Ауылдың тарихы, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар
Мазмұны
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
II Негізгі бөлім :
1.1. Ауылдың тарихы, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-10
1.2.Ауылдың қазіргі келбеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-26
1.3.Болашақ көкжиегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27-30
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1-32
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Дәйектеме
Ғылыми жұмыстың тақырыбы - Туған.Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер қорынан тұрады.
Жұмыста тақырыптың маңыздылығымен қоса, туған өлкеміздің тарихының тереңде жатқандығының дәлелі ретінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысы, нәтижелері және тарих үшін маңызы жан-жақты зерттеле отырып сараланған.
Зерттеу жұмысы нақты ғылыми негізде жазылған.
Аннотация
Тема научной работы - . Научная работа состоит из введения, трех глав, заключения, библиографии.
В работе рассматривается актуальность данной темы, ход археологические работы, новые находки древнего аула Жарлысу.
Научная работа написана на точной научной основе.
Annotation
The theme of scientific work - The. Scientific work consists of an introduction, two chapters, conclusions, bibliography. The paper considers the relevance of the topic, the progress of archaeological work, new finds of the ancient hillfort of Taraz. Scientific work is written in precise scientific basis.
Кіріспе
Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Еліміз тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде түрлі сынақтардан, қиындықтардан өтіп, өркендеп келеді.Әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауын: Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық,- деп мақтанышпен бастады. Қоғамның бар саласында айтарлықтай өзгерістер орнады. Қазақстанның жетістіктерінің сенімді тірек саналатынын айта келіп, бірақ оның ертеңгі табыстарымыздың кепілдігі бола алмайтынын ашып айтты. Болашаққа ірі-ірі жоспарлар жасап, даму бағдарларын көрсетіп берді.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында күн санап өзгеріп жатқан әлемдік дамудың көшінен қалмай, заман ағымына қарай әрекет етуді тапсыра отырып, санамызды жаңғырту бағытында бірнеше бағдарлама ұсынады. Соның бірі - Туған жер бағдарламасы. Дүниеге келген, өмір сүріп жатқан мекеніміз болғандықтан, біз үшін ауылдың орны ерекше.Туған ауылымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Жас ұрпақтың бойында елге деген,Отанға деген сүйіспеншілікті дарыту,дамыту мақсатында бағдарлама ұсына отырып, Елбасы өзінің ойын мынадай сөздермен түйіндейді: Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,өскен ауылыңа,қалаң мен өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, Туған елге ұласады, Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс[1].Шынында, осы уақытқа дейін мектеп бағдарламасында ғана берілген ел тарихын ғана оқып, өзіміз суын ішіп, ауасын жұтып, асырап отырған ауыл тарихына көңіл аудармадық. Отан от басынан басталады деген сияқты, Отанымыз осындай картаға түспеген кішкентай ауылдардан, үлкен қалалардан құралмай ма? Зерттеп отырған тақырыбымыздың да өзектілігі осында.Әрбір жас өзі туып өскен ауылынан бастап,ел тарихын,салт-дәстүрін,мәдениетін,әд ебиетін,тілін терең меңгеріп өсетін болса, елге деген құрметі мен елге қызмет етуге деген құлшынысы арта түсері сөзсіз.
Мақсатымыз - Жарлысу ауылының құрылғаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тіршілігін, тарихы туралы, ауылдың көркеюіне үлес қосқан азаматтар жайлы дәлелді деректер жинау арқылы кеше-бүгін-ертең тізбегімен ауылымыздың келбетін, өркендеу белестерін таныту.
Міндеттері:
- ауыл тарихы, оны өркендетуге үлес қосқан тұлғалар жайлы деректер жинау, жүйелеу; - қазіргі ауылдың тыныс-тіршілігін танытатын ақпарат жинау,сараптау; - ауылдың гүлденуіне үлес қосқан азаматтар жайлы, олардың еңбегі, жетістіктері жайлы мәліметтер жинақтау, сараптау; - жиналған ақпарат қорын көрнекті материалдармен, видеокөріністермен, фотосуреттермен,т.б. қосымша материалдарымен толықтыру.
Негізгі бөлім
1. 1.Ауылдың тарихы, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар.
Жарлысу ауылы - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының аумағындағы Тян-Шань сілемдерінің қойнауында орналасқан шағын ауыл. Халқы негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. 178 түтіні бар, қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрімізді бекем ұстайтын мекен. Қазақстан картасына түспеген, бірақ басқа да қазақ ауылдары сияқты қойнауына талай сыр бүгіп жатқан, елмен бірге жасасып, талай заманды,талай оқиғаны бастан кешіріп келе жатқан киелі бесігіміз. Жарлысудың тарихи аталуы ежелден осылай аталады екен.Тау сілемдерінен аққан судың мол болуына байланысты ауылға қарасты жерлердегі жарлардың бәрінде мол су ағып жатқан. Сол себептен Жарлысу аталып кеткен. Ал ауыл маңындағы тау бөктерінен бастап шыққан өзенді Талдыөзен дейді. Ал өзеннің Талдыөзен аталуы өзен жағасында тал көп болғандықтан Талдыөзен аталып кеткен [1].
Жал-жал болып жайғасып жатқан төбелері, ирелеңдеген сан тарап жолдары Ұлы Жібек жолынан өткен сансыз керуеннің табанымен тапталған, ұлы сауда жолының жүріп өткен жолы болған деседі аңыздар.Бұл жөнінде арнайы зерттеулер жоқтың қасы, Тек белгілі журналист Сейсен Қожекенің мақалаларында жер атаулары тарихы кездеседі. Жарлысу ауылының төр жағындағы шатқалда кіре беріс тұста Елубайдың диірменідеген көне қоныс бар.Сол тұста ерте заманның жәдігеріндей болып кеткен үлкен таңбалы тас бар.Бұл өзі бағзы заманның тылсым сырын шертіп тұрған бірден-бір белгі.Көне тайпалы ел шамасы аңшылықпен күн көріп,мал өсірген болуы керек тасқа арқар мен киіктің,тау ешкі мен барыстың,түйе мен күліктің, қой мен ешкінің сұлбасын қашап ойып түсіргені күні бүгінге дейін өшпепеген.Талдыөзеннен табылған таңбалы тасқа бес тайпалы дулаттың бір руы өз таңбасын салып кеткені анық.Атан түйедей шөгіп жатқан алып тастың аңыз әңгімелерге сүйенсек, арқалығы да бар көрінеді.Бұл жерде ілгері заманда тайпа көсемдерін сайлаған деген ел ішінде сөз бар.Кейін бұл киелі тас болып кетті.Өздерінің білесіздер Шәуе Сәлімбаевты.Сол кісі Кетпентөбеден жаяулап елге жеткенде осы тастың үстіне шығып тыныс алған көрінеді.Ол ашаршылық жылдары болса керек.Атамыз ол кезде небәрі он үш жаста болған.Әкесі Сәлімбайдың айтуынша, ауылда қалған қаракер атын алып келуге келе жатқан ғой.Жер шалғай,туған жер төсіне табаны іліккенде Көсемтасқа арқасын сүйеп тынығып алайын деп жатып, ұйықтап кетсе керек.Бертінде көнекөз кәриелеріміз: Ата-бабаларымыз: Көсем тасқа түнеген кісінің тасы өрге домалайды, кедей болса байиды, жарлы болса хан болады,хан болмаса көсем боладыдейді екен.Сол Шәуе көкеміз бір емес, бірнеше колхозға кейін бастық болды.Міне, осынау байырғы Талдыөзен шаһарының тұсынан кейін отаршылдыққа көшкен қарақойлы жұрты Жарлысуды өздеріне мәңгілік мекен етті.
Биікті бағалағың келсе тауға шық деген сөзге бас имеске шараң жоқ. Дегерез - бұл жер аты.Осы жотаның үстіне шығып алып,арайлап атқан таң нұрының шапағына шомыла отырып, жан-жағыңа көз салып,өткен- кеткеніңді еске аласың, бабалар жүрген соқпақтардың ашылмай жатқан сырын ұғасың.Осынау жотамен қатар шығысқа қарай Талды,төменіректе Қосыбай қыстауы жатыр көсіліп.Ал солтүстікке қарай Төртсарай, Талдыөзен, Малдыбай, Подгорный (Әбілқайыр), оған жапсарлас, батысқа қарай созылып жатқан Сұңқайты (Сұмқайтты),Еспе, Топағашқа дейінгі аралық, бесінші, оңтүстігінде Сотый разьезд, Қайыптың сайы,Үш ағаш Бекет, Шыңбұлақ жатыр.
Міне, осы аралықтың бәрінде біздің әкелеріміз, ата-бабаларымыз еңбек еткен.Көнекөз кәриелеріміздің айтуынша, қарақойлы ұрпақтары бұл өңірге сонау XVII ғасырда қоныс аударған деген болжам бар[2].
Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған , есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар деп Елбасымыз айтқандай, туған жердің атақ-даңқын біртуар толағай тұлғалардың шығаратыны белгілі.Ел аузында аңыз болып, бізге дейін жеткен сондай тұлғаның бірі - Есім би Алдасүгірұлы. Есім би Алдасүгірұлы XYIII ғасырдың аяқ шені мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген. Руы-қарақойлы .Ұрпақтары осы Жарлысу ауылында тұрады.Ол өзінің әділдігімен, турашылдығымен жас кезінде-ақ көзге түсіп, ел ішіндегі жер дауы мен жесір дауын, рулар арасындағы басқа да дау-дамайды үлкен парасат-пайыммен шешіп отырған. Есімбидің зираты Сұмқайтты деген жерінде. Есім би Алдасүгірұлынан соң ел басқаруға оның ұлы Жаманқұл келеді.Одан соң Құрымбай, Жұмабек болыстықты алады. 22 жасында бала би атанған Жұмабек пен Нәметқұл би де қарақойлы еліне бас болыпты.
Расында Ауылына қарап, азаматын таныдейді халық.Осы үкідей ұйысқан елі бар қозы өрісіндей қойнау Есім бидей сұңғыланың кіндік қаны тамған жері.Өзі Ұлы жібек жолындағы керуен соқпағында. Бақыт балақтан кіріп басқа қонған болса,осы ауылға қонған- ау ,сірә.Бірақ, сағымды даланың да ғасырдан ғасырға жететін сағыны, салбаурын жұрттың таусылмас мұңы болады.Отыз сегіздің зобалаңы келгенде де ел көктей көшпей құрығын шымға тіреп, аштық пен азапты қасқайып тұрып қарсы алған[3].
1917 жылы Қазан төңкерісі келіп, елдің игі жақсылықтарының басына қара бұлт үйіріледі. Жалпақ жұрт алдындағы бар малынан айырылып, елді аштық жайлайды. Қолдан жасалған кәмпескеге Мадияр, Шой, Решбай, Халық, Қосыбай деген ауқатты кісілер ілінеді. Дәл осы тұста ел ішінен көкірегі ояу, көзі ашық ел ағалары шығып, халықты осынау нәубеттен құтқаруға көп күш жұмсайды.Сол кездегі Қосшы одағына Сейдуалы Дауылбаев басшылық етеді. Мұхаметжан Малдыбаевтың аштықтан құтқаруға төккен тері зая кеткен жоқ.Кеңес өкіметі орнап, колхоздастыру кезеңі басталды. Жұрт отырықшылдыққа көндігіп, Талдыөзен, Жарлысу колхоздарына бірікті. Біздің ауылда сайлау өтіп, Талдыөзен және Жарлысу болып екі колхоз құрылған. Талдыөзенді Медер Терекбаев,ал Жарлысуға Қабира Байтелиева сайланған.
Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың барлығы, сонымен қатар қазақ халқының өміріне де түбегейлі бетбұрыс жасады. 1929 жылы жаппай ұжымдастыру басталды. Мәселен, Ақыртөбе аймағынан 12 колхоз құрылды. Жарлысу колхозы 1930 жылы құрылған. Ол Сазарық ауылдық кеңесіне қараған. Орталығы осы Жарлысу ауылы болған. 1932 жылы Сазарық колхозымен бірігеді. 1938 жылға дейін Әулиеата, Қазіргі Байзақ ауданына қарады. Соғыстан кейінгі жылдары колхозды ірілендіру кезінде, яғни 1950 жылы Алғабас колхозына қараған[4].
1918 жылы Жарлысу ауылында 4 жылдық мектеп болған. Мектептің алғашқы түлектері Маренов Мамырқұл, Мұсаханов Шамші, Малдыбаев Мұхамедали, Дауылбаев Сейдуалы, Қарақозиев Бейсбай, Өсеров Ыбрайымбай, Манахов Мұсабек. 1940 жылы 7 жылдық мектеп,1989 жылы 9 жылдық мектеп, 1991 жылы 11 жылдық мектеп болды.2010 жылдан бастап заманауи жаңа мектеп қолданысқа берілді.
Ауылымызда тұғыры биік, өмірі өнеге, елеулі есімдер де жоқ емес.Сол ағаларымыздың бірі - шаруашылық басқарған Сәлімбаев Шәуе. Ол 1915 жылы Жарлысу ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1930 жылы Талдыөзен ұжымшарында қатардағы ұжымшар мүшесі болып бастады.1941 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары 1944-1959 жылдары Октябрьшаруа, Жаңатұрмыс, Жамбыл атындағы ұжымшарында басқарма төрағасы,1959-1962 жылдары Подгорный астық кеншарында бөлімше меңгерушісі,1962-1975 жылдары Алғабас кеңшарының бөлімшесінде агроном болып қызмет істеді. Шәуе Сәлімбаев екі рет Ленин орденімен, бірнеше медальдармен,Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, Мәдениет министрінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған[5].
Ел ағасы Шәуе Сәлімбаев азаматтардың , колхоздардың мүшкіл жай-күйін жасырмай айтып, жаңа совхоз құру туралы шешімді, оған Әуезхан Әміреқұлұлы Әміреқұловты директор болуды қолдаған еді
Біздің өңірде ауыл шаруашылық нысандары - негізінен колхоздар болатын. Олар өздерін өздері асырап дегендей, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін өз күштерімен,өз қаржыларымен шешуге тиіс болғанымен,іс жүзінде олардың басым көпшілігі ондай дәрежеге көтеріле алмаған еді.Оларға мемлекеттік банк арқылы ақшалай несие беріліп тұрғанымен ,ол қарыздарын қайтара алмай,не колхозшыларына еңбекақы бере алмай, тұралаған қалпында қала беретін.Соны ескеріп,1962 жылы партия мен өкімет кіші-гірім, экономикасы әлсіз колхоздарды біріктіріп, жаңа, мамандандырылған совхоздар құру туралы қаулы қабылданды.Осы қаулыға сай Луговой ауданында да Ақыртөбе аймағындағы Еңбекші, Бірлес, Өрнек, Қызылту, Талдыөзен және Жарлысу атты шағын колхоздарды біріктіріп, Алғабас деген совхоз ұйымдастыру туралы шешім шығыпты. Жарлысу 1962 жылдан Алғабас совхозының бөлімшесі болды. Сөйтіп совхозды Әуезхан Әміреқұлұлы Әміреқұлов басқарды. Осы совхозда 18 жыл басшылық қызметте болды.Әміреқұл ағамыз басқарған жылдары КПСС Орталық комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, Қазақстан КП Орталық Камитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев келіп, шаруашылықты көріп кеткен. Әуезхан Әміреқұлұлы Әміреқұлов 1980 жылы зейнетке шыққан.1992-1993 жылдардан бастап жұмыскерлер жеке шаруа құруға бет бұрып, совхоз тарады. 1995 жылдан Жарлысу ауылы бірнеше өндірістік кооперативтерге бөлінген.[6].
1.2.Ауылдың қазіргі келбеті.
Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.Жарлысу - біздің бақ мекеніміз, алтын бесігіміз. Оны көркейту, гүлдендіру - ауыл азаматтарының басты парызы.Тәуелсіздік таңы арайлап атқаннан бері ауылдар да мемлекетімізбен бірге талай асулардан өтті.Дағдарысты да, жаңғыруды да бастан кешті. Бүгінде Жарлысу - бірлік пен келісімді ту еткен, бейнеттеніп мал өсіріп, егін егіп, бейбіт өмірдің ашық аспанында ұрпақ өсіріп бақытқа кенелген азаматтар мекені. Бүгінгі Жарлысу баяғы жырасы мен жарынан суы сарқырап келіп ,төрт түлігі түгел көше-көшені қилап, қыздары тойға киетін топлиды былғап, тракторы батпаққа тығылып, кемпір - шалы тайғанақтап, жығылып жататын Жарлысу емес. Жарлысуда көше дейтін бір ұзын көше бар.Қалған қысқа көшелердегі сақпанның тасындай үйлерге де көгілдір оты кірген, тек ауылда бір орталықтан келетін ауыз су ғана жетпей тұр. Әйтпесе, көшелер айнадай жарық, кеш түсісімен шам біткен самаладай жанып, ауыл орталығындағы мектеп пен интернат, мешіт ғимараттарын ай астына айқара құшағына алады. Әсіресе, қыраттарға, жар мен жотаға мінгескен үйлер мен хан шатырындай күмбезі көк тіреген Алланың үйі ауылды мың бір түндегідей етіп көрсетеді. Тегі жұмақты мекен дерсің[7].
Осынау көркем мәдениет пен таңғажайып тұрмысты ауылға әкелген ауыл азаматтарының өзі.Солардың ішінде бір әулеттің шоқтығы биік тұр.Ел Шәушен деп атап кеткен кешегі қарапайым ғана қойшының ұлдары көптен озды. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деген нақыл сөз бүгін сол Дөненбаевтарға айтылып жүр.
Алтын бесігін жұмаққа айналдыруға атсалысқан пайымы үлкен азаматтың бірі де бірегейі - ауылдың жанашыры Сайранбай Дөненбаев. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа деген сөздері Сайранбай Дөненбаевқа арналғандай.
Иә, ошақ басындағы өлім ешқашан ұмытылмайды.Бұл қандыкөз Голощикин мен Сталиннің көпе-көрнеу көрім саясаты екенін біз арада бір ықылым өткенде әрең біліп, жағамызды ұстап отырмыз.Сол зобалаңда қызыл империяның ұр да жық саясаты бір миллион 750 мың қазақты аштықтың құрбаны етті.1937 мен 38-дің зұлматында елімізде жүз мың адам сотталып, 25 мың адам атылыпты. Сол жылдары да менің әкем де жан сақтау үшін атамызға ілесіп қырғыз асып,Таласқа барып, жаны қалыпты.Шәушиіп жаны әрең қалған соң оны Шәушен деп атап кетіпті.Содан бері ол кісіні Әліқұл деп ешкім атамайды.Оның шын есімі тек төлқұжатында ғана сол күйінде қалды[8].
Сондай қырғыннан аман қалған Әліқұл ұрпақ өсіріп, ұзақ жылдар колхоздың малын бағып, адал еңбек етті.Ұлдарына ата кәсібін жалғастыруды мұра етті. Біз әңгіме етіп отырған Сайранбай - сондай еңбекқор жанның тәрбиесін көрген кісі.
1965 жылдың 1 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас совхозы, Жарлысу бөлімшесінде дүниеге келді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz