Энеолит


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: Энеолит
Орындаған: ИО-11 тобының студенті Қадылова А.
Тексерген: т. ғ. м., аға оқытушы Муратова М.
Қарағанды 2021жыл
Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуірді энолит деп түсіну керек. Әдетте, бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиындықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айқын көрінеді. Мыс қосылған шақпақ тас бұйымдарымен ұштасқан бұл үлгілер жиынтығы энолиттік үлгідегі археологиялық кешендерді сипаттайды. Энолиттік кешендер оңтүстік өңірлерде неғұрлым айқын көрінеді, оларда мыс құралдардың енгізілуі егіншілер мен малшыларға өндірісті дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Энеолит (мыс-тас) дәуірі б. з. б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б. з. б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген) . Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары. Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б. з. б. 3-2 мың жылдық) . Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған. Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан. Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі - шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео - мыс, литос - тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл - мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені - Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV-XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы - Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі - Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі - б. з. д. 3-2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған. Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т. б. ) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бүл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты кысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылган аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен катар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды. Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайык- Ертіс өзендері аралығының) далалык энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill - II мынжылдыктармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің калыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сыртгай ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В. В. Зайберт ашты". В. Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде баска мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында - Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Қүмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісакқанның, жоғарғы Тобылдың, Обаганның, Шагалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды - б. з. б. XXIV - XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны аныкталды. Негұрлым ертеректегі құрылыс кезендерінде салынган тұрғын үйлердің қалдықтары соңғыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі ауылдың кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байкауға болады: ені 4-8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде баганалар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылган. Кіретін есік кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңкырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы - шаруашылықка арналган орын, төрде - ұйықтауға арналган жер. Әдетте қабырганың бүйір жагынан азық- түлік сақтау үшін шұнкыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта кұрылыс сипаты біршама өзгеше: кабыргаларының агаштан салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар түрғындардың шаруашылық жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналган ілгектер жылкының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас токпақтар, пышактар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, най- залардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш ендейтін кептеген аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер, пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген, ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шакпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар кажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере бастады. Неолит дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Жалпы алғанда, табиғаттың дайын өнімін пайдаланатын шаруашылықтың тұтынушы түрлері - аң аулау, балық аулау, терімшілік сақталды. Біртіндеп мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік жетекші рөлге ие бола бастады. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің - әрмешілдік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың дамуына әкелді. Осылайша коғамдық еңбек бөлінісі үшін негіз қаланды. Белгілі бір дағды мен тәжірбиені талап ететін кейбір бұйымдарды жасайтын мамандар пайда болды. Біртіндеп тұтас рудың қандай да бір кәсіптің түріне мамандану үдерісі жүре бастады. Шаруашылықтың іс-әрекетіндегі ілгерілеушілік тұрғындар санының өсуіне мүмкіндік берді, рулар көбейді. Азық-түлік қорының жетіспеуіне байланысты аналық рулық қауымнан жақын туысқандар кете бастады. Бұлар жаңа рулардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz