Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшеліг



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
Туризм және тілдер факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

СӨЖ №4

Тақырыбы: А.Б.Әмірбекова Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшелігі
Пәні: Когнитивті лингвистика

Орындаған: Ізболғанова Гулфара
Группа: Кял 19-5 студенті
Тексерген: Нұрдаулетова Бибіайша

Актау 2022

А.Б.Әмірбекова Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшелігі

Қазіргі лингвистиканың антропоцентристік парадигмасы лингвистикалық зерттеулерді қоршаған ортаның тілдік концептуализациясының этномәдени ерекшелігін, тілдік таным, білім мен ойлау қызметін есте сақтау, жеткізу және интерпретациялау сияқты когнитивтік үдерістерді зерделеуге бағыттайды. Антропоцентристік парадигма мәселелері аясында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика және т.б. лингвистикалық зерттеулердің жаңа бағыттары қалыптасып, дамуда. В.А.Маслованың пікірінше, антропоцентристік парадигма аясында қалыптасқан қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттарының бірі адамның мәдени факторына бағытталатын (В.Н.Телия) когнитивтік лингвистика болып табылады. Когнитивтік лингвистика когнитивтік когнитология саласын құрайтын психология мен когнитивтік социологиямен бірлесе отырып адам санасы қалай ұйымдастырылған, адам әлемді қалай таниды, әлем жайлы алған мәліметтің қайсысы білім ретінде қалыптасады, ментальді кеңістік қалай қалыптасады деген сұрақтарға жауап беруге тырысады. Әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, зерттеу нысаны концепт болып табылатын концептуалдық талдауға байланысты отандық ғалым Э.Д. Сүлейменова былай деп түйіндейді: Жекелеген сөздер немесе анықталған лексика-семантикалық топтар семантикасының әр алуандығына қарамастан, бұлардың барлығы әлем бейнесінің тек үзінділері, жұғындылары. Әлем бейнесі - бұл танымдық когнитивтік феномен, ол жекелеген сөздердің мағыналарынан я олардың мағыналық жиынтығынан құралмайды. Әлем бейнесі, сондай-ақ бөлініп алынған ірі тілдік бірліктерде де тұтас көріне алмайды. Әлем бейнесі глобалды мәтіндерде, қоғам тарапынан туындайтын және қоғам тарапынан туған барлық мәтіндердің жиынтығында көрініс береді. Әлем бейнесі ұғымы өз мәнісінде тұтастық, бүтіндік сипатты қамтиды, сондықтан ол тілде адамдардың ұзаққа созылған қарым-қатынасы актісі ретінде тек мәтіндер түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Кез келген жаңа қалыптасып, дамып келе жатқан ғылым бағыттарында кездесетін көптеген қарама-қайшы көзқарастар, пікірлер когнитивтік ғылымда да баршылық. Осы саланы зерттеуші ғалымдар З.Д. Попова мен И.А. Стерниннің пікірінше, когнитивтік лингвистика - қазіргі әлемдік лингвистикалық ғылымның бетке ұстар саласы ретінде белсенді дамып келе жатқан лингвистикалық бағыт. Сонымен қатар бұл сала жаңа дамып келе жатқандықтан, теориялық тұрғыдан да, практикалық зерттеулер жүргізу тұрғысынан да, зерттеу әдістеріне байланысты да дискуссия тудыратын тұстары баршылық. В.Маслова когнитивтік лингвистиканың негізгі түсініктері - ақпарат және оның адамның ақыл-ойы арқылы өңделуі жайлы түсінік, білім құрылымдары және олардың адам санасы мен тілдік формада репрезентациялануы жайлы түсініктер - деп тұжырымдама жасайды. Когнитивистикада адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана емес, олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның стратегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады, яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-тұрысы мен қызметі бойынша зерттелінеді. Адамның жүрістұрысы, қызметі ойлау негізі тілдің белсенді түрде қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен қондырғыларын қалыптастырады, нәтижесін болжайды. Демек, когнитивтік лингвистика тілдік таңба арқылы тілдегі кодталған ақпараттарды ашу әрекетін іске асырады. Концептілер білімнің кейбір кванттары, тілдік сананың вербалданған бірліктері, этникалық дүниетаным ретінде қызмет атқарғандықтан, әрине, когнитивтік табиғатқа ие.
Концептілерді когнитивтік аспектіде зерттеу маңызды болып табылады, өйткені тілді, тілдік фактілерді когнитивтік тұрғыдан зерттеу тілдің адаммен, оның интеллектімен және ақыл-ойымен, барлық ойлау және танымдық үдерістерімен, олардың негізін құрайтын механизмдер мен құрылымдардың қарым-қатынасының перспективасын көрсетеді, - дейді Е.С.Кубрякова.
Н.Д.Арутюнова әлемнің идеалданған моделіне бар дүниені де, адамның мақсатын да, оның қабылдайтын дүниесін де, оның қажет ететін дүниесін де, оның жасайтынын да, оның іс-әрекетін де, ең бастысы, адамның өзін толық соған енгізеді. Көпмөлшерлі құрылым компоненттері адаммен байланысты, яғни концептінің құрылымында антропоцентризм идеясын білдіретін басымдығы мол адам факторы орын алған. Кез келген концептінің мазмұнды және мағыналы құрылымында адамның орны нақты немесе кез келген нысанға қатысы арқылы көрініс тапқан, эксплицитті немесе имплицитті қатысады, өйткені тілде адамның болуы міндетті. Демек, әлемнің тілдік бейнесі құрамында және әлемнің идеалданған моделінде заңды түрде антропоцентризм орын алған, өйткені концепт әлемнің тілдік бейнесі құрылымының базалық негізі болып табылады. Лингвоментальді бірліктер болып табылатын концептілерді когнитивтік тұрғыдан интерпретациялау тілдің, сана мен мәдениеттің тереңде жатқан байланысын толық ашып зерделеуге мүмкіндік береді. Соңғы 50 жыл ішінде концепт және оның туындылары ең кең қолданыстағы және қарама-қайшылыққа толы термин ретінде қарастырылып жүр. Когнитивтік лингвистика ғылымында концепт негізгі түсінік болып табылады. 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап лингвистикалық мәдениетте концепт түсінігіне әр түрлі атау беріліп келді: концепт (Н. Д. Арутюнова, С. А. Аскольдов-Алексеев, Д. С. Лихачев, Ю. С. Степанов, В. П. Нерознак, С. X. Ляпин), лингвокультурема (Воробьев В. В.), мифологема (М. Лехтеэнмяки, В. Н. Базылев), логоэпистема (Е. М.Верещагин, В. Г. Костомаров, Н. Д. Бурвикова). Алайда, аталған терминдердің ішінде концепт термині ең жиі қолданыс тауып, өміршеңдігі практика жүзінде дәлелденіп отыр. Концептінің мазмұнына байланысты түрлі мектептер мен кейбір зерттеушілердің көзқарастарына байланысты түрлі концепциялар пайда болды (Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова, Степанов, Соломоник, Колесов, Ляпин, В. И. Карасик, А. А. Залевская, В. В. Красных, З.Д. Попова, И.А.Стернин, М. В. Пименова және т.б.). Осыған байланысты концептіге берілген анықтамалар да әр түрлі. Концептілердің табиғаты өте күрделі, сондықтан концептілерді зерделеу мен айқындау әр түрлі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, В.А.Маслова концептіні бірнеше тұрғыдан қарастыруға болатындығы жайлы айтады: Қазіргі лингвистикада концептіні ортақ қағидаға негізделген (концепт - түсініктің мазмұнын атайды, түсініктің синонимі) үш негізгі тұрғыдан қарастыруға болады. Зерттеушілердің бір тобы (өкілі - Ю.С.Степанов) концептіні зерделеуде мәдениеттану аспектісіне көп көңіл бөледі, мәдениет концептілер жиынтығы және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы ретінде түсініледі. Демек, концепт - адамның ментальді әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұяшығы. Олар ұжымдық тілдік санада негізгі орын алады, сондықтан оларды зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. В.Н.Телияның пікірінше де концепт - нысан жайлы білетін барлық ақпарат. Бұл жерде тілдің қызметі екінші орында болады да ол тек қана көмекші құрал, мәдениет бөлшегінің тілдік формаға айналу формасы болып табылады. Екінші топ ғалымдары (Н.Д.Арутюнова және оның мектебі, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелева және т.б.) концептіні қарастыруда тілдік белгінің семантикасы концепті мазмұнының қалыптасуында жалғыз тәсіл деп есептейді. Концептіні когнитивтік семантиканың бірлігі деп түсініп, семантикалық тұрғыдан зерттеу көзқарасын Н.Ф.Алефиренко да ұстанады. Үшінші көзқарас өкілдері Д.С.Лихачев, Е.С.Кубрякова және т.б.концепт тікелей сөздің мағынасынан туындамайды, сөз мағынасының жеке адам мен халық тәжірибесінің ұштасуының нәтижесі болып табылады, яғни концепт сөз бен нақты өмірдің дәнекері болып табылады деген пікір айтады.
Концептілерді лингвокогнитивтік және лингвомәдени тұрғыдан зерттеу бір-біріне қарама-қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін толықтырып отырады, өйткені бұлар сөз бен оның мағынасының қосылуы, сөздің мәдениетті түсінудің кілті ретінде мәдени контекске енуі сияқты бір психоментальді үдерістің екі фазасынан көрініс беретін бір құбылыстың екі жағы. Бұл екі бағыт жеке адамға қатысты векторлармен ерекшеленеді: концептілерді лингвокогнитивтік тұрғыдан зерделеу жеке санадан мәдениетке қарай бағытталуды қарастырса, лингвомәдени концепт - мәдениеттен жеке санаға бағытталу мәселесін зерделейді деп түйіндейді Ю.С.Степанов.
А.Вежбицкая: концепт ұғымы адамзат баласының ғалам туралы жинақталған мәдени ұғымдары бейнеленген және ғаламның тілдік бейнесін көрсете алатын атау ретінде танылады десе, В.В.Колесов концептіні мағынаның ішкі формасына теңестіріп қарайды. Н.С.Новикова мен Н.В.Черемисина концепт сөзін былай түсіндіреді: Тіл білімінде ұғым сөзі дәстүрлі түрде қолданылса, концепт термині салыстырмалы түрде лингвистикалық терминология саласына жуықта ғана еніп, жалпы және идиоэтникалық қарым-қатынасқа қызмет ететін тілдегі сөз - ұғымдарды білдіреді. А.Вежбицкая концептіні адамның Нақты өмір әлемі жайлы мәдени қалыптасқан бейнесінен көрініс беретін, атауы бар Идеалды әлемнің нысаны деп түсінеді. Р.М.Фрумкина концептіге мәдениет категориясында рефлектенген вербалданған түсінік деген анықтама береді. В.Н.Телия концепт - адам ойының жемісі және тек қана тілдік емес, жалпы адам санасына тән идеалды құбылыс және бұл - өзінің тілдік мағынасы мен тілден тыс білімі арқылы реконструкцияланатын конструкт деп есептейді. И.А.Стерниннің пікірінше, концептілер сана бірліктері болып табылады. Концептілер аясы ұғымы когнитивтік лингвистиканың маңызды түсінігі ретінде түсініледі. Концептілер аясына білім саласының бірліктері ретінде қалыптасқан концептілер жатады Демек, И.А.Стернинің пікірінше, концептілер аясы - халықтың реттелген концептілер жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы.
Академик Д.С.Лихачевтің анықтамасы бойынша концептілер аясы ұлттық концептілердің жиынтығы болып табылады. Халықтың концептілер аясы тілдің сөз мағынасында берілетін семантикадан кең ұғым. Ұлттың мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, яғни фольклор, әдебиеті, ғылымы, бейнелеу өнері, тарихи тәжірибесі, діні бай болса, халықтың концептілер аясы да бай болады дейді академик Д.С.Лихачев. Концептілер де, концептілер аясы да - ментальді, көзге түспейтін, жасырын ақпаратқа негізделген құбылыс. В.В.Красных когнитивтік кеңістік терминін қолданып, жеке когнитивтік кеңістік (кез келген тілдік тұлғаға тән білім мен бейнелердің құрылымдық жиынтығы) және ұжымдық когнитивтік кеңістік (кез келген социумға кіретін барлық тұлғаларға тән білім мен бейнелердің құрылымдық жиынтығы) деп екі топқа бөледі. Осы тұрғыдан жеке және ұлттық концептілер аясын жіктеп алу қажеттілігі дау тудырмайтын мәселе. Сонымен қатар В.В.Красных кез келген ұлттық -мәдени менталитет иелерінің бәріне тән ұлттық-лингвомәдени қауымдастықтың қажетті және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Концептуалды талдау жұмысы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы
Пәндер