Еркіндік және жауапкершілік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Рефарат

Дайындаған Тәңірберген Нұрислам
Тексерген Бижанова М.А
Тақырып Еркіндік және жауапкершілік

Жауапкершілік пен еркіндіктің, ар - ұят бостандығының өзарабайланысы мәселесі қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналып тұр. Қазіргі әлемдегі экономикалық, саяси және рухани жағдайдың өзгеруі, ғаламдық мәселелердің одан ары асқынып, шиеленісуі, адамдардың өздеріне, қоғамдық ортаға, табиғатқа және әлемге деген жауапкершілікті қатынастарын, жауапкершілікті мінез - құлық мүмкіндіктерін және жауапкершіліктің шекараларын анықтаумен байланысты көптеген сұрақтар туындатады. Осы мәселелерді анықтау барысында қазіргі қоғам өміріндегі жауапкершілік мәселесін зерттей отырып, оның құрылымы мен көріну формаларын философиялық тұрғыда терең зерттеу қажет.

Тарихи - философиялық зерттеулер көрсеткендей, адамзаттың тарихи дамуы барысында жауапкершілік ұғымының мағынасы мен көріну формалары ұдайы өзгеріп отырған. Қоғамдық өмірдің шынайы құбылысы ретінде жауапкершіліктің пайда болуы адамның тұлға ретінде қалыптасуымен байланысты ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Адамның қоғамнан бөлінуі, индивидуалдылықтың қалыптасуы, адамның еркін әрекет ете алуы жауапкершілік ұғымының пайда болуына алғышарт болды. Осы себепті адамның еркіндігі оның жауапкершілігінің алғышарты болса, ал жауапкершілік еркіндіктің өлшеміне айналды.

Философиялық көзқарас қалыптасқаннан бастап қазіргі кезге дейін жауапкершілік философиялық категория ретінде екі бағытта қарастырылып келеді. Бірінші бағыт жауапкершілікті ар - ұят, парыз, қайырымдылық және зұлымдық сияқты категориялармен байланыстырыла отырып, өнегелілік жағынан қарастырады. Мұндай көзқарастарды стоиктер философиясынан, дін философиясынан, Кант, Гегель, Юм, Милль философияларынан, экзистенциализм философиясынан байқаймыз. Ал екінші бағыт жауапкершілікті әлеуметтік негізде зерттейді[1].

Философия тарихына шолу жасасақ, ежелгі гректер үшін еркіндік адамға ғана емес, кез- келген психофизикалық элементке тән жоғарғы құндылық. Еркіндік ғарыш заңдылығына қайшы келмейді, керісінше оның бір көрінісі ретінде қызмет етеді. Кенеттен бір нәрсенің өздігінен пайда болуы еркіндіктің белгісі, яғни гректер алғаш болып еркіндіктің ақыл-оймен байланысын айтты. Сонымен қатар, олар үшін еркіндіктің нағыз үлгісі - әлеуметтік еркіндік. Ол саясат саласында орын алады[2].

Антика философиясының бірқатар ойшылдары жауапкершілікті мемлекеттік құрылымға тікелей тәуелді ете отырып, әділеттілікпен тығыз байланыста қарастырды. Сократ бойынша, заң мен әділеттілік - бір - мағынадағы ұғымдар. Афина тұрғындарын өзінің философиялық мазмұндағы әңгімелері арқылы сауаттандырып, нағыз шынайылықта өмір сүруге үйретуді Сократ өзінің азаматтық парызы, жауапкершілігі ретінде түсінді.

Ал Платон әділеттілікті идеалды мемлекеттің басты белгісі деп тұжырымдады. Мемлекет деген еңбегінде адамның өнегелілік сапалары мен тұлғалық ерекшеліктері мен осы адам өмір сүріп отырған мемлекеттік құрылым арасында салыстыру жасайды. Тек жетілген тұлға ғана болашақ идеалды мемлекеттің негізін қалай алады. Идеалды мемлекетті философтар басқара алуы мүмкін, себебі философтар ғана әділеттілік пен жауапкершіліктің ең жоғарғы үлгісін өзіне біріктірген ел басшысы бола алады. Адамдар өздеріне берілген еркіндікті дұрыс пайдалана алмайды. Олар еркіндікті шексіз деп ойлап, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінбейтін тиранға айналып кетеді. Сондықтан, демократия, Платон көзқарасы бойынша, соңында тиранияға алып келетін ең нашар мемлекеттік құрылыс түрі.

Аристотель философиясында да дұрыс ұйымдастырылған мемлекет қана әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз ете алады . Никомахтың этикасында Аристотель құл мен еркін адам арасындағы айырмашылықтар туралы айтады. Табиғатынан еркін адам басқаруға бейім тұрады, себебі оның тәнін ақылы басқарады. Керісінше, құл өз денесін басқаруға қабілеті жоқ адам, сондықтан ол қожайынның айтқанын тыңдауы қажет. Құл иеленушілік қоғам жағдайындағы Аристотелдің бұл пайымдауынан кез - келген адам өзінің еркіндігін алып жүре алмайды және кез - келген адам еркіндікке лайық емес деген ойды байқауға болады.

Еркіндік пен жауапкершіліктің өзарабайланысын Эпикурдың түсіндіруінде әділеттілік адамдардың бір - біріне зиян келтірмеуі үшін жасайтын келісім. Эпикур еркін және жауапкершілікпен өмір сүру мүмкіндігін жасау үшін құдайларды теріске шығарып, еркіндік пен жауапкершіліктің, әділеттіліктің себебін адам табиғатымен байланыстырады[3].

Жаңа заман философиясында ерік бостандығы мәселесін көтере отырып, жауапкершілікті адамның ақыл - ойының даму деңгейімен теңестіреді. Бұл түсінікте жауапкершілік тұлғаның ақыл - ой елегінен өткізген еркін және белсенді әрекеті. Лейбниц пайымдауында адамның жауапкершілігі оның өз қалаулары мен тілектерін ақылмен басқаруы болса, Дж. Локк бойынша, саналы түрде жасалған таңдау мен тілектерді шектеу еркіндіктің ғана емес, жауапкершіліктің де белгісі.

XVIII ғасырдағы француз ойшылдары жауапкершілікті азаматты тәрбиелеуге кез-келген қоғам қабілетті бола бермейді деп тұжырымдап, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігі мәселесін көтереді. Спиноза, ерік бостандығын мүлдем теріске шығара отырып, философияда алғаш рет бостандықты танылған қажеттілік ретінде түсінуді ұсынады. Яғни, біздің бостандығымыз біздің сыртқы әлемдегі құбылыстардың себептерін қандай дәрежеде түсінетінімізге және өз түсінігіміздің шегінде ғана әрекет жасай алатындығымызға тәуелді. Спиноза философиясында адам субстанцияның өзі емес модусы болғандықтан, шексіз еркіндікке ие бола алмайды. Нағыз еркіндік иесі универсум ретіндегі табиғат (субстанция). Адамға табиғаттың бір бөлшегі ретінде толық еркіндік берілмейді: Адам жанында ешқандай абсолютті ерік бостандығы жоқ, бірақ қандай да бір күштің қалауымен жан шексіз себептер арқылы анықталады. Болашақ субстанцияның модусы ретінде ғана адамдар табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге, табиғатты өздеріне бағындыруға емес, керісінше, табиғатқа бағынуға мәртебесіне ғана ие бола алады[5].

Неміс Классикалық философиясының негізін салушы И.Кант философиясында еркіндік бар және ол абсолютті түрде ғана болуы мүмкін. Адам сезіммен қатар, ақыл - ой мен пайым иесі және ақыл - ой ғана өздігінен бола алмайтын оқиғалардың эмпирикалық жүйелі тізбегін жасай алады және осы жағдай еркіндіктің оқиғалар тізбегін өздігінен бастау қабілеті екендігін дәлелдейді. Осы себепті адам ешқашан құрал емес, ол барлық уақытта - мақсат. Осыған байланысты Канттың адам еркіне қатысты айтылған ең жоғарғы практикалық принціпі - категориялық императиві былай дейді: Басқаға, жалпы бүкіл адамзатқа құрал ретінде емес, тек мақсат ретінде қатынас жаса![6].
Г. Марсель, А. Камю, Ж.-П.Сартр және К.Ясперстің экзистенценциалистік көзқарастары бойынша жауапкершілік еркіндік абсолютизациясының нәтижесі ретінде түсініледі. Адам өз өмірінің негізгі жобасы үшін жауапты. Жауапкершіліктен сырт қалудың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Кенеттен туындап, адам баласының араласуына ықпал ететін кез - келген қоғамдық жағдай адамнан тыс орын алмайды: егер мен соғыстың туындауына себепкер болсам, ол менің шайқасым, оның себебі мен және мен ол үшін жауаптымын. Адам кез - келген әрекетті жасау алдында ойланады, таңдау жасайды, оның таңдауы шексіз. Кез-келген сәтте өмір иірімі өзгеруі мүмкін, сәйкесінше адам да өз таңдауын өзгерте алады. Сол себепті Ж.П.-Сартр адам жауапкершілігін таңдау еркіндігімен байланыстырады, адам өз таңдауы арқылы өзінің нағыз кім екенін көрсетеді. Осылайша, адам баласы үшін еркіндік оған берілген өмір сыйы ғана емес, сонымен қатар үлкен ауыртпашылық. Ол өзінің еркіндігіне тәуелді. Осы себепті адам өлімнен құтыла алмайтын сияқты өзіне жүктелген жауапкешіліктен де құтыла алмайды, адамның жауапкершілігі жеткілікті дәрежеде болмаса, оған адамның өзі кінәлі. Сонымен қатар, Ж.-П.Сартр: адамның оған өзінен басқа үкім шығаратын ешкім жоқ және адам сыртқы дүниеден мақсатын іздеу барысында шынайы адам ретінде өзін көрсете алады, соның өзі адам үшін еркіндік немесе қандай да бір өзіндік қалыптасу жағдайы деп тұжырымдай отырып, экзистенция - еркіндік - еркіндік үшін жауапкершілік үштігін жариялайды[7].

Еркіндік пен жауапкершілікті бір - бірімен диалектикалық қайшылық ретінде салыстыра отырып, Э.Фромм да еркіндіктен қашу құбылысын жауапкершіліктің ауырлығымен байланыстырады. Қазіргі әлеуметтік болмыстағы еркіндік адам тіршілігін толықтай тәуелсіздікпен қамтамасыз етті сонымен қатар, оны басқалардан оқшаулатып, оны дәрменсіздік, шарасыздық және үрейлену, қорқыныш жағдайына душар етті. Бұл оқшаулануға төзе алмаған адам таңдау алдында тұр: жаңа тәуелділік, жаңа бағыну арқылы еркіндіктен құтылу немесе әрбір адамның индивидуалдылығы мен қайталанбастығына негізделген нағыз еркіндікке қол жеткізуге ұмтылу[8].

Қаншама жүзжылдықтарға созылған күрестерден кейін адамзат орасан зор материалдық игілікке қол жеткізді; әлемнің негізгі бөлігінде демократиялық қоғам орнатып тоталитарлық қауіптерден құтқарды. Дегенмен, қазіргі адам сонда да мазасыздық құшағында және азғындықтар мен еліктіруге толы әлемде өзінің еркіндігін диктаторлардың қолына беріп, машинаның кішкентай бұрандасы сияқты, еркін адам емес, жақсы киіндірілген және тамақтандырылған автоматқа айналып барады.

K. Ясперс жауапкершілік мәселесін қазіргі әлемнің болмысына сәйкестендіріп, адамның жаппай сәнге айналған құндылықтар мен стандарттарға еліктеу және еру құбылысымен байланыстырады. Заман құндылығының өзгеруіне еру жеке адамды тәуелсіз шешім қабылдау және өз шешімдері мен әрекеттеріне жауап беру қабілетінен айырады. Мен барлығы сияқты принципі бір адамның әрекеті үшін жауапкершілікті осы жолдағы әрбір адаммен бөлісуіне ұласады[9].

Әлеуметтанушы Р. Коллинз әлеуметтік жауапкершілік пен одан бас тарту құбылысын жеке адамның немесе топтың ортақ мақсаттарға қол жеткізуге деген қабілетсіздігімен және соның салдарынан өзінің нақты мақсатына жету жолында тиімді құралдарын іздеуге деген алаңдаушылығымен байланыстырады.

Политика как призвание и профессия деген еңбегінде М.Вебер өнегелілікке бағытталған кез - келген әрекеттің бірін - бірі өзара толықтыратын екі антогонист - максимаға тәуелді екенін айтады: сендіру этикасы мен жауапкершілік этикасы. Сендіру этикасы бойынша әрекет еткен адам өз әрекеттерінің теріс нәтижесі үшін өзін емес, басқаларды, мысалы Құдай еркін кінәлі деп санайды. Сендіру этикасы тұлғаны мақсатынан бөліп алады, яғни тұлғаны өз әрекетінің обьективті нәтижелері үшін жакапкершіліктен босатады. Ал жауапкершілік этикасын ұстанатын тұлға, керісінше, адамның кемшіліктерін ескере отырып, өз әрекетінің теріс нәтижесін өзінің қателегі ретінде мойындайды[10].

Философия тарихында еркіндік пен жауапкершіліктің арақатынасына байланысты терең мағыналы ойлар жеткілікті дәрежеде көп айтылса да, бүгінде бұл мәселе қатысты көптеген сұрақтар әлі де талқылану үстінде. Жеке адамның өз әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілігін философиялық негіздеу адамдағы ерік бостандығымен байланыстырылып келді, ол негізді де. Дегенмен, қазіргі философиялық пайымдаулар бойынша жеке индивидтің жауапкершілігінің негізінде оның еркіндігі емес, сәйкестілік принципі жатқанын айтады. Г.Тард пен Ж.Лакан пайымауларында біздегі Меннің ұдайы болуы бізді әрбір ойымыз бен ісіміздің нәтижесі үшін жауапты етеді. Г.Йонас жауапкершілік принціпі деген еңбегінде мәселені экологиялық аспектіде көтере отырып, қазіргі адамның өз замандастары алдындағы ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы айтады. Қазіргі адам, табиғи ресурстарды пайдалануда жас бала сияқты ысырапшылықты қойып, қоршаған табиғатқа тигізіп жатқан зиянды әрекеттерінің салдары үшін жауапты болуы тиіс. Себебі, қазіргі экологиялық жағдай классикалық этикалық тұжырымдарды қайта қарастыруды талап етеді[11].

Қазіргі әлеуметтік философияда еркіндік пен жауапкершілікті өзіндік сана - сезім мен әлеуметтік тәртіп мәселелерімен тығыз байланыста қарастыра отырып, жауапкершілікті адам болмысының негізі ретінде эмпирикалық және позитивистік жағынан негіздеуге бет бұрды.

Адам экзистенциясының белгілі ерекшелігі өз әрекетін белгілі бір мақсатқа пен тілекке байланысты жобалау. Адам өз болашағына ой жүгіртіп, өзінің жобасын жасайды немесе Ж.П.-Сартр айтқандай адам өз болмысын жояды. Осы болашағын болжай алу қабілетіне байланысты адам өзінің барлық әрекеттері мен олардың нәтижесіне жауап береді. Осындай жолмен, еркіндік пен жауапкершілік мәселесі ерік бостандығы шеңберінде емес, керісінше, адамның болашақтағы өз әрекеттерін жобалау мүмкіндігіне байланысты қарастырылуы тиіс. Еркіндіктің негізінде ерік бостандығы емес, керісінше, адам сана - сезімінің әртүрлі түрлері мен кез - келген өзгерулеріне сәйкестілігі жатуы тиіс. Адамның жауапкершілігі оның сана - сезімінің деңгейіне сәйкес анықталады. Сонымен қатар, адам өз әрекеттеріне өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы белгілі бір мәдени, діни және этикалық құндылықтар негізінде баға беріп отыруы тиіс. Саналы және еркін түрде жасалған әрекет үшін өзінің жауапкершілігін сезіну жеке индивидтің иығына түскен үлкен ауыртпалық. Сол себепті де адамдар жауапкершілікті өздерінен алып, басқаларға жүктеуге ұмтылады және сол арқылы өздерін еркін сезінеді. Бірақ, еркін өмір сүру кез- келген адамның қолынан келмейді, ол адамнан ұдайы өзін - өзі тәрбиелеп, жетілдіріп отыру үшін белгілі бір күш жұмсап отыруды талап етеді.

Еркіндік пен жауапкершілік қандай да бір әлеуметтік - тарихи жағдайдағы нақты өмір мәселесі екенін философиялық ойдың даму тарихы дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта біздің елімізде де саяси және әлеуметтік салада жауапкершіліксіздік кең тарап, жеке адамдар мен мемлекеттік қызмет өкілдері өздерінің істеген істерінің теріс нәтижесі туралы ойланбай, қоғам мүддесіне айтарлықтай зиян келтіруде. Өкінішке орай, әлеуметтік болмыстың сипатты белгісі ретінде еркіндік пен жауапкершілік бір - бірімен өзара тығыз байланысты ұғымдар екенін адамдар жеткілікті түрде түсінбей, өздерінің еркіндігін басқаларға қатынасында үстемдік жүргізу мен материалдық пайда табудың ең жоғарғы формасына айналдыруда. Бұл үрдіс бақылаусыз жалғасса ол болашақтағы мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуында айтарлықтай күрделі мәселер тудырып, қоғам дамуын тежеуші басты факторлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркіндік және жауапкершілік туралы
Философиядағы еркіндік пен жауапкершілік
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ ЖАЙЫНДА
Еркіндік философиясы туралы
Еркіндік философиясы жайлы
Еркіндік философиясы
Еркіндік деңгейлері
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Азаматтық құқықтық
Міндеттемелер бойынша жауапкершілік шарттары және негіздері
Пәндер