МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘТІНДІК ЕСЕПТЕР МЕН ТҮСІНІП ОҚУ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сулейман Демирел атындағы Университет
МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘТІНДІК ЕСЕПТЕР МЕН ТҮСІНІП ОҚУ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Рахметуллаева Айгерім Кайратқызы
Аңдатпа: Математикалық есептердің сан алуан түрі бар. Мектеп табалдырығын аттаған баладан бастап, бітіруші түлекке дейін әрбір оқушының математикада кездестіретін есеп түрі - мәтін есептер. Кез-келген тақырыпта кездесетін мәтінді есептер - оқушыны үш бағытта шыңдауға арналған:
Жаңа білім алу мақсатында - танымдық есептер.
Орнықты білім қалыптастыру үшін - машықтану есептері.
Ойлауды қажет ететін - шығармашылық немесе логикалық есептер.
Алуан түрлі тақырыптармен танысу барысында есептердің шығарылу әдісімен танысқан оқушылар, оларды мәтіндік тапсырмаларда шығара алмай жатады. Мәтін есепті көрген оқушылар оның шешім жолына жетпес бұрын, мәтінді оқып - түсіну бөлімінде, мазмұнында қалып қойып жатады. Мақалада 5-11 сынып арасындағы мән- мәтін есептердің түрлері мен олардың шығарылу жолы ұсынылған.

Кілт сөздер: математика, мәтін есептер, логикалық есептер, есеп мазмұны.

КІРІСПЕ
Математика пәні деген не? - деген сұраққа сан түрлі жауап ала - аламыз. Пән, сандар, ғылым, қосу мен азайту, өрнектер мен теңдеулер және тағы сол сияқты бітпейтін есептер. Иә бітпейтін есептер, алайда түбінде шешімі бар есептер.
Математика оқушыны тек білім жағынан емес тәрбие жағынан да шыңдайтын пән. Әрбір есептің шешімін тапқан бала, өмірдегі кез-келген проблеманың шешімін табуға болатынын анық түсінеді. Ал мәселе есептерді шығару, өмірлік мәселелердің де дұрыс шешілуі үшін сол жертегі белгісізді (қиындықты, қателікті, жөндеу керек әрекетті және т.б) тауып, дұрыс шешім жолын қолдануға үйретеді. Индонезиядағы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің дамуы мен мүмкіндіктерін кеңейту орталығы, математика бойынша PPPPTK жүргізген сауалнама арқылы, онда индонезиялық мұғалімдердің 50%-дан астамы оқушылардың мәтіндік есептерді шешудегі қиындықтарына шағымданады (Рахаржо, 2008). Сабақ барысында қиналатын оқушылар, ЖОО-ға түсу үшін де Ұлттық біріңғай тестілеуде мәтіндік есептерді кезіктіреді. Осыған қоса бірнеше халықаралық сынақтардың ( PISA, TIMSS) басым бөлігі де мәтіндік есептерден құралған (Martin & Mullis, 2013).

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мәтін есептерді шығартып үйрету барысында оқушылардың деңгейлері анықталуы тиіс және соның нәтижесін ескере отырып, мәтін есептерді шығаруда қиыншылыққа кездесетін оқушыларға қарапайым жеңіл есептерді шығартудан бастаған дұрыс. Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға оқушыларды қалыптастыру керек. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Оқушылар қарапайым есептерді жақсы түсінгендіктен, олардың игерген білімдері білмейтін материалдарды игеруге жетектейді. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен, оқушыларға өмірмен байланысты есептерді шығаруға беруді ескерген жөн, бұл оқушылардың танымдылығы мен қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Есепті жеңу - ой жеңісі, жігерлік жеңісі болып табылады. Оқушыға нұсқау жасауда, мұғалім ең төменгі деңгейде нұсқау жасағаны дұрыс болар еді. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өзім жасауға көмектесіңіз түрінде болуы керек. Қиындатылған есептер шығарылмаса, онда сыныптың потенциалын жоғалтып алуымыз мүмкін.
Мәтін есептерді шығару барысында есептер әр түрлі болып көрінгенімен көптеген есептерді бір жүйеге жатқызуға болады, яғни ол есептерді шығаруда ортақ тәсіл қолданылады.
5-9 сынып математика курсында мәтiндiк есептердi шығарудың негiзгi екi тәсiлi қарастырылады: арифметикалық және алгебралық. Ізделiндi шаманың мәндерiн тiкелей сандық өрнек (сандық формула) құрып, нәтиженi есептеуді - арифметикалық тәсiл арқылы анықтайды. Алгебралық тәсiл есептi шығару үшiн құрылатын теңдеулер мен олардың жүйелерiн қолдануға негiзделеді.
Теңдеу құруға берiлген есептердi шығару мектепте алгебра курсындағы негiзгi мәселелердiң бiрi болып саналады. Оқушылар бiр белгiсiзi бар бiрiншi дәрежелi теңдеулердi шешудiң техникасын оңай игередi, бiрақ есеп шығару, оның iшiнде есептi теңдеу құру арқылы шығару оқушыларға қиын тиетiндiгi тәжiрибеден белгiлi. Мұның негiзгi себебi: оқушылар бастауыш сыныптарда есептегi шамалардың арасындағы тәуелдiлiктi аңғаруға, оларды пайдаланып есеп шығаруға жөндi дағдыланбайды. Сондықтан жоғары сыныптарда есептiң шартын жете түсiнiп, талдай алмайды. Бағдарлама бойынша оқушылар теңдеу құруға берiлген есептердi 5-сыныптан бастап шығаруы тиiс. Бiрақ мектеп тәжiрибесiне қарағанда оқушылар теңдеуге берiлген мысалдарды шығарғанымен, мәтiндiк есептердi аз шығарады, тiптi кейбiр мұғалiмдер мәтiндiк есеп шығаруға жөндi көңiл бөлмейдi.
Теңдеу құруға берiлген есептердi шығару процесi мына кезеңдерге бөлiп қарастырылады:
Есептiң шартын талдау.
Белгiсiз шамаларды анықтап, олардың есептiң шартындағы белгiлi шамалармен арасындағы тәуелдiлiктерiн табу.
Теңдеу құру.
Теңдеудi шешу.
Теңдеудiң шешiмдерiн зерттеу.
Есептi тексеру.
Есептiң жауабын жазу.
Теңдеу құруға берiлген есептердi шығару процесiнiң көрсетiлген осы кезеңдерiнiң әрқайсысына оқушыларды үйрету мақсатымен жүргiзiлетiн түрлi жаттығу жұмыстары болады. Ендi есептi теңдеу құру арқылы шығарудың әрбiр кезеңiне және онда жүргiзiлетiн жаттығу жұмыстарына тоқталып өтейiк.

1 - есеп: Жолаушылар автобуспен елді мекеннен стансыға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60 кмсағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50 кмсағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен стансыдан неше километр қашықтықта?
Оқушылар мәтіндік тапсырманы оқып болғаннан кейін мына сұрақтарға жауап бере алуы қажет:
Есепте айтылған шамалар?
Есепте айтылған белгілі шамалар?
Есепте айтылған белгісіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалды оқыту кезінде математикалық есептерді шешуге оқыту әдістемесі
Орта мектептің математика сабағында логика элементтерін қалыптастыру
Сжетті есептер
Бастауыш сыныптарда қозғалысқа берілген есептердің ерекшеліктерін анықтау
МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КІРІСПЕ
Мәтіндік есептерді шешудің ерекшеліктері
Қозғалысқа берілген есептер
Мектеп математика курсында функцияны оқытудың мақсаттары
Бастауыш сынып оқушыларына қозғалысқа берілген есептерін шешуді оқытудың әдістемелік тәсілдері
Бастауыш сыныпта мәтіндік есептерді талдау әдістемесі
Пәндер