Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы


Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

М А 3 М Ұ Н Ы

Кіріспe. . ……. 3

1 Қазіргі заманғы терроризімнің шығуы және оның мәні . . . 6

1. 1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері . . . 6

1. 2 Терроризмнің психологиясы . . . … . . . 13

1. 3 Экетремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы . . . 21

1. 4 Орталық Азия және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің

таралуы . . . 26

2 Терроризм қылмысымен күресудің жолдары мен әдістері . . . …. 34

2. 1 Терроризммен күрестің әлемдік тәжірибесі . . . 34

  1. Терроризм тенденциясы және онымен күресу әдістері . . . 43
  2. Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекеттің механизмі

және қүқықтық реттеу . . . . . . …… . . . 49

Қорытынды. . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54


Кіріспе

Таңдалған тақырыптың өзектілігі: Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік -экономикалық, тарихи, үлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға үрынуымен түсіндірілмек.

Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде үйымдастырып жүзеге асыруда.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бәрі терроризмге тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Бұл сөз жоқ, республика басшылығының реформа барысындағы салауатты саясатының жемісі болса керек. Алайда, егеменді Қазақтанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар террористік топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес. Сонымен қатар дипломатиялық, коммерциялық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық байланыстар да күн санап артып келеді. Көптеген мемлекеттер Қазақстанда өздерінің дипломатиялық, сауда, тағы басқа өкілеттерін ашуда. Олардың арасында террористік және экстремистік әрекеттерге үшыраған үйымдар да, азаматтар да бар (АҚШ, Израиль, Иран т. б. ) .

Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі қанды оқиғалар экстремистік топтардың өз мұраттарына жету үшш ештеңеден тайынбайтындығын тағы да дәлелдеп бергендей. Демек, тап осындай ахуал кез-келген уақытта біздің елімізде де орын алуы мүмкін.

Диплом жұмысының маңыздылығы терроризмнің қазіргі кезде қауіпті құбылыс екендігін ашып көрсету арқылы оның қоғам өмірінің қауіпсіздігіне және конституциялық тәртіпке келтіретін зиянын анықтау. Терроризмнің қоғам өміріне үрей тудыру, бұл құбылыстың XXI ғасыр індеті екендігін дәлелдейді. Тақырыпты анықтай және деректерден нақты материалдарды таңдай отырып, біз терроризмнің мәнін ашып, оған сипаттама беруге тырыстық. Осыған қарап тақырыптың өзекті мәселелері туралы (терроризм түсінігі, оның психологиясы, тенденциясы, түрлері, күресу әдістері, оны құқықтық реттеу) түсінік беруге тырыстық. Атап өтілген осы дәлелдердің барлығы дипломдық тақырыбымыздың теориялық, ғылыми, практикалық маңыздылығын, сонымен қатар оның көкейкестілігін негіздеу үшін жеткілікті.

Терроризмнің түсінігін ашып көрсетіп, бұл құбылыстың шығу себебін талдау. Осының нәтижесінде терроризммен күресудің әдістері мен жолдарын сараптап, онымен күресудің механизмі мен стратегиясын ашып көрсету.

Тақырыптың зерттелген дәрежесі: Зерттеудің басты міндетінің бірі терроризм құбылысын теориялық түрде зерттеп қана қоймай, бұл мәселені шешудің практикалық жағына да көңіл бөлу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында автор зањ ѓылымы саласындаѓы белгiлi ѓалымдардыњ - Ағыбаев А. Н., Паридинова А. Л., Кругликов Л. Л., Солопанов Ю., Шмелев В. О., Т. Ә. Бапанов., Осипов П. П., Кайыржанов Е., Морагулова И. Л., Алауханов Е. О., Бұғыбай Д. Б., Рахметов С. М., Оңғарбаев Е. Ә., Смағулов А. А., Наумов А. В., Кригер Г. А Малков В. П. жєне т. б. ѓалымдардыњ ењбектерiнде т±жырымдалѓан теориялыќ жєне тєжiрибелiк ±сыныстар мен ќорытындыларѓа арќа с‰йедi.

Терроризм ауыр қылмыстардың бір түріне жататын болғандықтан, оның табиғатын айқын білмей тұрып, онымен күресу тиімсіз әрі дұрыс бағыт бермейді. Сондықтан терроризмнің түсінігін терең зерттеп отырып, оның пайда болу себептері мен психологиясын анықтау міндетін шешуге тырыстық. Осы арқылы терроризммен күресудің әлемдік тәжірибесін қолдана отырып, біз оған қарсы іс-әрекеттің механизмін жасап, оны құқықтық реттеудің жолын қарастырдық.

Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми - танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан аралып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін - аналогия және эксктрополяцияны -басшылыққа алдық.

Қорғауға ұсынылған ережелер: Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығына байланысты біз жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстық. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан терроризмнің шығу себептерін, түрлерін, күресу әдістерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, терроризм құбылысының мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандық. Жұмыстың - ғылыми жаңалығы - бұрын соңды жөнді зерттелмеген терроризм психологиясы.

Бүгінгі таңда - бұл құбылыс Камикадзе-Шаһид түрінде етек алып отырғандықтан, біз осы мәселені жан-жақты зерттеуге тырыстық. Сондай - ақ тағы бір жаңалығы - жұмыста теория мен практиканың бір-бірімен ұштастырылуы.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның ой-тұжырымдары, сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді деп және гтуденттердің өзінің білімдік қажеттігін одан әрі дамытады деп айта аламыз. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген бұл зұлымдыққа қарсы күрестің әдістерін іс жүзінде де мемлекет тарапынан қолдануға болады деп есептейміз.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері сараланады. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетіледі.

Жұмыстың «Қазіргі заманғы терроризмнің шығуы және оның мәні» деп аталатын бірінші тарауында терроризмге анықтама бере отырып, оның түсінігі ғылыми түрде талданылды. Жұмыста терроризмнің пайда болу себептерінің түрлі жақтары қарастырылып, террордың және терроризмнің психологиясына түсініктеме берілді. Тарауда экстремизм және терроризм туралы айта келіп, олардың түрлері мен айырмашылығына тоқтала отырып, Орталық Азияда және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің таралу жолдары туралы айтылады. Бірінші тарау түгілімен теориялық мәселелерге арналса, екінші тарау «Терроризм қылмысымен күресудің жолдары мен әдістері» деп аталып, терроризм қылмысымен күресудің практикалық жолдарын ашып береді.

Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары жинақталған.


1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕРРОРИЗІМНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

1. 1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері

XX ғасырдағы терроризм адамзат тарихында алғаш рет геосаяси, ішкісаяси, ұлттық және идеологиялық мүлделерді қорғау мен оны ілгері бастыруда күшті қарулардың біріне айналып отыр.

Терроризм - қазіргі заманда әр түрлі нысанда кеңінен таралған, алдын ала болжануы қиын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді құбылыс ретінде зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл терроризм ұғымының жан-жақты қабылданған ортақ түсінігі болмағандығымен тікелей байланысты. Терроризмде сірә, барлығына келеңсіздік туғызатын жалғыз аспект бар, ол - күш көрсету. Тіпті террордың идеологтары мен орындаушыларының өздері террордың күш көрсету екендігімен келіседі. Бүкіл әлемдік адамзат тарихында адамдар күш көрсетуді жиі пайдаланды және қазір де одан бас тартып отырған жоқ. Сонымен "күш көрсету" дегеніміз қоғамдық қатынастардың жаңа формасы да, өзіндік ерекшелігі бар "жаңа әлемдік тәртіптің" де, қазіргі заманғы мәселелерді шешудің де ерекше түрі емес. Күш көрсетуге сүйенетін террор негізінде ешқандай жаңалық әкелмейді. Оның террор ішіндегі басқа элементтерден өзгешелігі, террордың күш көрсетуді мақсатқа жетудің жалғыз жолы ретінде таңдап алуы болып табылады.

Терроризмнің ең қысқа және айқын анықтамасының бірі: "терроризм дегеніміз саяси мақсаттағы дәлелді күш көрсету"[1] -дей отырып, күш көрсету терроризмдегі басты орындардың біріне қойылады. XIX ғ өзінде - ақ террор идеологтары (Бланки, Мост, Гейнцен, Бакунин) күш көрсетуді адамзаттың неғұрлым әділетті әлеуметтік құрылымға "жылжуының " қажетті нысаны-деп саналады. Сонымен, жер бетінде неліктен әділеттілік орнату ісінде күш көрсетудің айтарлықтай маңызы бар деген пікір орын алып келеді. Дегенмен бұл идеяның түп тамыры тереңде жатқан болуы керек. Сондықтан бар мәселе заңды қоғамның да, терроризмнің де әділеттілікті қалай түсінуінде жатқан сияқты. Егер жалғыз адам немесе адамдар тобы қоғамды өзгертуге бағытталған белсенді әрекеттерін әділетті деуге құқықты болса, онда олардың пікірі бойынша жүзеге асырылатын террор өзін-өзі ақтайды. Бұл терроризмнің аса маңызды шегі болып табылады.

Соғыс саясаттың жалғасы болып табылса, сондай-ақ террор да қоғамды экстремалды, бірақ заңды құралдар арқылы, қайта құрудың формасы болып табылады

Қазіргі кездегі терроризмнің негізгі қозғаушы күші осы заманның әралуан шешілмеген мәселелері болып табылады. Әр түрлі елдердің дамуы арасындағы айырмашылық, дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда тұрмыс жағдайларының нашарлығы, кедейлік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, дамушы елдердің жоғарғы билік өкілдерінің кез-келген жолмен билікті сақтап қалуға ұмтылуы - осының барлығы ақырында терроризмнің туындауы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл туралы "Орталық Еуразия" жобасының директоры Э. Рихтер "терроризм теңсіздік, әділетсіздік пен қуғындау орын алған жабық қоғамдарда өркендейді"[2] деп көрсетеді. Алайда, терроризмді әлеуметтік-экономикалық факторлармен ақтауға болмайды.

"Көбінесе террористер экономикалық сәтсіздіктерге, саяси қуғын мен әлеуметтік теңсіздікке өздерінің қанды акцияларын ақтайтын жағдай ретінде оларға сілтеме жасайды. Әрине бұл жағдайлар барлығына белгілі. Алайда олар бейбіт адамдарға қатысты жасалатын тікелей және психологиялық күш көрсету актілерін ақтай алмайды"[3]

Әлемнің түрлі елдеріндегі террористік әрекеттерге жасалған талдау оның көп түрлі және көп қырлы құбылыс екендігін дәлелдейді. Халықаралық құқықта да, терроризм ұғымының нақты және ортақ анықтамасының болмауы да осыған байланысты. Сондықтан терроризмнің мәнін түсіну үшін оған түсініктемелік жұмыс жүргізейік. Терроризм ұғымы "террор", "террористік акт" түсініктерімен тығыз байланысты. "Террор"- (Terror) - латын тілінен аударғанда, "қорқыныш, үрей" деген мағынаны білдіреді. Құқықтық ортада "террорризм" ұғымының кеңінен таралған немесе дәлме - дәл анықтамасы жоқ. Сондықтан бұл ұғымды түсіну үшін анықтамалық әдебиетке жүгінейік. Мысалы, С. И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: "террор-саяси қарсыластарды күш жұмсау арқылы жою, тіпті өлімге бұйыруға дейін бару" деп көрсете отырып, "террорлауды - террормен, күш көрсетумен қорқыту, террорист - жеке террорлық актіге қатысушы немесе қолдаушы"[4] деп анықтайды. Бұл жерде терроризм жеке түрде көрсетіліп отыр, бірақ террор бұқаралық сипатта да болады. Сондықтан бұл анықтама терроризмге тұтастай түсінік бере алмайды. Бұл жағдайда біз тағы бір -шетел сөздерінің сөздігін алып қарастырамыз. Онда: "террор-күш көрсету шаралары арқылы саяси қарсыластарды басу, қорқыту саясаты"[5] - делінген. Бұл жердегі "қарсыластарды" деген сөз террордың бұқаралық сипат алғанын көрсетеді.

Ал, террор туралы анықтаманы "әскери энциклопедиялық сөздікте" өте қатаң түрде келтіреді. Онда былай делінген: "террор-саяси немесе таптық қарсыластарды күш көрсетудің барлық құралдарымен қорқыту тіпті адамдарды жоюға дейінгі әрекетке бару". [1] Бірақ мұның барлығы локальды түрде көрінеді, себебі саяси қарсыластар барлық уақытта белгілі бір шеңберде өмір сүреді. Мысалы, мемлекеттік, биліктік парламенттік, ресми құрылымдар мен институттік шеңберлерде. Сондықтан XX ғ. соңы мен XXI ғ басындағы бұқаралық сипат алып отырған террорға бұл анықтама әлі де болса сәйкес келмейді.

Сонымен, өмірде кездесетін террор мен терроризмнің әртүрлі анықтамаларын салыстыру арқылы талдау жасаған кезде, біздің түсінетініміз, жоғарыда көрсетілген түсініктердің бір-бірінен алшақтығы мен айырмашылығы және олардың қазіргі уақытқа сай келмейтінін байқауға болады. Сонымен қатар "террор" мен "террористік акт", " террор" мен " терроризм" және тағы басқа түсініктердің ара қатынастылығының жоқтығы да көзге көрінеді. Осыдан келіп бұл сөздердің мағналық шатасуы келіп шығады, себебі "террор" деген түсінікке әртүрлі мазмұн араласып кетіп отыр. Мысалы, террор әдіс ретінде ерекше, біртұтас құбылыс - терроризммен шатастырылып отыр. Сондай-ақ, террорды күшейту әдістерімен орындалатын саясатпен де шатастырады.

Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының "Терроризммен күресу туралы" Заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады. Бұл Заңда:" Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының "Терроризммен күресу туралы" заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады.

Бұл заңда: «Терроризм-мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Мұндай іс-әрекеттерге-стратегиялық және өмірлік маңызы бар обьектілерді, мемлекеттің коммуникациясын, халықты қамтамасыз ету жүйесін, мүлікті және басқа да материалдық обьектілерді жою немесе жоямын деп қорқыту, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қастандық жасау, шетел мемлекетінің өкіліне немесе халықаралық ұйымның қызметкеріне шабуыл жасау, жеке тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларды кепілге немесе басып алу жатқызылады»[6] .

Терроризмнің мәнін түсіну үшін, бірінші, оның элементтеріне тоқталайық;

-Террористік акт

-Террористік акция.

-Террористік қызмет.

-Террорист.

-Террористік әдіс және құрал.

-Террористік ұйым.

Террористік акт терроризмнің басты және негізгі элементі болып табылады. Террористік актісіз терроризм де болмайды.

Террористік акт - терроризм мақсатына жету үшін әдейі жасалынатын іс әрекет. Мұндай әрекеттерге жарылыс және ұшақтарды айдап әкету, өндіріс орындарында диверсия ұйымдастыру, жасау, кепілге алу, тағы басқа әрекеттер жатады. Террористік актілердің өзі шын мәнінде ресми мәлімдеген мақсаттарына жете алмайды. Көп жағдайда бұл тек террористердің өздерінің талаптары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін жасау болып табылады. Террористік актілерден кейін көп жағдайда оның ұйымдастырушылары мен орындаушылары көпшілік алдында оны орындағаны үшін жауапкершілікті мойнына алады. Сондықтан басты мақсаттарына жетпесе де, олар аралық мақсатқа жетеді.

Террористік акция - ол терроризмнің мақсатына жетуге және террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Терроризмнің орталық элементі - ол террористік қызмет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының «Терроризммен күресу туралы» Заңында нақты анықтама берілген: «Террористік қызмет - террористік сипатгағы қылмыс жасауға бағытталған әрекет»[6] .

Ол төмендегі әрекеттерді қамтиды: терроризм идеологиясын тарату, террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау, террористік акцияларды өткізуге арандату, террористік мақсатта күш көрсетуге шақыру, террористік акцияларды жасау мақсатында қылмыстық ұйымдар немесе заңсыз әскериленген құрылымдарды ұйымдастыру, террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыру, террористер құрамына тарту.

Террорист - бұл террористік қызметті және терактіні жүзеге асыратын тұлға. Террористер бастамашылар (инициатор), ұйымдастырушылар және орындаушылар болып бөлінеді.

Террористік әдіс - бұл террористік актіні жүзеге асыратын әдістер. Мұндай әдістер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір террористік ұйымдар саяси тұлғалардың өміріне қастандық жасаса (Испаниялық ЭТА), ал кейбіреулері жарылыс жасауы мүмкін.

Террористік ұйым - ол террористік акцияларды жасау үшін екі немесе одан да көп тұлғалардың тұрақты түрге бірігуі. Мысалы, терроризмнің субъектісі жеке тұлға («фанатик-экстремист»), ал арнаулы террористік ұйымдар («Аль-Каида», «Хамас», «Исламдық Джихад») және тіпті көптеген мемлекеттер (кейбір Ислам елдері, тәлиптер режиміндегі Ауғаныстан) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген терроризм элементері бір - бірімен тығыз байланысты. Мына жағдай соны дәлелдейді: егер террорист болмаса, онда террористік акті де болмайды, ал террористік акті болмаса, онда терроризм де болмайды[7] .

Террористік актілердің өзі шын мәнінде ресми мәлімдеген мақсаттарына жете алмайды. Көп жағдайда бұл тек террористер өздерінің талаптары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін жасау болып табылады. Террористік актілерден кейін көп жағдайда оның ұйымдастырушылары мен орындаушылары көпшілік алдында оны орындағаны үшін жауапкершілікті мойнына алады және сол терактіні не үшін орындағанын, сонымен қатар кей жағдайда ол актілерді тоқтату шарттарын жариялайды. Сондықтан басты мақсаттарына жетпесе де, олар аралық мақсатқа жетеді: әлгі ұйым белгілі және беделді болып есептеледі, ол туралы айтылып, онымен есептесетін болады. Дәл осындай "жарнамалық" логикамен қазіргі террористер өздеріне, тіпті ол әрекетті жасамаса да, тез жауапкершілікті алуға асығады. Мысалы, шешен террористі С. Радуев .

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай XXI ғасырдың басында нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте - бірте локальді терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралады. Қазіргі әлем үшін басты фактісі болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің халықаралық сипаты мойындалды. Басты қажеттілік осы феноменді тез арада түсіну болса, басты проблема күнделікті өмірден терроризмді шеттету мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар террористік актінің келесі белгілері болады.

  1. Зорлық - зомбылықтың ең дөрекі нысандарын қолдану немесе қолдану қаупімен қорқыту;
  2. Террористік актінің мақсаты оның нәтижесінде туындайтын құрбандықтар мен қиратулар шегіне асып түседі.
  3. Террористік актінің мақсатына оның тікелей құрбандары болып табылмайтын тұлғаларға психологиялық жолмен әсер ету арқылы қол жеткізіледі.
  4. Терроризм құрбандары олардың нақты маңызына қарай емес, символикалық мәніне қарай таңдалады.

Террористік актіні мынандай жағдайларда халықаралық сипаттағы қылмыс деп дәрежелеуге болады, егер[8] :

  1. Террорист және террористік акті нәтижесінде зардап шегетін тұлға бір немесе әр түрлі мемлекеттердің азаматтары болса, алайда қылмыс аталған мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалса;
  2. Террористік акт халықаралық қорғау аясындағы тұлғаларға қарсы бағытталған болса;

3) Террористік акт бір мемлекеттің аумағында дайындалып, басқа мемлекеттің аумағында жүзеге асырылса;

4) Бір мемлекеттің аумағында террористік актіні жүзеге асырған террорист басқа мемлекеттің аумағында жасырынса және оны ұстап беру туралы мәселе қойылса; Қазіргі біздің заманымызда терроризмнің сипаттамасы үзбей күрделеніп, олардың әдістері тез арада жетілуде. Террористік актілерден антигуманистік принциптері тез күшейіп, бұл бір жағынан бұқаралық сипатта болса, екінші жағынан осының нәтижесінде қатыгездікке ие болып отыр. Исламдық фанат - шахидтердің АҚШ-қа қарсы 2001 жылдың 11-ші қыркүйегіндегі террористік актілері мынаны көрсетті: терроризм әлемдік масштабтағы ұйымдасқан күшке айналып, өзінің құрбандарының масштабы бойынша ол тұрақты соғыс әрекетінің деңгейіне жетіп отыр. Сонымен, терроризм түсінігін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мына сөздерімен қорытындылауға болады:

"Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда, қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие"[9] .

Терроризмнің қайнар көзі мен себептерін білу террористік бағыттағы қылмыстарды тергеуге және оның алдын-алуға немесе жоюға көмектеседі. Қ. Р-ның "Терроризммен күресу туралы" Заңында террористік қызметтің себебі мен жағдайын анықтау және жою, терроризммен күресудің негізгі мақсаты деп көрсетілуі кездейсоқ емес.

Әлемдік ғылымда терроризмнің пайда болуы табиғатына әсер ететін екі жол бар:[10]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Терроризмнің жалпы сипттамасы, терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Террорлық актінің виктимизациясы
Терроризмнің психологиясы
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz