Арнайы педагогиканың пәндік салалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

«Арнайы педагогика» пәні бойынша тезистері

ДӘРІС № 1 Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері

Арнайы педагогика - қалыпты педагогикалық жағдайда білім алуға қиналатын немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғалардың арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі.

Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру педагогикалық феномен ретінде қарастырылады және кемтар тұлғаның білім алу мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы білім берудің субъектісі- мүмкіндіктері шектеулі тұлға.

Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін олардын тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді.

Арнайы педагогиканың негізгі максаты - дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, арнайы педагогика бұл максаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды мәнін көрсетеді: тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу.

Арнайы педагогика негізгі мақсатқа жету үшін жалпы максатар жүйесін жүзеге асыру қажет, олар:

- дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;

- педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орның толықтыру (компенсациялау) ;

- абилитация (ерте жас кезеңі үшін) -әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік- педагогикалық шаралар жүйесі. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.

- сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) - тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипатағы кешендерді қолдану.

Соңдықтан жалпы мақсаттар нақты тұлғаға көмек көрсетуге бағытталған, мысалы, көруінде ауытқуы бар тұлғаны арнайы құралдармен қолдануға үйрету және қоршаған кеңістікте бағыттау дағдыларын қалыптастыру болса, естуінде ауытқуы бар тұлға үшін қалдық естуге сүйене отырып, сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан ауызша сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру болады.

Арнайы педагогиканың өзгеше мақсаттар қатарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғаны сауықтыру шараларды ұйымдастыру, нақты өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу, өз тұлғасын барабар бағалау, әлеуметтік мінез-құлықтың сәйкестік формаларын қалыптастыру. Бұл жұмысты атқаруда психолог мамандар ата-аналармен бірлесіп өз үлестерін қосу қажет.

Ал арнайы педагогиканың мақсаттарын жүзеге асыру үшін бір қатар міндеттерді шешу аса қажетті, олар:

- мүмкіндіктердің шектеулі тұлғаның даму заңдылықтарын зерттеу;

- кемістіктің құрылысына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орның толықтыру мүмкіндіктерін анықтау;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан жіктеу әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу;

- арнайы білім берудің заңдылықтарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытудың педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау т. с. с.

ДӘРІС № 2 Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері

Арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін және барлық арнайы терминдерді білуі тиіс.

Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т. с. с.

Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасқан, олар диагнозды сипатқа ие болған, нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар 2) танымдық әрекеті төмен балалар 3) психомоторикасындағы ауытқу сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагноздың сипатына назар аудармай, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған.

Тарихи, әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына “түзету педагогика” термині пайдалану құбылыстар байқалды. Ал педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогикалық ғылымдар бөлек аталатын, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.

Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді.

Соңдықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.

Сөйтіп дамұында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:

- естімейтіндер

- нашар еститіндер

- көрмейтіндер

- нашар көретіндер

-тіл кемістігі бар

-ақыл-ойы кем

-психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиыналатын балалар)

- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар

-сезім-ерік аясында ауытқуы бар

Ал 2002 жылы қабылданған ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминдер мен аңықтамаларды занды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды.

ДӘРІС № 3 Арнайы педагогиканың статистикалық мәліметі мен даму кемістіктерін жүйелеу

Қазірігі уақытта кемістік (ауытқу) ұғымдардың орнына мүмкіндіктердің шектелуі атты термин кең пайдалануда. Дамуында кемістігі бар адам дардын проблемаларын кәсіби тұрғыдан қарастыратын білім салалары (медицина, әлеуметтану, құқықтану және психология) шектеулік ұғымын өз жекеленген негізінде пайдаланады. Соңдықтан жіктеуді түрлі негізделу арқылы құрастыруға болады. Ең жиі кездесетін жіктеулердің негізделуі келесідей көрсетелген:

кемістік себептері;

кемістіктін түрлері;

кемістіктін салдары.

Жалпы алатын болсақ арнайы педагогикада тарихи қалыптасқан мүмкіндіктері шектеулі балаларды топтастыру кемістін түріне сәйкес негізінделген. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардын келесі топтарын ажыратымыз:

- естімейтіндер;

- нашар еститіндер;

- кейіннен естімейтіндер;

- көрмейтіндер;

- нашар көретіндер;

- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;

-эмоция-ерік саласында ауытқуы бар;

- зиытында ауытқуы бар;

- психикалық дамуы тежелген;

-сөйлеу тілінде ауытқуы бар;

- күрделі кемістігі бар.

Келесі жалпы жіктеу кемістіктердің ағзада орналасуына негізделеді, олар:

-дене (соматикалық) кемістіктер яғни тірек-қимыл-қозғалыс жүйесі, созылмалы аурулар;

-сенсорлық кемістіктер (есту, көру) ;

-ми қызметінің ауытқушылықтары (ақыл-ой кемтарлық, қимыл бұзылыстары, психика және сөйлеу саласындағы кемістіктер) .

Аталмыш жіктеу арнайы педагогика үшін барлық кемістіктерді жалпы жүйелеу мағынасымен бағалы. Ал медицина саласында бұл жіктеу арығарай бөлшектенеді.

Ал әлеуметтік қорғау және әлеуметтік -еңбек етудін құқық саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бойындағы кемістін пайда болу себептеріне негіздеу арқылы топтастыру маңызды. Бұл жағдайдын себебі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қаржы, әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктермен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Соңдықтан бұл жіктеуде келесідей себептерге сәйкес ажыратамыз:

туа біткен даму кемістіктері;

оқыс пен апат салдары;

кәсіби жарақат;

кәсіби еңбектін салдарынын пайда болған ауру;

жол-апаттары;

соғысқа қатысу;

аурулар;

басқа да себептер.

Кемістін пайда болу себептеріне сәйкес жіктеуде арнайы педагогика үшін маңызы зор, өйткені нақты ауытқудын әлеуметтік немесе табиғи себебің білу болашақ түзетушілік-оңалту жұмыстарын дұрыс жоспарлаға мүмкіндік береді.

Арнайы педагогиканың әр пәндік саласында өзінің жеке жіктеулері бар, оларды толықтыру мен жетілдіру үздісіз үрдіс.

Арнайы педагогиканың пәндік салалары.

Қазіргі өз бетімен дамыған, өз пәні мен мақсат-міндеттерін, өзінің тарихын, дидактикасын, тәрбиелеу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесін ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар:

- тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер)

- сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер)

- тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен қатар көруінде ауытқуы бар )

- логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар)

- олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар) .

Соңғы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп - ортопедагогика деп аталған және ерік-сезім саласында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр.

ДӘРІС № 4 Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі

1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері

Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет екені сөзсіз.

Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Арнайы білім беру үшін философия - ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.

Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық.

Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.

Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн.

Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердін қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді.

Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген.

Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді.

Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалыптасады, олар:

- гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру;

- фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру;

- интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді. .

2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.

Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде және совет одағында - да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В. Штерн, А. Мессер) . Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.

Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.

Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті.

Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде «екінші сортты адамдар» деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы шектейтін - қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында, соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең жоғары құндылық - адам өмірі мен амандығы екенің көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап “Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы” қабылдағаннан кейін бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес құра бастады.

Бұл контестегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта құрылуына деген жаңа көзқарастың мәнінің негізі - ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме онысына қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету идеясы болып саналады.

3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері,

Арнайы білім беру жүйесінің тарихи дамуы көрсеткедей арнайы білім беруді ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер тарапынан қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған .

Арнайы білім жүйесінін экономикалық даму тарихы білім берудің бұл сферасының неғұрлым қуатты екендігін көрсетеді. Ал, оның экономикалық тиімділігі қалыпты жүйеге қарағанда біршама төмен. Осыған байланысты арнайы білім беру жүйесін қаржыландырудың ғылыми негізделгені қажет. Біріншіден бөлінген қаржы шығынсыз тиімді пайдалану үшін екіншіден кемтар тұлғаның қажеттілігін қанағатттандыратындай болуы тиіс. Сөйтіп мамандардың есептеуінше, қаржыландырудың басымдылығын кемтар балаларға ерте көмек көрсету мен мектепке дейін оқыту жүйесіне көшіру неғұрлым экономикалық тиімді болмақ. Ерте және өз кезегінде көмек көрсету көптеген балалардың жалпы оқыту жүйесіне көшүіне мүмкіндік туғызады. Осыған сай балалардың аздаған бөлігі арнайы мекемелерді қажетсінетін болады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек нарығына қажеті мамандар жоғары сапалы кәсіби білім беру-экономикалық тиімді болар еді.

4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері

Дамудағы кемістік-қандайда бір жағымсыз үрдістің себебінен болады. Бұл инфекция жарақат немесе адам организімінің функционалдық қурылысын жарақаттауға әкеліп соғатын тұқым қуалаушылық себептері болуы мүмкін. Кемтар балалар медициналық көмекті қажет етеді.

Арнайы педагогика емдеу арқылы жойылматын кемістікті, емдік шаралармен жеңілдету жолдарын қарастырады, көмектеседі. Сондықтан арнайы педагогика адамзат биологиясымен медицина және оның салаларымен (анатомия, физиология, психотерапия, нейрофизиология, невропатология, генетика, офтальмология, педиатрия, отоларингология, сурдология, т. б. ) тығыз байланысты. Аталмыш медицина салалары арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін қалайды.

Арнайы педагогика үшін маңызды клиникалық негіздер мүмкіндік береді;

- дамудағы кемістіктің биологиялық және әлеуметік себептерін көруге;

- ағзада болған өзгерістің маңызын түсінуге;

- кемтар балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге;

- сақталған органдар, онализатор және жүйе негізінде компенсаторлы жолдарды анықтауға;

- арнайы педагогиканың әрбір пәндік саласы ішкі педогогикалық жүйесі мен класификациясымен құрауға;

- дамудағы кемістіктің алдын алу бойынша сауықтыру шараларын жүргізуге; і.

- кемтар тұлғаларды түзету үрдісімен медициналық, психологиялық сүемелдеуді ұштастыруға.

Ауытқудың қандай себебінен пайда болуына қарамай олардың бәрлеріне медициналық көмек керек. Қандай да медициналық көмек болмасын, ол диагностикадан басталады. Диагностика - себептерін, дефектінің құрамын анықтайды. Медициналық тексерулер жүргізіледі, тексерулер арқылы емдеу шаралары мен емделу мүмкіндіктерін анықтайды.

5. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі

Арнайы психология - психологиялық білімнің өзіндік даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психология пәні - тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кеміс балалардың психикасын зерттейді.

Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын табуын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.

Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі.

Л. С. Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлардың қисындасуы арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады.

Біріншіден, Л. С. Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады.

Екіншіден Л. С. Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Екіншілік ауытқулар баланың психикалық даму құрылымын өзгертеді.

Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелділігі, олардың бірі - бірімен байланысы, теуелділігі. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі.

Төртіншіден, Л. С. Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетіне қосуды ұсынған.

Л. С. Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және - сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.

6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негізделуі

Сөйлеу тілін, оның қызметін, құрамын, даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін аса маңызды, өйткені қоғамның дамуына нақты ықпалын тигізетін жағдай. Сөйлеу тілін танып, білу - адам тұлғасының қоғам мүшесі болып қалыптасуының негізгі бағыты деп айтуға болады. Бала дамуындағы кез-келген кемістік, оның қоршаған ортаны меңгеруіне және сөйлеу тілінің қалыпты қалыптасуына (әлеуметтенуіне) әсерін тигізеді. Арнайы педагогика үшін психолингвистиканың келесі аспектілері өз маңыздылығын білдіреді, олар: сөйлеу тілі - түрлі белгілердің жүйесі, ал қызметі таным мен қатынас.

Сөйлеу тілінің қалыпты жағдайдан ерекше дамуының психолингвистикалық тұрғыдан талдау сөйлеу тілінің патологиясы психофизиологиялық механизмдердің бұзылыстар салдарынан болатын сөйлеу әрекетінің ауытқуын қарастыруды көздейді.

Психолингвистикалық тұрғыдан сөйлеу тілінің патологиясының келесі түрлерін ажыратады:

- тұлға дамуы мен жоғары психикалық қызметтердің патологиясына тәуелді өзіндік патолингвитстикалық сөйлеу тілінің кемістіктер (мысалы: шизофрения) .

- туа біткен немесе жүре пайда болған сенсорикалық кемістіктер салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері;

- ми жарақаттарының салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері (афазия) ;

- ақыл-ойы кемтарлықпен психикалық дамуында ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері;

- моторикасындағы ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері (тұтықпа) .

Арнайы педагогикада психолингвистикалық тұрғыдан қарастыстыру түрлі саласында натижелі пайдаланады, логопедияда (Халилова Л. Б. ) сурдопедагогикада (Зайцева Г. Л. ) .

Сонымен психолингвистикалық талдау арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратын күшейтіп кемістіктерді ғылыми тұрғыдан жіктеуге жол ашады. Қандай болмасын кемістік баланың әлеуметтік дағдыларына әсерін тигізетігін білу, кемтар баланың қарым-қатынас саласында кедергілерді жою, азайтуға және оңалту бағдарламарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері

Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Жауаптар педогогика
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz