Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау



ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ
САРАНЫҢ ӨМІРЛІК ӘЛЕМІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ.
1.1 Өнер бесігін тербеткен ару қыз . Сара. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 ТАРАУ
ЖЫР ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТ.
2.1 Түмен сөздің түйінін шеше білген дара ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Сара қыздың жырлырындағы ерекшелік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 Сара мәңгілік өшпес мұра қалдырған өнер иесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ
САРАНЫҢ ӨМІРЛІК ӘЛЕМІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ.
1.1 Өнер бесігін тербеткен ару қыз – Сара.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 ТАРАУ
ЖЫР ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТ.
2.1 Түмен сөздің түйінін шеше білген дара
ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Сара қыздың жырлырындағы
ерекшелік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 Сара мәңгілік өшпес мұра қалдырған өнер
иесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ.

Өнер біткеннің қайнар көзі – халық шығармашылығына жататыны мәлім.
Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандырған да, оның талантына шабыт құйып,
жан бітірген де сол халықтық қазына қайнары. Әр талапкер өзінің туған
топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен
жаяды. Шығармаларын өзі өскен орта, басынан кешкен өмір фактілері, тағдыры
тап қылған қоғам – заман шындықтары негізінде жазады. Жеке бастың күйініш –
сүйініші мен тәлімдік өрнектерін кестелеуден бастап, қоғамдық әлеуметтік
көркем түйіндеулерге көтеріледі.Осындай шығармашылық өсу – жетілу
заңдылықтарын басынан кешкен өнер иесі – Сара ақын.
Қазақ халқының өнерпаз қауымы – талантқа бай.Ерлері мен қыздары өмір
сапарын бірге кешіп, болашақ мүдделерін қоян – қолтық шешкен. Келешек ұрпақ
қамы, өркенді өмірі, өрелі істері олардың ең қасиетті борышындай
мойындарына жүктелген. Атадан балаға, анадан қызға, ағадан ініге, ападан
сіңіліне өмір тәжірибесі ауысып, үлгі - өнеге болып, зейінді де зерделі
ұрпақ мирасы қалыптасқан. Ұлдан – ұрпақ, қыздан – жұрағат өсіп, әлем
кеңшілігін иемденген.
Өнер салаларының өсу жолында талай тамаша таланттар бой көрсетіп,
өркен жайған. Қызының да, ұлының да өнерге деген талабына сүйсініп,
табыстарын тамашалап, шабыстарына шаттанып, жүзден озған жүйрігін
жүдетпеуге, жібекті жүн, алтынды мыс етпеуге тырысып баққан. Ұлдан ардагер
азамат, қыздан ақылына көркі сай асқан аруды мәпелеп, өнерге баулып
өсірген.
Шаршы топ алдында шабыт шақырып, қанша шапса да бір шалдықпай, сөз
өнері жарысында сан саңылақ қыздар сыннан сағы сынбай қатар өскен:
Манат, Ырысжан, Ақбала, Күнбала, Тоғжан, Айжан, Ақсұлу, Айсұлу,

3
Жантөлі, Мақта, Ажар тағы басқа айтыс өнерінің қыздары – ақпа ақындардың
алтын алқасы. Аталған арулардың көпшілігі қаршадай шағында
– ақ, 15-17 жастарынан төселген сақа ер ақындармен тайсалмай тайталасқа
түскен, өнер асырып, жүлделерге ие болған, дәуірлік туындылар қалдырған.
Осынша арулар тобының алдыңғы қатарында қолына өнердің көкжасыл туын ұстап,
аршынды адыммен алдыға ұмтылып, нөсерлі ән шырқаған Сара қыз болатын. Ол –
атақты Біржанмен айтысы арқылы даңқын асырған ақпа ақын. Иә, бұл аяулы
ақын, ару Сара, сымбатты сұлу Сара, даңқты дара қыз Сара – 19 ғасырдағы
қазақ мешеу қоғамы түнегінде таң шолпаны болып сәулесін шашқан нұлы Сара.
Асқан ақылынан азап шексе де, алған бетінен қайтпай, қазақ қыздарының
арманын арқалап, бас бостандығын аңсап зар шеккен – мұңды Сара қыз. Қазіргі
гүлденген еліміздің аспанына өшпес өнер жарығын түсірген, рухани мәңгілік
азық сыйлаған – жомарт Сара. Асқан ақындық пен сұлулықтың символы болып аты
ел есінде сары алтындай сақталған өмірлі Сара.
Бұл курстық жұмыста мен Сара ақынның өлеңдеріндегі мән-мағынаны
терең ашып және олардың ерекшелігі мен құрылымына тоқталып өтсем деймін.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Сараның жеке өмірімен танысу,
Сара шығармашылығын толықтай қамту, Сара қыздың айтыстары мен толғауларына
талдау жасау.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті: Сара шығармашылығына толықтай
зерттеме жүргізу, Сара шығармашылығындағы замана бояуын көрсете білу.
Курстық жұмыстың құндылығы: Сара шығармашылығының қазақ халқының
әдебиетінде алатын орны.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Көп зерттеменің тобықтай түйінін шығару.

4
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыстың құрылымы
кіріспе бөлімінен, ал кіріспе бөлімі екі тараушадан тұрады; негізгі
бөлім екі тараушадан; және қортынды бөлімнен тұрады.

5
1 ТАРАУ
САРАНЫҢ ӨМІРЛІК ӘЛЕМІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ.
1.1 Өнер бесігін тербеткен ару қыз – Сара.
Халқымыздың ғасыр бойы аузынан тастамай, атының өзін бойтұмардай
қастерлеп келген өлең өнерінің ділмәрі – Сара Тастанбек қызы 1853 жылы,
қазіргі Қарағанды облысы, Ақсу ауданы, Матай – Қаптағай елінде туып өскен.
Әкесі Тастанбек ерте өліп, оның інісі Жайсанбекті қамқорлығында қалады,
Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ – жетік көріп, тұрмыс тауқыметін тартып
өскен. Шешесі Уазипа, інісі Сахари сол ауырпалықтың салмағына шыдамай ерте
тізе бүгіп, қаза тапқан. Ал, Жайсаңбек болса, бойына біткен қайратын
жұмсап, өнімді еңбек ете алмай, бұзықтар құрған тұзаққа өзін де, жас
өспірім Сараны да іліндіріп алып, азап шеккен. Кейінде жарияланған
Өтепберген Ақыпбекұлының мәліметі Қалилахановты толықтырып, нақтылай
түскен. Сараның өмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек
деректер берген. Ол Сараның 1853 жылы туып, 1907 жылы көз жұмғанын,
1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа жерленгенін
(Қапал ауданы), Біржанның көмегімен азат болып, Бекболға қосылып, бес бала
сүйіп өмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уазипаның шағын шаруасының
болғанын анықтайды.
Сара заманына салқын жүзбен қарап, бойына қуат жиып, қайсарлық
көрсете өсті. Кезі келіп, күні туар жарқын күнін армандаудан танған жоқ.
Жас жүрегі кеудесіне сыймай тынымсыз соғып, көңіл қошын таба алмай алас
ұрды. Ойына оралған армандарын сауық кештерде, бас қосқан жиындарда өлеңмен
толғады. Зар – шерін, тыңдаған жанның сай – сүйегін сырқыратып, көпшілік
назарын аудара берді.
Аңырап ақ домбыра боз інгендей,
Наз мұңым қос ішектен шығады
еңірей.
Той – жиып, шілдехана қайда болса,
Сайрайтын болдым енді жағым сенбей.
6
Жан сезімі ояу тыңдаушыны селт еткізбей қоймайтын жүректен шырқап
шыққан мұңдының ащы зары өзіне еріксіз елітіп, зарықтырады. Қайғысыз пенде
жоқ кездің мұңдастары бірге қайғырып, әнін қостап, ауыр күрсінеді. Ауылдас
ағайын, жекжат жеңгелері Сараны өз қомқорлығына алып, бойын түзеп, киімін
бүтіндеп, өнерін бағалап, жұбатуға тырысты.
Көтерген көп көмегі бір баланы,
Көрікті киімдерге жырғалады.
Көркейіп сырт пішінім өзгергенмен,
Ызғарлы із жүректегі мызғымады.
Балғын көңілді шарқ ұрғызған шынайы сезімдердің әсері Сараның
өнерге деген құштарлығын арттырды. Көңілі көтеріліп, көкірегіне өлең, ән
ұялайды. Талапты жастың қанат қағар сәті түседі. өнерге әуестік оны танымал
саңылақтарға тап қылады. Сара – елінің атақты қобызшысы Молықбай ақынмен
кезігеді. Қазақтың басқа да ақпа ақындары сияқтыСара да халық өнерпаздары
алдын көріп, өнерін үйреніп, мектебінен өтеді. Зейінді жас аға ақылын мүлт
жібермей, өнеріне бас иіп, өзінше өрнек түйеді. Жастығына қарамастан,
санасы да, қабілеті де тез қалыптасып, алқалы топ алдында ақындық сыннан
өтіп, көркем сөз сиқырына жетіліп алады. Домбыраға да Сара он жасынан – ақ
әуес болып, жыл өткен сайын ән мен музыканы ақындық талантына дем берер
сенімді сүйемелге айналдырды.
Қоңыр күй қобызында Молықбайдың
Үкісін домбырамның толоықтайын.
Аралап өмір сырын, бойым сергек,
Саралап алды – артымды, ақылтерген.
Арман мен адал сырымды өлең қылып,
Ән салу домбырамен болды енді ермек.
Жүрегінің жалыны бар талапты жастың жаны, ерте ме, кеш пе жарқ етіп,
ұшқын шашпай қоймайды. Жетімдік, жоқтық азабын тарта жүріп, 15 жаста –
ақ ол ел аузына ілініп, ақын Сара атанады. Еліне танымал Ниязбек,
7
Мәулімбай, Қыдыралы, Арслан ақындармен кездесіп, айтыс өнеріне де
жаттығады. Тасыбек, Ермек, Құдайбергендермен айтысады. Түбек, Бақтыбай
сияқты аға ақындардан да хабарлы болады. Ақылы мен өнеріне көркі де сай,
сындарлы сұлу Сара болып бой жетеді.
Сараның осы тұстағы сұлу бейнесі оны көзі көрген адамдар естілігінде
де, айтыс жолдарын, әлқисса – түсініктерінде де айқын. Оларды Тәңірберген
Қалилаханов пен Сайлаубай Қайнарбаевтар да өздерінің еңбектерінде келісті
келтірілген. Сөйтсе де, мына бір жолдағы Сараның әдемі келбет – кескінін
келтіре кетсем:
Майысып бұраң белі бұраң қаққан,
Ақыл кең алпыс түрлі өнер тапқан.
Сөйлесе бұлбұл тілі бал тамызып,
Құлақтың құрышы боп, жүрек қапқан.
Әжімсіз он саусағы – бәрі де аппақ,
Ауызы – алтын сағат, ерні – қақпақ.
Кірі жоқ отыз тісі меруеттей,
Ерінбей тіздірткендей адамзатқа – ақ.
Тал бойы сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізі шырынындай шәрбат судың.
Көмкере қара көзді біткен кірпік,
Төгілген шапағындай жібек тудың.
Қаламқас, биік біткен маңдайы кең,
Құйылған қолаң шашы қос бұрыммен.
Көп адам көрмегенін айтып отыр-
Сындарлы сұлуларды Сараға тең...
Келтірілген жолдардағы Сара портреті сомдалып соққан мәрмәр мүсін,
бояуы келісті сұлу, сымбатты сурет емес пе? Сараны кейінірек көріп еске
алған қайын сіңілісі Биғайша, қайын ағасы – Мырзағұл, көргеннен – көне көз
Дәмелі, Әділбек естеліктері, Қалилаханов тапқан деректердің мәліметтері бір
8
жерден шығады. Бәрінде де Сара сегіз қырлы, бір сырлы, сұлу сымбатты, дана
қыз болып көрінеді. Олар әбден бой жеткен мұңды шағында айтысқан Біржанның
суреттеуіне де сай келеді. Барлық жерде де Сара ерекше сымбатты сұлу қыз.
Міне, Сара - өмір бойы мұқтаждық, панасыздық қасіретімен арпалыса
жүріп, өнерін, ақылын жетілдіре білген ізденімпаз, ізгі ниетті аяулы жас
түлек. Оны халқы аялап өсірді, түлетіп бақты.
Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын
Алтынмен жібек бауым
көмкерілген,-
деп ақынның өзі де бұл шындықты ескерткен – ді. Амал не бой жеткен қазақ
қыздарының тағдыры ескі салт торына ілікпей, оларды зар жылатпай өткен
емес. Қазақ әдебиеті жасаған сан сұлулар мүсіндерінің мұңды тағдыры – бұл
шындықтың қайғылы сырын танытар мәңгі – ескерткіш. Мысалы: Абайдың бір
сұлу қыз тұрыпты хан қолында деген өлеңіндегі теңдік таппай қорланып,
жартастан суға құлаған сұлу тағдыры, кейінгі ақындар жасаған – Гүлхамиша,
Ғайша, Сұлушаш, Қаралы сұлу, Қаракөз сияқты қазақтың аяулы сұлуларының
қайғылы тағдырларын Сара да өз басымен кешті. Бой жетпей жатып – ақ оған
құда түсті. Ақ қойдың қаны, ақ батаның зарына ілікті. Он үш жасар балғын
Сараны тумысынан кеміс, кексе Жиенқұлға қоспақшы болды. Маман ұрпағының
дені дұрыс адамы өз болғандай ең бейшара қорына қосақтауды ойлайды. Оның
үстіне, жоғалған өгіз дауының бітімді рәсімді таралғы тартуындай жолсыз
жоралғы құдалыққа душар болып, мүлде құнсыз күндік кимешегін кию қаупі
төнеді.
Сараның ендігі мақсаты тек тұрмыс кемтарлығын жоюды, халық қатарлы
өмір сүруді ойлау емес, ең алдымен басына бостандық алу ниетінде болған
еді. Он бес жастан он жеті жасқа дейін ол Жиенқұл қармағынан құтылу оңай
шаруа емес. Әсіресе, сүйеніш – жоқсысы жоқ, қаршадай қыздың қолынан не
келеді? Жалғыз қаздың үні шықпаса да мәлім... Бірақ Сараның шегінер жері
қалмайды. Шешінген судан тайынбайды деген емес пе, батыл әрекет
9
істеуге тиіс екенін түсінеді. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деген
халық даналығы оған сүйеніш болды. Күннен – күнге ашына түскен жас өрен тез
шынығып, шаршы топ алдында өз басының мұңын ашып айтып, зар шегеді.
Тыңдаушы қауымның сай – сүйегін сырқыратарлық сөз күшін табады. Қонақтар
бұтақ - бұтасын іздегенбозторғайдай шырылдап, безек қағады. өзіне
тағдырлас түгел құқықсыз әйелдер қауымының мұңын көтеріп, қазақ қоғамының
надандық түнгегі басқан аспанына қырандай жарқ етіп, шапшып шығады.
Қатарластарына, апа – жеңгелеріне қаратып жалынды сөз айтады:
Жетпеген балапандай кеми қанат,
Жан едім, жасыл балғын жаңа талап.
Арман боп ақ жүрекке қадалды оқ
Қандайлық атты екен жау сығалап..
Көз жетпес ой түбіне білімім аз
Ағайын, аясаңдар дертімді жаз.
Білетін дүние сырын, апа –
жеңгем,
Алдында ақ жүрекпен айтамын наз.
Жан жүректен шертілген бұл сияқты назды сөздерге құлақ қойып,
қойнын ашар жанашыр жандар да табылады. Жөнсіз зорлықшыл айыптаушылардың да
үні құлағына тиеді. Мұндай қауымның әлсіз де болса, ащы өзегін өртеп шыққан
үндері олардың адал ниеттерін танытты. Көп кешікпей Сара өзінің жалғыз
емес, түсінер, қоштар қалың елінің бар екеніне көзі жетті. Саяси көзі ашыла
бастады. Зерделі – зерек жанның түсінігі тез жетілді. Тізе қосып, тірлік
көрсетудің қажеттігін аңғарды.
Түсіндім тағдырымды көппен бірге,
Жеңіске жете алмайсыз қоспай ірге.
Зар – мұңды көп алдында төгілтейін,
Жалынып ең болмаса қызыл тілге.
Замана қайшылықтары, әсіресе, кедей – кепшік пен әйел жұртының
құқықсыздығы Сараның кейінгі ақындық шығармашылығының арқауы
10
болып қалыптасты. Қалың малды құдалық салты, оны малданған ескі есер қауым
замандар бойы талай арулардың көз жастарын арқалап, обалдарына қалып келе
жатқандарын батыл әшкерелейді. Кейбір жоқшылық көрмей өмір кешкен жеке
аналар тағдырлары, өзі де, осы құқықсыздық салмағын мойындарымен көтеріп,
ауыр зілдің астында бой жаза алмай, арманда өткенін ашына жырлайды. өзі
ашқан шындық сырын басқаларға да ұғындырмақ болады.
Болғанмен малды, жанды кейбір ана,
Көңілінде көбінің – ақ болған жара.
Әйелдер әлемінің терең сыры екен,
Зарлаған деп ойласам жалғыз Сара.
Буынта көгендеген ақ қозыдай,
Қолыңнан – қыз құтылып қалған бар ма?
Әйелге бұл заманда атқан таң жоқ...
Ақ бата, ақ қой қаны - деген атақ,
Әрқашан көлбеңдеп алда жатад...
Қалың мал салты қалталы қажы, малды байлардың бағын ашып, өмірлері
қызғылықты өтсе де бір жөн. Асылы, еріксіз жанның көз жасына сезімін
семіртпек көңілдер әрекеттері нәтижелі бола бермеген. Зорлықпен бас
қосқан зарлы жұбайдың қойнынан махаббат жылуы сезілмеген. Зарлы жанның шын
сүйген жар шықпаған. Махаббатсыз дүние бос- болып, қайран өмір қызықсыз.
Мәнсіз өткен. Шын сүйген жардың ыстық жүрек сезімін, жарқын лебізін көрмей
құлазыған өмір кешкен. Түйілген қабақ, аларған көз, күпті көңіл, төсекке
төгілген көз жасы ешкімді де бақытқа жеткізбеген. Жарасымды тұрмыс құруға
жол бермеген. Сондықтан да халық бақ, дәулет дегендерден сүйген жар
берерләззатты кем санамаған. Бақыт пен байлық кімде жоқ, ғашықтық жолы бір
басқа,- деп махаббат сырын терең түсінген. Адам жанының отын сөндірмей,
жастардың жүрек сырын қастерлеу, оған кір жұқтырмай пәк тұта білу
адамгершілік, ардың ісі.
11
Кісілікке тән сезім. Махаббатпен санаспаған санасыздарды Абай айтқандай,
хайуанға қосу абзал. Сараның жырын тыңдап, оның зарына құлақ қойған
қарапайым қауымның түсініктері осындай адамгершілік қағидалардан туындаса
керек.

12
2 ТАРАУ.
ЖЫР ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТ.
2.1 Түмен сөзің түйінін шеше білген дара ақын.
Халқының жылы лебізін сезген Сара барған сайын батыл қимылдап,
күндіктен құтылудың амал – айласын қарастыра түседі. Бас бостандығы
талаптарын ашық көтеріп, тыным таппайды. Құқықсыз өмір кешкен көп
әйелдердің бірі болып өтуден, өмірден түңіліп, дәрменсіздік көрсетуден,
босқа өлуден бас тартады. Батыл сөз айтады. әсерлі ән шырқап, даланы
күңірентеді.
Қызымын Тастанбектің атым – Сара,
Арман көп, ауызыма, халқым, қара.
Қорғалар көп ішінен бұта талпай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.
Еңіреттің ерте бастан, туған елім.
Кір жуып, кіндігімді буған менің.
Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай,
Бәйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.
Желкемді көктейінен қидыңдар да,
Бөріге байлап бердің жетім лақтай.
Несіне жасырамын, елім, сенен,
Еріксіз бір жетіммін дертім терең.
Адамдай құтыла алмас құлға бердің,
Көрдіңдер қанша жазық – жала менен.
Сара өзінің басына түскен ауртпалықтың үлкен сыры теңсіздікте,
қорғансыз жетімдікте екенін айта алды. Егер әкесі тірі болып, ол дәулетті
байлардың бірі болса, мұндай қорлыққа душар болуы екіталай екенін:
Бүйтер ме ем, болсам егер баласы
бай,
Ауқатты, әкем тірі, төрт жағым сай,-
13
деп термелейді. Сөз тыңдар – ау деген еті тірі адамдардың бәріне де, мұңын
шағып, құландай күңірентіп, құлындай шұрқырайды. Ел жақсылары атанып жүрген
бай, би, батырсымақтарға да сөз тастап, өзіне ара түсер, жанашыр ағайын
таппақ болады. Бірақ, ондайлардың бірде – біреуі құдыреті күшті Маман,
Тұрысбектің алдына баруға жарамайды. Сауданы сапырып, қырдағы қазақ пен
қырғыз, ойдағы өзбек пен татар, қала даланы бірдей кезген орыстың іскер
пайдакүнемдеріне түгел таныс, әрі беделді буржуасы Тұрысбек кезіксе шайнап
тастайтын құтырған бурадан бір кейін көрінбесе керек. Оның үстіне Меккеге
барып, пайғамбар әулетін көріп, құдай алдындағы күнәларынан да, тап – таза
ада болып келген қажыға қарсы кім не айтар. Байлық, билік, қажылықты
қолына түгел тұтып отырған, оңы мен
солын жақсы білетін адамға жөн айтып кім не өндірер? Қоғамдық дамудың жаңа
бағытын бағдарлап, көрікті көк үйлерді тұрғызып, көлгірсіп жүрген ақылды,
ақшалы саудагердің алдынан кім өтер? Оның алдын көріп, арызын айтудың өзі
Тұрысбек алдында беделсіз, көп мәселе де кіріптар.
Жағымпаздық, алымпаздықтан өзге бұлардың ойы жоқ. Сара олардың арам
сырын дәл басады. Өзінің обалын солардың мойнына артады. Бәрінің ниеттері
бір арамзалар екенін жұрт алдына жайып салады. Халқына қарата өз қадірін
термелейді.
Жетім деп кемсінбесін мені
ағайын,
Қорланбас қорланғанға сөзім
дайын.
Аумағы ат шаптырым
Тастемірдің,
Айнадай алақанда білем
жайын.
Үстем топ сырын танып, олардан үміт үзген Сара енді өз арын өзі
қорғамаса болмайтынына көзі әбден жетеді. Ел – жұртын көмекке шақырып,
қамқорлық талап етіп, аждаһаның аузына түсіп кетпеу қамын қарастырады.
Бұғаудай босанудың кілтін
таппай,
Іздеймін, халқым, сенен тұрмай –
жатпай.
Көрінбей көп ішінде кетсем
деймін
14

Құтылған жайын қуып ақ шабақтай.
Бар дүниенің тетігі Тұрысбек қажының қолында екенін, әсіресе,
өзінің тағдырын тек сол ғана шеше алатынын анық түсінген Сара енді жөнін
тауып, қажының алдында мұңын шағуды , арызын өз аузынан айтып беруді
мақсат етеді. Бұдан басқа жол қалмағаг – ды. Тұрысбек және оның туысы
Есімбек болыстың ауылын сағалап, сол салтанатты ортаға жақын жүріп,
көптеген келді кетті қонақтар мен өнер адамдары қатысқан жиын той,
думандарға барып ән салды:
Аққудай бұдан былай қанат сермен,
Ағысқан асыл сөздер қиял тербеп.
Бостандық бір басыма алмас па екем,
Болатын еркін жүріп еліме ермек,-
деп өзінің басына бостандық алу үмітін үзбейді. Жиылған жұртқа, ел
әкімдеріне жалғыз – ақ тілек айтады. Ол – Жиенқұлдан құтқару.
Мұңымды әнмен айтам жылай – жырлай,
Қайғыға қажы қосқан шыдай алмай.
Өшетін көрінеді арман оты
Қоржиған Жиенқұлды құдай алмай.
Тұрысбек қажыға тура барып арманын айтуға тайсалып, Ешкі өлмес
жайлауында отырған Есімбек болыстың жайын жағалайды. Сараның өнері,
сұлулығы ол елдің адамдарын да таң қалдырған. Жас қауым орталарында алып,
әнін тыңдаудан жалықпайды. Бай ауылы әйелдерінің де көздеріне жас иіріліп,
өз бастарының мұңдарын еске алып, бірге қамығады. Сараға жандары ашып,
жақсылық көрсетеді. Әсіресе, Тәнекеұлы Есімбектің Шәлипа деген бәйбішесі
жылы шырай білдіреді. Өз қарамағына алып, қасында ұстап, өнеріне қайран
қалады. Сайлаубек Қайнарбаевтың естелігіне сүйенсек, ол Сараны ерекше
қадірлейді. Сайлаубектің өз сөзімен айтсақ: Сараның өнері мен мінез құлқын
ұнатқан Шәлипа Сараға арнап отау тіккізеді, оны керекті бұйымдармен
жабдықтап, өз үйінің қасына қондырады.
15
Сайлаубек пікірлерінің жаны бар. Асылы, асқан талант иесі, сымбатты
сұлу, үлбіреген жап – жас Сараны түсінер жан табылуы ғажап емес. өнерді
сыйламай, сұлулықты қадірлемей, обал дегенді білмей бір рет қаталдық таныту
тым тұрпайылық болар еді ғой. Сән салтанатты сыйлайтын, мәдениеттен хабарлы
орта ондай тұрпайылыққа жол бермеске керек. Біздіңше, қазақ - өнер сүйгіш,
еркіншіл халық. Есімбек пен Тұрысбек ауылдары да өнерге әуес, жаңа
мәдениетек бет бұрған ел. Халық тілегімен, өнер иелерімен санасатын кез –
буржуазиялық жаңалықтардың әсерлі кезеңі. Ұлттық оянушылық, ағартушылық,
бұқарашыл идеялар көріне бастаған жаңа
дәуір. Оның үстіне салт бойынша ұзатылған қыздың ел аралап жүрген қызға
қадір – құрмет білдіреді. Сауық кештер, ойындар өткізеді. Ән салып, өлең
айтып, домбыра, қобыз тартылады. Айтыстар да өтіп жатады. әсіресе,
ұзатылған қыздың мұңын ашық айтуына еркіндік туады. Аталмыш жағдайларды
Сара жақсы пайдаланылады. Айтар сөзден тартынған жоқ. Бірақ бұл
әрекеттердің бәрі құмға сіңіп, ізсіз қалып, нәтижеге жеткізе алған жоқ.
Бірақ елден – елге тарап, сара дауысы алысқа тарап, қыз мұңы шалғайды
шарлап, қазақ даласының кеңістігіне тез жайылды. Сараның зарлы сөздерін
естігендер ескі қалың мал салтына лағнет айтып, әйелдердің бас бостандығын,
махаббат азаттығын талап етіп жатады. Сараның тек Нйман елі ғана біліп
қоймайды. Алыс өлек, Арқа жайлаған қалың өлек хабарлы болады. Өнер
адамдарының да Сара даңқын естіп таңдағандары аз емес –ті. Сара тағдырына
ара түсу, оның өнерін зәбірлеушілікке тойтарыс беру қажеттігі көзі ашықтар
мүддесіне айнала бастайды. Тұрысбекке кейбірі өз үндерін жеткізеді.хат
жазушылар, іздеп келушілер, наразылық білдірушілер кезігеді. Орынбай, Әсет,
Жүсіпбек, Абай, Біржандардың құлақтарына шалынады. Асылы, Біржанның Сараны
іздеп алыс сапарға аттануында үлкен сыр бар. Ол бұл жолға аттанбас бұрын
Абай ауылында болған. Онымен кеңесіп, ақылдасып, ұйғарысқан. Сараны
іздеп барып, жағдайын өз көзімен көріп – білу, оған аяушылық
білдіріп қоймай, көмек болар әрекеттер істеп
16
көру Абайдан шыққан идея болуы ғажап емес. Бұған тағы бір дәлел, кейінірек
болса да, Сараның Абайды жете тануы. Оның есімін есек алып, ардақтауы.
Әбдірахман өліміне байланысты қайғысын бөлісу, оның сүйегіне келген
адамдарға – Мағауияларға көрсеткен сый – құрметі, көңіл айтып, өлеңмен
жазған хаты. Не болғанда да Біржан сапарының шын мақсаты Сараны іздеп барып
айтысып, басына түскен мұңдарын бетіне басып, ақынды жерлеп, жеңіп қайту
болмаса керек. Азап шеккен Сараға азаттық әперу көзделіп, өнерге еркіндіе,
қадір – құрмет көрсету бұл екі саңлақтың кездесу мүдделері болған сияқты.
Сондықтан да Біржан басқа айтыс ақындарынша Сараны тілдемей, қайта, оның
қайғысына ортақтасып, оның азаттығын талап етеді. Тіпті, Сарамен мұңдасып
кетеді. Қайткенмен де атағы жер жарған Біржан салдың Ешкіөлмеске келуі,
Жетісу елінің мұңды саңылағымен кездесуі, елеулі оқиға. Ол әсіресе Сараның
тағдырына мықты әсер еткен кездесу. Бұл тұста Сараның ақындық таланты жақсы
танылды. Бұрын елдегі ақын қыздарының бірі ме деп жүргендердің түсінігі
өзгерді. Сараны көптің бірі емес, сирек кездесетін бірегейі, асқан ақыл
иесі, сөз өнерінің бәйге бермес жүйрігі екендігі баршаға аян болады. Оның
үстіне, үлкен жиын үстінде, қалың топтың алдында бұрын кездесу сәтін түсіре
алмай жүрген Тұрысбек қажымен Сара бетпе – бет кездесіп, тілдесіп, мұңын өз
ауызымен айтып, қиянатын бетіне басудың мүмкіншілігін тапты. Бұл – Сараның
көптен бергі армандарының бірі. Бөтен елден келген Біржанның көзінше Сара
тағдырының талөыға түсуі қандай жақсы сәт?! Қажының бұлтарар қалтарысы
қалмай қояды. Ілкіде, ол: Сара басқаның бостандығы ақ батаны бұзу, ол
мүмкін емес деп кері тартады. Сара мәселесі өзіміздің ел іші түсінісіп
шешер мәселеміз. Жүлдесін беріп, сый – сияпатын көрсетіп, Біржанды
аттандырып салыңдар, - деп көргенмен көптің алдында ұятты болып, алыс
өлкелерге жаманат даңқы шығып кету қауіпінен сақтанады. Ақыл – айласы кең
Тұрысбек тартыс келешегін болжай алды. Сондықтан Сараның басына
17
бостандық жариялап, оны өзінің туысы Есенбек болыстың қолына беруге мәжбүр
болды. Осылайша, Біржанның Сараға келу сапары екі ақын үшін де сәтті
аяқталды. Біржанның келуі белгілі дәрежеде Сараның бағын ашады. Айтыста
жеңілген де Сара емес, Ақ батаны қолдаушы ескі қауым, қажылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Біржан мен Сара айтысының шындығы
Айтыс жайында
Біржан-айтыскер ақын
ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ ҒАЛАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Пәндер