Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
25.Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы.

Абайдың әлемі - мәңгілік мирас, аса қымбат қaзыналар қатарына жатaтындықтaн, ғасырлардан aстам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. Aбайдың өмірі мeн шығaрмашылық мұрaсын зeрттeу шын мәніндe Әлихaн Бөкейхaнов, Aхмет Бaйтұрcынұлы, Міржaқып Дулaтұлы мaқaлалaрынан бacтaлды. Aхмет Бaйтұрcынұлы 1913 жылы "Қазақ" гaзeтіндe бacылғaн "Aбай - қaзaқтың бaс aқыны" aтты мaқалaсында "Oдaн aсқaн бұpынғы-coңғы зaмандa қaзaқ бaлacындa бiз білeтiн aқын бoлғaн жoқ" - дeп Aбaйды aсa жoғapы бaғaлaды.Aбaйтану мәceлeсі жылдap бoйынa зepттeушілeр нaзapынан тыc қaлғaн eмec. Қaзaқ әдeбиeтi туpaлы cөз қoзғaғaн зeрттeушi, ғaлым, aқын, жaзушылap cөзiнiң бiссiмілләсiн Aбaй шығapмaшылығынaн бaстайтыны көзi қaрақты oқырмaн қaуымғa әбден таныс. Себебі, ғалым Б.Майтанов айтқандай, қазақ терең ойлы, сауатты да алғыр, талантты да шешен ақынға кенде болмаған. Алайда, талғампаз тағдыр сөз өнерінің мұзарт шыңына Абайды ғана көтерді. Абай шығармашылығы туралы революцияға дейінгі жазылған азды-көпті мақалалардан бастап қаншама зерттеу мақалалар, монографиялар, диссертациялар жазылды. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, К.Ысқақұлы, М.Дулатов, т.б. Абай шығармашылығы туралы жоғары баға берді. Сонан кейінгі жылдары М.Әуезов Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл саналы ғұмырын арнап, абайтану ғылымының іргетасын қалап кетті. М.Әуезовтен кейін де тәуелсіздік жылдарына дейін кеңестік цензураға қарамай көптеген ғалымдар ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, көркемдік-эстетикалық көзқарастары туралы (там-тұмдап имандылық ойлары туралы) келелі мәселелер көтеріп, жанжақты зерттеулер жүргізді. Бұл жөнінде зерттеуші С.Қорабаев: Әуезов заманында және Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Б.Ерзакович, Қ.Мұхамедханұлы, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, А.Нұрқатов, С.Қирабаев, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, Ж.Ысмағұлов және т.б. әдебиеттанушы, тілші, өнертанушы-ғалымдар және гуманитарлық ғылым салаларының өкілдері абайтану ғылымына өзіндік үлес қосты, деген ой айтады. (С.Қорабай Тәуелсіздік және абайтану ⁄⁄ Егемен Қазақстан )

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап Абай шығармашылығына жаңа көзқараспен пікір айтыла бастады. Тәуелсіздік жылдарында Абай шығармашылығына арналған сандаған мақалаларды атамағанда, 1994 жылы шыққан "Абай және қазіргі заман" зерттеулер жинағы, ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ұлы ақынның дүниежүзілік деңгейде аталған 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген Абай шығармаларының екі томдық академиялық толық жинағы абайтанудың өзекті мәселелерін қамтыған жаңа көзқарастарымен ерекшеленді. Абай энциклопедиясы жарық көрді. Онан кейін де жекелеген ғалымдардың бірнеше еңбектері абайтану ғылымына қомақты үлес қосқаны елге мәлім. Олардың қатарында Ж.Ысмағұловтың Абай: ақындық тағылымы монографиясын, З.Ахметовтің Абайдың ақындық әлемі атты монографиясын, Қайым Мұхамедханұлының төрт кітаптан тұратын Абайдың ақын шәкірттері атты жинағы мен Абай мұрагерлері аты зерттеу еңбегін, М.Мырзахметұлының Абайдың адамгершілілік мұраттары, Абай және Шығыс, Абайтану тарихы, Абайды оқы, таңырқа, Әуезов және Абай, Абайтану еңбектерін, тілші-ғалым Р.Сыздықованың Абайдың сөз өрнегі, фольклортанушы-ғалым С.Қасқабасовтың "Абай және фольклор, философғалым Ғ.Есімнің Хакім Абай, М.Бейсенбаевтың Абай және оның заманы зерттеулерін, Абай өмірін зерттеуші-журналист Б.Сапаралының Байшөгел, Құнанбай қажы атты кітаптарын атауға болады.

М.Әуезов Абай туралы зерттеу мақалаларынан бастап іргелі еңбектеріне дейінгі ғылыми еңбек жолы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде өтті. Осы факультет қабырғасында жүрген шағын да абайтану ғылымының негізін қалады. М.Әуезовтің ізін ала көптеген ғалымдар абайтану ғылымына өзіндік қомақты үлестерін қосты. Осы игі істің жалғасы ретінде факультет жанынан құрылған Абай ғылыми-зерттеу институты аталмыш ғылымға өз үлесін қосуда. Абай институтының хабаршысының әр санында Абайдың әдеби мұрасы туралы келелі зерттеулер жарияланып, жаңа, тың пікірлер айтыла бастады. Хабаршыда жарияланған Абай шығармашылығының зерттелуінің революцияға дейін басталғаны туралы тың деректер, ойшыл, дүниетанымы дара, кемел ақындығы туралы соны пікірлер, қара сөздері жайындағы қазіргі көзқарастағы құнды пікірлер, Ақыт ақынмен, Хафизбен, Сағдимен салыстыра зерттеулер, оның аудармасы туралы, сонымен қатар Абай шығармаларының аударылу жайы, Абай шығармаларының діни сипаты жаңа қырынан қарастырылуы, Абай шығармашылығын тәуелсіздік кезеңінде жаңа сипатта зерделеген зерттеу еңбектерге шолулар секілді көтерген тақырыптарының әр алуандығымен ерекшеленеді.

Тұрсынбек Кәкішев Абай институтының хабаршысының 2010 жылғы №2 санында жарияланған Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек атты мақаласында Абай шығармашылығы төңкеріске дейін де біраз жазылғанына баса назар аударады. Ғалым Абай өлеңдерінің шет тілінде жарық көрген кітаптарда аталып, орыс зерттеушілерінің назарын аударғаны туралы көптеген мәліметтерді келтіре отырып дәйектейді. Т.Кәкішев келтірген деректерге сүйенсек Абайдың ақындығы туралы 1889 жылы Лондонда шыққан Джордж Кеннанның Сібір және жер аудару деген кітапта аталса, А.Алекторов Дала уалаяты газетінде Абайдың Күлембайға деген өлеңін талдайды. 1903 жылы Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей деген еңбекте А.Н.Седельников Абайдың Пушкиннің Евгений Онегинін, Татьянананың хатын және Лермонтовтың шығармаларын аударғанына айрықша тоқталады. Т.Кәкішев А.Н.Седельниковке сол кезде Ә.Бөкейхановтың кеңесі болғанын айтады. Абай атының кеңінен таралуы мен даңқының асқақтауы оның қайтыс болғанына он жыл болған 1914 жыл болғаны айтылады. Сонымен қатар Абай шығармашылығы Шора журналында, Айқап журналында, башқұрт ақыны Шахизада Бабичтің, татардың классик жазушысы Ибраһим Ғалимжановтың, қазақтың тұңғыш журналисі Нәзипа Құлжанованың, Нух Рамазановтың, Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында кеңінен сөз болғанын түрлі деректермен дәлелдеп көрсетеді.

Абай өлеңдерімен қоса қара сөздері де көптеген зерттеу еңбектерге өзек болғаны белгілі. Ақын қара сөздерін кезінде М.Әуезов жазылу кезеңін шамалап, жіктеп көрсетсе, Б.Кенжебаев қара сөз жанрлары туралы біршама пайымдаулар жасап, ақынның қай қара сөзінде ғибрат, ғақлия, қай сөзінде нақыл сөздер бар екенін айта келіп, Абай қара сөздерін: сын, сықақ, сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, басқаша айтқанда, көркем проза, көркем публицистика Эссе - жазба дейді [1. 143 б.]. Абай қара сөздеріне ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Ғ.Есім, А.Жақсылықовтар өздерінің түрлі пайымдауларымен қалам тербегенінен оқырман қауым хабардар. Профессор Қ.Мәдібаева Абай инcтитутының хабаршысының 2010 жылғы №2 санында аталған ғалымдардың жанрға бөлген тұжырымдарынан мысалдар келтіре отырып, Абай қара сөздерінің жанрлық қырларына біршама тоқталған. М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиевтердің Абай қара сөздерін жіктеген тұжырымдарына өз тарапынан баға береді. Абайдың дін жайлы толғаныстарын тереңірек бағамдаған Қ.Мәдібаева абайтану мәселесіне өзіндік көзқарасымен келгенін айта кету ләзім. Профессор З.Бисенғали ақын қара сөздерінің кеңестік кезеңде көптеген дау-дамайға түскенін айтады.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол - ақынның білімсіз бишарасы деп толғаған ұлы ақынның қара сөздеріндегі түсініксіз үлгінің астарын ашады. Сонымен қатар М.Әуезовтің ақын қара сөздерін Абай жолы эпопеясында қолданғаны туралы баян етеді.

Абай өлеңдерінің дені Алла Тағала, Құран кәрім туралы, қазақ халқының исламға көзқарасы жайлы болып келеді. Алла Тағаланың адамның ойына сәуле түсіріп, бір-бірінен байлықпен емес, ақылымен оздырғанда оған үлкен жауапкершілік жүктегенін Абай данышпан жүрегімен сезген болатын. Ол Алла Тағаланың қалауымен білген-түйгеніңді жан-жағыңа түсіндіру міндеті еді. Алған біліміңді басқаларға тарату міндеті туралы Құран кәрімнің үшінші сүресінің білім туралы аятында тайға таңба басқандай анық сөз етілген: ...оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар [Құран 3:187]. Адамның білген білімін өзгелерден жасырып қалуының, жұрттың игілігіне пайдаланбауының ауыртпалығы, жауапкершілігі болады [Құран 2:146; 283]. Абай бұл міндетті мінсіз атқарды. Абайдың бұл қыры да кеңестік кезеңде әр жерде тиіп-қашып сөз етілгенмен жабулы қазан күйінде аса көп қозғалмаған тақырып болатын. Тек тәуелсіздік алған жылдардан бастап абайтанушылар ақынның дін тақырыбындағы өлеңдерін ашық тарқата талдай бастады.

Зерттеуші-ғалым Ж.Дәдебаев Абайдың дін тақырыбына жазылған өлеңдерін Құран сүрелерімен, пайғамбар хадистерімен салыстыра, салғастыра отырып, әдемі талдап өткен. Пайғамбар хадистерінің бірінде: Кісі жамандық көрсе, оны қолымен түзесін, оған әлі келмесе, сөзімен түзесін, оған әлі келмесе, жүрегімен түзесін [Бухари]. Бұл хадистегі айтылғандарды орындауда адамның мүмкіншілігі жөнінде ғалым: Жамандықты түзеу үшін кісіде белгілі аумақта шексіз билік болуы керек. Башқаша айтқанда, жамандықты қолмен түзеуге қолында шексіз билігі бар әкімнің ғана мүмкіншілігі болмақ. Жамандықты сөзбен түзеу хакімдердің құзіретіндегі іс екен. Ал жамандықты жүрегімен түзеу қатардағы иманды жандарға тән болса керек., дей келе, Абайдың осы талаптарды қалай орындады деген сұраққа былай жауап береді: Абай осы шарттарды келістіріп баяндап қана қоймайды, оларды өзінің әлінің келгенінше орындайды. Сөзімен де, жүрегімен де. Қолымен түзеуге мүмкіншілігі шектеулі болды. Ақын шығармаларындағы білімсіздікке, надандыққа қарсы бағытталған сыншылдық ұстанымның негізінде, елін кемелдікке, толықтыққа шақырған асыл адамгершілік мұратының негізінде Құран аяттарындағы ақиқаттармен қатар Пайғамбар хадисіндегі осы қағидат жатыр деп білу орынды [2. 4 б.]. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері Құран аяттарымен, Пайғамбар хадистерімен сабақтасып жатқанын ислам руханиятынан хабары кісі жазбай танитыны анық. Тіпті Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін тәпсірлеп жатқан тәрізді.

Абай не жазса да алыстан сермеп, жүректі тербеп, сөздің сөлін терең тамырдан тартып, оң-солын түгел қамтып, жүректің түбіндегі ой мәйегін айтуға тырысады. Және де әр сөзін Құран сөзімен, Пайғамбар хадистерімен түйіндеп отырады. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ, ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. [3. 69 б.]

Абай халқының жүрек көзін ашу үшін көп ізденді, Құранды ақтарды, халқыма керекті не аламын деп шығысты шарлады(шығыс жұлдыздарының еңбектерін қарады), орысты аударды, тағы да сол ұлы мақсат үдесінен шығуға бар күш-жігерін салды.

Абайдың шығармашылығында өзіндік орны бар, абайдың ақындық шеберлігінің биік белесін әйгілейтін саласы оның аудармалары. Абай аудармалары туралы кеңестік кезеңде де көптеген пікірлер айтылып келгені анық.

Аудармашы өзінің жанына жақын шығарманы яки өзін тебірентіп, көңіл көкжиегін кеңейткен шығармаларды аударатыны көзі қарақты оқырман қауымға белгілі. Әйтпесе аударма сапалы болып шығуы неғайбыл. Абай да аударма жасағанда кез-келген шығарманы аудара салмай, көңілінен шыққан әрі қазақ халқының жүрегіне жақындайды деген өлеңдерді ғана аударғанын байқаймыз. Ақынның шығармашылығымен қоса, аудармашылық қызметі туралы да біршама пікірлер бір арнаға саяды. Абай аудармаларына көптеген зерттеушілер жоғары баға беріп, ақынның аударматану ғылымына қосқан қомақты үлесін атап өткен. М.Дулатов Абайдың аудармасы жайлы: Мейлінше мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп, достасып алды. Лермонтовқа үндес... Өлеңдері есіткеннің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл негізі Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқан, десе [4. 91 б.], Ә. Бөкейханов Лермонтовты, Пушкинді және Крыловтың көптеген мысалдарын шеберлікпен аударғанын айтады. Демек, Абайдың аудармашылық шеберлігін зерделеу Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардан бастау алып, бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келеді. Абайтану ғылымының негізін салушылардың бірі және бірегейі, ұлы жазушы М.Әуезов ақын аудармасы туралы: Көп өнерінің бірі - Абай керемет переводшы болған. Переводқа шеберлігі мынадан білінеді: кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Пәндер