Бұқар жырау толғаулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Бұқар жырау

Орындаған: ИО-21 тобының студенті Қадылова А.С
Тексерген:аға оқытушы Муратова М.Б.

Қарағанды 2021ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ
1 Бұқар жыраудың өмір баяны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Бұқар жырау толғаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Ақын өлеңдерінің мазмұндық-тақырыптық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .8
Абылай заманы туралы толғауларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

II ТАРАУ
Абылай мен Бұқар жырау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қазақ әдебиетіндегі Бұқартанудың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... 13

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе.
Реферат тақырыбының өзектілігі. Бұқар жырау Қалқаманұлы -- XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. ұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. "Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен " деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы -- халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы.
Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. 1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды.
Рефераттың тарихнамасы. Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Мерейтой салтанаты үстінде осы көшенің бойында, темір жол вокзалы алдындағы кең алаңда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы -- жерлес мүсінші Мұрат Мансұров. Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: Көріктей басқан күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып жаршысы, халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың деген сөздері де айғақтағандай. 18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы кезде Ақтабан шұбырындыға ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді. Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз жұртының әулиесі Қорқытпен, 14 ғ. ноғайлы елінің данасы Сыпыра жыраумен салыстыруға болардай.Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады.Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай бермек.
Рефераттың зерттеу мақсаты.Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі.Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт тірек деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз.
Рефераттың хронологиялық шеңбері. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында "Алаша хан ордасы" аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жаңғабыл өзенінің бойында) және Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде Қаракеңгір өзенінің жағасындағы "Алаша хан кесенесі" аталатын XVI ғасырда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған.
Рефераттың зерттеу нысаны. Тарихта "Алаша (Алача)" деген лақап атқа ие болған тағы бір хан кездеседі. Оның шын есімі - Сұлтан Ахмад хан I. Ол Моғолстанның орталығы мен шығысында билік құрған (1485 - 1504 жж.) Шағатай әулетінің өкілі. Ойраттармен болған қақтығыстарда асқан қатыгездік көрсетіп, ойраттарды үлкен адам шығынына ұшыратқан. Сол себепті "Алача, Олоча" деген лақап атымен тарихта қалған. Бірақ Ұлытаудағы кесененің Сұлтан Ахмад ханға тиесілі болуы екіталай. Себебі, XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында қазіргі Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы Моғостан хандарының қол астында болмаған.
Рефераттың құрылымы. Екі тараудан, кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Бұқар жыраудың өмір баяны.
1.1 Бұқар жырау толғаулары.
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады [1, 6 б.].
"Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!".
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың "Абылай ханның қасында", "Ал, тілімді алмасаң", "Ай, Абылай, Абылай", "Қазақтың ханы Абылай", "Ханға жауап айтпасам", "Басыңа біткен күніңіз", "Ай, Абылай, сен он бір жасыңда", "Ал, айтамын, айтамын" атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады [2, 76 б.]. Ал, "Садыр, қайда барасың?", "Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға" деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды [3, 87 б.]. Бұл орайда жырау Абылай ханды "әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай" деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын "қырық мың атан тарта алмас" деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:
"Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің [5, 6 б.]. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!".

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:

"Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің [6, 13 б.]. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің... Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың"...

Бұқар Жырау Абылай ханның "бәйгелі жерде бақ болған" әйгілі батырларын "өзіңе тұғыр болған төрт тірек" деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Толғаулары
Жыраудың "Он екі айда жаз келер", "Абылай ханның қасында", "Ханға жауап айтпасам" атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды [7, 48 б.]. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: "Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек", "Әлемді түгел көрсе де", т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған [8, 89 б.].
Ақыл-ойға кемел "Көмекей әулие" Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі -- жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді [9, 45 б.].

1.2 Ақын өлеңдерінің мазмұндық-тақырыптық жүйесі.

Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі
"Бұхар жырау толғауларының көркемдігі өз алдына үлкен тақырып.Ол толғау жанрының өзіне дейінгі көркемдік өрнектерін бойына сіңіріп,өзіндік қол таңбасын жасағанын жоғарыда атап өткен едік. Бұлардың әр біреуі тек толғау жанрына ғана тән абстракциялы ойлар,көркем түйіндер, қиыннан қиыстырылған салыстырулар арқылы бой түзеп тұрған шағын шығарма. Бұл жырларда артық буын, жасық сөз,амалсыз қайталаулар кездеспейді"(М.Жармұхамедов) [7, 54 б.]. Асанқайғы жырларында көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұхарда өз көрінісін тапты.Бұхар толғауларында "Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз,өйткені дүние өтпелі, соны да ескер, деген ақылды айту үшін: "Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылып,Көл суалмас демеңіз"сияқты шендестірулер кездеседі.
Бұхар толғауларындағы әдеби бейне жасаеудың қалыпты түрі егіз ұғымды салыстыруларға құрылып отырады. Мұның үш түрі бар десек, біріншісі, айтар ойға іштей астасып, соның тікелей көрінісі, нәтижесі ретінде құрылатын сипаттамалар болса ( "Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер"т.б), екіншісі, ой-пікірдің қарама-қарсы құбылыстармен келген шарттылығын айғақтайды.Мұнда авторлық мақсат сол құбылыстың ешбір дәлелдеуді керек етпейтін қисын ұтымдылығымен дараланып отырады [12, 6 б.].
Бұхар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым - қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып, жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында ашып бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың "құрсағы құшақ байлар", мен "қу таяқ кедейдің" тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлар арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады. ( "Айналасын жер тұтқан айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып көл суалмас днмеңіз [8, 87 б.].Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз... Жарлы байға тең келіп, жайлауға жарса көшпес демеңіз"). Алайда Бұхар бұл жанрда дәулет пен ырыс шалқыған байлық бір құдайдан денген көкейдегі ойын ашып айтпай, жай емеурінмен ғана сездірсе де, мұсылман дінінің талаптарына орай панасыз жетім, момын мен жарлыға, пақырға іш тартып, солардың тілеуін тілейді, бұлары шын адамгершілік, ізгілік талабы тұрғысынан көрінеді.Жыраудың шығармалары ке - ңестік кезеңде Үш ғасыр жыр - лайды, Бес ғасыр жырлайды, Жеті ғасыр жырлайды, Алдаспан, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті жинақтары мен Базар жырау шығармалары (А., Жазушы, 1986) кітабына енсе, егемен ел болған тұста Жәмиғы қазақ бір туған, Назбедеу жинақтары күйінде және Сырдария кітапханасының құрамында бір том болып жарық көрді [13, 6-7 б.].
Базар жыраудың әдеби мұрасы филолог мамандар даярлау барысында курстық, дипломдық жұмыс - тарға, магистрлік, кандидаттық, докторлық диссертацияларға зерттеу нысаны болып келе жатыр.
Сыр сүлейлерінің шығарма - шылығы - қазақ әдебиеті делінетін үлкен өнердің құрамдас бөлігі, яки бүтіннің бөлшегі. Әдебиетіміздің басқа кезеңдерімен салыстырғанда толық хатталуға жақын қалды деп жүрген ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі кез келген мәселені, демек, Сыр сүлейлерінің шығармаларынсыз зерттеп-зерделеу дұрыс бола бермейді. Сондай-ақ Сыр сүлейлері шығармаларының әдебиет тарихындағы өзіндік орнын, ерекшеліктерін бүгінгі әдебиеттанудың талап-талғамына сәйкес айтып та отыруымыз қажет.
Негізінен ескіше (арабша) сауатты болған Сыр сүлейлері өздерінің шығармашылықтарында шығыстың классикалық әдебиеті дәстүріне шындап ден қойған болатын. Шығыс - тық өркениетпен аралас-құралас дамуға Кеңестік респуб - ликалардың әдебиеті мен өнеріне саналы түрде тосқауыл қойылды [17, 8 б.].Ұлттық көркем өнеріміздің өркениетті елдердің әдебиетімен, өнерімен шығармашылық байланыста болып, сырттай түлеп, іштей түрленіп өсуіне қойылған бұндай тежеуді Сыр сүлейлері шығармашылықтары да бастан кешті. Діни сюжетті, шытырман оқиғаға толы, негізінен, гуманис - тік идеяларды насихаттайтын қисса-дастандардың талайының өмірі қысқарды. Көзі қарақты, көңілі ояу адамдардың қолында қалып, күні бүгінге дейін сақталып келген осындай қисса-дастандардың мазмұнында адам миын улайтындай, рухани дүниесіне теріс әсер ететіндей ешнәрсе жоқ. Керісінше, шығыстық өркениет пен әдебиет дәстүрін меңгере отырып жазылған бұндай шығармаларда мұсылман дінінің гуманистік идеялары, адамгершілік сапалар насихатталады. Бұл айтылғандардың Ешнияз сал, Базар жырау, Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуовтердің шығармашылықтарына тікелей қатыс - ты екенін айтсақ, ақиқат ауылынан алыс кетпейміз. Өнердің мұраты - адамзатқа қыз - мет ету [18, 7-8 б.]. Өнердің тақырыбы - адам тағдыры. Жанрлық тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясының дәстүрлі түрі толғаудың да туу, қалыптасу, даму арналарының болатыны секілді, бұндай процесті әрбір әдебиет өкілдерінің шығармашылығы да басынан өткереді. Әрбір әдебиет өкілінің ұлттық әдебиет дәстүріне қосқан үлесі оның суреткерлік қарым-қабілеті, таланты, өмірлік тәжірибесі мен білім-білігіне тікелей байланысты болады. Осы тұрғыдан келгенде, Базар жырау - ұлттық әдебиет дәстүрін жалғастырушы ғана емес, оны байытушы [8, 12 б.].
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері -- Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. "Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, -- деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев -- бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек". Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген [19, 43 б.]. Бұл -- болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді.

2 Абылай заманы туралы толғаулардың мәні.
2.1Абылай хан мен Бұқар жырау.

Замандастарының айтуынша, Абылай қатаң мінезді, шапшаң, əрі аямай жаза кесетін адам болған. Ханның бас идеологы болған Бұқар үш жүзді басқару ісінде жəне түрлі дау-шарды шешу кезінде Абылайға елеулі ықпал жасап, көмек беріп отырды [9, 13 б.].Абылайдың өмірі мен қызметі жөнінде жүргізілген зерттеу бұл тұлғаның көшпенділер қоғамының тарихында зор рөл атқарғанын көрсетеді. Ол 1771 жылы Түркістанда Үш алашқа хан көтеріледі. Өз мақсатын орындау жолында Абылай бірталай табысқа жетті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Жыраулар поэзиясы
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Жыраулар әлеміне шолу жасау
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
Пәндер