Қазақ философиясы. Асан Қайғының, Шоқанның, Абайдың идеялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ философиясы
1.1 Асан Қайғының Жерұйық идеясы
1.2 Шоқан Уәлиханов пайымдауларындағы этикалық және эстетикалық көзқарастар
1.3 Қазақ ағартушылығы және оның мәдени-тарихи алғышарттары
1.4 Ш.Уәлихановтың социологиялық концепциясы
1.5 Абайдың діни философиясы

1.1

Руникалық жазбалардан Тәңірдің қалауымен Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей руникасында Құдай қалауындағы ел деп аталады. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы - мазмұны жағынан архаикалық болып келеді, атап айтқанда көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлттық бірегейлік туралы сөз қозғағанда халықтың рухының жерұйығы туралы ой тастайды. Жалпы Жерұйық ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. Жерұйық дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда жерұйық дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты кітабында: Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған [1], - деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі. Жерұйық концепциясының негізін түркілер заманынан іздеу осынысымен маңызды. Танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Ақтолқын Құлсариева Қазақ ұлтынан қазақ еліне атты мақалалар жинағында Тәуелсіз Қазақстан идеясы - Жерұйық Қазақстан атты мақаласында: Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік азаматтық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, тәуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея Жерұйық Қазақстан болмақ, - дей келе, Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан қайғыдай өз еліне малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. Құтты қоныс іздеу - әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция [2], - деген салиқалы ой білдіреді. Яғни, Жерұйық концепциясы ғалымның пікірінше, халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтаған құтты қоныс. Себебі, түркі халықтарының рухани әлемінде өзіндік жинақтаушы күшке ие болған ұғымның қатарына құт феноменін жатқызамыз. Барлық елдердегідей түркі тілдес тайпалар да бір-біріне жақсы лебізін, игіліктің көбеюін білдіруте тырысқан. [3]. Бұл турасында белгілі түркітанушы ғалым, Ахмет Ташағыл көне түркілер үшін тәуелсіздіктің маңызын Орхон-Енисей жазбаларының мән-мәтінімен түсіндіреді. Оның ойынша Жерұйық - түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен байланысы бар құтты мекен. Себебі, түркілердің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оны жоғалтуы жайында Орхон жазба ескерткіштерінде барынша тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті жоғалтудың халық үшін өліммен тең екені, тәуелсіздікті алудың қайта тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы және халықтың осындай оқиғалардан сабақ алу керектігі баса айтылған [4], - деп атап көрсетеді.

1.2

Шоқан Уалиханов - ұлы ағартушы - демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: ...Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті. Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уалихановты ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді деп бағалаған болатынды.
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж.ж.сол кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды. Оны ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші деп атады, корпусты бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым А.Ф.Анненский.
Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай, саяси көзқарасының қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан, өз қатарынан көп озық жүрді.

1.3

Қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші жартысы өзгерістерге толы болды. Соған байланысты дəл осы кезде Қазақстанда ағартушылық мəдениеті пайда болып, дамиды. Адам ойының жəне ғылымның даму жолында дін тұрған жерде ағартушылық дүниетаным пайда болады. Бұл қазақ ойларының тарихындағы өте ғажайып феномен болды десек, қателеспейміз.
Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр. Міне, осыған байланысты, ХІХ ғасырда Қазақстанда қалыптасқан, адамдар санасын өзгерту, халықтың басым көпшілігінің əлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсетуде ағартушылықтың маңызы, əрине, зор. Себебі сонау Жаңа дəуірде қалыптасқан бұл дүниетанымдық ағым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына әлеуметтік көзқарастары
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
Асан қайғы философиясы
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Философия тарихындағы адам мәселесі
Дәстүрдің жаңғыруы, Ежелгі қазақ әдебиетінде бар поэтикалық үлгінің дәуірлер өте келе жаңа қырынан түлеуі
Абай дүниетанымының экзистенциалдық сипаты
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
Пәндер