Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Сарыарқа дарыны аймақтық ғылыми практикалық орталығы
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: тіл білімі
Авторы: Серік Жігер 8 - сынып
Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі,
Шахтинск қаласы
Жетекшісі: Карабаева Фарида Жамалатдинкызы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі,
Шахтинск қаласы
2022 жыл
Жобаның мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың қазақ поэзиясындағы маңыздылығын таныту, ақын поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету, сол міндетті шешуге өз ұлсеімді қосу. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты жазылған шығармаларына тоқталу, нақыл сөздерді табу.
Өз жобамда ақиық ақынның нағыз талалантты ақын екендігін оның шығармаларының өміршең екендігін тануға тырыстым.
Ғасыр ауысар тұста Қазақстан жазушылар одағының шешімімен Мұқағали атамыз Ғасыр ақыны аталды. Мұқағали Мақатаевтың бізге қалдырған мұрасы мәңгілік.
Жобаның міндеттері:
Сөйлеу мәдениетін меңгерген тұлға ретінде өмір сүрі біліктілігін қалыптастыру:
Ана тілде таза, еркін сөйлеуге төсілгендігін таныта білу;
Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру;
Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтижені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру.
Жұмыстың өзектілігі: М. Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс, қазақ халқының салт-дәстүрлері, осы күнге дейін жеткен және қолданыстағы нақыл сөздерін талдау жасай отырып көркем әдебиет сүйер оқырманның жеке тұлғалық қасиетін танытуға, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықы қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
Тақырыпты зерттей келе көз жеткізгенім:
Мұқағали Мақатаев есімін айтқанда, көңіл шіркін сан құбылады. Өйткені Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқып, жаттап өстім. Алғаш шәкірт атанып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ Мұқағали Мақатаев өлеңдері мен шығармашылығын оқудамыз. Балалық бал дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүнием мен ой-санамды түгелдей билеп алғандай. Мұқағали атамыздың жырларын тек қана оқып-жаттап қоймай, оның өлеңдеріндегі ұлттық болмысты, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерді, нақыл сөздерін білуге құмарттым. Себебі, қазағымның салт-дәстүрлері ақын поэзиясында өзіндік орын алады.
Аннотация
Зерттеу жұмысы барысында М. Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен нақыл сөздеріне тоқталып, адам жанының эстетикалық, әрі рухан мәнін танытудағы ақын шығармашылығың құндылығын таныту жайында айтылады.
Аннотация
В ходе исследовательской работы в творчестве М. Макатаева рассказывается о национальной идентичности, традициях и притчах казахского народа, о ценности творчества поэта в проявлении эстетической и духовной сущности человеческой души.
Annotation
During the research work in the work of M. Makatayev, it is told about the national identity, traditions and parables of the Kazakh people, about the value of the poet's creativity in the manifestation of the aesthetic and spiritual essence of the human soul.
Жоспар:
І. Кіріспе
Мұқағали - қазақ поэзиясының мақтанышы
ІІ. Зерттеу бөлімі:
1. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық болмыс
2. Ақын өлеңдеріндегі Халықтық дәстүр
3. Нақыл сөздерге арналған Мұқағали жырлары
ІІІ. Қорытынды
Мұқағали Мақатаев поэзиясы - қымбат қазына, мәңгілік мұра
І. Кіріспе
Ақын рухы - ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Қазақ елі қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылары бар. Данышпан Ұлы ақынымыз Абай атамыз, жыр алыбы, абыз Жамбыл, отты Махамбет, тұңғиық ақын Мағжан сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге сусындатылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.
Солардан кейін қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали Мақатаев екендігі ай мен күндей анық.
1931 жылдың басында Нарынқол өңірінің ескі Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан Сүлейменұлы Мұхамедқали Мақатаев - қазақ поэзиясының басына қонған бағы, жарық жұлдызы екенін ол кезде ешкімде білмейтін. Осы тұста ақынды дүниеге әкелген алтын құрсақ анамыз Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздері ойға оралады: Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі, балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін Наурыз тойы болды деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін, - дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылауда келер күндер еншісінде емес пе?!
Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанған. Үш айдан соң хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешкен. Әжесі Тиын мен анасының тәрбиесінде жетеліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да, өз әкесіне деген балалық сағынышы да себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны қалған, мұражайда сызба жобасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидің балалық шағы өткен.
Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған там туралы:
Мен өскен лашық - бір бөлме,
Бір бөлме - маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде, - деп туған үйдің құдыретін жырға қосқан болатын.
Алғашқы өлеңдерінің куәсі де сол бір өзен жиегіндегі көзінің қарасындай қымбат қоржын там да қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі.
Мұқағали Мақатаев - ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын.
Құдыретті сөз өнері, оның ішінде айт кетсек, поэзия әлемі XIX ғасырдың екінші жартысында Ұлы ақын Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді десек артық емес. Одан аса, ХХ ғасырдың дәл ортасында қазақ әдебиетінің есігін айқара ашқан жас талап, жас талант, жаңа буын өкілі М. Мақатаев шығармалары да дәл сол биікке, арман сапарына қол созып, шарықтау шыңына жол тартты. Солай, Ұлы дара ақын Абай Құнанбаев салған ізбен алға басты десек болады. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты. Ұлттық мұраны толықтыруға өз әлінше күш салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар бай ауыз әдебиетінен жүзіп ішті, әсіресе шешендік өнердің шеберлігін меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен өршіл рухын бойына сіңірді, тың сонарларын шалды. Яғни халық даналығының небір нәрі мен дәнін жинады. Өскелең орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты. Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын жетілдірді. Өздеріне дейінгі мықты білім қорымен қаруланды. Заманның өнегесі неде, өріссіздігі қайда екендігін ажырата білді.
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында өзі дүниеден озғалы бері де тоқтаусыз айтылып та, қағаз бетіне жазылып та келеді. Бұл тақырыптарда бірнеше ғылыми жобалар да қорғалғаны мәлім. Дегенмен, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы хақында сөз болғанда, Мұқағалидың өлең, дастандарына соқпай өту мүмкін болмай қалды. Ақын жырлары мектеп оқу бағдарламаларынан ойып тұрып орын алды.

ІІ. Негізгі
Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол - сатылмайтын байлық деп танимыз. Біз үшін сатылмайтын байлық - туған тіліміз, дініміз, ұлтымыз, туған жеріміз, Отанымыз. Аталған байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары, бәрінен биік. Осы байлықтардың бәрі әр адамда бар, алайда, көбі бағалай білмейтіні жүрегімізге батады. Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі - тіл болса, екіншісі - тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды - тексіз, тарихына тұшынып көрмеген адамды - көргенсіз деген. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса аласақ, адамдықтан не пайда?
Ұлттық болмысы, яғни ұлттық рухы жоқ ұлт - ұлт емес. Ұлттық болмысымыз жоғалса, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз ұмыт болып, өзге ұлттың жетегінде кетеміз. Қазақ халқының егемендік алып, тәуелсіз ел болуы бір ай немесе бір жыл емес, сан ғасырлық жинақталған рухының жемісі.
Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі, әр туындысынан өрнек тауып, оқыған жанның ойына қанат, бойына күш-қуат дарытып, поэзия әлемі құдіретіне бас игізген - Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақ-түйек күйкі тіршілік емес, пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді.
Ұлтымызда бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті бұйымдарының бірі - бесік. Бесікті киелі деп есептеген. Оны өзге жанның ұстамақ түгіл қол тигізуге дәті бармаған. Ұйықтап жатқан ұлының бесігін тербетуге қарсылық білдіріп, оны қызғыштай қорғауының мәні осында жатыр. Ел болам десең, бесігіңді түзе демей ме ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов. Бұдан кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz