де байқалады. Ақылбек Сабалұлы жырлаған нұсқада Таhир орасан қайрат иесі болып сипатталады., патша жібереген бес мың әскерге қарсы майдан ашады делінеді. Таhир жалғыз өзі көп әскерге қырғын салып, ақыры қапылыста қолға түседі. Оған патша төңірегіндегі уәзірлер араша сұрайды, Таhирдің жалпы қолға бас болғандай қасиеттері дәріптеледі. Бұл арадан қаhармандық эпос табиғатына тән белгі-нышандар байқалады. Таhир батыр жау қылышынан өлмейді, жаратқаннан жанын алуын өтініп, екі қолымен бетін сипағанда кеудесінен жаны шығып кетеді [2]
Таhир-Зухра оқиғасының өзбек тіліндегі ертегілік үлгісі ерекше көңіл бөлерліктей. Мұның оқиғалық өрілімі де, қаhармандардың сипаттамасы да қазақтың Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырына жақын. Ондағы кейіпкерлер аттарында да ұқсастықтар байқалады. Бұл жайттар В.М.Жирмунский А.Қыраубаева зерттеулерінде ертеден айтылып келеді. Мәселен, екі жыр бір сюжеттің нұсқалары ретінде қаралуға тиіс деп білетін Жирмунский қос шығарманың мәтіндерін салыстыра отырып, былай деп жазады: На чужбине Карабай обручил свою дочь Баян Сулу со своим слугой, богатырем Кодар-кулом, спасшим его стада во время перекочевки. Кодар-кул играет по отношению к любящим ту же роль, как Кара батыр в Таhир-Зухра. Козы Корпеш проникает к своей возлюбленной, переодетый поршивым постухом, и проводит с ней ночь. Наутро, опять как в Таhире, это становится известным Кодару, который вероломно убивает юношу в (Сибирской версии его убивают отец и брат как мстители за поруганную семейную честь); в Таhире патриархальная месть заменяется, в соответствии с феодальным оформлением сюжета, публичной казнью по повелению шаха. Баян в свою очередь закаливает ненавистного жениха. [3,298]
Екі шығарманың одан да басқа ұқсас жерлері өте көп. Мысалы, Баянмен жүрген құрбылары моншақ теріп жүргенінде қыз өзіне өзі қол жұмсайды. Шығарманың аяқталуы да Таhир-Зухра оқиғасына жақын, Қодар қос ғашықтың жанына жерленеді. Олардың зиратының басынан екі қызыл гүл өсіп шығады. Тек Қодан бейітінен ғана қара тікен тікен шығып, екі ғашықтың арасын арасын бөліп тұрады.
Таhир-Зухра дастанының соңы да осылай бітеді. Өзбек тіліндегі ертегілік нұсқада ғашықтардың ортасына жерленген Қарабатырдың моласына қара жантақ өсіп шығады.
Радлов хатқа түсірген сібірлік татарлар нұсқасында ғашықтар өзеннің екі жағалауына жерленеді. Қырық күн өткен соң Құдайдың қалауымен Таhирдің зиратының басынан бір терек, Зухраның зиратының басынан бір терек жайқалып өсіп шығады. Биік ағаштар біріне-бірі қол созып, Құдайдың қалауымен өзен үстінде табысқандай болады. Теректің бұтақтарына Ләйлек құс пен Бұлбұл ұя салады, соның ішінде Таhир мен Зухра жұптары жазылмаған күйі серуендеп жүреді. Ал Қарахан зиратының үстінде қарға біткен қарқылдап, жамандық шақырып тұрады.
Бейіт басына өсіп шыққан гүл мен ағаш туралы мотив әлем халықтарының фольклорына кең тараған сарындар қатарына жатады. Мұның Батыстағы үлгісі - Тристан мен Изольда оқиғасынан табылса, Шығыстағы көрінісі - Ләйлі-Мәжнүн дастанында кездеседі. Веселовский оған халық ұғымындағы анимизм дәуірінің сарқыншағы деп қарады. Бүгінгі халық мұрасын зерттеуші ғалымдар мұндай көне ұғым түсінікке махаббаттың мұқалмас күші туралы айтылған поэтикалық символ ретінде қарайды.
Бұл көрініс жайында белгілі фольклорист-ғалым Х.Короглы былай деп жазады: Этот миф символизировал ежегодное увядание и воскресение флоры: впоследствии он оформился в высокоразвитый сюжет с соответствующими художественноэстетическими критериями. Именно аналогичный миф стал сжетообразующим мотивом таких всемирно-популярных народных повестей, как фригийская повесть Кибела и Аттис, ставшая известной в Греции и Риме: "Иштар и Таммуз," восходящая к шумерской повести Думузи, финикийская повесть Адонис, дошедшая до нас в греческом изложении; египетская Изиз и Озирис и многие другие. [4,145]
Таһир-Зүһра дастанынының 1976 жылғы нұсқасында 67 шумақ, 51 өлең жолы түпнұсқадан толық алынбай, баспаға келгенде дұрыс жарияланбай келген.Тура солай 1994 жылғы Таһир-Зүһра дастанының нұсқасында біраз өлең шумақтарының қалып қойғаны анықталды. Солардың біріне мына мысалды келтіруге болады.
Дастанда Таһирға алдымен Зуһра ғашық болады. Зүһра қанша көңілін білдірсе де ештеңені сезінбейді. Екі жастың диалогынан кейін жыршы екі жастың ғашық жайын біліскенін суреттейді. Зүһраны қарындасым деп санап жүрген Таһир барлық шындықты білген соң, Зүһраға ғашық болған сәттері суреттеледі.
Екеуі ғашық жайын біліседі,
Өз сөздері өздеріне келіседі.
Бірін-бірі құшақтап мойынынан,
Аузынан ләззат алып сүйіседі - деген.

Таһирдың күллу рухи Ләалла ирин,
Құдайым ғашық қылған бірін-бірі.
Екеуі қисса болады жаза берсем,
Екеуінің күліп-ойнап жүргендерін - деген төрт өлең жолы қалып кеткен.
Оған негізгі себеп ретінде - тіл қиындығы деп ойлаймыз. Дастанның көркемдік ерекшелігі тәуір болғанымен, осы шумақта құрастырушының түсінігіне ауыр Құраннан Тахир куллу рахим ләалла ирин деген таза араб тіліндегі тіркестің оқуға қиындық туғызғаны деп ойлаймыз.
Дастанның соңында Патша қаза болған Зүһра мен Таөирдің қабірлерін жанастыра жерлейді. Ғараб құлдың денесін де солардың қасына қойдырадыү Зүһраның қабіріне ақ г.л, Таһирдың басына қызыл г.л шығады. Ғараб құлдың басына қара тікен шығып, ақ гүл мен қызыл гүлдің қосылуына үнемі бөгет жасайды. Қара тікенекті қанша шауып тастаса да, ол қайтадан өсе береді-міс. Екі ғашықтың қосылуына Ғараб құл өлгеннен кейін де кедергі келтіріледі [5].
Алланың құдіреті деседі екен,
Балтамен көрген адам кеседі екен.
Жылында кесіп тастап қайтіп келсе,
Бұрынғы боп өседі екен - деген шумақтан кейін.

Жылында және кесіп кетеді екен,
Таһирдің ғашықтығы өтеді екен.
Келген ғашық балтамен кесіп кетсе,
Тағы да қалыбындай бітеді екен.
Зират қып жүреді екен келген адам,
Үлкен зират болыпты осы заман.
Көбейіп маңайына қабір тұрған,
Ажалдан құтылмады һешкім аман - деген шумақ жолдары қалып қойған.
Бұл жолдардың қалып қоюйының негізгі себебі - аталған жолдар құрастырушыға бір жолдың қайталануы секілді болып көрінгені. Шумақтың мазмұныны қайталау болып көрінген. Бірақ, ол дастанды бірден аяқтай слмай, саздылығын, әсемдігін сақтауды ұғынбаған.
Бітірдім мен Ақылбек мұның өзін,
Таһир мен Зүһраның өлген кезін...
Ш.Сәтбаеваның ерекше атап өтер мотивтерінің бірі - күйеуінің өз әйелінің немесе қалыңдығының тойына қайтып оралу мотиві. Бұл мотив қазақтың төл шығармасы батырлық жыры "Алпамыс" пен көне грек эпосы "Одиссейде" де кездеседі. Біріншіден, бұл шығармалар бір-бірінен территориялық алшақтықта жатқан елдерде дүниеге келген. Бұл кезде екі елдің арасында ешқандай әдеби, мәдени, экономикалық байланыстардың болмағаны тарихтан аян. Екіншіден, екі туындының дүниеге келу уақыты да алшақ. "Алпамыс" жыры бір ғалымдардың пікірі бойынша Түркі қағанаты тұсында, біздің дәуіріміздің 6-8 ғғ. дүниеге келген болса, енді бір топ ғалымдар жырды ХІV-ХVІІ ғғ., Дешті Қыпшақ дәуіріне тиесілі деп біледі Ал көне грек ақыны Гомердің "Одиссейі" болса біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ-VІІ ғасырларда туған.
Ал осы екі туындыдағы аталмыш мотивтің өзара ұқсас келуін түсіндіру өте қиын. Бұл жайлы ғалым В.Жирмунский былай дейді: "Сюжет "возвращения мужа" ("муж на свадьбе своей жены")" имеет чрезвычайно широкое распростанение в фольклоре и средневековой литературе европейских народов, но в форме, в значительной мере модернизованной, утратившей черты богатырской сказки, столь очевидные в "Алпамыше" [2.276]. Дәл осы мотив шығыстық сюжетке құрылған "Тахир-Зухра" дастанында да кездеседі. Мұнда да жоғарыдағы екі эпостағыдай бас қаһарман бөтен адам сипатында келсе де ғашығы оны музыкалық аспапта мұңды өлең айтуынан танып қояды. Бұл мотивтің Ш.Сәтбаева фольклордың әртүрлі жанрларына тән екендігін атап өтеді. Аталған мотив, көп жағдайда, сюжеттік шешімге себеп болады.
Дастанның өзбек тіліндегі нұсқасында айттырып қойған қызының кім екенін білу үшін Таhир анасының ыстық бидай ұстап тұрған қолын сыртынан қыса қояды. Сөйтіп оған бар шындықты айтқызады. Бұл да эпикалық туындыларда қалыптасқан ежелгі тәсіл екені анық. В.С. Миллер, В.М.Жирмунский сияқты ғалымдар осы көрініске ерекше мән бере түсіндіреді. Жалпы алғанда, қаhарманның осындай амал-әрекетке баруын, дәл осы жолмен ақиқатты іздеуін олар эпикалық мұраның көнелік белгілерінің тұрақты қайталанып отыратын түрі деп есептейді. Осы мотив Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Алпамыс, Ер Төстік, Дариға қыз, тағы да басқа жырлардың бәріне ортақ. Бұған түркі елдерінің фольклорынан да мол мәліметтер келтіруге болады. Мысалы, Кавказ жырларында анасынан сыр білудің мұндай әдістері жиі ұшырасады: Кабардың Ашамаз әкесін өлтірген адамның есімін білу үшін шешесінің қуырған арпа ұстап тұрған қолын қысады; ал Қарашай Ашмаз анасының ыстық қалша ұстап тұрған қолын қысып, шынын айтқызады.
Осындағы басты кейіпкердің сандықпен суға ағып кетуі де әлем фольклорында орныққан көне сарындардың біріне жатады. В.М.Жирмунскийдің айтуына қарағанда, бұл мотив Тәураттағы Мұса пайғамбар мен Мысыр патшайымы туралы аңыздардан бастау алады. Бұл мотив үнділік сюжеттердің элементтері айқын көрінетін Мың бір түн әңгімелерінде де кездеседі. Мәселен, Мың бір түн оқиғасына құрылған Қыпша қыз бен Қасым атты қазақ дастанында негізгі қаhарман сандық ішінен шыққан қызға үйленеді. Түбірі Шаhнама желісінен тарайтын Шәкір-Шәкірат дастанының кейіпкері Шәкірат болса, сандықтан шыққан қыздан інісінің хабарын алып, кейін сол сұлуға қосылады. Осы көне сарын Таhир-Зухра дастанының барлық нұсқаларында ұшырасады. Таhирді қызының теңі санамаған патша оны сандыққа салып, суға ағызып жібереді. Сандықты өзен жағасынан тауып алған патша ( Күл патшасы, Үргеніш патшасы, Рум патшасы) қыздары Таhирді үлкен сарайға әкеліп күтеді. Әлгі қыздардың бәрі ерекше жаратылған көрікті жігітке ғашық болады. Оған патшаның да ықыласы ауып, күйеу қылмақ ниетін білдіреді. Бірақ Таhир Зылихадан өзгеге мойын бұрмайды. Араға біраз уақыт салып әрқандай жолмен еліне қайтады. Жыршы адал да асқақ махаббатты жеріне жеткізе суреттеу үшін кейіпкердің ішкі қасиеттерін байқататын осындай ерекше тартысты оқиғалар кіріктіреді.
Таhир Бүйік Каримов жазып алған ертегілік нұсқада ғана өзін өзен жағасынан тауып алатын Рум патшасының қызына үйленеді. Бұл оқиға ертегі мәтінінде былай беріледі: Патша қызы Хадишаның ажар-көркі Зухрадан кем түспейді. Тіпті ол Зухрадан көріктірек көрінеді. Бірақ Таhир Зухраға берген уәдесін ұмытпайды. Жігіт жас әйелімен сөйлеспейді, төсекке бас қоймай тұрып, араларына өткір кездік тастайды. Тек үйленгендеріне қырық күн толғанда ғана әйеліне жаны ашыған Таhир онымен тілдесетін халге жетеді. Сөз жоқ, ертегіні айтушы адам осы оқиға арқылы Таhирдің сөзге беріктігін, махаббатқа адалдығын дәлелдемекші болады. Әрине, бұл мотивтің шығарма желісіне енуі тегін емес. Мұндағы көріністер туындыны шығарушының Низами, Әмір Хұсырау, Науаи жырлаған "Ләйлі-Мәжнүн" дастанымен жақсы таныс болғанын көрсетеді. Низами нұсқасындағы Ибн-Саламға тұрмысқа шыққан Ләйлінің күйеуіне ешқашан жар болмайтындығын айтып сес көрсететіні, Әмір Хұсраудағы Науфалдың қызы Хадишаға үйленген Мәжнүннің тойы тарқамай тұрып Надж тауына қашып кететіні, Науаидегі Мәжнүннің өзі үйленген қызын неке түні сүйген жігітіне қосатыны туралы эпизодтар әдебиет тарихын зерттеуші мамандарға бұрыннан мәлім.
Бұл сарынның Батыстың романтикалық әдебиетіне де ықпал-әсері болғаны анық. Тристан мен Изольда романында сүйгенінен ажырап қалған кейіпкер басқа Изольдаға, досының қарындасына атағы мен ажар-көркіне қызығып үйленеді. Бірақ шын сүйген ғашығына деген махаббаты жас әйеліне жарым деп қарауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге, бұл қиссаның негізгі айырмашылықтарына - сөздердегі, сөз тіркестеріндегі әрптердің, жалпы сөздің жаңсақ айтылуы. Соған мына үзіндіден мысал келтіруге болады. Таһир Зүһраға ғашық болып, сол ойын өлеңмен айтпақшы боп жүргенде түс көреді. Түсінде бір топ ит оны қаумалап алады. Таһир амалсыздан олардан қашып келе жатса, бір топ ит тек екі ғана итке айналады. Сол кезде бұл оянып кетеді. Ол түсін өз көңілмен жорып біледі. Бір дұшпан аңдыған-ау деп ойлайды. Зүһраға көрген тұсін айтып береді.
Енді осы үзіндіні салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
Бүгін бір түс көріппін,
Қайран болып тұрыппын.
Алтын сарай ішінде
Зар сәргардан жүріппін.
Зүһражанға барам деп,
Жолға қадам салыппын.
Иттер келіп қамалап,
Ғажиз болып қалыппын.
Иттер келіп қасыма,
Жан-жағымды қамалап,
Қас қылады басыма.
Қанша ұмтылып қарасам,
Бара алмадым һәр жаққа.
Екі ит хамлә қылады,
Бір жағымнан бір жаққа.

1976 жылғы басылым:
Бүгін бір түс көріппін,
Хайран болып тұрыппын.
Алтын сарай ішінде
Зар-сәргардан жүріппін.
Зүһражанға барам деп,
Жолға қадам салыппын
Иттер келіп қамалап,
Ғаріп болып қалыппын.
Иттер келіп қасыма,
Жан-жағымды қамалап,
Қас қылады басыма.
Қанша ұмтылып қарасам,
Бара алмадым һәр жаққа.
Екі ит жәмілә қылады,
Бір жағынан ыржақтап.
Салыстыру барысында осы үзіндінің өзінде де түпнұсқадағы сөздердің 1976 жылғы басылымда өзгеріске ұшырауымен қатар, логикалық жағынан үйлесімсіз өзгертілген өлең жолдарының бар екендігін көреміз. Мысалы, түпнұсқадағы Ғазиз болып қалыппын, екі ит хамлә қылды, Бір жағымнан бір жаққа деген жолдардан ғазиз деген сөзді ғаріп, хамләні жәмілә, бір жаққа сөзін ыржақтап деп өзгертілуі. Мұндағы ғазиз сөзі араб тілінен аударғанда - әлсіз, күйсіз деген сөзді білдірсе, ғаріп сөзі - мүсәпір, міскін деген мағынаны білдіреді [6, 70].
Бисмилла мен сөйлейін патша Құдай,
Бір ғасы пенделерге көп қой кінә-ай.
Қыл көпір қияметтің ой ерінде,
Болады заманымыз әлде қандай.
Екінші жәрдем берсін Пайғамбарым,
Шапағат қыл үмітіңнің һәммалары.
Ақылбек Сабалұғылы қисса жазсам,
Үшінші жәрдем қылғыл, шаһариарларым.
Төртінші жәрдем бергіл, жұмла әулие,
Соларды өткізбеді мынау дүния.
Бұл жалғанның һешкімге пайдасы жоқ,
Біреуден қалған малға біреу ие.
Не болам бір күндерде тіл байланса,
Алуға ажал өлім ыңғайланса.
Ақылбек қара сөзді өлең қылар,
Назымды жазамын деп ой ойланса, - деп дәстүр бойынша Алла Тағала мен пайғамбарларды жад етіп, жәрдем сұрайтын мадақ сөздерден басталып,
Ғылымды қуа бермей ғұмырым жойдым,
Кәусардың шарабына қашан тойдым.
Жамағат, қол көтеріп бір дүға қыл,
Ақылбек Сабалұғылы қолым қойдым, - деп аяқталған. Дастанның соңғы жағында Ақылбек Сабалұлы неше қисса бастырғанын айтады. Бұл ақын шығармашылығын зерттеушілерге өте қажетті мәлімет болып табылады.
1976 жылғы шығарманың көлемі - 2596 жол болса, 1994 жылғы басылымның өлең жолы - 2965. Екі мәтін де:
Ат қойған Ақылбек деп анам маған,
Құдая, не жақсылық қылам оған.
Таһир мен Зүһраны өлең қылсам,
Тыңдасын кіші інім, үлкен ағам, - басталып,
Ғылымды қуа бермей ғұмырым жойдым,
Кәусардың шарабына қашан тойдым.
Жамағат, қол көтеріп бір дұға қыл,
Ақылбек Сабал ұғылы қолым қойдым, - деп аяқталған. Бұл мәтіндердің басында Алла мен пайғамбарларға арналған төрт шумақ өлең түсіп қалған.
Сөйтіп, Таһир-Зуһра дастанының мәтіндерін салыстырғанда, кейінгі екі басылымның түпнұсқадан бірқатар өзгешелігі бар екенін анықтадық.
Түпнұсқа:
Заман әуелде бір патша болған екен,
Қазынасына қисапсыз малға толған екен.
Көп екен әскерлері заманында,
Сұлтандық, әділдікке болған бекем.
Елшілер дәрігерді алып келуші еді,
Патшаның пәрменіне көнуші еді.
Патша, мұны жесең балаң болар деп
Дауа қып патшаға беруші еді.
Қараса үстінде бар таза киім,
Жанында жоқ кітаптан басқа бұйым.
Һешкімге қарамастан жазу жазар,
Алдында қалам, сауат бәрі жиын.
Падишаһ ұмтылады ат секіртіп,
Қасына дәруіштің келді жетіп.
Алдында қалам сауыт, кітабың бар
Сұрады сіз кімсіз деп жауап айтып.
Дәруіш айтайын деп келді сөзге,
Құдайым ғылым берген көңілімізге.
Ғылымның көп рәмилін жақсы білем
Һәр түрлі өнерім бар мұнан басқа.

1976 жылғы басылым:
Бір патша ілгеріде болған екен,
Қисапсыз қазынасы толған екен.
Көп екен әскерлері заманында
Сұлтандық, әділдікке болған бекем.
Елшілер дәрігерді алып келуші еді,
Патшаның пәрманына көнуші еді.
Асылы, мынау шипа болар-ау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры
Қазақ тілінде тарихи хикая
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
Шахнаме және қазақ әдебиеті
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
Лиро - эпостық жырлар
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Пәндер