Ежелгі мәдениет пен өркениет


Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет
Тілдер және менеджмент факультеті
«Филология мәдениет және
оқыту әдістемесі» кафедрасы»
«Әлеуметтік-саяси білім модулі (мәдениет) » пәнінен
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы:«Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер»
Орындаған КЯЛ-111 топ студенті Нұғманова Ә. Т
Тексерген:аға оқытушысы, магистр Шуренбаева Э. А
Орал қаласы 2022
Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Жоспар:
1. Ежелгі адамдардың дүниетанымы. Миф және оның ежелгі адамдар өміріндегі ролі.
2. Ежелгі Мысыр мәдениеті.
3. Ежелгі Үнді мәдениеті: оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.
4. Адамзат өркениеті тарихындағы Ежелгі Қытай мәдениетінің орны.
Рефераттың мақсаты: Ежелгі Шығыс елдеріндегі мәдени даму мен адамзат өркениетінің өзіндік ерекшеліктері жөнінде нақты деректермен таныстыру.
Рефераттың мазмұны: Ежелгі миф - аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық (рәміздік) мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. «Мифология, - деп жазады А. Қасымжанов, - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар». Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф дегеніміз - ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенімде емес. Ол - сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның тарихы (уақыты) . Мифтік уақыт туралы сөз қозғағанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. Ұжымдық тәжірибе мен әдет - ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт, ал бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, осыған байланысты теориялық танымның өркендеуіне алып келеді. Бұдан біз, мифтік таным уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігіне көз жеткіземіз. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) сыйлаған соң, мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспананы көмескі сана мен архетиптік жадыдан табады.
Мифология - адамның өзін таныту құралы, адамның шығармашылық қабілеттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі.
Көне Египет жер шарында тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық - билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («ра» күн деген мағына береді. Ол - құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымына қосылып айтылады) алтын нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну - перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай-патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі - құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән - салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек, қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш - «Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы - көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.
Б. з. б. ІІІ - ІІ ғ. құдай - патшаларға арналған құрылыстар тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу - халық қайыршылығының басты себепкері болды.
Бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы - перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі - осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі - Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан - ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі - 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. Пирамидалардың өте биік етіп салынуы - өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан ар-тықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Ең құдіретті құдай, яғни «құдайлардың құдайы» - Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға-өлім құдайы «Оси-рис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі - Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат - шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б. з. б. 1419-1400 жж. ) шықты. Оның басты мақсаты - бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай деп «Атон» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын ІУ Аменхотон өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп өзгертіп Египеттің астанасын «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетонон қаласына көшірді.
«Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы - баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұқият жасырылған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс - ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын.
Египет мәдениеті - сан-салалы мәдениет. Солардың бірі - біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар - құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Иероглифтер - көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған) .
Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болады. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар - су мен күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында
тамаша табыстарға жетті.
Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иеленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б. з. б. 332 ж. македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің (б. з. б. 356-323 жж. ) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады, ол Шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің» бірі - атақты Александрия шырағы салынды.
Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі - ежелгі Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп оларға, еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп саналады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып "өмір үшін өмір сүруге" үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салтық әтиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда б. з. б. екінші ғасырдан бастап -ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар: адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи) .
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді. "Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен баяндап тұрмын". Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты.
Даосизм адамзатты бірлікке шақырады. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпқтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр.
Даосизм негізін қалаушы - Лао-Цзы өз заманында, "кәрі дана" деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б. з. б. VI ғасырда қалыптаса бастаған.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы-Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б. з. б. 551 ж. Шамасында өмірге келген.
Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бұл-қағида оның этикалық әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.
Қытай елі, Қытай мәдениеті. Қытай - әсем де, нәзік гүлдер мен құстардың, шөптер мен жәндіктердің отаны. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай қағида келген: «Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне жылылығы жоқ адам-хайуан». Көне заманның ақын-жазушылары өздерінің құпия сырларын тек гүлдермен ғана бөлісетін болған. Атақты қытай суретшісі Ци-Бай-шидің өзінің шәкіртіне арнап салған «Сырласу» атты суреті. Жан тебірентерлік бұл табиғи көрініс екі гүлдің бір-бірімен сырласуы, шын жүректен шыққан сұхбаты іспеттес.
Үндістан - адамзат баласының ең көне мәдениет ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар.
Б. з. б. бірмыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің дамуы қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б. з. б IV- II ғ. ) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді.
Қушан дәуірінде (б. з. I-III ғ. ) үнді мәдениеті өз дамуында жаңа арнаға түсіп, өзіндік сипатқа ие болды. Қушан империясы ұлан байтақ империяны: Солтүстік Үндістанды, Орта Азияның бір бөлігін, қазіргі Ауғанстан мен Пәкістан жерлерін алып жатты. Бұл үлкен саяси одаққа қоғамдық - саяси, мәдени дамуы жағынан әркелкі және түрлі діндегі толып жатқан халықтар мен тайпалар кірді. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты Қушан мемлекеті бұл елдердің арасындағы біртұтас жүйені саяси салада ғана емес, мәдени өмірде де орнықтыруға барынша күш салды.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі - Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді бүдда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үндінің атақты жазушысы Рабиндарант Тагор ведалық гимндерді "Халықтың қуаныш - шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поәтикалық куәгері" деп өте жоғары бағалаған болатын. "Жаратушы өні" гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: "Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды".
Шамамен, б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишаттар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Үнді-будда мәдениетінде тән қасиет дін мен философияның тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: "Үнді мәдениеті-жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де, көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар-діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады".
"Веданта" брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz