ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУІНІҢ ТАРИХИ ҚЫРЛАРЫ


I ТАРАУ. ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУІНІҢ ТАРИХИ ҚЫРЛАРЫ
Кофехана - мейрамханамен салыстырғанда, шектеулі өнім ассортиментін ұсына отырып, тұтынушылардың тамақтануы мен демалуын ұйымдастырастын кәсіпорын. Олар фирманың өзіне тән және тапсырыспен әзірленетін тағамдар мен сусындарды сатады.
Кофехана индрустриясы орындары қоғам айнасында өзгеше елеулі орын алып, кез келген ел үшін зор экономикалық рөл атқарады, өйткені ол халықты тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көп жұмыс орнын құрып, халықты жұмыспен қамтиды, көп адамдардың балалрымен, достарымен және т. б адамдармен демалуға жұмсай алатын уақытын тамақ әзірлеуден бостып, халықтың өмір сүру сапасын да арттырады. Кофехана өзара үш функцияны атқарады: дайын өнімді өндіру, оны сату және тұтынуды ұйымдастыру. Қазіргі уақытта кофехана индустриясы белсенді дамып келеді: мекемелердің саны көбейіп, қызмет көрсету сапасы көтеріліп асуда. Кофехананың бірнеше түбірлі міндеттері бар: халықтың сұранысын қамтамасыз ету, өндірілетін өнімнің сапасын, қызмет көрсетудің мәдениетін арттыру. Кофехана мекемесін ашу дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мекеменің көлеміне қарамастан, әрқашан пайдалы инвестиция болып қала береді.
- КОФЕХАНА НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЭВО ЛЮЦИЯСЫ
Тамақтандыру индрустриясы мен ресторан ісін ұйымдастыру, кофеханалар тарихы өзінің тамырларын ғасырлардың терең қойнауынан, Ертедегі Грекия, Рим, Мысыр және басқа да елдердің дамуы дәуірлерінен алады. «Ертедегі алғашқы тамақтандыру кәсіпорындары, негізінен, саяхатшылар үшін пайда болған. Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының бірте-бірте дамуы үдерісін қарай отырып, Н. Н. Кабушкин мен Г. А. Бондаренко (2002 ж. ) тарихи тұрғыда адамзат қоғамының дамуы кезеңдеріне сай келетін кезеңдерді ажыратады: 1) Ерте кезең (б. з. д. IV мыңжылдық - б. з. 476 жылы) ; 2) Ортағасыр (б. з. V-XV ғасырлары) ; 3) Жаңа заман (XVI ғасыр - XX ғасырдың басы) ; 4) Қазіргі кезең. Кезеңдерге бөлу - тамақтандыру кәсіпорындарының тарихи тұрғыда дамуы мен бірте-бірте өркендеуі бойынша орасан мол материалдарды игеріп, бір жүйеге келтіру үшін қолайлы амал.
Ерте кезең (б. з. д. IV мыңжылдық - б. з. 476 жылы) . Қонақтарға арналған алғашқы кәсіпорындардың - қазіргі заманғы қонақүйлер мен ресторандардың түп-үлгісінің пайда болуы ерте кезеңге жатады. Қонақжайлылық индустриясының алғашқы кәсіпорындарндары - таверналар туралы мағлұматтарды ғалымдар антика дәуіріне жатқызатын манускриптерден - көне заманғы қолжазбалардан табуға болады. Ондай құжаттардың арасында Бабыл патшасы Хаммурапи (шамамен б. з. д. 1700 жыл) кодексі бар. Оның мағлұматтары бойынша, таверналардың атақ-даңқы күмәнді, ал олардың сол кездегі мазмұны ұсынатын тағам өнімдерінің сапасы тұрғысынан да, саясат тұрғысынан да тым қауіпті іс болғанын байқау қиын емес. Ертедегі Парсыда Ерте Рим таверналары мен түнеме орындары ретінде қызмет көрсететін корчма деп аталатын шағын қонақүйлердің, мейманханалардың, яғни жолаушылар тоқтайтын үйлер мен керуен сарайларының қызметтері және қонақжайлылығы деңгейі, әрине, Еуропадағы деңгейден әлдеқайда жоғары болған себебі әлемнің осы өңірінде сауда-саттықтың кең де қарқынды дамуынан туған.
Ертедегі Грекияда, б. з. д. І мыңжылдықта, таверналар әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементі болған-ды. Таверналарға келушілер, негізінен, ер адамдар болатын, ал әйелдерге ән салып, би билеп, қонақтардың көңілін аулауға ғана рұқсат берілетін. » [12] Уварова
Алайда қонақжайлылық индрустриясының тарихи бастауы үлкен дәрежеде Ерте Риммен байланыстырылады, ал бастапқы тамақтандыру кәсіпорындарының бірін білдірген «таверна» сөзінің өзі итальан тілінің «taverna» немесе латынның «taberna» сөздерінен шыққан, аударғанда, - «лашық», екінші маіғынасы «шағын мейрамхана (кофехана) », «трактир» дегенді білдіреді.
«Рим империясы тұсында барлық дерлік негізгі жолдардың бойында орын тепкен мейманханалар мен таверналардың саны он мыңға жуықтайтын. Ол жылдары жоғары қоғам өкілдері қоғамдық моншаларда демалғанды ұнататын. Моншалардағы керемет тамақтану бөлмелерінде көп адамға арналып ұйымдастырылатын банкеттердің кең ауқымда өткізілетіні соншалық, кейде үкімет римдіктердің тамақ пен ішімдікке орасан көп шығындарын шектейтін заң қабылдауға мәжбүр болатын кездері аз болмаған. Тарихта алғаш рет «іскер адамның түскі асы» идеясы б. з. д. 40 жылдардың өзінде-ақ ескекті кеме тоқтайтын жағажайда, үйлерінде тамақтана алмаған маклерлердің тамақтануын ұйымдастырған Рим трактиршісі Секвий Локатқа тиесілі екені - өте қызықты факт. Ол кезде аспазшылардың көптеген азаматтық құқықтары, оның ішінде: армияда қызмет ету, біреуге қарсы сотта іс қозғау, ант беру және басқа да құқықтары болмаған-ды. Алайда олар өздерін дегдар топ өкілдері санап, бір-бірлерін жоғары атақтармен марапаттап жататын. Адриан императордың билігі тұсында (б. з. 117-138 жылдары) Римнің бас аспаздары Палатин төбесінде өздерінің меншікті Кулинария өнері академиясын құрған-тын.
Рим империясы б. з. 476 жылы құлаған соң, қонақжайлылық кәсіпорындарының дамуында жаңа кезең басталды.
Меймандостық кәсіпорындарының пайда болуында Таяу Шығыста, Азия мен Кавказ өңірінде сауда-саттық байланыстарының дамуы үлкен рөл атқарды. Осы өңірлердің аумағында ірі сауда жолдары өтіп, солардың бойымен тауар тасыған керуендердің ұзыннан-ұзақ ағындары арлы-берлі ағылып жататын. Ұлы Жібек жолы бойымен Орталық Азиядан көптеген тауарлармен (жібек мата, асыл бұйымдар мен тастар, кілемдер және тағы басқалары) бірге экзотикалық жемістер - қарбыздар мен алқоры, сондай-ақ құйрықты қойлар тасылатын. Қытайдан керуендер фарфор мен металл ыдыстар, шай мен күріш таситын. Керуендерге қатысушылардың түнеме орындарын ұйымдастыру үшін, сауда-саттық жолдарының бойында құрылатын арнаулы орналастыру бекеттері - керуен сарайларында , әдетте, адамдарға - тұрақжайлар, ал түйелер мен аттар үшін қоралар жасалатын. Олар сырт жағынан табиғат апаттарынан (дауыл, жауын-шашын, бұрқасын), сондай-ақ тонаушылар мен қарақшылардан қорғайтын қамал-қабырғамен қоршалатын. Шығыста қоғамдық тамақтандыру бекеттері келушілерді шатыр, киіз үй, керуен сарайы, шағын мейманхана, шайхана түрінде қабылдайтын. Негізінен, ондай бекеттер базарларда және сапаршылар түнемеге тоқтайтын орындарда немесе көлік жолдарына жақын жерлерде ұйымдастырылатын. Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолының да керуен жолдары өткені осы жерлерде де тамақтандырудың соған ұқсас бекеттері болған деп санауға негіз береді.
Қазіргі таңда кейбір зерттеулер Қытайда Тан әулеті билік құрған тұста ( 618-906 жылдар) да ресторандар болғанын және нақ осы қытайлықтар ресторандарды қазіргі бар түрінде ойлап тапқанын дәлелдеп отыр. Олардың ойынша, әлемдегі ең көне кофехана - ол 1153 жылы Кайфынь қаласында ашылған «Бакит Чикен Хаус». Ал Қытайдың Сун әулеті билеген кездегі мәдени, саяси және экономикалық орталық саналатын Ханчжоу қаласындағы жекелеген ресторандар - сол алыс замандарда-ақ қандай да бір нақты тағам дайындауға маманданған болып шықты.
Ортағасыр (б. з. V-XV ғасырлары) . Рим империясы күйреп (б. з. I ғасыры), аласапыран уақыт кезеңінің орын алуымен қатар, түнеме орындары мен таверналар азып-тозып, құлдырады. Содан кейін 400 жыл өткен соң ғана, кеш Ортағасыр кезеңінде ( 500-1300 жылдар) сауда-саттық пен саяхаттардың қайта жандануы басталды. Тоқтайтын бекеттер мен таверналар бұрынғыша жолдардың бойында орналасқандықтан, саны көп қажылыққа барушылар және орта тап өкілдері - саудагерлер мен егіншілер легі ағылатын болды. Колумб - Американы, ал Васко да Гама Африка айналасында Азияға жол ашқанға дейін, қатардағы еуропалықтың тамақ мәзірі өте қарапайым: тұздалған қырыққабат, нан, ет, шарап, жемістер, сусындар ғана болған. Бұл тамақ әзірлеу үдерісін стандартты және қарапайым етіп, қоғамдық тамақтандыру ісінің жаппай дамуына себеп болды.
Орта ғасырларда адамдар көбірек саяхаттайтын болғандықтан, тиісінше жол бойындағы тоқтайтын үйлердің саны да артқан: оларда әркім өзімен бірге алып шыққан тамақтарын жейді немесе үй иесінен жейтін бірдеңе сатып алады. Әдетте, келушілер нан мен ет, кейде балық немесе тауық етін жеп, артынан сыра ішеді. Ауқатты адамдарға асханада немесе бөлмесінде қызмет көрсетіледі. Кедейлер көбінесе тоқтаған үйдің қожайынымен, оның отбасымен бірге біра лық көме қал екін дан асүйде тамақтанады. Оларға таңдау құқынсыз, қарапайым, бірақ арзан бағамен тамақ беріледі. Француздар ондай қызмет түрін table d'hôte (табль д'от), яғни «қожайынның үстелі» деп атайды. Ауқатты қонақтар үй қожайынында бар тағам түрлерінен өздеріне, француздар айтатындай, арнайы à la carte (а ля карт) тамақтарға тапсырыс беріп, асүйге де кіріп, тамақтың дұрыс дайындалғанын қадағалай алады. Қонақтың көңілінен шығу үшін, үй иесі, әдетте, осы өңір мақтаныш ететін жергілікті өзгеше тағам ұсынады.
Ортағасырдың ерекшелігі - король мен беделді адамдардың қамалдарындағы жүздеген адамға қызмет көрсететін салтанаттар: ол кезде мәртебелері әртүрлі қонақтарға арналған бір ғана таңертеңгі ас кемінде он түрлі тамақ түрінен тұратын болған. Асүйге арналған бөлмелердің санитарлық жағдайы ол кезде, әрине, ең жақсы талаптардан әлдеқайда төмен болатын.
Қонақ қабылдау кәсіпорындарының ортағасырлық кезеңдегі ең озық бағыты алғашқы кәсіпқой қауымдастықтар құру болды. Мысалы, 1282 жылы Флоренция қаласының трактирщиктері Италияда өздерінің меншікті гильдия-одағын, яғни олардың істеріне көмек көрсету мақсатын көздейтін қауымдастығын құрды. Трактирлер қалаға қарайтын, ал ол үш жылда бір рет өтетін аукциондарда оларды көбірек ақша ұсынғандарға тапсырып отыратын. Гильдияға жату пайдалы болғандықтан, 1290 жылға қарай ол енді 86 мүшеге көбейді.
XII-XIII ғасырларда мейманханалар ретіндегі тоқтайтын үйлер Русьта да пайда болды. Ол кезде олар «шұңқырлар» деп аталатын да, бір- бірінен атпен баратын қашықтықта орналасатын. XV ғасырда жолау- шылар тоқтайтын үйлер Ямск бұйрығына бағынатын пошта станци- яларынын жанында салынатын. Жолаушылар тоқтайтын үйлерден айырмашылығы - үлкен орыс қалаларындағы қонақүйлердің орналас- тыру және тамақтандыру қызметінен басқа, коммерциялық істермен айналысу мүмкіндіктері бар құрылысы да XV ғасырға жатады. »
Жаңа заман (XVI ғасыр - XX ғасырдың басы) . Кофехана индустриясы Жаңа заманда ғана жаппай таралуға жетті. Кофехана деген атаумен ашылған, XVI ғасырға жататын жаңа мекемелер қазіргі заманғы кафелердің түп-бейнесі болып саналады, әрі алғашқы кофехана Константинопольда (қазіргі Ыстамбұл) Еуропадан жүз жыл бұрын, 1554 жылы есігін ашқан. Батыс Еуропада олардың пайда болуы себебін кофе мен шай сияқты экзотикалық сусындардың таралуы тудырған.
XVII ғасырдың ортасында кофеханалар бүкіл Еуропада да тарала бастады. Кофе дәндерінің алғашқы топтамасы Әулие Марктің қаласы Венецияға 1615 жылы әкелінген екен, бірақ алғашқы «Флориан» кофеханасы онда көп уақыт өткен соң, 1638 жылы ашылған. Алғашқы ағылшын кофеханасы 1652 жылы - Лондонда, 1672 жылы Париждегі Сен-Жермен алаңында ашылса, 1675 жылға қарай Венецияның өзінде ғана олардың саны, Сан-Марк алаңындағы күні бүгінге дейін жұмыс істеп келе жатқан атақты Cafe Florian-ды қоса алғанда, бірнеше ондаған кофеханаға жеткен, 1683 жылы Венада да кофехана ашылған. Нақ осы Венада кофехана қызметкерлері алғаш рет бал мен сүт араластырып, тәтті кофе ұсынған. Сицилиялық Франческо Прокопио де Колтелли 1686 жылы ашқан Париждегі алғашқы кофеханалардың бірі әлі күнге дейін жұмыс істейді және негізін салған адамның есімімен «Ле Прокоп» деп аталады. Келушілер кофені мадақтап ән айтатын кафе-шантан Парижде 1690 жылы ашылған. Еуропада кофеханалар өз заманының мәдени және әдеби өмірінің орталықтарына айналған.
XVI жүзжылдықта Англияда ординарлық деп аталатын, бұқара халыққа арналған таверналар пайда болған: онда ортақ үстелде кесімді бағамен кезекші тағамдар берілген. Жас ет сирек ұсынылады, ал сырт жерлерден әкелінетін әртүрлі арнайы қоспалар етті сақтап қана қоймай, оның жағымсыз, ескірген иісін де білдірмеуге жағдай туғызатын. Сонымен қатар XVIII ғасырда Еуропаның көпшілік елдерінде бай адамдар үйлерінде тамақтанып, өздері қалайтын ас мәзірлерін жасайтын.
Алғашқы «Тур д'Аржан» (Tour d'Argent) рестораны Парижде 1533 жылы ашылып, содан кейінгі екі жүзжылдық бойы өзгеше бірегей мекеме болып қала берді, өйткені оның атқаратын жалғыз қызметі тамақ беру болды. «Кофехана» терминінің өзі анағұрлым кейінірек, XVIII ғасырдың екінші жартысында қолданыла бастады.
Кофехана индустриясының дамуы үдерісіне буржуазиялық қатынастардың қалыптасып, өсуі айтарлықтай ықпал етті. Халықтың елеулі бөлігінде ақша пайда бола бастады. Көпшілік халық, әсіресе қалалық жұртшылық үшін дербес тамақ өнімдерін өндіру, астық егіп, өсіріп-жинау, мал өсіру, қыс мезгілі үшін тамақ өнімдерін алдын ала дайындау қажеттігі енді керек болмай қалды. Қоғам барған сайын аграрлық қоғам болудан қала бастады. Ең бір кедей деген қалалықтар да ауылшаруашылық еңбегінен құтылып, басқалар әзірлеген дайын тамақтар сатып алатын жағдайға жетті.
Шамамен XVIII ғасырда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын саралаудың күрт үдерісі басталып, оған: қоғамның кедей және бай топқа ажырауы; тіпті кедейшілік арасындағы кірістер бойынша елеулі саралау; сауда-саттық пен өнеркәсіп өкілдерінің саны артуы; бұқаралық тұтынушының тамақтану мәзірінің кеңеюі; Америка мен Азиядан жаңа - қызанақтардың, бұрыштардың, шай мен кофенің, қанттың және басқа да тамақ өнімдерінің әкелініп, таралуы себеп болды. Көбінесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының әлі де баяу дамуы өнімдерді сақтау мәселесіне байланысты болды, өйткені өнімдер жас күйінде, тезірек пайдалану үшін жеткізіліп берілетін. Николя Апперт 1795 жылы ғана өнімдерді жоғары температурада зарарсыздандыруды ойлап тапты, ал бұл тамақ өнімдерін консервілеуге мүмкіндік туғызды. Алайда алғашқы консервілер XIX ғасырдың ортасына дейін қымбат, әрі кең бұқара халықтың қолы жетпейтіндей болды. »
Қазіргі кезең. XIX-XX ғасырлар тоғысында қонақжайлылық индустриясы маңызды сала болды. 1800 жылға қарай ағылшындар өздерінің көршілерінен ресторан тұжырымдамасын алып, үйрене бастады. Ағылшын рестораны асқақ мекемеге - мол дастарқан, салтанатты безендіру, сапалы қызмет көрсету орталығына айналды.
1814 жылы орыс, ағылшын, пруссиялық, австриялық, бельгиялық, испандық, голландық одақтас армиялар Парижге кіріп, ұзақ уақыт сонда аялдап қалды. Отандарына оралғанда, олар өздерімен бірге Франция туралы ғана емес, оның асханасы жайындағы естелікті де ала келді. Сол кезде шағын тамақтандыру кәсіпорнының ерекші түрін сипаттайтын «бистро» (орыстың «жылдамы»), «кафе» (французша - café) сөздері пайда болды.
Жалпы, XIX-XX ғасырлар кофеханалар мен қонақүйлердің жедел өркендеуімен сипатталады, ал бұл елдер арасындағы байланыстардың дамуына, жаңа өнертабыстардың пайда болуына, көлік желісінің жетілуіне байланысты. Қалалар өсті, бірте-бірте қоғамның ауылшаруашылық түрден өнеркәсіптік түрге өзгеруі орын алғаны тамақтандыру кәсіпорындарына деген қажеттілікті тудырды. Зауыттарда, үлкен компаниялардың кеңселерінде жұмысшылар асханалары пайда бола бастады.
Ресейде XIX ғасырдың бірінші ширегінде «ресторациялар» енді «трактирлік кәсіп» орындарының ортақ қатарынан бөлініп шығып, дербес түсінікке айналды. Бастапқыда олар қонақүйлердің жандарында ғана болатын. Мысалы, «Яр» рестораны өзінің тарихын 1826 жылдан, француз Транкий Яр (Tranquille Yard - мекеме соның атымен аталған) Кузнецк көпіріндегі Шаван үйінде ресторан ашқан кезден алады. «Московские ведомости» газеті «түскі және кешкі тамақ үстелдері, әртүрлі жүзім шараптары мен ликёрлері, десерттері, кофе мен шайы бар, бағалары қымбат емес ресторациялар» ашылғанын хабарлады. Мәскеуде 1872-1973 жылдары «Славян базары» салынып, трактирдегідей еден жуғыштар емес, даяшылардың жұмыс істеуімен ерекшеленді. Фрак, ақ қолғап киіп қызмет көрсететін олар «адамдар» деп аталатын. »
Қоғамдық тамақтандыруды дамыту тарихы осы саланың қалыптасуының ұзаққа созылғанын және көп рет өзгерістерге ұшырағанын көрсетіп отыр. Бүгінгі күні кофеханалардан бастап ұлттық асханалардың әр алуан түрдегі мекемелерімен аяқтағанда, әлемде қоғамдық тамақтандырудың сан мыңдаған мекемесі бар.
1. 2 ҚАЗАҚСТАНДА КОФЕХАНАЛАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІ
Қазақстандағы меймандостық индустриясы туралы алғашқы мағұлматтар Ұлы Жібек жолы іске қосылып, нақтырақ айтқанда, Тараз, Испиджаб сияқты ірі қалалар қалыптаса бастаған кезеңге жатқызуға болады.
Тараз - Қазақстанның ең бір көне, VI ғасырда-ақ аты шыға бастаған қалаларының бірі. Тараз VII ғасырда Ұлы Жібек жолы бойында маңызды рөл атқарған қалаға айналды. Қаладағы бірнеше базарға келген саудагерлер, әлбетте, қала үйлерінен түнемелік орын да, тамақ та табатын. Олар бұл жерден түнемелік орын мен тамақ беру қызметтерін ғана алмайтын. Бір қызықты факт - қазба жұмыстары барысында монша мен су құбыры желісінің табылғаны - сол заманның өзінде қала экономикасының дамығанын дәлелдейді. Таразға қараған аумақта ғана Х-XII ғасырларда орын тепкен 200-ге жуық қоныста базарлар, керуен сарайлары, шеберханалар және саудагерлердің дүкендері болған.
VII ғасырдың басында-ақ жазба деректерде Испиджаб туралы айтылған. Ерте Ортағасыр дәуірінде (X ғасыр - XII ғасырдың басы) ол Жібек жолы бойындағы ірі бекетке айналады. Қалада көптеген сауда құрылыстары - керуен сарайлары салынады. Керуен сарайлары ( Орта Азия, Иран, Ауғанстан жеріндегі шахристаннан, билеуші мен дәулеттілер резиденциясы аумағынан тыс орналасқан рабадтар - қала маңындағы қоныстар, кәсіпшілік қыстақтары) Бұхара мен Самарқанд көпестеріне, саудагерлеріне тиесілі болды.
Ертедегі Парсының өзінде-ақ саяхатшылар түйелерге мініп, үлкен керуендермен жүретінін айтуымыз керек. Олардың керуен жолында өздері құратын шатырларда түнеуіне тура келетін. Сол кезден-ақ керуен сарайлары, қазіргі заманғы өлшеммен алғанда, малдарға арналған, сыртынан қоршалған қораларды және адамдар түнейтін тұрақжайларды қамтитын. Шығыста сауда-саттық қарқынды жүрген, сондықтан да бұл жерлерге саяхаттап келушілер көп болған.
Х-ХIII ғасырларда Іле аңғарындағы қалалардың қарқынды дамығаны байқалады. Қазіргі Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауы жоталарының етектерінде, Талғар, Қаскелең, Шелек, Көксу, Қаратал, Лепсі аңғарларында жаңа қала орталықтары, ондаған қоныс пайда болды. Қоныстардың пайда болуымен қатар, кәсіпшілік, әсіресе сауда-саттық дамыды. Бұған Жібек жолы тармақтарының бірінің Іле алқабы арқылы Орталық Қазақстанға шығатыны себеп болған. Сауда жолының аталған бағыты археологтар ашып, зерттеген ортағасырлық көне қалалар мен керуен сарайларының орналасқан орындары бойынша анықталған. Олардың ішіндегі ең ірісі, 30 гектарға жуық аумақты алып жатқан ескі қала Талқыз (Талғар) болған. Қаланы екі бөлікке бөле отырып, оның қақ ортасынан жол өткен. Қазіргі Алматының орнында да, Кіші және Үлкен Алматы, Весновка, Ақсай өзендерінің жағалаулары бойында да бірнеше қалашық болған. Бұл жерде XIII ғасырда татар-моңғол шапқыншылығы өткен соң, қалалардағы өмір күрт өзгерді. Қалалардың көпшілігі қирап, ал қалғандары сауда-саттық тоқтаған соң құлдырап кетті.
Кофехана индустриясы саласының дамуындағы негізгі өзгерістер Қазақстан Ресейге қосылған соң, XVIII ғасырдың екінші жартысынан кейін орын ала бастады, өйткені ол уақытқа дейін қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанды, бірақ қонақжайлылық оның халықтық дәстүрі болатын. Қонақтар таныстар ортасынан ғана келмейтін, қазақтар бейтаныс жолаушыларды да қабылдап, үйлеріне түнететін, тамақ беретін. Ресейге қосылған соң, сауда жасау, білім алу мақсатымен қазақтардың Ресейге қатынауы басталады. Бұл мәдениет, ғылым, әдебиет саласында да белсенді тәжірибе алмасуға келтіреді. Жаңа қалалар пайда болып, қазақтар жартылай көшпелі салтқа, ал кейбіреулері отырықшылық өмір салтына көшеді. Қалалармен бірге алғашқы трактирлер, ресторандар және кофеханалар пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz