Етісті оқыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың мәселесі:
Зерттеу пәні:
Зерттеу объектісі:
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:

Оқулықта 6-сыныпта 3-тоқсан 7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары Морфология (Етістік, оның мағыналық түрлері. Етіс түрлері)
7-сыныпта 2-тоқсан 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық. Морфология ( (Етістіктің есімше, көсемше түрлері. Тұйық етістік)
Етісті оқыту
Бұдан бұрынғы өткен сабақтарда айтылған туынды етiстердiң жасалу жолдары еске түсірiлiп, етістіктен етiстiк жасайтын жұрнақтардың қызметiне баса көңіл аударылуға тиiс. Етiстiктен етістік жасалатын жұрнактардың қандай түрi болмасын, жалғанған етiстiк сөздерінің мағынасына өзгеріс енетіні салыстыру тәсілі арқылы түсіндіріледі. Мысалы: Әсет кiтап оқыды. Әсет кітап оқытты деген сөйлемдердегi iс-әрекет қимылдардың мағыналары өзара салыстырылады. Атап айтсақ: Әсет кiтап окыды дегендегi окы-ды етiстiгiнен кітапты Әсеттің өзi оқығаны айтылады. Әсет кітап оқытты дегендегі оқы-т-ты деген етістігінен кітапты Әсет өзі оқымай, басқа біреуге оқытқан ұғым туып тұрғаны түсіндіріледі. Оқыды, оқытты деген етістіктердің тұлғалық құрамында -т жұрнағының қосылу ерекшелігі бар. Осы -т жұрнағы қосылуы арқылы оқытты сөзінде істі аталған адам істемей, өзге басқа біреу арқылы істелетіндікті бiлдiретiн мағына үстелiп тұрғанына оқушылардың көзі жеткізіледі.
Сол сияқты Әсет қора тазалады дегендегі тазала-ды етістігінен қораны тазалаған Әсет екенi оқушылардың өздеріне айтқызылады. Әсет қора тазаласты деп сөйлемдегі қимылды тазаласты тұлғада айтсақ, алдыңғы сөйлем мағынасына қандай өзгеріс енді? деген сұрақ қою арқылы тазаласты сөзіне жалғанып тұрған -с жұрнағының үстелеп тұрған анықталады. Демек, Әсет қора тазаласты дегенде қораны тазалаған жалғыз Әсет қана емес, оған басқа адамдар да қатысқаны және Әсет солардың бiрi ғана болғаны аңғартылады. Мұндағы -с жұрнағы жалғанған (тазаласты) етістiкке iстiң иесi, істеуші бiр адам емес, бірнеше адам ортақтасып, бірлесіп істейтін мағына үстелiп тұрғаны айтылады.
Осылайша, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру әдістері арқылы етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар iстелетiн iс-әрекет пен iстеуші адамдардың арасындағы әр турлi қатынастарды білдіретінін нақтылаған соң, етіс категориясының қандай етiстiк екені, олардың түрі, жасалу жолы әрі карай рет-ретімен оқытыла береді.
Жоғарыда берілген мысалдарды жан-жақты талдап оқушыларға істеушi мен зат арасындағы қарым-қатынасты катынасты аныктағаннан кейін, іс-әрекет, қимыл мен істi iстеушiлердiң ара қатынасын білдіретін етістіктің түрі етiс деп аталатынын мұғалім өзі қорытады да, етiс категориясының өз iшiнде өздік eтic, өзгелік eтic, ырықсыз етiс, ортақ етiс болып бірнеше түрге бөлінетіні айтылады.
Өздік етiстi оқыту. Жоғарыда жалпы етiстiң неңдей қимыл атаулары екендiгi аңғарылса, кейінгі сабақтарда әрбiр етiстердiң бiлдiретiн мағынасы, жұрнактары меңгертіледі. Өздік етiстi өтуде де шағын, қысқа сөйлемдер ұсынып, олардан қимыл сөздерiн таптырып, олардың мағынасына, тұлғасына талдау жасалады. Мысалы: Әлия жуынды, Әсия таранды, Омар киiндi. Асқар ойланды деген сияқты жалаң сөйлемдердегі жуынды, таранды, киiндi, ойланды сөздерiндегi қимылдың кiмнен шығып, кiмге жұмсалғаны, кім істегені түсiндiрiледi. Бұл үшiн оқушылардың өздерiне ойландырып, жуынған кім? таранған кім? киінген кім? ойланған кім? деген сұрақтарға жауап алынады, екінші ретте, Әмір кімді киіндірді? Acқap кімді ойландырды? деген сұрақтарды қойып, бұлардың жауабы да оқушылардың өздерінен сұралады. Оқушылардың жауаптарынан жуынды, таранды, киінді, ойланды дегендерден іс-әрекет істеушінің өзінен шығып, өзі үшін істелетінін білдіретін етістіктердің түрі өздік етіс деп аталатынына қорытынды шығарылады.
Өздік етістің мағынасын түсiнген соң, оқушыларға сұран, жағын, киiн, оран, қаран деген сияқты туынды етістіктерді ұсынып, бұлар түбірге (сұра, жақ, ки, ора, қара) жалғанып тұрған жұрнақтарға (н, -ын, -ін) ажыратылып, жұрнақтардың үстемелеп тұрған мағынасы анықталып, бұл жұрнақтардың өздiк етiске тән қосымша екені айтылады. Мұнан соң өздік етiстiн -ы, -ын, -ін жұрнақтарының үнемі сабақты етістіктерге жалғанатыны және үндестік заңына байланысты түрленіп, осы үш вариантта қолданатыны ескертіледі.
Осылайша, өздік етіс әрі мағынасы, әрi жасалу жолы жағынан толық меңгерілген соң, мұғалім жеке етістіктер ұсынып, олардан өздік етіс жасауына немесе өздеріне мысал ойландыруна, немесе сөйлемдер талдатып, құрамынан қимыл атаулы сөздерге өтiлген материалдарды кірістіре ізденic жасатып, ойландыру арқылы түрлі творчестволық жұмыс iстетуге болады.
Өзгелік етiстi окыту. Өздік етiстi меңгерткеннен кейінгі сабақтан соң өзгелік етiстi түсiндiру онша қиынға туспейді. Өзгелік етiсте орындаушы да, iстелетiн зат (обьект) та, қимылдың қайда жұмсалғаны нақты көрініп тұрады. Сондықтан өзгелік етiстiң бiрден ережесiн айтып, одан кейін мысал келтiрiп дәлелдеуге болады. Керісінше, тақтаға сөйлемдер жаздырып, ондағы іс пен орындаушының арақатынасын анықтап, соңынан жасалу жолын әңгiме етуге болады.
Өзгелік етісте қимыл-амалды iстеушi бiреу болады да, ал қимылды орындаушы басқа бiреу болатындығына оқушылардың көзін жеткiзу қажет. Мысалы: Марат сурет салдырды. Мұғалім диктант жаздырды деген сөйлемдердегi салдырды, жаздырды дегендерді Марат пен мұғалім істеген емес, бұлар суретті салатын, диктантты жазатын басқа біреулерге орындатушы екені, ал суреттi салған, диктантты жазған Mapaт, мұғалімнен басқа өзге біреулер екенi түсiндiрiледi. Бұл жерде де сурет салған кім? диктант жазған кім? деген сұрақтар қойып, жауабын оқушыларға айттыру керек.
Сөйтіп, өзгелік етiстер қимылдың басқа біреу арқылы істелетін қарым-қатынасын білдіреді. Ендігі жерде өзгелік етiстiң жұрнақтары сөз болады. Өзгелік етістер негізгі түбір етiстiктерге үш түрлi жұрнақ жалғану аркылы жасалатыны түсiндiрiледi.
Өзгелік етiс жұрнақтарының басқа етiстерге қарағанда өзіне тән ерекшелiгi - бұлардың жұрнақтарының бiр сөзге үстемеленіп, бірнеше рет өзгелік етіс жасалатынында. Мысалы: оқыт-қыз-дыр, айт-тыр-ғыз пiсiрт-кiз деген сөздерді ұсынып, олардың құрамында өзгелік етіс жұрнақтарының бірнеше жұрнақтары бірінен соң бiрi жалғанылып тұрғаны көрсетіледі. Атап айтсақ: оқытқыздырт дегеннің түбір сөзі оқы және -т-қыз-дыр-т деген өзгелік етіс жұрнағы жалғанып тұрғаны сөз болады. Өзгелік етіс жұрнақтары қанша үстемеленіп жалғанса да, қимыл-амалды бiреу істейтін мағыналық өзгерістері сол күйінде сақталады.
Ырықсыз етiсті оқыту. Өздік, өзгелік етістерді өткеннен кейін ырықсыз етісті түсіндіру онша қиындыққа түспейді. Себебі оқушылар өздік етістікте істің өзі үшін, өзгелік етiсте iстi басқа біреу істейтінін біледі. Сондықтан оларға Арба жегiлдi, орындық қойылды, киiм ілінді, ақша төлендi деген жалаң сөйлемдердегі жегiлдi, қойылды, ілiндi, төленді деген iс-әрекеттердің істеуші иелерін таптыру керек. Ол үшін: арбаны жеккен кiм? орындықты қойған кiм? киiмдi iлген кім? ақшаны төлеген кім? деген сұрақтарды қойып, іс-әрекетті iстейтiн адам айтылмайтыны оқушыларға түсiндiрiледi. Жегiлдi, қойылды, ілiндi, төлендi деген қимылдардың өзінен-өзі адамнан тыс істелгендей болып көрінетiнi айтылады. Арба өзінен-өзі жегілген, орындық та өз-өзiнен қойылған сияқты болып танылатын етiстiктердiң ырықсыз етіс деп аталатыны мысалдар арқылы түсiндiрiледi. Ырықсыз етiстер сабақты етiстiктepге -л, (-ыл, -іл) және -н, -ын, -iн жұрнақтарын жалғау арқылы жасалатыны өздік, өзгелік етiстердiң жұрнақтарын түсіндіру жолымен iске асырылады. Шақыр, оқы, төсе, бер, қой деген етістіктерді тақтаға жазып, бұлардың негізгі түбірлі сабақты етістіктер екені анықталған сон, бұлардан ырықсыз етiстiк жасау міндеттеледі. Шақырыл, оқыл, төсел, берiл деген ырықсыз етіс жасалып, бұлардың сөйлем ішінде қолдануына мысал ойландырылады. Мысалы: Жиналыс шақырылды. Кітап оқылды. Көрпе төселді. Серт берілді.
Ырықсыз етістің -н (-ын, -ін) жұрнағы өздік етістің жұрнағымен тұлғалас болып келеді. Бұларды өзара шатастырып алмау үшін үстемелеп тұратын мағынасына қарау негiзгi шарт болғанмен оқушылар оларды шатастырмау үшін мынадай жайтты есте сақтаулары керек. Егер етістік негізгі, -л, -ла дыбысына бітсе, оған ырықсыз жұрнағы әрқашан -н (-ын, -ін) болып жалғанатын заңдылықты ұмытпаған жөн. Мысалы: ал-ын, сал-ын, бөл-ін, сөйле-н, ойла-н т.б
Ортақ етісті оқыту. Ортақ етісті түсіндіру жеңілірек, оның себебі бұған дейін оқушылар жалпы етіс категориясының білдіретін обьектiсiне қанык. Сондықтан ортақ етісті бірден сөз тиегі етпей, өткенді қайталау, оларға жаттығу жүргізу барысында ортақ етістің обьектiсi бар сөйлемдер ұсынып, ондағы ортақ етiстiң өздік, өзгелік, ырықсыз етістерден өзіндік ерекшелігін салыстыра сөз етiп, талдаудан ереже шығаруға болады. Ортақ етісте iстеуші біреу емес, бірнешеу болатынын айтып, қимылдың ортақтасып іске асырылатыны аңғартылады. Біз құдық казыстық. Ол қар күресті. Сендер жидек терiсiңдер деген сияқты сөйлемдер ұсынып олардағы қазыстық, күресті, терiсiңдер деген қимылды орындаушылар бір адам емес, бірнешеу екендiгiн, демек, iстi көп адам ортақтасып істегендерi түсіндіріледі. Ортақ етiс мағыналары аныкталған соң, оның (-ыс, -іс) жұрнағы сөз болуға тиiс. Бұл жұрнактың етiстiк сөздерге жалғанып, ортақ етіс жасайтыны сұрас, сойыс, жазыс, терiс, берiс деген сөздерді құрамына ажырату арқылы түсiндiрiледi.
Ортақ eтicтiң (-с, -ыс, -iс) жұрнағын түсiндiруде, бұл жұрнактың зат есiмнiң -с (-ыс, -ic) жұрнағымен тұлғалас келетін омонимдік жұрнақ екенiне де түсінік берілуі қажет. Мысалы: Ақындар айтысқа шықты. Ақындар айтысты деген сөйлемдегі айтыска, айтысты деген екi сөзге талдау жасалынады. Айтысқа дегеннің түбірi - айт етістігі, оған жалғанып тұрған-ыс қосымшасы -зат есiмнiң жұрнағы, -ты - табыс септігі, сұрағы неге? демек, бұл жердегi -ыс зат есімнің көрсеткіші болып тұр. Ақындар айтысты дегендегі айтысты сөзі қайтті? деген сұраққа жауап беріп тұрған етістік, түбірі айт сөзі, -ыс - ортақ етiстiң жұрнағы -ты қимылдың қай кезде болғанын білдіретін өткен шақ көрсеткіші екендігі айтылып, -с, -ыс, -іс жұрнақтарының омонимдік мағынада, омонимдік тұлғада қолданыла беретіні ескертiледi.
Етіс категориялардың барлығына бірдей қатысты етiстiктердiң болымсыз түрде жұмсалатынын ескеріп, етiстердi болымсыз түрлерге айналдырып отыруды да естен шығармау керек. Етiстердiң бәріне де болымсыз етістіктің -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғана береді. Мысалы: таранба, көрінбе, айтыспа, бepiспe, кергізбе, жанғызба, айттырма, киiндiрме, көшiрме, білдірме дегендер құрамына талдаттырып, олардан етіс, болымсыз жұрнақтары таптырылады.
Етiс жұрнақтары істеуші мен қимыл аралығындағы қатысты білдірумен қатар, сабақтыны салт етiстiкке, керiсiнше, салт етістікті сабақты етістікке айналдырып тұратын ерекшелігі де сөз болып, түрлі мысалдармен дәлелденіледі. Сендiр, тойдыр, өсiр, түсіp дегендегі - етiс жұрнақтары (-дыр, -дiр) салт етістіктерді сабақты етістіктерге айналдырып тұрғаны айтылады. Сол сияқты жазыл, бiлiн, қарал дегендердегi етiс жұрнақтары (ыл, -ін, -іл) сабақты етiстiктерді салт етістіктерге айналдырылып тұрғаны түсіндіріледі.
Eric категориясының ерекшеліктерін жеке-жеке саралап түсiндiргеннен кейін, етiстен өткенді қайталау сабақтарында етiстiң белгiлерiн жинақтап, қорытуда мынадай таблица көрнекілігін пайдалануға болады.
Етіс түрлері
Етіс жасайтын жұрнақтар
Мысалдар
Өздік етіс
-н, -ын, -ін
таран, жуын көрін
Өзгелік етіс
-дыр, -дір, -тыр, -тір, -т -ыр, -ір, -ғыз -гіз, -қыз, -кіз
қыздыр, білдір, қақтыр тестір, ойнат, қашыр, өшір, жазғыз кіргіз, айтқыз, сөккіз
Ырықсыз етіс
-л, -ыл, -іл, -н, -ын, -ін
қинал, жазыл, тесіл, төлен, алын, ілін
Ортақ етіс
-с, -ыс, -іс
санас, қағыс, төгіс

Етiс жұрнақтарын қызыл түспен жазу керек болады.
Етiс категорияларын өтуде оқушының жас ерекшелігіне байланысты, оқушының тілін дамытып, ойын кеңейту мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Әдеби аударма
Ырықсыз етістің түрлері мен оларды аудару әдістерін зерттеу
Ырықсыз етістіктің аудармасы
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Герундийдің көркем әдебиетте қолданылу ерекшеліктері және аударылу жолдары
Функционалды грамматика
Ырықсыз етістің топтастырылуы
Етістік туралы түсінік
Пәндер