Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
I - тарау
1.1 Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау Саммуэль Морзенің сызықшалар мен нүктелер түрінде болған кезден-ақ атқарғаны тарихтан белгілі. 1914-1917 жылдар аралығында дүниеге даңқы таралып, аты шыққан Қысқы сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, радиограммаларды басып шығарып, сонымен қатар, үлестіріп, ақпараттық-үгітшілдік саясаттың бір қызметін атқарған болатыны айдан анық. Осы тұста Ресей отары болып отырған, Түркі халықтары да патшалық өкімет назарынан табылып, табиғи байлығы мол халықты уысына ұстаудың басты құралы етіп осы радионы пайдаланған құжаттар деректері арқылы мәлім болды. Мұрағаттық деректерге сүйенсек 1920 жылдары-ақ Семей губерниясында, Орынбор, Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Кереку, Өскемен қалаларында қабылдаушы - таратушы радиостанциялар істеп тұрды. Тіпті шағын елді мекендерде де радиостанциялар ашып, мемлекеттік тұрғыдан ұлттық тілдерде хабарлар тарату көзделген. Ұлы Қазан төңкерісі тұсында жұмыс істеп тұрған Тәшкенттегі радиостанция қызметі өте үлкен аумақты мекендеген халықтарды байланыспен қамтамасыз ете алмауы себебінен жаңа радиостанциялар ашу қажеттігі туындады. 1918 жылы маусымда Түркістан Автономиялы Кеңестік республикасы большевиктер ұйымдарының 1 съезі Түркістан Коммунистік партиясы құрылғанын жариялады. Оның жанынан баспасөз бюросының құрылуы да қажеттіліктен туды, іле-шала ақпараттық бюро құрылды, ол РОСТА-ның Түркістан бөлімі деп аталды. Кейіннен Орынбор бөлімшесінің Қырғыз автономиялы республикасы жарияланғаннан кейін КирРОСТА болып қайта құрылғаны жөніндегі деректер зерттеуші ғалымдар еңбектерінде айтылған.
Сонымен, Ұлы Қазан революциясына дейін Александр Форты мен Түркістанда радиостанциялар жұмыс істеді. Олардың елге сіңірген еңбегі мен іс-тәжірибесі В.Ружниковтың революцияға дейінгі жалпы радиотелеграф жұмысына берген анықтамасымен өзектес болып келеді:
Біріншіден, радиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ. Ұйымдастырушылар алдарына ондай мақсатты қоймады. Радиохабарлары тек байланыс үшін қолданылып, желілі телеграфты қайталады.
Екіншіден, радиостанциялар мемлекетке қарағанымен, шын мәнісінде түрлі ведомостваларға қызмет етті. Олар әскери және әскери-теңіз, сол сияқты пошта-телеграф ведомостволары еді.
Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі аталған радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстырушы қызметін атқарды. Олардың әскери байланыстағы рөлімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы болатын. Әрине, ел өмірінің руханилығына араласпағанымен де радиобайланыстың қазақ даласында 1912 жылдан жұмыс істеп, Ресей радиосымен парапар жүруінің өзі де тарихи құндылық.
"Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда Орынбордағы радиостанция арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық берілді. Бұл республика әуе толқыны арқылы көпшілікке арналып берілген алғашқы радио хабарлары еді ", - деп түсініктеме берілген Қазақ радиосының 80 жылдығына арналған "Әуе толқынында - Қазақ радиосы" деген еңбекте. Міне, ғылыми жүйеленген, тиянықты зерттеу қорытындысы бойынша айтылған осы пікір Қазақ радио-журналистикасының тарихи бастау алған күнін белгілейді.
1.2 Радиожурналистиканың даму кезеңдері
Қазақ халқының мәдениетін, тілін, дінін, тарихын т.б. ұлттық нышандарын дәстүрлі түрде ғасырдан-ғасырға жетелеп отырған радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да түрлері сияқты радионың қалыптасу кезеңдері тарихта өз ізін қалдырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз ұлы империялардың бірі Ресеймен байланысты болғандықтан, әрі радионың отаны да сол мемлекет екендігі де ескеріліп, қазақ радиожурналистикасының даму кезеңдері сәйкестендіріле зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдарын сараптай отырып, радиотарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:
Радиобағдарламалардың қалыптасу
кезеңі. 1921-1927 жж.
Тоталитарлық мемлекет радиосы. 1927-1941 жж.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
кеңестік радио. 1941-1945 жж.
Соғыстан кейінгі халық шаруашы-
лығын қалпына келтіру
жылдарындағы радио. 1946-1950 жж.
Тоталитарлық мемлекет және
әлеуметтік тоқырау дәуірі. 1950-1985 жж.
Қайта құру және жариялық
радиосы. 1985-1991 жж.
Нарық кезеңіндегі радио. 1991-2005 жж.
1928-1941 жылдардағы тоталитарлық мемлекет радиосының қызметі
Осы жылдың бастапқы кезінде үкімет тарапынан "О реорганизации радио" деген қаулы қабылданды. Күрт өзгерістерге толы кезең басталды. Сталиннің басшылық етуімен бұқаралық ақпарат құралдарына, сонымен бірге радиоға да цензура басталды. Бұл цензура Кеңес үкіметі құлағанға дейін созылды. Әйтседе, қоғамдық өзгерістер қаншалықты болып жатқанымен радиожурналистика дамуын тоқтатқан жоқ. Бұл жылдары алғашқы радиорепортаждар беріле бастады. Хабарларда деректілік факторлармен қоса көркемдік элементтер дамыды. Көбінесе жеке басқа табынушылыққа бағытталған, Сталинді мадақтаған хабарларға жол берілді.
Аталмыш қаулыдан кейін 1928 жылдың шілде айында Еңбек және қорғаныс кеңесі іле-шала "Радиохабар таратуды қайта ұйымдастыру жөнінде" деп аталатын құжат қабылдады. Соның негізінде 1931 жылы акционерлік қоғам таратылып, оның орнына Бүкілодақтық радиокомитет құрылды. Сол кездегі дәстүр бойынша Қазақстанда да одақтық радиокомитет ашылып, оның тұңғыш төрағасы болып Айтбай Хангелдин тағайындалды, содан бері Б.Кенжебаев, Е.Арысұлы, Қ.Орманов, М.Жантикин, Б.Дәулетбаев, М.Сағатов т.б. сынды көптеген ардагер-радиожурналистер ұлттық радионың дамуына ат салысты. Есімдері аталған адамдар сол тұстағы қоғамдық өзгерістерге араласып жүрген қайраткерлер болатын. Осы кездері алғашқы радиоүндесулер өткізіліп, радиоочерктер беріле бастады. Радиодраматургия дүниеге келді, радиоуниверситеттер ашылып, ғаламның сан-салаларын қамтыған хабарлар әуе толқынына тарады.
1928 жылдың 7 қарашасында алғашқы радиоүндесу (Мәскеу, Ленинград, Минск, Баку, Тбилиси қалалары арасында) өткізіліп, ары қарай кең қолдау тауып, таралып кетті. Іле-шала радиофильм пайда болды. Магниттік дыбыс жазу деректі радиоочерк сияқты жанрды ғана тудырмады, деректі-ойындық хабарларлан бастау алған радиодраматургия да өмірге келді. Жұмысшылардың және шаруалардың радиоуниверситеті 1928 жылы ашылды. Бұл университет халыққа тілден, математикадан, қоғамтанудан, әкімшілік-шаруашылық істерді жүргізудің әдіс-тәсілдерін т.б. көптеген саладан тиянақты білім беріп, сауатсыздықты жоюға ат салысты. Радионың маңызы күннен-күнге арта түсті. Ол туралы Мәскеу қалалық және облыстық коммунистук партияларының жетекшісі Н.С.Хрущев 1930 жылдардың ортасында былай деп жазды: "Микрофон - бұл үлкен күш және билік. Бұл құралдың адамдарға етер әсері орасан. Оны белсенді пайдалану керек, алайда ақылмен пайдалану керек" . Бұл пікірді бұдан бұрынырақта айтқан, радио жайлы екі жүзден астам хаттар жарияланған, социалистік қоғамның көсемі В.И.Ленин: "Москвада оқылатын газетті бүкіл Россия тыңдайтын болады", - деп жахды.
1941-1945 ж.ж. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік радио.
Ұлы Отан соғысы басталғалы бері көптеген хабар таратушылар радио-станцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау процесін міндет ретінде жүргізді. Бұл шараның әсері радиостанцияларға мол әсерін тигізе отырып, жұмыс қысқа толқынға көшіріліп, үш арна бір арналық хабардан тұрды.
"Соңғы хабардың" ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай сәтте жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен болатын. Алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейінгі уақыт аралығында "Совинформбюроның" 7 мың корреспонденциясы берілді. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған парадтың өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтергені тарихтан мәлім. Яғни, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын баян етеді. Тіпті, радиохабардың маңыздылығына, әсерлілігіне көңіл бөлінгендігі соншалықты Бүкілодақтық радио ақпараттарынан басқа арналарды тыңдауға рұқсат берілмеген.
1943 жылдың 1 тамызынан бастап Бас қолбасшының кеңес жауынгерлерінің жеңісін жариялаған бұйрықтары берілді. Бұйрық оқылған соң артиллериядан салют жіберілді. Соғысқа дейінгі музыка және әдебиет бөлімі кейін бірігіп, әдеби драмалық хабарлар бөлімі деп аталды. Олардың негізгі жанры публицистика мен деректі проза болды. Осы кезде радиофельетон, памфлет дамыды. Жауынгерлік радиопублицистика өріс алды. "Әдеби күнделік" деп аталатын, айына бір рет шығатын жаңа радиохабар пішіні пайда бола бастады. Оған қатысқан журналистер, әдебиет өкілдері қоғамның келесі мәселелерін сөз етіп, сахна саңлақтары да радиодан жиі өнер көрсетті. "Мәскеу театры - фронтқа" деген айдармен радиоспектакльдер беріліп тұрды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабарлар әсері отандас әскерлерге қуат қосып қана қоймай, ерліктерге жігерлендіріп отырған. Сол қаһарлы соғыстың бағыт-бағдарын халқымыз бақылап, жеңістерге қуанып, жеңілістерге күйініп отырғандықтары жайлы бүгінгі күнге дейін айтылып, жазылуда.
Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі радио (1946 - 1950 жж).
Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жылдарындағы радиохабарлардың даму бағыттарына әсер еткен мынандай жағдайлар болды: осы мәселені дәйекті зерттеп қабылдаған тарихи ақпан пленумының шешілуі, ленинградтықтардың өнеркәсіп өнімдерін арзан, тез әрі сапалы өндіруді ұйымдастыру саласындағы үндеуі және қазақстандық колхозшылардың Сталинге хаты. Міне, осы үш құжаттан туындайтын міндеттерді негізгі ала отырып, бағыт ұстаған жергілікті, облыстық, республикалық радиокомитеттер соғыстан кейінгі халықшаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту ісіне өз үлесін қосып отырды.
Әуе толқынында сол кезде шыққан бүкіл хабарларға тән бір қасиет - қарадүрсіндіктен бой тарту басым. Техникалық құрал-жабдықтардың (диктофон, репортерлердің т.б.) жоқтығына қарамастан эфирге жанды дауыс шығаруға талпынушылық болды. Бұл орайда негізгі мәселеге байланысты тыңдарман хаттары, журналистік түсіндірмелер, хабар барысында қойылатын жетекші сұрақтар, қысқасы, материалды эфирге шығару әрекеттерінің бәрінен өткенді қайталамауға тырысу бар болғандығы көрініп тұр.
Осы ретте радионың ықпалын ерекше атап өту керек сияқты деп ойлаймын. Қолына газет-журнал ұстауға мүмкіндігі жоқ, күні бойы еңбек майданында, немесе станок қасында тұрған еңбеккерлердің құлағы радио дегенде әрдайым тік тұратын. Оның үстіне біраз ғана бұрын біткен Отан соғысының барысын жұрт радиодан Левитан мен Байжанбаевтың үні арқылы тыңдап үйренген. Сол соғыстың бар жаңалықты радиодан күтуге машықтандырғаны айқын.
Шаруашылыққа агрономиялық кеңестер, өсімдік шаруашылығы, ара өсіру, ауыспалы алқап, тыңайтқыштар пайдалану жөнінде хабар берілді. Шаруа радиогазеті ауыл шаруашылығын жақсартуға, оның табыстылығын арттыруға байланысты көптеген мәселелер жайында хабар дайындады. Міне, осы шаруа радиогазетінің лайықты жалғасы болып келген ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған хабарлар халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту ісіне зор үлес қосқаны тарихи шындық.
Осы тұста радиохабарлардың жиі қолданылған формаларының бірі - радиомақала. Оның себебі, үстемдік етуші идеологияны халық жадына тереңірек сіңіру үшін әртүрлі саяси, қоғамдық тақырыптар, осы мақалалар мен қоса көптеген ақпараттар жеткізілді. Радиомақала радиода көбінесе қоғамдық-саяси және ғылыми техникалық мәселелерге арналады. Оның көлемді әдетте газеттегіден кішірек болады - делінген журналист анықтамалылығында. Көлемінің кіші болуы әрине, радионың спецификасына байланысты.
Тоталитарлық мемлекет тұсындағы радио (1950 - 1985 жж)
Соғыстан кейінгі күйреген халықтың шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру кезеңінің ойдағыдай аяқталуы бүкіл кеңестік бұқаралық ақпарат құралдарының тілге тиек еткен мәселесі ретінде күн тәртібінде тұрды. Сол тұстағы қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам дамуының көрсеткіштері процентке шағылып, ол артығымен орындалды деп есеп беру дағдыға айналған болатын. Міне, осындай даурықпалы хабарлар беру қазақ радиосының да жұмысынан орын алады. Сондықтан күйзелген халықты енді сол күйреген құрылысты қалпына келтірген соң қалыпты өмір сүресіңдер, - деп титықтатқан идеология тіпті дендей бастады. Толыққанды социализмді орнатып, сонан соң қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды, ол - коммунизм, соған жету үшін халық шаруашылығының жоспарларын артығымен орындау қажет деген ұран тасталды. Жұмыс уақытынан тыс сенбіліктер, жексенбіліктер ұйымдастырылып, міндетті сегіз сағаттан кейін қалып жұмыс істеу сияқты бүкілхалықтық қозғалыс басталып кетті. Енді партияның осы саясатын насихатттау барлық БАҚ-ында, оның ішінде радиода да белең алды.
1957 жылы радио Мәдениет министрлігінен бөлініп, Радио және телевизия жөніндегі мемлекеттік комитет болды. 1960 жылдың қазанынан бастап Бүкілодақтық радио тәулік бойы жұмыс істеп, 77 сағат 15 минут хабар тарататын болды. 1961 жылы радиодан дүниені дүр сілкінткен ақпарат таратылды. Ол 12 сәуір күні космосқа тұңғыш рет адамның ұшқаны туралы болатын.
1962 жылы Қазақ радиосында Юность атты жастар бағдарламасы ашылды. 1964 жылдан ақпаратты-музыкалы Маяк радиостанциясы жұмыс істей бастады. Кейіннен осы радионың қазақша пішіні Шалқар болып қазақ радиосында ашылды. Ұлттық бояуға қанық, ұлттық музыка, мәдениет, салт-дәстүр, тағылым т.б. арқылы ерекшеленетін бұл радио халықтың сүйікті арнасына айналды. Алайда, арна жабылып, шығармашылық ұжым таратылып, басшылар тарапынан үлкен қателік жасалды. Кейіннен қайта ашылуға рұқсат етілген-ді, бірақ тыңдарман аудиториясын жоғалтып алды. Ал, Ресейдегі Маяк радиосының 40-жылдығы ұлттық үлкен мереке ретінде тойланып өткендегі баршаға мәлім.
1970 жылы Бүкілодақтық радиоға Лапин деген азамат төрағалық қызметке келген. Ол соғысқа дейін сонда қызмет істеген. Үкімет қаулы-қарарларын, бұйрықтарын қалтқысыз орындайтын адам ретінде санада қалған. Радиожурналистердің жасаған хабарларын қаралау, кез- келген жерден кінә тауып, айыптау сияқты жайлар осы басшының тұсында орын алды.
Қайта құру мен жариялық радиосы (1985-1991 жж.).
1985 жылы БАҚ-тың даму кезеңіндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С.Горбачевтің үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бет бұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге, оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің құлауына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-ына әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын cоғатын таеларадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен, бұл тұста бүкілодақтық радио компартияның ХХVII - съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік ХII фестивалі, Стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды.
Радиохабарлар пішіндік өзгеріске түсті. Алғашқы радиокөпір пайда болды. Ол 1986 жылы СССР мен АҚШ арасында ұйымдастырылды. Москва студенттері мен Оңтүстік Иллиноиск университеттері арасында 2 сағаттық диалог өткізіліп, жастардың келелі проблемалары сөз болды.
Радиопублицистика жаңа түрге енді. Депутат арнасы, Лик (литература, искусство, культура) деген арнайы канал ашылып, әдебиет, өнер, мәдениет мәселелеріне көңіл бөліне бастады.
Алғашқы коммерциялық радиолар ашылды. 1990 жылы Эхо Москвы деп аталатын коммерциялық радио дүниеге келді. 1991 жылы Россия радиосының демеушілігімен Радио России ностальгии деп аталатын 1950-70 жылдардың музыкасына негізделген Франциямен бірлескен радиостанция жұмыс істей бастады. Осы жылдың 10-қаңтарында аталмыш радионың эфирге тұңғыш шығуымен қатар, бұқаралық радиожурналистикаға мемлекеттік монополия да тоқтады. Жаңа бағытта дами бастаған радиожурналистиканың өзіндік ерекшеліктері пайда болды. Көп радиолар дербестіке қол жеткізді. Республикалық Қазақ радиосы да дербестікке ие болды. Ақпараттық танымдық хабарларды көптеп бере бастады. Тікелей эфирді меңгеру, алыс-жақын шетелдерге хабар тарату жүйеленді. Мысалы: Германияның Қазақстандағы елшілігінің 10 жылдығына арналған танымдық хабар тікелей эфирден 3 сағат бойы жүргізілді. Германияның географиялық ерекшеліктері, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, халқы жайлы тыңдарман көптеген мағлұматтар алды.
Бағдарлама ауқымдығы арта түсті. Радиожурналистердің қаламына қоғамның сан-салалы құбылыстары өзек болып, сан түрлі бағдарламаларға жол ашылды. Журналистік ой-қиялға жол ашылған соң, авторлық бағдарламалар көптеп өмірге келді. Мысалы: Бағзыдан жеткен сөз, Адамның кейбір кездері, Сырлы әлем, Адам, ғұмыр, қолтаңба, Бүгінгі сұхбат, Жан сарайы, Денсаулық сияқты хабарлар тыңдармандар жүрегіне жол тапты.
Жаңа кезең радиосы (1991-2005 жж).
Бұл кезеңде мемлекеттік радиолар саны азайып, керісінше форматты радиолар саны көбейді. Бәсекелес радиолар арасында тыңдармандар аудиториясын көбейту үшін тартыс басталды. Адамдардың назарын аудару мақсатында небір әдіс-тәсілдер жүзеге асырылды. Сол себептен де радиожурналистиканың жаңа пішіндері пайда болды. Форматты-коммерциялық арналардың саны Ресейде 1993 жылы 27 болса, 1994-те 33-ке көтерілді. Бір жылғы көрсеткіштің айтарлықтай болуының өзі радионың қоғамдағы рөлінің арта түскендігін көрсетеді. "Европа плюс Қазақстан", "Русское радио", "Авторадио" т.б. сияқты арналар қанатын кеңге жайып, дүниежүзіне таралды. Радио тыңдаудан соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша жер шарында Америка Құрама Штаттары алда тұрған көрінеді. Олардың халқының 56 пайызы ақпаратты тек радиодан алады. Жан басына шаққанда күніне әр адам 3 сағат 20 минуттан тыңдайды екен. Әрине, радионың ақпарат таратудағы мүмкіншілігі басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жоғары. Әрі тыңдарман болған оқиға жайлы айқын пікірді радиожурналист аузынан естігісі келеді. Деректі оқып барып түйіндегеннен гөрі тыңдағанның әсері күштірек екені тәжірибеде дәлелденген.
Радиожурналистиканың табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін филология ғылымдарының докторы, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұлов, радиохабарлардың алғашқы пайда болу тарихын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рамазан Сағымбеков, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы радионың рөлін тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев зертттеп, ғылыми тұжырымдар жасады.

II - тарау
2.1 Радиохабар таратудың бүгінгі жүйесі
БАҚ - халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен, т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысып, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді мекендік дәрежеге дейін жұмыс істейді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына қарай қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-қа жуық елдің радиостудиялары жұмыс жасайды. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтады.
Қазақстанда 115 телерадио арнасы бар. Олар атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас болып бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орай тәуелді, тәуелсіз болып та аталып кеткен.
Мемлекеттік арналар. Мемлекеттік арналар дегеніміз - үкімет идеологиясын насихаттап, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын, тәуелді арна. Әр жұрт, әр мемлекет мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші - баспасөзі болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, - деген Міржақып Дулатовтың пікірі осы орайда жақсы айтылған сияқты. Өйткені, дүние жүзіне ақпарат алмастыратын, елді, мемлекетті таныстыратын осы электорнды БАҚ.
Радиохабар тарату құрылымына қарай - республикалық, облыстық, қалалық, аймақтық, аумақтық болып келеді. Халықаралық, республикалық арналар республика көлеміндегі жаңалықтарды, оқиғаларды қамтып, өз хабарларын ел аумағына таратады. Облыстық арналардың хабарлары тек өздері қамтитын облыстық аумаққа таралатын болса, қалалық арналар қала көлемінде ғана хабар таратады. Ал, аймақтық арналар бірнеше облыс аумағын қамтид.
Қазіргі кезде аймақтық радиолар жұмыс істемейді. Бірақ бірнеше өнеркәсібі немесе шаруашылығы бір бағыттағы облыстар арналары арасындағы радиоүндесу ретінде тәжірибе алмасу өте сирек болса да кездеседі. Аудандық арналар аудан көлемінде ғана хабар таратады, ал, олардың ақпарат алатын көзі - әр-түрлі бағыттағы шаруашылықтар болып табылады. Нарық жағдайында аудандық радиотораптар жабылып, бұрынғы радиоұйымдастырушылар қысқартылды. Әрине, өз ауданының, ауылының шаруашылығының тыныс - тіршілігінен хабардар болып отырған жақсы. Аудандық газеттер де сол шаруашылық жайында жазады. Алайда, электронды БАҚ-тың, оның ішінде радионың өзіндік ерекшеліктерін, оперативтілігін, аудитория ауқымдылығын, уақыт бөлуді қаламайтындығын, санаға тез әсер ететіндігін т.б. көптеген артықшылықтарын ескерсек, онда эфирлік өнімдердің маңыздылығы арта түсуі сөзсіз.
Қазақ радиосы және облыстық мемлекеттік арналар. Алты миллионға жуық тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 - FM жиілігінен беріліп, заман талабына сай жұмыс істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына сәйкес өзгеріске түсті. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор болды. Өйткені, сол хабарлар үшін журналистер арнайы мамандандырылды және хабарлар мазмұны бақылауға алынды. Кейіннен қоғамдағы тарихи формацияларға байланысты бұл редакциялар бағыты біраз өзгеріске түсті, дегенмен де бұрынғы құрылымы, негізгі функциялары сақталды. Мемлекеттік радиолардың әуе кеңістігіне шығатын материалдарының жүріп өтетін процестеріне тоқталсақ: ұқыпты басылған хабар мәтініне бөлім редакторының қолы қойылады, автордың қолы екінші нұсқасына қойылады. Бұл қағаздар эфирге деп аталатын арнайы папкаға салынып, бөлім меңгерушісіне немесе орынбасарына қол қоюға беріледі. Сонан кейін Бас редактор немесе оның орынбасары өз қолдарын қояды. Содан соң бағдарлама директоры рұқсат етілді деген мөр басады, сөйтіп хабар эфирге жолдама алады. Осындай ұзақ механизм журналистер жұмысына кедергі келтіреді, бағдарлама сапасы нашарлайды. Сол себепті мұндай процестер қысқартылып, неғұрылым қоғамдық құбылыстар бейнесін жасауда журналистерден өзіндік жауапкершілік талап етілді. Тіпті, тікелей эфир хабарлары ешқандай визасыз, монтажсыз да жүзеге асырылатын болды. Тек хабар редакторының ғана қолы қойылатын болды, немесе мәтінсіз хабарларға жол ашылды.
Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі. Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, Мүсінші Наурызбаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта", немесе " Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі", "Наурыз мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз" атты радиокомпозиция т.б. сияқты жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.
Қазақ радиосының бүгінгі ең басты ерекшелігінің бірі - дербестілігі. Қаншалықты үкімет идеологиясын насихаттап, тәуелділік танытқанымен де бұқара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын халықтық арна деп аталады. Бұған дәлел ретінде Қазақ радиосының төмендегідей бағдарламалар кестесі келтіріледі.
БЕЙСЕНБІ ЖҰМА
6.00. Қазақстан республикалық әнұраны
6.04. Жаңалықтар Жаңалықтар
6.09. Туған жер әуендері Туған жер әуендері
6.15. Атадан қалған асыл сөз Атадан қалған асыл сөз
6.20. Халық музыкасы Халық музыкасы
ИМИДЖ РОЛИГІ ИМИДЖ РОЛИГІ
6.30. Новости Новости
6.35. Ретро әндер (қазақша) Ретро әндер (қазақша)
6.40. Однажды они приходили жить Ақиқат сыйы
6.45. Халық музыкасы Халық музыкасы
9.00 Жаңа күн Жаңа күн
9.05. Халық музыкасы Халық музыкасы
9.10. Өзекті мәселе Денсаулық
9.25. Қазақ эстрадасы Қазақ эстрадасы
9.30. Новости республики Новости республики
9.35. Халық музыкасы Халық музыкасы
9.45. Интерьвю дня Интерьвю дня
АЛМАТЫ
10.00 Көрші елдерде Көрші елдерде
10.10 Халық музыкасы Әуезов оқулары
Осылайша жалғасатын хабарлар сеткасында көптеген Ел мен жер, Ән - домбыра, Болжамдар мен қисындар, Ауылым - алтын бесігім, Алақай, Қазақ зиялылары, Ашық әңгіме, Біреу - кедей, біреу - бай, Мінбер, Жан сарайы, Ашық әңгіме, Жусан иісі сияқты халық тәрбиесіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, тарихына т.б. ерекшеліктеріне арналған хабарлар көптеп берілуінің өзі ұлттық және дербес арна екендігін дәлелдейді. Ұлтымызға тек ақпарат пен музыка ғана емес, оның жер шарындағы өз салты, дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде толық қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат, жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.
Екінші ерекшелігі - дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы. Қазақ радиосының бұрынғы жұмыс принципі бойынша - эфирден өтетін хабарлар алдын - ала үнтаспаға жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын. Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала жоспарлаудың түрлері бар:
Жылдық жоспар.
Тоқсандық жоспар.
Айлық жоспар.
Апталық жоспар.
Ал, журналистік радио дегеніміз - алдын-ала жазылып алынбаған, тікелей эфир арқылы таратылытын хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай дикторлар шақырылмайды, телефон байланысы арқылы белгілі бір тақырыпта жоба авторының қатысуымен немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей эфирдің талабына сай жұмыс істеу журналистке көптеген міндеттер жүктейді.Соның ең бастысы - сөз өнерін, ой толғауын меңгеру. Сөз өнері дегенді Ахмет Байтұрсынов былай түсіндіреді: Бір нәрсе туралы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Демек айтылатын ойды, қозғалатын мәселені жақсылап айту, түсінікті тілмен жеткізу радиожурналистке тән қасиет болуы тиіс.
Үшінші ерекшелігі - бағдарламаның ауқымдылығы, хабардың көп түрлілігі. Жоғарыдағы Қазақ радиосының хабарлар сеткасындағы көптеген бағдарламалар республика халықтарының да, ұлт өкілдерінің де ауқымды мәселелерін қамтиды. Яғни, Қазақ радиосы бірнеше радиоформатта жұмыс істей алады. Радиоформат - белгілі бір аудитория талғамына сай жұмыс істеу, сол аудиторияның тыңдармандарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар формасы. Онда тыңдармандардың жас мөлшері қарастырылады. Яғни, музыкалық стилі, ди-джейлердің, жүргізушілердің мәнерлері, тілдік, стильдік ерекшеліктері арқылы айқындалады. Бұл ретте жүргізушілер, ди-джейлер эфирдегі дауыс ырғағын меңгерулері қажет. Дауыс ырғағына жататындар - тон (дауыс деңгейі), темп (дауыс қарқыны), тембр (дауыс бояуы), пауза (үн үзіліс). Хабар барысында дауыс ырғағымен қоса үн үзілісін орынды пайдалану қажеттігі талап етіледі.
Төртінші ерекшелігі - талдамалық, яғни сараптамалық бағдарламалардың кең қолданылуы. Бұл ретте Баспасөзге шолу, Үкімет арнасы, Парламент апталығы т.б. сияқты бағдарламалардың эфирге шығуы дәләл. Талдамалық хабарлардың жүргізушілері немесе хабар авторларына қойылатын журналистік талаптарды меңгерулері қажет:
- алдымен, тыңдарман аудиториясына ықпал жасай алу;
- көтерілмек мәселе, айтылар әңгіме жайлы бірден назар аударту тәсілдерін қолдана білу;
- журналистің көңіл-күйі, эмоциясы тыңдарман аудиторияға кері әсер етпеуі керек;
- жігерлі, ойнақы сөйлеу, сөз, ой қайталамау сияқты қасиеттерді меңгеру қажет.
- сөйлеу мәдениетін сақтау;
- дауыс ырғағын таңдау.
Шалқар радиосы - радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес, өнер өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна. "Шалқар" - тек қана қазақ тілінде хабар тарататын форматты радио. Одан сәл-ақ бұрын ашылған, орыс халқының мақтанышына айналған "Маяк" радиосының ұлтына қызмет атқарғанына 45 жыл толғандығы ұлттық мереке ретінде тойланды. Ал, "Шалқар" болса нарықтың қыспағына шыдай алмай, бір кездері жабылып та қалды. Қазіргі кезде шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт береді. Сонан соң "Таңшолпан" атты таңертеңгілік көңілашар бағдарламасы өз жұмысын бастайды. Ол екі сағат бойы беріліп, көптеген мәселелер айтылып, әсем әуендермен өрнектеледі. "Атадан қалған асыл сөз", "Ұлылар өміріндегі арулар", "Біздің күнтізбе", "Жерұйық", "Қазақы түс жору", "Атакем айтады", "Шипа", "Қазақ кәделері", "Қазақ хандары мен билері", "Әйелдерге кеңес" сияқты толып жатқан хабарлар тақырыптары меңзеп тұрғандай, бес минуттың ішінде тыңдарманға қаншама мағлұмат береді. Ал, "Ашық әңгіме" айдарымен берілетін хабарда қоғамның білім беру, денсаулық, спорт, өнер, мәдениет, әлеуметтік мәселе сияқты салалары туралы сөз болады. Ұлттық музыка да "Халық композиторларының ән-күйлері", "Саз сиқыр", "Домбыра сазы", "Ән - әуен", "Халық музыкасы", "Ән - домбыра", "Туған жер әуендері", "Жас орындаушылар", "Ән - бесік", "Ақындар өлеңдеріне жазылған әндер", "Өткен жылдар әндері", "Алтын қор", "Қазақ эстрадасы" т.б. айдарлармен насихатталып отырады. Тек ресейлік, европалық әуендерді ғана пір тұтып, ұлттық музыканы мойындамайтын бағыт белең алып бара жатқан алмағайып кезеңде жастарға мұндай тәсілмен ұлттық мұраны ұсыну - қуанарлық жай. "Шалқар" сияқты бірнеше арна жұмыс істейтін болса, ұлттық мүдде әрқашан жоғары тұратын болса, тыңдармандар сұранысының ең жоғары рейтингіне қазақ тілді хабарлар ие болары сөзсіз.
Қазақстанда тәуелсіз арналардың көбейіп отырғандығы алдымен нарық жағдайына байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының электронды құралдарының бизнес көзіне айналуының тікелей әсерінен қазіргі кезде Қазақстан әуе толқындарында хабар таратып отырған 31 радио (103,5 FM) , Европа плюс Қазақстан, Русское радио, Радиосити (104 FM), NS (106 FM), Радио Ретро (91,7 FM), Авторадио (105,4 FM), Хит-FM (102 FM)-105 сияқты радиоарналардың бәрінің жұмыс принциптері коммерциялық болып табылады. Олардың басты мақсаттары - жарнама арқылы табыс табу. Сондықтан да жиі-жиі ақпарат беріп, эфир кеңістігін әр түрлі музыкамен толтыра отыра, әлсін-әлсін жарнамаларды қайталау - бұлардың жұмыс стилі. Музыкалық қорлары да батыстық, ресейлік эстрада жұлдыздарын дәріптеуге толы. Батыстық коммерциялық радиолар тәжірибесінде тыңдарман аудиториясын зерттеу - ең басты міндет. Өйткені табысты, қалталы тыңдармандарды тарту, солардың талабына, талғамына қарай қызмет ету - жарнаманың молаюына әкелетін фактор болып есептеледі. Мысалы, өсіп келе жатқан жастарды болашақ бизнес көзі деп қарай отырып, солардың тілек-талаптарына орай түнгі хабарлар ұйымдастырып, тікелей эфирге тарту, өз радиоларының имиджін арттыру, жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық топтамалар беру сияқты әрекеттер тәуелсіз арналардың негізгі қолданатын тәсілдері.
Аралас радиолар тарататын хабарларының бір бөлігі жарнамалық бағытта болса, ендігі бір саласы насихатшылық қызмет атқаруы мүмкін. Осы аталмыш арналардың бәрінің қызметі әлеуметтік зерттеу институты арқылы зерттеліп өзіндік рейтингтерге ие болады. Тыңдармандардың жоғары бағасына ие болған радиолардың жарнамашылдық сипаты да алдыңғы қатарда болатыны аян. Жалпы алғанда ұлт, халық болашағын ойластырған арналар жаңа заманға бейімделудің тәсілдерін игеріп қана қоймай, ұлттық ерекшеліктерді мемлекеттік нығайтумен сәйкестендіріп, қоғамдық ортақ мүддені жүзеге асыру мақсатына үйлестіре отырып қызмет атқаруы тиіс.
Облыс орталықтарынан хабар тарататын шағын радиостанциялар сол жердің жаңалықтарымен жергілікті халықты хабардар етіп қана қоймайды, жарнамалар таратумен, музыкалық ақпарат берумен де айналысады. Әрине, тәулік бойы хабар таратуға олардың техникалық та, шығармашылық та мүмкіндіктері келмейді. Сондықтан белгілі бір мерзімде ғана хабар таратады. Облыстың ішкі өмірінен тұрғындарды хабардар ету - қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Қазақ радиохабары құрылымы
Радиожурналистика
Әлем журналистикасының тарихы
Қазақстандағы ғылым-білім жүйесі ақпараттық қоғам идеологиясы мен философиясы
Радио жайлы
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Радиохабар таратудың міндеттері
Ұлыбритания баспасөзінің қалыптасуы мен даму кезеңдеріне баға беру. Монополия дегеніміз не Оның тиімді және тиімсіз жақтарына сипаттама беру. Рой Томсон мекемесінің монопоиялық жүйесіне баға беру
Пәндер