Сезімтал жүйке үштарын тітіркендіретін заттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
Ветеринарлық клниникалық ғылымдары жоғары мектебі

Реферат
Тақырыбы: Сезімтал жүйке үштарын тітіркендіретін заттар

Орындаған: Муканова Г.
Тексерген:а о Нуржанова Ф.Х

Орал 2021 жыл
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1.Аммиак және оның туындылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.2 Терпендер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.3 Эфир майлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
0.4 Құстыратын және қақырық түсіретін дәрілік заттар ... ... ... ... ... ...11
2.5 Тәтті заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.6 Ашқылтым заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.7 Өсімдіктерден алынатын іш өткізгіш дәрілік заттар ... ... ... ... ... ... ... .
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16 IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

1.Витаминді препараттар Организмнің дамуына және оның бірқалыпты қызметінде витаминдердің зор маңызы бар. Олардың біреуі дұрыс ӛсуге қажет, екіншісі жыныс қызметін арттырады, үшіншісі қандайда болсын аурулардың алдын алады. Қазіргі кезде витаминдар А,В,С,Д,Е,К деген латин әріптерімен белгіленеді. Олар таза күйінде немесе препараттар түрінде қолданылады. Олар суда және майда еритін витаминдер болып бӛлінеді.
Витаминдер (лат. Vita - өмір және aminum - аминдер) адам және жануарлар организмінің ӛмір сүруін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттар. Алғашында витамиңдік препараттар олардың биологиялық маңыздылығына байланысты ғана аталған болатын. Алайда әртүрлі тәжірибелер қою арқылы витаминдік препараттардың жекелеген аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге де зор маңызы бар екендігі анықталды. Қазіргі кезде витаминдік препараттардың (заттардың) тӛрт тобы белгілі: азыктық заттардагы витаминдер, таза витаминдер (ӛсімдіктерден бӛлініп алынған), әртүрлі микроорганизмдерден бӛлінетін витаминдер және жасанды жолмен алынған витаминдер тобы.
Мал азығында табиғи витаминдер аз ғана мӛлшерде және бос немесе байланысқан күйінде кездеседі. Сондықтан да олар ӛте баяу әрі ұзақ уақыт сіңіріліп, организмдегі биохимиялық кұбылыстардың қалыпты жағдайда жүруін қамтамасыз етеді. Таза витаминдер ӛсімдіктерден бӛлініп алынатындықтан олардың организмдегі фармакодинамикасын толық зерттеуте, әрі оларды дәл мелшерлеуге болады. Кейбір микроорганизмдер жануарлар организмі үшін ӛте құнды витаминдік заттар бӛліп шығаратындығы белгілі.
Витаминдерді биологиялық жолмен алудағы жеткен табыстар қанша зор болғанымен қазіргі кездегі ең маңыздысы оларды жасанды жолмен алу болып табылады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген витаминдік препараттардың басым кӛпшілігі жасанды жолмен алынғандар. Жасанды жолмен алу витамин құрамын немесе әсерін қажетінше ӛзгертуге мүмкіндік береді. Олардың құндылығы медицина және мал шаруашылығына қажетгі жағдайларды толығымен қамтамасыз етуінде болып табылады.
Қазіргі кезде витаминдік препараттардың дәл химиялық классификациясы жасалынған - олар: алифатты, ациклді, ароматты және гетероциклдік қосылыстар түзеді. Қазіргі кезеңде витаминдік препараттардың жануар организміне әсері айтарлықтай дәрежеде тексеріліп, жаңарған препараттармен толықтырылуда (кормовит Е-25, капсудит Е-25, гранувит Е, комбинол Е, тривит А, Д, Е, тетравит, солмивит, авотан, фосфотиамин, аквитал, виказол, линетол және т.б.). Витаминдер тікелей немесе жанамалай болса да организмдегі барлық биохимиялық құбылыстарға қатысады. Кейбір витаминдер организмге қажетті заттарды түзуге, ал кейбіреулері энергетикалық заттар есебінде қажет. Витаминдік препараттар тотығутотықсыздану; карбоксилдену, декарбоксилдену, амин қышқыл- дарының түзілуіне, т.б. биологиялық құбылыстарға қатысады. Витаминдік заттардың ферменттік құбылыстардағы маңызы ӛте зор. Витаминдер ӛздігінен ферменттік жүйелер құрамына кірмейді, алайда, олар ферменттік құбылыстарға кофермент түрінде қатысады. Барлық мал аурулары кезінде, тіптен патологиялық құбылыстың субклиникалық түрінде де витаминдер метаболизмі әртүрлі дәрежеде бұзылады. Витаминдік препараттар тек қана зат алмасудың бұзылуын емдеу және алдын алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жұқпалы және инвазиялық ауруларда, хирургия патологиясында кеңінен қолданылады. Себебі витаминдік препараттар зат алмасу құбылыстарын қалыпқа келтіру немесе оларды күшейту арқылы организмнің жалпы резистенттілігін жоғарылатыды. Кӛптеген витаминдік препараттар аз мӛлшерлерде жануарлар организмінің жалпы қорғаныс механизмдерін күшейтеді. Сондықтан да әртүрлі жұклалы аурулар кезінде ең алдымен азық құрамындағы витаминдердің мӛлшерін қалыпты деңгейге жеткізу керек, сонан соң әр түрлі дәрілік заттар қолданылады: мысалы, тиамин асқазан қызметін жақсартады, цианкобалмин гемопоэзді, аскорбин қышқылы фагоцитозды күшейтеді т.б. Витаминдік препараттардың барлық биохимиялық рекацияларға қатынасатынын ескере отырып оларды ӛсу, даму, ӛнімділік пен резистенттілікті күшейту мақсатында тағайындайды. Витаминдік препараттардың кӛмегімен әртүрлі гиповитаминоздар, жүйке және ас қорыту, жүрек қан-тамырлары, тыныс алу, жыныс, қан жүйелері ауруларының алдын алу немесе емдеу үшін қолданады. Витаминдік препараттардың әсері белгілі бір жағдайларда ғана әсер етеді. Организмді физиологиялық тепе-тендікте ұстау үшін оларды ете тӛмен мӛлшерде тағайындайды, ал бірақ берілу аралығын белгілі бір мерзімге ұлғайтады. Витаминдік препараттардың емдік тиімділігі оларды басқа да емдік заттармен бірге тағайындағанда күшейе түседі. Әдетте, бұл мақсатта антибиотиктер, антиоксиданттар, электролиттер қолданылады. Дұрыс қолданылмаған жағдайда мұндай әсер зиянын тигізуі мүмкін.

Витамин - А ның препараттары. Бұл витамин (аксерофтол) майда еріп, суда ерімейді. Ол организмнің дұрыс дамып жетілуіне және ӛсуіне қажет: ұрықтануға ӛсіп-ӛнуге жәрдемдеседі, организмнің инфекцияға қарсылығын арттырады, сәуле және түсті сезуге, тері мен кілегей қабықтың дұрыс қызметін істеуіне керек. Ол балық майында, сарымайда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, қызыл сәбізде, кӛк шӛпте, жақсы пішенде, сүрленген азықта болады. Ӛсімдіктерде оның ӛзі тектес коратин деп аталатын витамин кездеседі.
Витамин-А препараттарының белгілері: балық майы (витамин Д-ны қара), каротин, каротон, каротол, витадерм. Каротол-Carotolum, кристалл каротиннің тазаланған (рафинирован) майда ерітілген 0,1 % ерітіндісі. Әрбір ампулада 0,001 каротин болады. Тері астына жіберуге тағайындалады. Каротон-Carotonum. Кӛзге немесе мұрынға күніне бірнеше рет тамызатын тамшы есебінде сыртқа қолданылатын каротиннің суколлоидтық ерітіндісі. Оны 1 грамдық ампула немесе 5 мл шишадан тағайындайды.
Витадерм-Vitadermum, каротиннің майлы ерітіндісі, бетанфтол және эвколиптық май қосылған парафинның сүртпе майы. Сыртқа қолданады: қолдану алдында 5-6 минут 100° ке дейін қыздырады. Балқыған майда мақтадан жасалған кішкентай ормалмен немесе дәкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаптаушы, қармаушы, тітіркендіруші және сіңіруші заттар.
Іш өткізгіштер маңызы
Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар
Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Препараттың токсикалық әсері
Ішті айдайтын дәрілер
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Күн радиациясы. Күн радиациясының адам ағзасына әсері
Гомеопатиялық препараттарды дайындау әдістері
Жергілікті жансыздандыратын анестезия
Пәндер