Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
7. Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Жоспар
1. Ұлы жібек жолы және Орталық Азия мәдениеті.
2. Ортағасырлық ғылым мен білімнің дамуы.
3. Жібек жолы бойындағы қалалардың мәдени өмірі.
4. Орталық Азия діни білім беру орталығы ретінде.

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар -- базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.
Ұлы Жібек Жолы - Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
Ұлы Жібек жолы - Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, лазурит жолы, нефрит жолы және құндыз жолындағы сауда жанданып тұрды. Лазурит жолы - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте бағалы саналып, аса жоғары бағаланған. Нефрит жолымен қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. Құндыз жолымен бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында дала жолы іске қосылды. Дала жолы арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді.
Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау сілемдерімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары аркылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.
Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер Тараз базары - әлем айнасы дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден екінші Мекке деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінің теңге сарайларында нақыштап соғылған теңгелер мен ділдәлар қазып алған. Сонымен бірге сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен келген басқа бұйымдар да табылған. Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар қолға түсті. Әсіресе, беті түрлі танғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табак ерекше қызықтырып, ықылас тудырады. Қызыл түсті жапон фаянс тостаған сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау мен теңіз, алтын киім киінген ер кісі мен әйел әсем бейнеленген.
Көз қызықтырар қола айналар - Таяу Шығыс пен Қытайдан шығып, кең таралған заттардың бірі. Олардың сырт жағына гүлді оюлар, ұшып бара жатқан тырналардың суреттері салынып, араб жазулары да түсірілген.
Ұлы Жібек жолы бойымен Ферғананың әйгілі жүйрік аттарын, араб және түрікмен арғымақтарын, түйе мен пілдерді, арыстан мен керіктерді, сілеусін мен карақұйрықтарды, сұңқар мен каршығаларды, тауық пен тотықұстарды, тіпті түйеқұстарды да сату үшін алып өткен.
Сонымен қатар осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты өсімдіктер мен азық-түлік түрлері де саудаланған.
Ортағасырлық Шығыстың ұлы ақыны Фирдауси ұлы Жібек жолын былай деп тамаша бейнелеген:
Сансыз қымбат жүк тиелген,
Мыңдаған алып түйелер.
Жүз сары нарға дирхем артса,
Қырық нарга динар жегілген.
Ең керемет мускус пен алойыны,
Ғажап жібек маталарды,
Иран мен Мысыр керуені артқан
Тағы бар отыз түйесі.
Жібек жолы арқылы тауарлармен қатар ортағасырлық өнер: сәулет, мәдениет, әуен мен би өнері, көркем қойылымдар да жан-жаққа таралған. Иран, соғды, түрік бишілері мен әртістері Қытай хореографиялық мәдениетіне зор үлес қосқан. Ұлы Жібек жолы бойымен дін өкілдері де өз уағыздарын шет елдерге тараткан. Бүкіл Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Үндістаннан, Қытай, Корей, Жапон халықтарына будда, ал Сирия, Иран, Арабия елдеріне христиан діндері енген.
Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді.
Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына тасымалдады. Кәрі құрлық халқына өркениеттің келетіні де осы кез. Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді. Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын. Демек, осынау шаһарлар тарихына бір көз жүгіртсек... Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың білім қууды көздеген саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналған болатын. 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін қала жермен-жексен болды. Қазіргі таңда тек орны ғана қалған. Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал, 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала. Көне Тараздың қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В.В.Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін жалғасқан деген қорытынды жасалды. Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала. 1963 -- 65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді. Саудакент Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда. Сол заманда орын алған шапқыншылықтар Испиджаб әркениетіне ауыр соққы болып тиді. Шыңғыстың жер қайыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған "Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ". Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақтыСарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған. Жібек Жолының бойында сонымен қатар, Суяб, Баласағұн, Сауран, Түркістан сынды ірі қалалар да бар болатын. Шапқыншылық, соғыстар кезінде аталған шаһарлардың барлығы дерлік жер бетінен жоғалды. Ғалымдар осынау қалалар бүгінгі күнге дейін жеткенде Қазақстанның бүгінгі жай-күйі мүлдем басқа болар еді дегенді айтып жүр. Қазіргі таңда бұл тарихи орындардан тек қана кішкентай төбелер қалған.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған "Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!" деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, Бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.
Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа - білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазу, риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби - жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.
Оның көптомдық "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны "Философияны меңгерудің қажетті шарттары" деген трактатында анық келтірген.
Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.
Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, "қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді" деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде "философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы" деп жазады.
Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы - рационалдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі "Даналықтың маржандары" деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.
Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.
Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.
Әбу Райхан Бируни
973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Оның Үндістан, Масғүд каноны т. б. еңбектері біркатар шетел тілдеріне аударылған. Бұл кітапта үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, сонымен қатар сол кездегі Үндістанның табиғаты, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі суреттелген. Бируни география саласында қыруар еңбек жазып қалдырды. Ол географиялық карта жасады. Бирунидің географиясы геологиямен, минералогиямен тығыз байланыста баяндалды.
Әл-Хорезми Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі Китаб ал-жабр ва мукабаа деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны алгоритм атасы деп атаған. Хорезмидің Астрономия кестесі, Күн сағаты туралы трактат еңбектері жоғары бағаланған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әбу Әли ибн Сина (980-1037) Oл - Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. Ол - Дәрігерлік ғылым каноны атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның, Білім кітабы деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы. 1000 жылы Бұхара қаласынан Үргенішке келіп, Бирунимен кездесіп, ғылыми кітаптарының көбін осы қалада жазады. Ибн Сина өсімдіктердің өсу процесін бақылап, олардың емдік қасиеттерін анықтаған. Бала ауруларын зерттеп, оларды өзі шөптен жасаған дәрі-дәрмектермен емдеп отырған.
Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ ғ.), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни (973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды. Хорезмдік математик, астроном әрі географ әл-Хорезми үнді, грек және араб жерлерінде математиканы дамыта отырып, ғылымның жаңа саласы - алгебраны бірінші болып жасады. Оның Астрономиялық таблицалар, Күн сағаты жайлы трактаттар, Жердің келбеті, т.б. шығармалары латын тіліне аударылып, Шығыс пен Батыс математикасы мен астрономиясының қалыптасып, дамуында үлкен рөл атқарды. Қазақ жерінен, оның ішінде Отырар қаласынан шыққан атақты математик, әрі философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки - Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған данышпан ойшылдың толық есімі осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб) әскербасы әмір қызметшісінің отбасында дүниеге келді. Ортағасырлық көптеген ойшылдар сияқты ол да дүниенің бастапқы жаратушысы құдай деп білді. Әл-Фарабидің пікірінше, материалдық дүние алты табиғи денеден немесе элементтерден (қарапайым элементтерден, минералдардан, өсімдіктерден, жануарлардан, адамдардан және әлемдік денелерден) тұрады. Әл-Фараби өз заманында мәлім болған ғылым салдарын әрі қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Негізгі шығармалары: Математикалық трактаттары, Философиялық трактаттары, Логикалық трактаттары, Этикалық трактаттары және т.б. Жалпы алғанда, әл-Фараби - Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды. Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде Ертедегі халықтар хронологиясын, Үнді суреттемесін, т.б. жазды. Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен өзінің жаратылыстану шығармаларында әл-Фараби сияқты кең құлашты ғалым бірқатар материалистік пікірлер айтты. Феодалдық Орта Азияның аса көрнекті ғалымы әрі философы, бұқаралық Ибн Сина (Авиценна) есімі кең тараған ұлы энциклопедист ғалымдардың бірі. Ол айналыспаған ғылым саласы кемде-кем. Алайда, оның данышпан ой-өрісі әсіресе екі салада - медицина мен философияда айрықша көрінді. Негізгі еңбегі: Дәрігерлік ғылымның қағидалары, Айығу кітабы. Ол философияны үшке бөледі: физикаға (табиғат жайлы ілім), логикаға (табиғат пен адамды танып білу жайлы ілім) және метафизикаға (тұтас болмысты танып білу жайлы ілім).
Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде мәңгі өмір сүреді деген түсініктерді теріске шығарды. Қорыта келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы ойшылдары мен ғалымдарының философиялық және жаратылыстанулық-ғылыми көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.
ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Орта Азия мемлекеттерінде көптеген қалалар болған. Олардың көбі самани дәуірінен бері дамыған қалалар еді. Қарахандардың Орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дала өркениетiнiң шежiрешiсi
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Пәндер