СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ

Момбек Әбдәкiмұлы
СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ
(детективті хикаят)
ӘОЖ 821. 512. 122
КБЖ 84 (5Каз) Ә13
Момбек Әбдіәкімұлы
Ә13 Сүлеймен қарақшы - Алматы: «Дария Дамыту Орталығы»
, 2021. - 552 бет.
ISBN 978-601-06-8104-0
Кiтаптағы басты кейiпкер - Сүлеймен өмiрде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкiмсiз атау - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебiр себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi - ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмiр бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкiмет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзiн Құдайдан басқаның бәрiнен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделi болған. Қолдарыңыздағы кiтап сол күрделi ғұмырды қызықты һәм тартымды тiлмен баян етедi.
Кітап барша оқырманға арналады.
ӘОЖ 821. 512. 122
КБЖ 84 (5Каз)
ISBN 978-601-06-8104-0
© «Дария Дамыту Орталығы», 2021
© Момбек Әбдіәкімұлы, 2021
БIРIНШI БӨЛIМ IКезiнде үш жүзге төбе би болған Төленiң бес әйелiнен он екi ұл, сегiз қыз туылыпты. Он екi ұлдың сегiзiнен ұрпақ қалып, бесеуi ертерек ахиреттiк болған екен. Сол он екiнiң ең кенжесi - Қожамжарға Төленiң қара шаңырағы тиюмен қатар, бақ-дәулетi де ауғанға ұқсайды. Себебi Қожамжардан тараған ұрпақтар шетiнен датқа, би-болыс, бай-бақуатты болып, Майлықожа ақын айтқандай: “Желiсi - бүлкүл, шабысы - ұзақ, атаққа - бай, даңқы - зор, Жаныстың “қаракөк әулетi” деген атты ертеден-ақ иеленiптi. Қожамжардың бiрiншi әйелiнен - Дербiсәлi, Мұратәлi, Сүгiрәлi, Дауылбай туылып, соңғысы Дауылбайдан - Олжабай, Құлжабай, Кенжебай атты үш ұл дүниеге келген. Құлжабайдың үшiншi ұрпағы Мәменнен - 1898-шi, доңыз жылының ат тұяғы қарға батпайтын шыңылтыр аязды, өкпек дауыл соққан боранды қаңтарының бiр күнiнде бiздiң басты кейiпкерiмiз - дәу Сүлеймен туылыпты. Бұдан бұрын төрт ұл туып, төртеуiн де шақалақ кезiнде Құдай қолына өткiзген Жұмакүл кемпiрдiң бойына Сүлеймен бiткен кезде, аюдың жүрегiне жерiк болып, елдi әбiгерге бiр түсiрiптi. Әбiгерге түсiргенi сол ғой, тау аңшылары атып әкелген төрт аюдың жүрегiн жесе де, Жұмакүлдiң жерiгi бiр басылмай, одан бетер қинала түсiптi. Мезгiл маусымның түскен шағы болса керек. Бiр күнi Мәмен ауылының үстiнен ақ есекке мiнiп өтiп бара жатқан бiр диуана шал, киiз үйдiң артына жүрелей отыра қалып, зорлана құсқан Жұмакүлдi көрiп: “Әй, қызым, “қара жердiң төсiне көк майсаның сүтi аққан шақта жерiк болған әйелден баланың не батыры туылады, не дарыны туылады” деген бар едi. Осы екеуiнiң бiрiне жерiксiң-ау, сен. Не жегiң келiп жүр? Айтшы, қалқам”, - дейдi. Сонда Жұмакүл: “Ұйқыдан жаңа оянып, көк шырша мен көк аршаның дәмi қанына әлi сiңбеген аюдың шикi жүрегi болса, көңiлiм бiр жайланып қалар едi-ау, ата. Өткенде жеген төрт аюдың жүрегi құмарымды баспай жүр”,
- дейдi. “Ә, онда саған қысқы ұйқыдан ұрғашыларынан кеш оянатын марғау еркек аюдың жүрегi керек екен де. Күйеуiңе айт. Дәл қазiр сонау Қырыққыздың үстiндегi қырғыз асуындағы шатқалда еркек аюлар жаңа ғана үңгiрден шығып, көкке ендi бас қойды. Денелерiне көктiң дәмi әлi сiңбеген солардың бiрiн атып алсын. Құдай қаласа, содан кейiн аюдай айбатты бiр ұл туарсың”,
- деп жөнiне кете барыпты…
Мұны естiген Мәмен дереу Қырыққызға жол тартып, сол жерде аңшылар жалдап, бiр еркек аюды аттырып алады да, жүрегiн ауылына алып келедi. Қаны тамған келтектей жүректi көргенде Жұмакүл ай-шайға қарамай, апыл-ғұпыл шайнамай жұта салады. Содан бiр күн өтпей-ақ жанын қинаған жерiк сап басылыпты.
Жұмакүл аю жүрегiне бекерге жерiк болмапты. Арада жетi ай өткенде бес күн бойы толғатып, дене-тұрқы үш-төрт жасар баланың пошымындай бiр ұлды туады. Жұрт оған ырым қылып, “Сүлеймен” деп ат қояды. Сүлеймен тоғызға келгенде әкесi - Мәмен, он бiрге келгенде шешесi - Жұмакүл қайтыс болады. Жастайынан тұлдыр жетiм қалған ол, ағайын теперiшiн көрiп өседi. Дегенмен Құдай берген күш пен жүректiлiгiнiң арқасында тағдырға мойымай, өз нанын өзi тауып жеуге ертеден-ақ талпынып өседi. Он бес жасқа келгенде, өзiнен бес-алты жас үлкен жiгiттердi жығып, ел арасында “балуан” атанады.
Бiрде Сүлеймен түп нағашысы Көбек ұры екеуi Қоңыр-бөрiк қыстағынан келе жатса, Бадам өзенiнiң шығыс жақ бетiндегi Бiркөлiк жазығын жайлап отырған Қосағаш ауылының оншақты жiгiттерi үйiрлi жылқы iшiнен бiр асау құнанды ұстай алмай, әлектенiп жатқанын көредi. Кiлең жүйрiк мiнген жiгiттер әлгi асауға қанша құрық салса да, құнан бой бермей, құрықшыларды ат-матымен сүйреп, жығып тастап жүр екен.
- Жиен-ау, он жiгiттiң бiр құнанға әлi келмегендерi көрер көзге ұяттығы былай тұрсын, осылардың еркекпiз деп атқа мiнгендерiнiң өзi намыс емес пе. Қане, жебiр тайды тырп еткiзбей ұстап берiп, аналарға күшiңдi көрсетшi, - дедi Көбек Сүлейменге.
- Қуалап жүргендерi жас мал болса да сүйегi iрi, дәу екен. Жә, нағашы, жүрiңiзшi көрейiк, оның қаншалықты мықты екенiн.
Бұлар асау ұстаушылардың жанына келгенде, әлгiлер құнанды құрықтау үшiн ендi қандай амал табарларын бiлмей, абдырап тұр екен. Олармен амандасып болған соң Көбек айтты:
- Оның жабылып, бiр тайға әлдерiң келмей жатыр ма? Бiреуiң астыңдағы жүйрiк атыңды мына Сүлейменге берiңдершi. Оны ендi бұл қуалап көрсiн.
Асауға әлдерi келмей, ызаланған жiгiттердiң бiрi:
- Оу, Көбек көке! Ат үстiнде аюша қорбиып отырған мұның қолынан асау ұстау келе қоймас. Қопал сияқты ғой. Одан да тастай қараңғы түнде жылқы ұстап үйренген өзiңiз қимылдасаңызшы,
- деп Көбектiң өзiне жабысты. Жо-жоқ. Алдымен жиенiм талпынып көрсiн. Бұл ештеңе тындыра алмаса, одан соң өзiм көрермiн. Ендеше, жарайды, Көбеке. Сол құнанды ұстауға сабаудай- сабаудай мына бiздердiң шамамыз келмегенде, осы бiр қорбиған боқмұрынның әлi келсе, көрiп-ақ алайық. Көбектiң айтқаны- ақ болсын. Әй, бала, мә, мiн мына атқа. Бiрақ абайла… Асауға жетпей жатып, тоңқалаң асып жүрме, - дедi жiгiттердiң бiрi Сүлейменге атын берiп жатып.
Сүлеймен әлгi жiгiт берген аттың тартпасын мықтап тартты да, ерге қонды. Сол қолына тiзгiндi, оң қолына қамшыны алып, құрықты тақымына қысты. Сөйтiп, Бадам жағасындағы төрт бұрышты тiктеу келген қарауыл төбенiң маңайында шоғырланып тұрған жылқыларға қарай шапты. Бағанадан берi қуғыннан мезi болған жылқылар Сүлеймен жақындай бергенде, үш-төрт топқа бөлiнiп, жан-жаққа шашырай қашты. Ұстатпай жүрген қара құнан бестi бие бастаған соңғы топпен бiрге қарауыл төбенiң басына шауып шықты да, одан ылдиға қарай ойысты. Сүлеймен төбенi айнала шауып, олардың алдынан шығып, тура ортада келе жатқан қара құнанның мойнына құрықты лақтырды. Бiрақ әккi болған құнан мойнын бiрден оң жаққа қарай бұрып, құрық салдырмады. Бұған ызаланған Сүлеймен қолындағы құрығын тастай сап, өзенге қарай қашқан жылқылардың соңынан шапты. Бестi бие бастаған топ жылқы өзен жиегiне келгенде суға түспей иiрiлiп, бiраз тұрып қалды. Алайда арт жақтарынан құйғытып шапқан Сүлеймендi көргенде өзенге секiрiп-секiрiп түсiп, арғы
бетке бет алды. Шапқан екпiнiн бәсеңдетпей, олардың соңынан iлестi. Өзендi кешiп бара жатқан жылқылардың тұяқтары су түбiндегi жылтыр тастарға тайғанақтап, шабыстары бәсеңдедi. Ал бұрыннан су кешiп үйренген Сүлейменнiң астындағы ат өзенге түсе салысымен орғып-орғып шауып, қашқан жылқыларға әп-сәтте жетiп үлгердi. Бағаналы берi үстiне кiм мiнсе де, тек анау қара құнанды қуып жүргенiн пайымдаған жүйрiк, жылқыларға жете бере-ақ, сол құнанға қарай орғыды. Дәл осы сәтте аттың ақылдылығы мен иесінiң күшi дөп келе кетпесi бар ма. Жүйрiк ат орғып барып қара құнанды жанамалай бергенде, құнанның құйрығынан шап берiп ұстап, өзiне қарай тартып-тартып қалды. Құнан шыңғыра кiсенiп, босанбақ ниетпен тепсiне бұлқынды. Бiрақ қанша туласа да, құйрығына жабысқан қолдан ажырай алмады. Сүлеймен оның құйрығынан сүйреген күйi арғы бетке бiр-ақ алып шықты. Атының табаны құрғақ жерге тигенде құйрығымен сүйреленiп, арт жағымен келе жатқан құнанды өзiне қарай қатты тартып, тура үзеңгi астына шөгердi. Содан ер үстiнде отырған күйi жалына жармасып, оны тырп еткiзбей аз-маз ұстап тұрды. Одан соң ат үстiнен сырғып түстi де, бiр қолымен құнанның құлағын мыжғылай бүрiп, бiр қолымен мойнын бұрай ұстап, гүрс еткiзiп, жерге жықты. Құнан болса, жерге жатқанына қарамай, төрт аяғын төрт жаққа сермеп тұрып кетуге қанша бұлқынса да, мойнына жабысқан дүлей күштен босана алмай, мысы құрып, ентiге дем алып жатты. Осы кезде арт жақта қалған жiгiттер шауып, Сүлейменнiң жанына жеттi.
- Бәрекелде-е. Бiз мұны боқмұрын деп менсiнбей жүрсек, бұл құрықсыз жалаң қолымен-ақ асауды тырп еткiзбей ұстап алды ғой. Уай, Көбеке, жиенiңiз тура өзiңiзге тартқан қарақшы болмаса не қылсын. Басқаны не қыласыз, ұрлыққа тек осы баланы ғана ертсеңiзшi. Сiздiң төрт серiгiңiзге мұның жалғыз өзi татиды ғой, - деп айқайлап сөйледi бағана Сүлейменге атын берген жiгiт жерде жат-қан құнанды ноқталап жатып. - Әй, бала, сенiң атың кiм . . . Сүлеймен бе едi? Ай, Сүлеймен, жарадың. Жаңа айтқанымдай, өзiң мына нағашың - Көбекке ұқсап туыпсың. Қазiр ғой, даламызда не қалмақ жоқ, не қоқан жоқ. Күшiңдi қайда
жұмсап батыр боласың? Одан да осы нағашыңа ерiп, қарақшы бол.
- Әй, сен, қарғадай баланы қарақшыға теңеп, оттай берме. Мен ұрлық жасасам, сенен ұрлап жатқаным жоқ. О несi-ей, менен бiр запы көргендей, “ұры, ұры” деп қақылдай қалғаны. “Ергежейлiнiң оны жабылып, бiр тоқтыға әлi келмептi” дегендей, он нәуетек жұмылып бiр құнанды ауыздықтай алмағандарыңа менiң ұры екенiмнiң не қатысы бар? Өй, жапан түздегi қасқырдың жемтiгiн түлкiше қызғанған найсап. Әйда, Сүлеймен, мiн атыңа! Кеттiк. Бұларға тәуiр iс жасасаң да, ауылындағы қатындарының сөзiн айтып, көңiлiңдi қалдырады.
Әлгi жiгiттiң өзiне “қарақшы бол” деген сөзiн жақтырмаған Сүлеймен, осы сәт өзiн-өзi ұстай алмай, оны жағасынан бүрiп алды да, қаңбақтай етiп сонадай жерге лақтырып жiбердi. Бұдан осыншалықты күштi күтпеген ол: “О, әкеңнiң… менi немене, уысыңа оп-оңай бүрiле салатын қара құнан деймiсiң”, - деп тұра салып, қайта ұмтылды. Екеуi ұстасқан кезде, Сүлеймен оны тағы лақтырып жiбердi. Екiншi рет қаңбақтай ұшқанына намыстанған анау қонышынан қамшысын алып, бет алды ауаны тiлгiлей сабалап, қарсыласына айқайлай жүгiрдi. Осы сәтте оны Көбек атының сауырымен бiр қағып, тағы да жалп еткiздi. Сол-ақ екен, ат үстiндегi оның басқа серiктерi Көбектi жабыла қамшының астына алды. Дегенмен оңай дес беретiн Көбек пе? Қамшысымен сабаса жүрiп, олардың екi-үшеуiн аттан құлатты. Сүлеймен болса, қолына iлiнгендерiн ары лақтырып, берi лақтырып, өзiне ешқандай соққы дарытпады. Тiптi екi жiгiттiң шылауына жармасып, ат-матымен жығып тастады. Осылайша, екеуiне қарсы әлденуақыт алысса да, жеңiске жете алмаған аналар аттарының басын ауылдарына қарай бұра салып, қаша жөнелдi…
Осы оқиғадан кейiн Сүлейменнiң аты ауызға бұрынғыдан да
бетер iлiктi. Арада оншақты күн өткенде Көбек оның ауылына келдi. Жиенiнiң үйiне бiр күн қонып шыққасын, Көбек келген себебiн айтты:
- Сүлеймен, жасың болса он алтыға келдi, ендiгi жiгiт болдың. Құдай саған қара күш пен дененi аямай-ақ бердi. Бiрақ қатын
әперiп, оған қалың мал төлейтiн әкең, қарайласатын туысың тағы жоқ. Өз тiрлiгiңдi өзiң қылмасаң, жеке болсаң да күн көруiң қиын- ақ. Көнсең, маған iлес. Бiр-екi жылда алдыңда малың, басыңда баспанаң болады. Қатынды содан кейiн-ақ аларсың.
- Сiзге iлессем, бiлемiн ғой, ұрлыққа ертпексiз де. Содан байысам, қанеки. Ордабек болыс: “Келiп, менiң жылқыларыма қарауыл болсын. Жыл сайынғы ақысын жемеспiн”, - деп қайта- қайта кiсi шаптырып жатыр. Бiрақ оның да жарылқай қоятынына күмәнiм бар. Нарымбет бай болса: “Қай атыңды қаласаң да мiнгiзейiн. Көкпар тартып үйренсейшi. Анау сиқымдағы Құлажан, Нұржаннан күшiң кем емес қой. Көкпарды бiр үйренсең, олардан мықты шабандоз боласың. Көкпар-ақ асырайды сенi”, - деп ол жүр. Алайда сол көкпар дегенге түк қызықпай-ақ қойдым. Өз нағашым жақтан қапал Жүндiбай би: “Маған атқосшы болсаң қайтедi. Ешкiмнен ауқат сұрамай, қарның тойынып жүредi” - дегендi айтады. Бойы белiмнен келетiн, мойны мен мықыны тұтасып қалған шалға атқосшы болуға арланып-ақ жүрмiн. Жазда қасында шегiр Естеместiң Мәуленi бар Ордабектiң Тәшкенде әскер оқуында жүрген Ноғай деген баласы келiп: “Әзiрше ауылда жүре тұр. Оқуымды бiтiрiп, бiр жерге бастық болсам, сенi қарауыма алармын”, - деп ол кеттi. Тектiден туған сабаз ғой ол, сөзiнде тұрар. Алайда ол оқу бiтiргенше қай заман. Оның үстiне оған еру үшiн орысша бiлу керек екен. Ал менiң ондай сауатым да жоқ. “Әлiп” пен “ләмнiң” басын зорға қосып оқимын. Тiрегiм - Төле, түбiм - Қожамжар, атам - Дауылбай бай болса да, әкем Мәменнен мұралыққа бiр тышқақ лақ та қалмағанына ренжимiн кейде. Есiк алдына қарайған бес-алты малдың басын құрап алсам ғой, өз арбамды өзiм-ақ сүйретiп кетер едiм.
- Қапалығыңды түсiнем, жиен. Өзiмде болса, байлығымның
жартысын бөлiп берер едiм саған. Жоқ қой, сол дүние құрғыр. “Ұры байымайды” дегендi өзiң бiлесiң. Аш бөрiдей үш-төрт түн далада жортып жүрiп тапқан-таянғанымыз бiр-екi жетiге әрең жетедi. Ашығын айтайын, маған iлессең, байымасың анық. Бiрақ ешкiмге қол жаймай, нәпақа табуыңа болады. Ойланып көр. Алда-жалда “соңымнан iлес” деп зорламаймын. Ерiк өзiңде. Ордабекке барсаң, сүйектерiң бiр, аштан қалдырмас.
Жүндiбайға барсаң, ол да жат емес. Бимен бiрге таза жүрiп, таза тұрасың. Мейлi, қайсысына барсаң да, өз қалауың бiлсiн. Мен сенi харам iске шақырып отырсам да, өзiңе жанашырлық тiлек айтып тұрғанымды ұқсаң болғаны. “Бүкiрдi мола ғана түзейдi” дегендей, күн көрiс үшiн басқа кәсiп жоқ маған. Ал, жиен, сау бол. Мен аттанайын. Әгерки маған iлесем десең, ауылға кел. Құдай жол берсе, төрт-бес күннен соң Шыршықтың арғы бетiндегi шалақазақ құрамалардың жылқыларын айдап келуге аттанамыз.
IIКөбек қамшысының сабын сүйене, орнынан тұрды.
Көбек аттанып кеткен соң Сүлеймен ойға батты: “Ордабекке барсам ғой, оған тәуелдi боламын. Жүндiбайдың атқосшылығына “мақұл” десем, оның өзiм байлайтын жыл-қысымен бiрге шетке рұқсатсыз аттап баса алмайтын байлаулы адаммын. Нарымбет байдың айтқаны әу баста-ақ көңiлге қонған жоқ-ты. Бiреуге тәуелдi болып нан тапқанша, Көбек нағашымның айтқанына көнген жөн-ау. Ол астыма бiр жақсы ат берiп, жанына ертiп жүрсе, екi-үш түндi ұйқысыз жорық үстiнде өткiзу деген не, тәйiрi. “Олжаңды басқа жiгiттермен бiрдей алып отырасың” деген-дi ол. Ендеше, оның айтқанынан бас тартып керегi не? Ұрлықы малды межелi жерге айдасып келсем болды, оларды сата ма, соя ма, онысында шаруам жоқ. Үлесiмдi алып, жөнiме жүре беремiн. Әрi жылқыны артымыздан қуғыншы келмейтiндей жерден әкеледi екенбiз. Онда қорқып не бар? Жақындарымнан күнде сөз естiп жүргенше, Көбекке iлесiп ұрлыққа барғаным мың есе артық”.
Осы ойға бекiнген Сүлеймен ертесiне азанда өзiн зорға
көтеретiн көтерем жабысына мiнiп, Көбек ауылына аттанды. Сәске ауа дiттеген жерiне жеттi. Оның келгенiне қатты қуанған Көбек нағашысы шылауына жармасып, құшақтап көрiстi. Қолтығынан алып, үйiне кiргiздi. Сүлеймен төрге жайғасқанда:
- Әй, Оспан, анау қорадағы дөнен қошқардың бiрiн сой. Жиенiмiз келген сайын үйден қақтауыл ет жеп кететiндiгi тiптi ұят болып жүр едi. Бүгiн қошқардың басын мүжiсiн бiр. Ыбылжымай бол тез! Таң атып келе жатқан жоқ, - деп үлкен баласына бұйыра айқайлады. Оспан әке әмiрiн орындауға кеткесiн: - Қалай, жиен, қабырғаңмен кеңесiп, ойыңды әбден кесiп-пiшiп келiп
отырмысың. Жоқ, әлi де болса көңiлiңде дүдәмал пиғыл бар ма?
- деп сұрақты төтесiнен қойды. Сiзге iлесудi жөн деп таптым, нағашы. Ордабек жа- рылқайтын болса, басқа туыстарының басына неге ақбоз үй тiгiп қоймайды. Жүндiбай туралы да солай айтуға болады. Өз ырзық- несiбесiн бiреуге бөлiп беретiн кiм бар дейсiз? Сол үшiн де оларға кiнә артып, өкпе айту жөнсiз. Несiбемдi ешкiмге жалтақтамай, сiзбен бiрге жүрiп тапқаным дұрыс шығар. Әркiмнiң аузына қарап, айтағы мен бұйрығына көнгенше, қолдан келетiн iске көңiл аударған абзал-ау. Бек жөн айтасың, жиенжан. Естi жiгiт әмәнда өз дегенiмен жүргенi қош. Ордабектiң анау Қазығұрт пен Алатаудың етегiне толған малы, алты алашқа жайылған аты болса да, қам сүт емген пенде ғой, оның да қорқары, үркерi бар. Шұбырған малының бас- басына бiр-бiр жiгiт қойып, қарауылдаса да, ол Өгемдегi қаңлы Кетiктен, Сырдағы қоңырат Тайлыбайдан, Шаяндағы сiргелi Бұзауханнан, Құркелестегi қыпшақ Айтудан қорқады. Тiптi мынау iргесiнде отырған Досалыға да сенбейдi. Зады Ордабек басқа болыстарға қарағанда, қолы ашық, көпшiл, жомарт жан. Бiрақ қанша жомарт болса да, кiм жиған малынан айрылғысы келедi дейсiң. Ал қарақшы мен ұрыға жомартың кiм, сараңың кiм, бәрiбiр. Ебiн тапса, жымқырып кетуге дайын тұрады. Олардың осындай мiнездерiн бiлетiн Ордабек жылқыларының басынан түнде қарауыл, күндiз жылқышы кетiрмей, әр уақытта сақ отырады. Әрi ол жылқышылыққа өңкей мықты, балуан жiгiттердi алатындығын бiлесiң бе? Сенi де сондай оймен шақырып отыр да. Әгәрки жылқы басында алда-жалда жалғыз қалып, барымташылармен кез келiп қалсаң, Құдай бетiн аулақ қылсын, ұрып, жарымжан етiп тастауы былай тұрсын, өлтiрiп кетуден де тайынбайды. Баяғыда шегiр Ақпан батыр Ордабектiң атасы Шойбек датқаның жылқылары үшiн қырғыздар қолынан өлген жоқ па едi… Бетi аулақ. Ордабектiң ұсынысын қабыл алмағаның жөн болған, жиенжан. “Ордабектiң жылқыларына қарауыл болмағаның дұрыс болған” деп менi сақтандырып жатырсыз, нағашы. Ал сiздер, өздерiңiз ше? Түнде бiреудiң жылқысын ұрлауға барғанда мал
басындағы күзетшiге не iстеп кетесiздер? Сiздер де оларды ұрып, майып қылып, болмаса өлтiрiп кетесiздер ме?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz