Қазаққа бергені көп Қоңырқожа Қожықов


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облыстық білім басқармасы
№10 Дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернаты
Авторы: Қалдыбай Арна
Сыныбы: 9
Секциясы: Тарих
Тақырыбы:Қазаққа бергені көп Қоңырқожа Қожықов
Жетекшісі: Байтабынова Анар, №10 дарынды
балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернатының
тарих пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы 2022 жыл
АҢДАТПА
Жұмыстың мақсаты : Қ. Қожықовтың қоғамдық-саяси қызметін, шығармашылығын зерттеу. Сонымен қатар, 1925-1929 жылдары атқарған қоғамдық-саяси қызметіне сай толық келбетін ашып көрсету.
Жұмыс өзектілігі: Қазақ зиялыларының арасында өзіндік ұстанымдарымен дараланған Қ. Қожықовтың қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары объективті, шынайы тұрғыда зерттелді.
Жұмыстың жаңалығы :
● Қазipгi таңда бұpын зерттеуге тыйым салынған, 1925-1929 жылдары қызмет еткен қазақ зиялыларының құндылықтаpы теpең талдау аpқылы ой елегiнен өткiзiлiп, өзiнiң лайықты бағасы берілді;
● Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана болған, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап көрсеткендей Қ. Қожықовтың өмір жолы мен ғылыми еңбектерін жүйелеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Есте қалдыру шараларын ұйымдастырып, Қ. Қожықов сынды тұлғаның қоғамнан өз орнын айқындау;
АННОТАЦИЯ
Целью работы является изучение общественно-политической деятельности и творчества К. Кожикова. Кроме того, необходимо раскрыть его полноценный облик в соответствии с общественно-политической деятельностью 1925-1929 гг
Актуальность работы: объективно и реалистично изучены общественно-политическая деятельность и творческое наследие К. Кожикова, которое было персонифицировано среди казахской интеллигенции.
Новизна работы:
● Статья Первого Президента «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» содержит ряд легенд и рассказов о названии каждой земли. В каждом регионе есть свои дети, чьи имена сохранились в памяти страны, которые были укрыты в холоде, которые были очень дружелюбны в жару. Всему этому должно научиться подрастающее поколение, линия жизни К. Кожикова и научные труды должны быть систематизированы и доведены до подрастающего поколения». Организация памятных мероприятий и признание местом такого человека, как К. Кожиков, со стороны общества;
ABSTRACT
The purpose of the work is to study the socio-political activities and creativity of K. Kozhikov. In addition, it is necessary to reveal its full-fledged appearance in accordance with the socio-political activities of 1925-1929.
Relevance of the work: objectively and realistically studied the socio-political activity and creative heritage of K. Kozhikov, which was personified among the Kazakh intelligentsia.
Novelty of work:
● The article of the First President "A Look into the Future: Modernization of Public Consciousness" contains a number of legends and stories about the name of each land. Each region has its own children, whose names are preserved in the memory of the country, who were sheltered in the cold, who were very friendly in the heat. All this should be learned by the younger generation, the life line of K. Kozhikov and scientific works should be systematized and brought to the younger generation. " Organization of commemorative events and recognition of such a person as K. Kozhikov as a place by society
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
І- ТАРАУ. ТАЛАНТЫ МЕН БЕРЕКЕСІ ТАСЫҒАН ҚОҢЫРҚОЖА . . . 6-9
ІІ - ТАРАУ. «ҚЫЗЫЛОРДА» . . . 10-12
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ҰСЫНЫСТАР . . . 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 15
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ және басқа Түркістан халықтарының саяси өміріне қатысты істерге саналы әрі белсенді түрде ат салысқан зиялыларымыздың бірі-Қоңырқожа Қожықов. Қоңырқожа Қожықов 1880 жылы бұрынғы Ақмешіт, Перовск, қазіргі Қызылорда қаласы түбіндегі Қоғалыкөлде туған. Ал, Қоңырқожа Қожықовтың арғы тегі сонау орта ғасырда Орта Азиямен қазақ даласына дін таратқан Қорасан қожадан бастау алады. Ол- қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым. Қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдап, Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қалаларындағы мектептерде оқытушы болды. Өлке және Орта Азия тарихының үлкен білгірі, ол Түркістан автономиясын құру бойынша "Алаш Орда" партиясының қызметіне белсенді қатысады, сауатсыздықты жоюмен айналысады, Жетісу ежелгі ескерткіштері-қорғандарын зерттеу және қазу бойынша экспедицияға қатысады, Орхон жазбасы, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Ақтас мазарлары туралы ғылыми мақалалар жазады. Оның бастамасымен Алматыда ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты (қазіргі М. Әуезов атындағы өнер және әдебиет институты) ашылды. Қ. Қожықов 1912 жылы Орынборда басылып балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының бірі болған "Әліппе" оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Қалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған "Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары" атты дастаны жарық көрген. Зерттеуші-этногроф Тынышбек Дайрабай «Қоңырқожаның нағашылары яғни, әкесі Қожық қожаның зайыбы кіші жүз ханы болған Әбілхайыр ханның ұрпағы Ерім төренің қызы, ал өзінің жолдасы Латифа атақты Лапиндер әулетінен шыққан» дейді. Оның есімі жоғарыда Алаш қозғалысы тарихының деректерінде жиі аталады. Өмірбаянында өзі алашордашылардың қатарында болғандығын жасырмайды.
Жобаның мақсаты- 1925-1929 жылдар аралығында Қазақ АКСР Атқару комитеті кезіндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметіне сай толық келбетін ашып көрсету
Жоба жұмысының деректік негізі- жоба жұмысында негізгі деректер мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктер ден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды.
І - ТАРАУ
ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ҚОҢЫРҚОЖА
Қожықовтар десе көпшілікке танылған «Қыз Жібектің» режиссері Сұлтан Қожықов түсуі мүмкін. Ал оның ата-анасы, әулеттің отағасы Қоңырқожа Қожықов жайлы білеміз бе?
Қоңырқожа Қожықов 1880 жылы Перовск уезінің «Хан ағашы» деген жерде, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Қоғалы көл ауылындағы «Қожық» қыстауында дүниеге келген. Зерттеуші-этногроф Тынышбек Дайрабай «Қоңырқожаның нағашылары яғни, әкесі Қожық қожаның зайыбы кіші жүз ханы болған Әбілхайыр ханның ұрпағы Ерім төренің қызы, ал өзінің жолдасы Латифа атақты Лапиндер әулетінен шыққан» дейді. Ал, арғы тегі орта ғасырда Орта Азиямен қазақ даласына дін таратқан Қорасан қожадан бастау алады. Қорасаннан - Құрбан, одан Көшек. Көшектен Әзқожа, одан Алтайбек ахун - Қожық. Қожықтан Қоңырқожа болып өрбиді. Оның үлкен әкесінің Кенесары Қасымұлымен қызметтес болғаны, кейін Кенесары өлгеннен соң Сыр бойына қоныс аударғаны да баяндалған.
Ол, Ақмешіттегі 4 сыныптық орыс-бұратана мектебін, 1904 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Ташкентте семинарияда оқып жүріп, саяси жұмыстарға белсене араласқан. Атап-айтқанда, Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарын бірлікке үндеп, жадиттік қозғалыстың көшбасында тұрған И. Гаспринскийдің идеяларына қаныққан. Әсіресе, патша үкіметінің білім беру жүйесін орыстандыру саясатымен ұштастырғанын, әрі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін ескермеу бағытындағы ұстанымын өткір сынға алған И. Гаспринскийдің «Русское мусульманство» атты еңбегімен танысқан. Сонда революционер Георгий Вяткинмен танысып, алғаш рет «Искра» газетін оқыған. Семинарияны бітірген соң, сол жылы күзде Самарқан облысындағы Үргіт деген жердегі ауылға барып мұғалімдік қызметке орналасқан. Сөйтіп ол өмір жолын мұғалімдік қызметтен бастайды.
Мектептер мен медреселерде зайырлы ғылым негіздерін де оқыту мәселесі Қоңырқожаға үлкен ой салады. Содан ол өлкеде өрістеген жәдидшілер қозғалысын жақтайды. Соған орай бірінші кезекте медреселерде, ауылдардағы мешіттер мен мектептерде құранды үйретуге негізделген бағдарламаны қарастырып, қазақ балаларының сауат ашу тәжірибесін зерттейді. Зерттей келе, ағарту ісіндегі көп кемістіктің қазақ тілінде арнайы жазылған сауат ашу кітабы жоқтығына байланысты екеніне көзі әбден жетеді. Осы мақсатпен балаларға арналған тұңғыш «Әліппе» шығарған. Ол «Әліппе» кітабында араб-парсы әліпбиіндегі әріптермен әр қазақы дыбысты жеке әріппен белгілеу жолын ұсынады. Бір дыбысты бір әріппен таңбалау әдістерін мысалдармен, жүйелеп көрсетеді. Және ол іске аса бастайды.
«Әліппе» оқулығымен қатар, Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығына орай тағы екі автор - Шәді Жәңгірұлы және Қалиасқар Қасымовпен бірігіп жазған «Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары» («Историческая поэма царствования Дома Романовых на киргизском языке») атты дастаны жарық көрді. Сондай-ақ « Жаяу Қоңыр» деген бүркеншік атпен де мақалалар жазып жүрген екен.
Қоңырқожа Қожықов 1917 жылғы саяси өзгерістер тұсында да қоғамдық-саяси өмірге белсене атсалысып, Түркістан өлкесінің халқының мүддесін қорғау бағытында ұйымдастырылған іс-шараларға араласқан. Әсіресе, уақытша үкімет Қоңырқожа Қожықовты Әндіжан уезіндегі учаскелік комиссары қызметіне тағайындайды. 1917 жылы 17 маусымда Әндіжан қаласында Ферғана өңіріндегі қазақтар мен қырғыздар бас қосқан жиналыс кезінде «Иллиятия» (Көшпенді) атты ұйым құрылып оған жетекшілік етті.
Ұйымның мүшелері қатарында К. Достов, С. Келгенбаев, Б. Мейірбеков секілді жергілікті халық өкілдері кіреген. Көрнекті тарихшы Сәулебек Рүстемов Қ. Қожықов және түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысы тақырыбындағы зерттеу мақаласында «Уақытша үкімет жағдайында қалыптасқан ахуалға сай Қ. Қожықов төрағалық еткен «Иллиятия» ұйымы Ферғана өңіріндегі жергілікті халықтардың саяси белсенділігін арттыру, тұрғындарды Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлеу, азық-түлік және жер комитеттеріне өз өкілдерін енгізу арқылы жергілікті халықтың мүддесін қорғау бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыруға тырысты» - деп жазды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен І жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан уақытша кеңесі 12 орыннан тұратын Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітті. Оның төрағасы және ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышбаев, сыртқы істер минситрі Мұстафа Шоқай, Ішкі істер министрінің орынбасары Әбдрахман Оразбаев, министрлер кеңесінің жауапты хатшысы болып Қоңырқожа Қожықов тағайындалды.
1924 жылғы сәуірде большевиктер партиясының Бас хатшысы Иосиф Сталинге көрнекті қазақ коммунистерінің бір Алаш-Орда туралы құпия баяндама бергені белгілі. Сондағы құпия тіркеменің 8-ші бабында мынандай мәліметтер айтылған:
«Қоңырқожа Қожықов. Қазақтың «қожа» деп аталатын ақсүйектерінен. Қоқан автономиялық үкіметінің бұрынғы мүшесі. Көрнекті алашордашы, Шоқаевтың көмекшісі. 1913 жылы, Романовтар үйінің тойы кезінде, патшалардың портретімен қазақ тілінде кітапша жазды. Ферғананың аудандарының бірінде Керенскийдің уақытша үкіметінің комиссары боп істеді. 1921 жылы Жер халкоматының мүшесі, содан соң Жер халкомының орынбасары болды, Жетісу облысында жер-су реформасын басқарды, жұрттың бәріне орыстарды «оңды соғудамыз» деп айтып жүрді. 1922 жылы жерге орналастыруды басқарды, қазір Жерге орналастыру басқармасында істейді. Қожықов Қожановпен бір пәтерде тұрады. Осы Қожықов, Қожанов, Асфендиаров, Тоқтыбаев - белгілі Лапиннің қыздарына үйленген, сөйтіп олар қазақ халқын ең алдымен осы туысқандық белгілері бойынша бірлесіп билеуде. Қазір тап осы Қожықов Қожановты билеп тұр. (Ол өте тәжірибелі адам) . Қожановқа қызметкерлер келгенде, оларды ең алдымен осы Қожықовқа мәселелерді келісу үшін жіберіп алады, түрлі үкіметтік және тіпті партиялық хаттамалар да оған пікірін білу үшін жіберіліп жатады». Бұл құпия жазбадан байқалатыны сол, Қожықов кеңес өкіметі тұсында да ұлт коммунистерінің бірқатары ақыл-кеңес сұрап тұратын беделді қайраткер болған.
ІІ - ТАРАУ
ҚЫЗЫЛОРДА
1925 жылы Түркістан АКСР-і тарап, еліміздің оңтүстік аймақтары Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің құрамына енді. Сол жылы көктемде Қоңырқожа Қожықов жаңа астана Ақмешіт қаласында еліміздің бүкіл еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің бес күнге созылған V съезіне қатысып, Ақмешітті Қызылорда деп өзгертуге тікелей ықпал жасайды. Бұны тарихшы-ғалым Х. М. Тұрсын өзінің «Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты» атты еңбегінде Дінше Әділовтің 1928 жылы ОГПУ тергеушісіне берген жауабынан алады.
Онда «Қожанов, мен, Есболов Табынбаевтың үйінде түскі ас іштік. Съезд аяқталуға таяған еді. Сол кезде үкімет көшіп келіп Ақмешіт қаласының атын өзгерту мәселесі көтерілген болатын. Жаңа астананы қалай атау жөнінде ойластық. Қызылорда атауын алғаш ағартушы-ғалым Қоңырқожа Қожықов ойлап тапты. Одан неге? деп сұрадық. Бұл қос қатпарлы атау, ол екі жақты да қанағаттандыруы тиіс екенін айтты. «Қызыл» - демек большевиктерге ұнайды, ал «Орда» - ұлттық атау. Демек, ол жақ та, бұл жақ та кінә арта алмайды. Бұл ұсыныспен келістік. Сұлтанбек Қожанов съезд төралқасынан кезектен тыс сөз алып ұсыныс жасады. Бірінші ұсыныс Қырғыз республикасын Қазақ республикасы деп атау керек десе, екіншісі Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау жөнінде. Съезд екі ұсынысты да бірауыздан қабылдады», - деген екен.
Осы тарихи деректерден Қ. Қожықовтың Қазақстан Кеңестік Республикасыынң сол кездегі астанасына жаңа атау беру ісіне тікелей қатысты болғандығын байқаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz