Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазіргі уақытта қазақ халқы ұлттық жаңғыруға, егемен мемлекет ретінде қалыптасуға бағыт ұстап және Қазақстан Республикасының бүкіл дүние жүзілік тарихи процесте алатын орны айқындалып жатқан кезде оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде. Әсіресе мұндай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін мұқият зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарауда заңды құбылысқа айналуда. Сондай-ақ әлі де болса толық қалыптасып үлгермеген отандық тарихнама мәселесіне де баса назар аударылуда. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарихи ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болып, орнығуына жол ашты. Осыған орай тарихи процестерді шындықтан алшақ, таптық, партиялық тұрғыда баяндап, маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасіретті оқиғалар жайында жұмған ауызды ашпау тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Осындай бағытта көптеген зерттеулер дүниеге келді. Ал Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында шынайы, тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделеу мүмкіндігі туды.
Бұрмаланған оқиғалардың ақиқатын анықтау, тарихи шындықты қалпына келтіру мақсатында көптеген зерттеулер жариялануда. Мұның өзі жаңа бағыттағы тарихнамалық еңбектер жазып, жариялауға алғышарттар тудырады.
Кеңестік отандық тарих ғылымында бірсыпыра тарихнамалық еңбектер жарияланғанымен жалпы тарихнама мәселелерін зерттеу кенже қалғандығын айтқан абзал. Мұндай үрдістің орын алуына тоталитарлық жүйе кезіндегі ғылыми талаптарға сәйкес жазылып, жарық көрген, ортақ принциптер мен көзқарастарға негізделген, тайталас, батыл ой-пікірлері мардымсыз зерттеулерді талдауға деген ықыластың болмауы әсер етсе керек. Оның үстіне шынайы тарихи принциптер ауқымында зерттеулерге сыни талдау жасалған тарихнамалық туындыларды жариялау кеңес кезеңінде мүмкін емес-ті. Егемен Қазақстан жағдайында осы олқылықтың орнын толтыруға жағадй жасалуда. Сондықтан да кеңес дәуіріндн жарық көрген зертттеулерге сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті тауындайды. Әсіресе Қазақстанда ХХ ғасырда жиі жүргізілген аграрлық реформалар тарихнамасын қайта қарап, талдаудың маңызы зор.
Кез келген елдің тарихи даму кезеңдерінде аграрлық мәселелер шешімі қиын да күрделі болып келген. Мұндай жағдай Қазақстанға да қатысты. Республика ауыл шаруашылығы, кеңес дәуірінде өнеркәсіпті саладан кенже дамыды. Өйткені осы кезеңде жүргізілген социалистік аграрлық қайта құрулар қарама-қайшылықтар тудырып, ауыл шаруашылығын тығырыққа тіреді. Тығырықтан шығар жол ретінде нарықтық қатынастар таңдап алынғанмен ауыл шаруашылығы өз даму арнасына түсе алмай келеді. Нарықтың қатынастарды қалыптастыру кезеңінде елдің аграрлық дамуында көптеген қиындықтар мен проблемалар орын алып отыр.
Аграрлық мәселелер төңірегінде еліміз тарихында аз айтылмады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның әртүрлі қырлары жайында жазылған ғылыми еңбектер де жеткілікті. Қазақстандық тарихшы, зерттеушілерінің аграрлық мәселелер бойынша еңбек жазбағандары кемде-кем. Алайда жарияланған туындылар бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни Қазақстанда жүргізілген аграрлық аграрлық өзгерістер мен реформалар туралы арнайы жазылған іргелі тарихнамалық зерттеулер - жоқтың қасы. Ал тарихнама тарих ғылымының өзіндік санасы ретінде ғылыми ойды үнемі объективті шындыққа жетелейтін саралаушы бағдар тәрізді. Тек тарихнама арқылы қарастыратын белгілі бір ғылыми бағыттың аз немесе зерттелмеген тұстарын айқындауға мүмкіндіктік туады. Тарихнама ғылымтанушылық роль атқара отырып, нақты тарихи зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын тұтастай көрсетіп береді. Қазақстандағы аграрлық өзгерістердің тарихнамасы мәселенің зерттелу деңгейі мен барлық тұстарын толығымен айқындайды. Міне, осы тұрғыдан келгенде, мәселенің өзектілігі арта түседі.
Тарихнаманың тағы бір ерекшелігі ол арқылы белгілі бір мәселенің зерттелу деңгейін анықтап қана қоймай, ғылымда сол мәселе ауқымында жаңа, тың тақырыптар айқындалып, зерттеушілерге ұсынылды. Тарихнамалық талдау неғұрлым терең, жан-жақты жасалса, соғұрлым мәселенің мән-мазмұны, зерттелуі бағыттары мен үрдістері барынша анықталады, зерттелуге тиісті тарихнамалық талдаудың барысы мен нәтижесінде республика ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар тарихнамасының аз немесе зерттелмеген тұстарын ашып, болашақта зерттелуге тиісті мәселерін анықтау.
Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік ұрдажық саясаттың бір ұшы саяси төтенше шаралар, яғни астық және ет дайындау науқандары кезінде айқын көрінді. Мұндай шаралар қазақ шаруаларын малдан айырып, ақыры күштеп ұжымдастырып, жантүршігерлік алатап апат - ашаршылық пен қызылтабан шұбырынды - босқындарға айналуына жол ашты. Мәселенің саяси өткірлігі мен таптық маңыздылығы тарихшы-зерттеушілер назарын өзіне аударғанымен тақырып кеңестік дәуірде жан-жақты зерттелмеді. Төтенше шараларды орнықтыруға байланысты тарихнамалық еңбектерді былай қойғанда, тарихи зерттеулердің өздері жазылып, жарияланбады. Әкімшіл-әміршіл жүйе кезіндегі зерттеушілердің астық және ет дайындауларға байланысты шаруаларға жасалған қиянаттарды, саяси науқандардағы қуғын-сүргіндерді жазуға мүмкіндіктері болмады.
Дегенмен де алғаш рет қазақстандық тарих ғылымында Ә.Тұрсынбаев батыл қадам жасады. Сталиннің көзі тірісінде, қасаң коммунистік идеология қыспағы кезінде ғалымның Великий перелом в сельском хозяйстве Семиречья және Победа колхозного строя в Казахстане деген монографиялық зерттеулері жарияланды. Зерттеудің Борьба против баев и кулачества во время хлебозаготовительных компаний 1928 и 1929 г. және Первые успехи социалистической индустриализации и курс коллективизацию сельского хозяйства деген бөлімдерінде мәселені коммунистік партияның 1928, 1929 жылдардағы астық дайындау науқанындағы кулактар мен байларға қарсы күресі аясында қарастырып, оның орасан зор маңызына назар аударады.
Қазақстандық тарих ғылымында тұңғыш рет экономикалық қатынастарды тежеу ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау барысындағы саяси төтенше шаралар Т.Омарбековтың докторлық диссертациясында, сондай-ақ сүбелі монографиялық зерттеуінде арнайы қарастырылады. Еңбектердегі Мемлекетке астық пен ет дайындаудың сталиндік бағытын жүзеге асыру және оның зардаптары тарауында мәселе архив деректері негізінде жан-жақты, терең зерттеледі.
Тарихшы Ә.Тұрсынбаев кеңестер елінің 1928 жылы астық дайындауда елеулі қиындықтарға тап болғанын көрсетеді. Автор пікірінше астық дайындаудағы қиындықтар ең алдымен, қалалар мен өндіріс орындарының тез өсіп, соған байланысты жұмысшылар санының артуы товарлы астыққа сұраныстың көбеюіне орай туындады. Оның үстіне тауарлы астық өндіру ұсақ шаруа қожалықтары жағдайында күрт төмендеді. Бұдан өзге себептерді Ә.Тұрсынбаев: кулактар астық сатуда өз бағасын қобға ұмытылып, дайындау, жекелеген партия ұйымдары өз қызметтерінде белсенділік танытпай бетімен кетіп, олар бай кулактарға қарсы астық бағасын көтеруде түбегейлі күрес жүргізе алмады деп ашады. Алайда астық дайындаудың барлық себептерін шынайы түрде айқындауда автор тотаритарлық жүйе жағдайында дәрменсіз еді. Мәселенің түйіні жеке меншік қожалықтардың мемлекетке төмен бағамен астық сатудан бас таруында болатын. Себебі нарық заңдылықтары көрсетіп отырғандай, сол кезде мемлекет астықтың сатып алу бағасые көтеріп, шаруашылықтарға қызығушылық ынталандыру мүмкіндіктерін тудырса, дағдарыстан шығудың жолы табылған болар еді. Оның үстіне кеңес еліндегі қарқынды жолмен дамып келе жатқан жаңа экономикалық саясат дағдарыстың тиімді жолмен шешілуіне икемді ахуал тудыруға қабілетті болатын.
Ә.Тұрсынбаев астық дайындауда орын алған қайшылықты жағдайды партия қызметкерлерінің бай-кулактарға қарсы күрес жүргізе алмауынан десе Т.Омарбеков Қазақстанда астық дайындау ісі нарықтық механизмдердің көмегімен жүрігізіліп, жеке қожалықтардың үлес салмағы жылдан жылға біртіндеп күрт азайған. Астық дайындауды негізінен мемлекеттік мекемелер мен кооперативтер жүргізген. Мұндай жағдай Қазақстанда жылдан жылға ауыл шаруашылығы кооперативтері сандарының өсуімен ғана емес, жекешелердің арзан бағамен мемелкетке астық өткізгілері келмеулерінің де қалыптасқан-деп қорытынды жасайды. Т.Омарбеков шынайы тарихи жағдайды дөп басып көрсетеді. Себебі 1928 жылғы кеңестер еліндегі астық дайындаудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар астық бағасының төмендігімен, ауқатты шаруалардың оны мемлекетке арзан бағамен сатқылары келмеуінен туындады. Ауқатты шаруалар елдегі жаңа экономикалық саясатқа байланысты астық бағасын көтеріп, қиындықтарды тиімді жолдармен шешуді талап етті. Алайда қалыптасқан жағдай Қазақстанда астық дайындауда рыноктың қатынастарды уақытша шектеудегі жоғардан түскен директивалар арқылы шешу, жергілікті жерлердегі партия ұйымдарының басшыларына қысым көрсету тәсілдері қолға алынды.
Ғалым-тарихшы Ә.Тұрсынбаев астық дайындаудағы аса күрделі жағдайдан шығуда кеңес үкіметінің деревняны азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуді жақсартуда бірқатар шаралар қабылданғанын ашып көрсете келіп, астық дайындауда және бай, кулактар, алып-сатарлармен күресті күшейтуде жергілікті жерлерде ерекше үштіктер құрылды - деп, батыл көзқарас танытады. Алайда автор кеңестік зерттеу тәсілдер бойынша мәселенің таптық жағына көбірек үңілді. Деревняның капиталистік элементтері дайындау майданындағы жалпы бетімен кетушілікті пайланаып, кеңес өкіметіне қарсы күресті күшейтті - деуі осыған дәлел бола алады. Ал шынтуайтына астық дағдарысынан шығу үшін капиталистік элементтер кеңес өкіметіне қарсы күресін өрістеткен жоқ, керісінше сталиндік-голощекиндік ұрда-жық билік ауқатты шаруаларға қысым көрсетіп, жазалау шараларын қолданды. Мұндай жағдайды Ә.Тұрсынбаевтың өзі де көрсетеді. Экономикалық ықпал ету әрқашан қажетті нәтижес бере қоймады, сондықтан үштіктер кулак-бай элеметтеріне төтенше шаралар қолданып отырды - деуі осының дәлелә. Әйтсе де тарихшы-ғалым пікірінше астықты жоғары бағамен сатуды көздеген жеке шаруа қожалықтары, орта шаруалар т.б. бәрі дерлік бай-кулактка жатқызылып, алып-сатарларға айналдырылады. Ә.Тұрсынбаев пайымдауларына біршама қайшы, шынайы тарихи оқиғаларға сәйкес пікірді Т.Омарбеков білдіреді. Тарихшы Сталиннің астық дайындаудағы төтенше шараларды бастауына негіз қалауын партияның нұсқау-қарарлары бойынша айқындайды. Мәселен,Т.Омарбеков ... жергілікті жерлерде барлық билікті өз қолдарына жинаған астық дайындауға байланысты төтенше үштіктер және бестіктер құрыла бастады... Конституциялық заңға қайшы органдар бола тұрса да, барлық мемлекеттік мекемелер бұларға сөзсіз бағындырылды..., - деп жазады.
Ауқатты шаруаларға қарсы жазалау шараларының шұғыл күшее түсуіне И.Сталиннің Сібір сапары кезінде кулактарға қарсы РСФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жедел түрде қолдануды талап етуі тікелей ықпал еткендегі жайлы мәселеде ғалым-зерттеушілердің көзқарастарындағы ашлақтың айқын көрінеді. Мәселен, Ә.Тұрсынбаев қаскүнем кулак-бай элементтерге қатысты бірқатар жазалаушы шаралардың қабылданғанын ашып көрсете отырып кулактар мен алып-сатараларға қарсы РСФСР Қылмыс Кодексінің 107 бабы қолданылып, бұл бап бойынша ауыл шаруашылығы азық-түліктерін баю мақсатында алып-сатарлықпен айналысқандар соттың шешіміне орай бес жылдан төмен емес мерзімге мүлкін толық немесе жартылай тәркілеу арқылы бас бостандығынан айырылды - деп тұжырымдайды. Ал тарихшы-ғалым Т.Омарбеков астық дайындауға байланысты жазалау әр түрлі және жан-жақты сипат ала бастағандыған, бұл бағыттың әсіресе И.Сталиннің Сібірге сапарынан кейін үлкен қарқынға ие болып, айыптаушылар қатары да күн сайын өсе түскендігіне назар аударады. Астық дайындаудағы әкімшілік қысымның асқынғанын Т.Омарбеков былай тұжырымдайды: Жеке меншік шаруалар қожалықтарын бұрмалау жолымен жүзеге асырылды. Бұл әсіресе 107 баппен айыптауда айқын байқалды... бай мен кулак ғана емес, орташа да, тіптен кедей де осы тармақпен жаппвй сотталды. Бұдан Т.Омарбековтың әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында ғылыми зерттеулері жазылып, жариялаған Ә.Тұрсынбаевқа қарағанда сталиндік-голощекиндік өрескел революциялық шараларды бұрын-соңғы ғылыми айналымға түспей, пайдалануға тиым салынған тың деректер негізінде тәуелсіз Қазақстан жағдайында ашып көрсету мүмкіндігі болғандығын көруге болады. Ә.Тұрсынбаевтың шындықты жартылай ғана ашуға дәрмені болғандығын аңғару қиын емес. Себебі әкімшіл-әміршіл коммунистік жүйе кезінде біз талдап отырған мәселе жайында ғылыми батыл ой-пікір білдіріп, тарихи шындықты айқындамақ түгілі, ол жайында зерттеушілер жұмқан ауыздарын ашуға дәрменсіз еді. Кемеліне келіп, қоғамның барлық саласында үстемдік жүргізген сара идеология шынайы тарихи оқиғалар ме процестерді ашуға тыйым салды.
Т.Омарбеков антиконституциялық, әділетсіз шаралардың нәтижесінде Қазақстанда барлық жазалар мен айыптауларға ұшырағандар жайлы мәліметтерді Ф.И.Голощекиннің БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының 1930 жылғы 2 қаңтарда болған жабық мәжілісінде сөйлеген сөзіне байланысты көрсетеді. Алайда Ф.И.Голощекиннің Бүкілқазақтың 7 - партия конференциясында жасаған баяндамасында көрсетілген мәліметтер арасында алшақтың барлығына назар аударады.
Тарихшы Ә. Тұрсынбаев кеңестер елінің 1928 жылы астық дайындауда елеулі қиыңдықтарға тап болғанын көрсетеді. Автор пікірінше астық дайындаудағы қиындықтар ең алдымен, қалалар мен өндіріс орындарының тез өсіп, соған байланысты жұмысшылар санының артуы товарлы астықка сұраныстың көбеюіне орай туыңдады. Оның үстіне тауарлы астық өндіру ұсақ шаруа қожалықтары жағдайыңда күрт төмендеді. Бұдан өзге себептерді Ә.Тұрсынбаев: кулактар астық сатуда өз бағасын қоюға ұмтылып, дайындау, жекелеген партия үйымдары өз кызметтерінде белсенділік танытпай бетімен кетіп, олар бай кулактарға қарсы астық бағасын көтеруде түбегейлі күрес жүргізе алмады, - деп ашады. Алайда астық дайындаудың барлық себептерін шынайы түрде айқындауда автор тоталитарлық жүйе жағдайында дәрменсіз еді. Мәселенің түйіні жеке меншік қожалықтардың мемлекетке төмен бағамен астық сатудан бас тартуында болатын. Себебі нарық заңдылықтары көрсетіп отырғандай, сол кезде мемлекет астықтың сатып алу бағасын көтеріп, шаруашылықтарға кызығушылық, ынталандыру мүмкіндіктерін тудырса, дағдарыстан шығудың жолы табылған болар еді. Оның үстіне кеңес еліндегі қарқынды жолмен дамып келе жатқан жаңа экономикалық саясат дағдарыстың тиімді жолмен шешілуіне икімді ахуал тудыруға қабілетті болатын.
Ә.Тұрсынбаев астық дайындауда орын алған қайшылықты жағдайды партия қызметкерлерінің бай-кулактарға қарсы күрес жүргізе алмауынан десе Т.Омарбеков: Қазақстанда астық дайындау ісі нарықтық механизмдердің көмегімен жүргізіліп, жеке қожалықтардың үлес салмағы жылдан-жылға біртіндеп күрт азайған. Астық дайындауды негізінен мемлекеттік мекемелер мен кооперативтер жүргізген. Мұндай жағдай Қазақстанда жылдан-жылға ауыл шаруашылығы кооперативтері сандарының өсуімен ғана емес, жекешелердің арзан бағамен мемлекетке астық өткізгілері келмеулерінен де қалыптасқан, - деп қорытынды жасайды. Т. Омарбеков шынайы тарихи жағдайды дөп басып көрсетеді. Себебі 1928 жылғы кеңестер еліндегі астық дайыңдаудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар астық бағасының төмендігімен, ауқатты шаруалардың оны мемлекетке арзан бағамен сатқылары келмеуінен туыңдады. Ауқатты шаруалар елдегі жаңа экономикалық саясатқа байланысты астык бағасын көтеріп, қиындықтарды тиімді жолдармен шешуді талап етті. Алайда қалыптаскан жағдай Қазақстанда астық дайындауда рыноктық қатынастарды уакытша шектеудегі жоғарыдан түскен директивалар аркылы шешу, жергілікті жерлердегі партия ұйымдарының басшыларына қысым көрсету тәсілдері қолға алынды.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Ә. Тұрсынбаев өз зерттеулерінде жаңа экономикалық саясатты тежемей, астық дайындауды нарықтық катынастар ауқымында шешуді ұсынған, балама пікір білдірушілерге буржуазиялық ұлтшылдар, оңшыл оппортунистік троцкистік реставраторлар деген айдар тағады. Осыған орай автор: Оңшыл оппортунистік капитулянттар, сондай-ақ троцкистер өздерінің лениндік-сталиндік партияға қарсы Қазақстанда буржуазиялық ұлтшылдарға арка сүйеді, олармен одақ кұрып, оларды өздерінің кулактың социализммен бірге бейбіт түрде өсетіңдігі туралы теориямен қаруландырды, - деп жазды. Алайда мұңдай пайымдаудың қалыптасып келе жатқан әкімшіл-әміршіл жүйе кезіңде жаңалық атауына, социализмге балама даму жолын ұстанушыларға ымырасыз күрес ашкан сталиндік болышевистік партияның өз мүддесіне нұқсан келтірмеу мақсатындағы идеологиясынан туындағанын аңғару киын емес. Осындай идеология шеңберіндегі автордың буржуазиялық ұлтшылдар оңшыл оппортунистер және троцкистік реставраторлар тәрізді кулактар мен байларға қолданынан төтенше шараларға қарсы шығып, астық дайыңдау мен колхоз кұрылысын калай да тоқтатуға тырысты деген тұжырымы еш сын көтермейді. Әйтсе де Ә. Тұрсынбаевтың зерттеулері біз талдап отырған мәселені терең зерттеп, саяси-экономикалық мәні мен қайшылықтарын, сталиндік биліктің күштеп қысым көрсету құрылымын түсінуге айтарлықтай комегін тигізді.
Сонымен кеңестік дәуірде астық дайындау науқаны, экономикалық қатынастарды тежеу мәселелерін кыскаша болса да көрсететін зерттеулерден кұр алақан еместігіне көз жеткіздік. Алайда Ә. Тұрсынбаев еңбектерінен өзге туындылардың жарық көрмегені, жазылмағаны қынжылтады.
60-70-жыллары Қазақстандағы социалистік аграрлық қайта құруларды қарастыратын зерттеулерде астық және ет дайыңдау науқаны, ондағы төтенше шаралар туралы айтылмайды. Ғылымда мұндай үрдістің орын алу себебі саяси сипаттағы, әлеуметтік-экономикалық мәні қарама-қайшы, шаруаларға қарсы бағытталған, айыптау және жазалау әрекеттеріне толы большевиктік партия мен кеңес өкіметінің төтенше шараларының тарихын жазуға зерттеушілер мүдделі болмады. Өйткені: біріншіден, астық және ет дайындау науқандары барысындағы төтенше шаралардың шынайы келбетін көрсетіп, мазмұнын ашуға әкімшіл-әміршіл жүйе кезеңіңде тиым салыңды; екіншіден тарихшы-зерттеушілер шаруаларға жасалған зорлық пен қиянатты, куғын-сүргінді бұл-
тартпай дәлелдейтін құжаттар мен материалдарды архивтерден ала алмады, ондай деректер құпия түрде сақталды. Зерттеушілер ондай құжаттар мен материалдарды кенестік қоғамды қайта құру мен демократияландыру және Қазақстанның тәуелсіздік алуына орай пайдалануларына мүмкіндік туды.
80-жылдардың соңы - 90-жылдардың басынан бастап республикадағы сталиндік-голощекиндік саяси-шаруашылық төтенше шаралар туралы алғашқы тарихи зерттеулер жарық көре бастады. Мәселе тың архив құжаттары негізінде зерттеліп, бірқатар еңбектер жарияланды. Мәселен, осы тақырыпты алғаш рет жаңа тарихи тағлым тұрғысында қайта қарап, оның теориялық негізін калыптастырған Ж.Б.Әбілқожин, М.К.Қозыбаев, М.Б.Тәтімов еңбегінің маңызы зор. Зерттеуде ауыл шаруашылық дайындау науқандарының шаруаларға, меншік иелеріне жазықсыз жаза ретінде төнгендігін, оның барысында күшпен кысым көрсету орын алғандығын ашып көрсетеді. Оған дәлел ретінде ғалым-тарихшылар екі астық дайындау науқаны (1928-29 ж. және 1929-30 ж) кезінде тек үш округ (Ақмола, Петропавл, Семей) бойынша РСФСР Қылмыс кодексінің 107 және 61-баптарына сәйкес 34120 адамның сотталып, 22307 шаруашылықтың әкімшілік жауапка тартылғандығын келтіреді. Сібір тәсілінің терең канат жайып, әкімшілік-әміршілдік шаралардың кең орын алып, алам құқығы аяқ асты етілгендігі еңбекте былай көрсетіледі. Осы антиконституциялық норманың тек алғашқы әрекет ету жылында Казақстанда 33345 адам сотталды, соның ішінде 7728 ұжымдық кожалықтың мүшелері және 5315 жеке меншік иелері. 1931 жылдың екінші жартысында... 79 адам атылды Еңбекте ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауда шолақ белсенділердің олармен қыс айларында кой қырқу, соңғы дәнге дейін сыздықтарға жол берілгенден айқындалады. Осыған орай мал санының азаюына назар аударылады.
T.Омарбеков аталған зерттеулерінде ет проблемасын шешуге байланысты төтенше шаралардың Қазақстандағы ауыр зардаптарын жан-жақты ашады. Кеңес өкіметінің ет проблемасы оны жедел дайындау мен шарт жасау (контрактациялау) жолымен шешуге күш салғандығын баса көрсетеді. Келісім-шарт бойынша мал алған колхозшы, совхоз мүшесі немесе шаруа өзі аштан өліп қалса да, шартқа тіркелген, сөйтіп шындығында үкімет меншігіне өткен малды аман-есен сақтауға міндетті болды. Ет дайындау кінің өзі терең ойластырылмай, науқаншылдық бағытта, істің мән-жағдайына, ерекшеліктерді еске алмай жедел, әкімшілдік негізде жүргізілгендігін ашып көрсетіледі. Мәселен... жергілікті жердегілер жоғарыдан қарама-қайшылыкка толы нұсқаулар алды.
Олардың бірінде малды сойып тастаушыларды жазалау талап етілсе, ал екіншілеріңде малды сойып тастауға тыйым салушыларды жазалау қажеттілігі айтылды - деген автор пікірі осының бір дәлелі. Кеңестердің бай-кулактардың малды қыруының және жоюының күшеюіне орай мал шаруашылығы шаруашылықтарын қайта ұйымдастыру, мал басын көбейту мақсатында Скотовод, Овцевод, Совхозцентр сияқты ұйымдарды құруды міндеттегені деректер негізінде дәлелденеді. Мәселен, ... белгіленген өндірістік жоспар бойынша Скотоводка кіретін совхоздар саны 1930-31 жылдары 37-ден 130-га дейін, ал олардағы мал басы 715000-нан 3141,8 мың баска дейін жедел өсуі тиіс болды. Дәл осындай көрсеткіштер Овцеводта көрсетілген жылдары 23-тен 110-ға және 590800 бастан 1861,4 мың басқа өсуі тиіс еді. Мұның өзі қазақ ауылының ғасырлар бойы қалыптасқан жеке-меншікшіл психологиясын көзге де ілмеген және оның ауыр салдарлары болулары мүмкіндігін мүлде ескермеген осындай ауқымды міндет қазақ ауылыңдағы мал мәселесі төңірегінде әбден шиелініскен жанжалдарды одан әрі ұшықтыра түсті. Т.Омарбеков басшы органдар жекешелердің шартқа тіркелген малды белгіленген мерзімде аман сақтап, мемлекетке өткізетініне сенбегендіктен оның негізгі салмағы колхоз малдары есебінен орталықтың ет дайындауға байланысты нұскауларын орындауға аса мүдделі болды. Ал мұның өзі жекешелер қожалықтарын малдан күштеп айырып, оларды жүдете түсті - деп тұжырымдайды. Қолында орасан зор билігі бар кеңестік Орталық етке сұраныстың өсе түсуіне байланысты Қазақстанда ет дайындауды күшейтті. Зерттеуде нұсқау хаттар талаптарына орай ет дайындаудың басты ауыртпалығы негізгі халық қазақтар болып табылатын шеткері және шалғай аудандарға көшірілгендігі ашып айтылады. Ғалым-тарихшы Ресейдің орталық және екінші қатардағы өнеркәсіпті аудандарына мал тірідей немесе мұздатылған ет, сондай-ақ консерні түрінде Қазақстанның солтүстік аудандарынан жөнелтілгендігіне ерекше назар аударады.
Ет дайындаудың зардаптарын айқындай келе жалпы 1929-33 жылдар ішіңдегі қазақтарды ашаршылыкка ұрындырған мал басының шұғыл кему процесінде 36-млн-ға жуык шығын болған бас малдың шамамен 15 млн-ны мал, ет дайыңдау науқандарында сойылып, басым көпшілігі Казақстаннан сыртқа тасылып әкетілген деген корытынды жасайды. Автор Қазақстандағы мал етін дайындау аса қатал, қорқыту және қысым жасау әдістерімен және жартылай әскери тәртіппен жүргізілді... Мұндай бағыттың мал шаруашылығын және онымен белсеңді айналысатын қазақ халқын күйзелмеуі мүмкін емес еді. - деп, тұжырымдайды. Ет дайындау науқанында үздіксіз қысым жасау әдісін жеделдете жүргізудегі партияның шаралары, ондағы бұрмалаушылықтар мен асыра сілтеулер Т. Омарбековтың Шаруаны малдан айыру қалай жүргізілді?, Қазақтың жер қайысқан малы қайда? т.б. мақалаларында көрсетіледі. Алайда ғылыми мақалалар түріндегі бұл еңбектерде ет дайындау сиякты күрделі саяси-шаруашылық процесін егжей-тегжейлі ашу міндеті қойылмағандығы да түсінікті.
Т.Омарбековтың докторлық диссертациясы тақырыбының кең ауқымдылығы ет және астық дайыңдау науқандарының мәселелерін толық қамтуға мүмкіндік бермеді. Осы олкылықтың орнын толтыруда Қазақстан ауыл шаруашылығында экономикалық қатынастарды саяси төтенше сталиндік-голошекиндік шаралармен алмастыру мәселелерін зерттеген Ф.Қозыбакованың кандидаттық диссертациясы және Б. Түменбаеваның ғылыми мақаласы назар аударарлықтай. Біз талдап отырған мәселе зерттеудің Шаруашылықтық - саяси науқандарда ауқатты шаруалар және жекешелер қожалықтарын күйрету деген тарауының Дайындау 32 атты бөлімінен науқандары және ауқатты шаруаларды жою көрініс тапты. Диссертацияда 1928-30-жылдары Қазақстанда табиғат жағдайының ауырлығынан астық түсімі төмен болып, осыған байланысты жоспарды орындауды көздетен дайындау наукандарының зорлықпен, күш қолданумен жүргені көрсетілді.
Автор пікірінше жағдайдың ұшығуына астық тапсырудың міндетті жоспарларын мүлдем епін салмайтын көшпелі қазақ қожалықтарына беру де түрткі болды. Ф.Қозыбакова ет дайындау науқанына байланысты ауыл шаруашылығы салығының көбеюінің зардаптарын былай көрсетеді: ...салық салу нормасының күрт өсуі әсерінен шаруашылықтардың едәуір бөлігінде, сол жылдардағы терминологияны қолдансақ, кулактар өзін-өзі тәркіледі немесе былайша айтқанда, қалаларға кетіп немесе табыс көздерімен қызмет формаларын өзгертіп, шаруашыықтан безді. Мал өсіретін шаруашылықтарға келетін болсақ, олар тұтас қауым болып республикадан, тіпті елден тыс жерлерге үдере көшті.... Автор: Үдере көшудің басты себебі: алым-салықтың ауырлығы; мемлекеттің, халықтың күн көрісін қамтамасыз етіп тұрған жүйені бұзған еріксіз - күштеу саясаты болатын, - деп көрсетеді. Ізденуші ет дайындаудағы әкімшілдік зобалаңға назар аудара келе, дайындау көлемі жоспарлы тапсырмалармен белгіленді, бірақ бұл тапсырмалар халықтың қолындағы мал саны жөніндегі жалған деректерге құрылған болып шықты. Соның салдарынан аудандарға қолда бар малдың нақты санынан анағұрлым артық тапсырмалар келіп түсе бастады,- деп тұжырымдайды. Осыңдай көзкарасты Б. Түменбаева да танытады. Б. Түменбаеваның пікірінше тұрғындардың қолыңда мал басы көп деген көтеріңкі мәліметтер негізге алынып, ет дайындау асыра жоспарланды.
Ізденушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірудегі қазақ ауылыңдағы заңсыздықтар мен асыра сілтеулерді көрсетудегі пікірлері де үндеседі. Мәселен, Ф.Қозыбақова: Мемлекеттік мүдде деген желеумен ауылда ауыл шаруашылық өнімдерінің басқа түрлерін дайыңдау кезінде де заңсыздықтар жайлап кетті ... жүн дайындауды, екпіндете өткізу мақсатында қайсыбір жерлерде қойды қаһарлы қыс кезінде қырқуға талап етті, мұның өзі малдың жаппай кырылуына әкеп соқты. Ешбір кисынға келмейтін міндетті түрде астық сеппейтін шаруашылықтарына да қолданылды, - деп жазады. Осыған ұқсас пікірді Б. Түменбаева да білдіреді. Автордың пайымдауынша: Барлық шикізат науқандарының қарқыны астық дайындаудан кем түспеген соң кедейлерге жүн-жұрқа, тері-терсек өткізу де оңайға соққан жок, Қыста мал қырқу, қол арқандарды тарқату, ішік-тондардың жүнін қырқып алу, мүйіз кесу, жылқылар мен сиырлардың жал-құйрынын кесу, ескі киіздерді тапсыру сияқты не түрлі сорақы құбылыстар кездескен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау науқандарындағы төтенше шаралардың нәтижелерін көрсетудегі тарихшы-зерттеушілердің пікірлері бір жерге тоғысады. Егер Б. Түменбаева дайындау науқаңдарының қорытындыларын: Халықтың хал-ахуалы күн санап нашарлай берді. Мал басы мен егін егу көлемі қысқарды, қуаңшылық күшейді. Бірақ азық-түлік тапсыру жоспары бұрынғысынан артпаса кемімеді.- деп айқындаса, Ф. Қозы-бақова: Кедейлердің өздері де ет дайындау жоспарын орындау жолында түгі қалмай тақырланып, қолдарына малшы таяғын үстап, жападан жалғыз калды, - деп тұжырымдайды.
Сонымен қатар Б. Түменбаева астық дайындау науқаны кезінде төтенше шараларға халық наразылығының күшейіп кеткеңдігі сонша, оған жауап ретінде шаруалар толқуының басталғандығын жазады. Автор: ОГПУ-дың мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда 1928 жылы құрамында 350 адамы бар 61 бандалар кұрамасы, 1930 жылы 25 адамды қамтыған 82, ал 1930 жылы 3192 адамдық 80 бандылар тобы болған көрінеді. Бұларды коспағанда селолар мен ауылдарда 9906 адамды камтыған 2001 жаулық пиғылдағы топ ашылып, 10396 жекелеген каскөйлер тұтқындалды деп көрсетеді. ғылыми мақалада астық дайындаудағы асыра сілтеулерге қарсы шаруалардың жаппай наразылығы үкіметті өз қателігін жөндеу үшін шаралар қабылдауға мәжбүр еткіндігі де назардан тыс қалмайды.
Қорыта айтқанда Ф. Қозыбақованың кандидиттық диссертацияның және Б. Түменбаеваның ғылыми мақаласының біз талдап отырған мәселенің жаңа метолологиялық негіздерін қалыптастырудағы маңызы айтарлықтай. Алайда Б. Түменбаева мәселенің саяси жағына баса назар ауларғанымен, зерттеу ғылыми мақала болғандыктан астық және ет дайындау наукандары кезіндегі төтенше шараларға қыскаша токталады. Ф. Козыбакова мәселе шаруашылықтық-саяси науқаңдарда ауқатты шаруалар қожалықтарын күй-рету кырынан келгендіктен, олар жан-жақты зерттеліп, сталиндік-толощекиндік төтенше шаралардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары, кедей шаруашылықтар жағдайы назарынан тыс калған.
Сонымен Қазақстандағы экономикалық катынастардың тежелуі, астық және ет дайындау науқандары кезіндегі төтенше шараларды зерттеуге арналған ғылыми еңбектерден қазақстандық тарих ғылымы кұр алакан еместігіне көз жеткіздік. Тарихнамалық талдау мәселенің зерттелу деңгейін айкындай келе мына төмендегі мәселелерге назар аударуды талап етеді. Ең алдымен ет дайындау науқаны, ондағы саяси төтенше шаралар толық зерттелуі
керек. Шаруашылықтың-саяси науқандардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары тың деректер негізінде зерттеуді қажет етеді. Біз талдап отырған мәселе бойынша іргелі зерттеулерге зәрулік бары байқалады. Тақырыптың экономикалық тұстарын ашатын еңбектер өмірге келулері хақ.
Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік саясаттың жалғасы казақтың дәстүрлі шаруашылығын біржола бүлшіріп қиратқан күштеп ұжымдастыру шараларынан көрінді. Шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыру әкімшіл-әміршіл тәсілдермен жүргізіліп, бұрмалаушылықтар мен асыра сілтеулерге жол берілді.
Күштеп ұжымдастыру әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатқа ие болды. Казақ этносын құртуды көздеген этноцид саясаты-ұжымдастыру нәубетінің қасіреті аса қайғылы болып, тарихта бұрын-сонды болмаған аштыққа әкеліп соқты. Өрескел революциялық шараларды күштеп іске асыру, әкімшіл-әміршіл өктем саясат қыспағына қарсы халықтық наразылықтар мен
көтерілістер етек жайлы.
Шаруаларды жаппай ұжымдастыру тақырыбының саяси өткірлігі мен ғылыми-танымдық маңыздылығына байланысты көптеген еңбектер жазылды. Олардың басым көпшілігі кеңестік дәуірде жазылып, жарияланды. Кеңес дәуірінде жарық көрген еңбектерде ұжымдастыру болшевиктік партияның мүддесін дәріптеу шеңберінде арастырылып, ауыл шаруашылығын түбегейлі қайта құру ретінде зерттелді. Халықтық наразылықтар мен көтерілістер бандиттік, қарақшылык бас көтерулер мен бүліктер түрінде сипатталды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуына орай мәселе жаңа тарихи таным бағытында карастырылып, біркатар еңбектер жарык көрді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мәселесі бойынша тарихнамалық зерттеулер де бар. Алайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz