7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі . Бүгінгі жеткіншетер - ертең еліміздің экономиқалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбеккер. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2050» бағдарламасында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көреміз. Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Келешекте Азия барысына айналатын және де елеулі 30 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ. Осы жас ұрпақтың денесін жетілдіру бойынша дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, футбол, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі. Жас өспірімдердің организмі өсіп жетілуі үшін тәуліктің ең аз дегенде 8-10 сағаты қозғалыста болуы керек, олай болмаса организмнің дұрыс қалыптасып даму процессі өзгереді.
Мектеп оқушылары арасында спорттық ойындардың ішінде қозғалмалы ойындарға қызығушылық өте басым. Қозғалмалы ойындарға футболды жатқызуға болады. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі футбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады. Футбол - спорттық ойындардың ішінде халық арасында өте сүйікті. Футбол ойыны ежелден бүкіл қауым ойнайтын халық ойыны болғаннан кейін баршаға денсаулықтарының артуына және жақсаруына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар футбол ойыны атлетикалық ойын. Футбол ойыны жылдамдықты, күшті, икемділікті, төзімділікті арттыруға үлкен әсер етеді. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да футбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Футбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Ойын барысында футболшылар ауыртпашылығы жоғары жұмысты орындау арқылы функционалдық мүмкіндігінің артуына жағдай туғызады. Ойынның негізгі мақсаты екі команданың арасындағы күрес арқылы жеңіс мақсатына жету. Ойын, жаттығу сабақтары жыл бойы әртүрлі географиялық және ауа-райының өзгеруіне байланысты болғаннан кейін футболшылар ең алдымен төзімді болуына, әр жағдайға үйреншікті болуына, демек организмнің сыртқы күшке қарсылық туғыза білуіне талап қойылады. Сонымен қатар футбол ойынын спорттың басқа түлеріне жиі пайдаланып отырады. Себебі футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына жане ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы зор. Футбол әлемде ең әйгiлi спорт түрi болып есептелініп, мәлiмдiлiгi өсуде. Футбол ойыны бірыңғай қимыл-қозғалыстармен, соның ішінде жылдамдық қабілеттікіретін дамытатын бірегей спорт түріне жатады.
Қоғамымыздың өркендеуі үшін дені сау азаматтарыға қажеттілігі мен қазіргі кезеңде балалардың қозғалыс ойындарына немқұрайлығы, олардың азқозғалысты іс-әрекет түрлеріне - компьютерлік ойындарға және т. б. басымдық беріп денсаулықтарын жоғалтуға, дене және ақыл-ой дамуының нашарлауына әкелеуі арасындағы қарама-қайшылық пен футбол ойынының балалардан дербестікті, шапшаңдықты, ептілікті, кеңістікте бағдарлауды талап ететіндігі біздің диплормдық жұмыстың тақырыбын «7-11жас аралығындағы мектеп оқушыларының қозғалыс қабілеттерінің дамуына футболмен айналысудың ықпалы»деп алуға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: 7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру.
Зерттеу объектісі: Балалардың футболдан оқу-жаттығу үдерісі.
Зерттеу пәні: Балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту құралы ретіндегі футбол ойыны дене шынықтыру дайындығының ерекшеліктері
Зерттеудің міндеттері:
- Тақырып бойынша әдебиет көздерін зерделеу;
- 7-11жас аралығындағы мектеп оқушыларымен футбол ойыны үшін қолданылатын қозғалыс ойындарының кешенін іріктеу;
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Дене тәрбиесі жүйесіндегі футбол ойынының орны мен маңызын анықтау;
- Оқу-жаттығу топтарының футбол қақпашыларының дене шынықтыру дайындығының ерекшеліктері.
- Жаттығу сабақтарын жоспарлау бойынша кеңестер әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс жүргізілсе, элементарлы футбол ойынына үйрету есебінен футбол дайындығының ерекшеліктері қозғалыс белсенділігі артады.
Зерттеу көздері: Рессейлік, Қазақстандық және шетелдік спортшылардың еңбектері
Жұмыстың жаңалығы: Футболшыларды дайындаудың жаңа тактикалық әдіс-тәсілдер жүйесі қолданылды.
Практикалық маңызы. Жаңа тактикалық әдістемені мини футболда жасөспірім футболшылардың оқу жаттығу бағдарламасына қосуға болады. Жас футболшылардың оқу-жаттығу үдерісінде, оған қоса дене шынықтыру және спортқа тиісті оқу-құралдарын құрастыруға және дәрістер мен арнаулы курстарда оқу кезінде зерттеулерден алынған материалдардың нәтижелерін пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде: Зерттеу мәселесі бойыншы материалдар жиналды; Ғылыми апарат анықталды;
2-ші кезенде: Зерттеу мәселесі бойыншы теориялық материалдар жүйеге келтірілді
3-ші кезенде:Зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді, сараптама жасалды;
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру ториялық негіздері
1. 1 Қозғалыс белсенділігі мен ойындар - балалардың денесін толлыққанды дамыту мен дайындығының құралы
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады.
Қимыл - қозғалыс ойындары балаларда қалыптасқан қозғалыс әрекеттері және физикалық сапаларын арттырудың әдісі ретінде қолданылады.
В. А. Сухомлинский балалардың бойына ізгі сезімдер мен эмоциялық мәдиниетті сіңіру туралы айта келіп, былай деп жазады: «Адамның сергек, әсемшіл, сезімтал болуы балалық шақта қалыптасады. Егер балалық шақ өтіп кеткен болса, өткенде ешқашан толтыра алмайсың. Қуаныш пен қайғыға сергектік тек балалық шақта ғана тәрбиеленеді». Балалар қимылды ойындарды өте ұнатады. Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып, қимыл - қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі.
Ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі, бала өзін дәл ойын үстіндегіндей уақытта еркін ұстап, анық көрсете алмайды. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын-балалардың жас ерекшілігі талап ететін қажетті құбылыс. Жас балғындарды жан-жақты дамытып, олардың жүректерінде сенім орнатып, білім әлеміне енгізу үшін әдіс, тәсіл, амал, айла керек. Баланың әркайсының түрлі мінезі, дағдысы, қылығы бар. Олардың сезімдері нәзік, көңілдері кіршіксіз таза, пәк. Бала өмірінің әрбір кезеңінде ойнай береді. Ойын бала үшін рахат, ермек. Ойын олардың тілін, ойлауын, сезімін дамытады, мінезін өзгертеді: тұйықтарын ашықтыққа, жүрексіздерін қайсарлыққа, батылдыққа, олақолқыларын ширақтыққа, пысықтыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ойынның білім беру, эстетиқалық талғампаздығын тәрбиелеудугі мыңызы зор. Сондықтан мұғалім қашан да оқытуды ойынмен ұштастыруда ұмытпағаны жөн. Бала ойнай жүріп оқысын, үйренсін, дағдылынсын, тәрбиеленсін. Өйткені ойынға негізделе құрылған сабақты олар жақсы түсінеді әрі шаршамайды, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың жан азығы да, ой-өрісінің қалыптасып, денесінің шынығуы да ойынға тығыз байланысты. Бала адамның бауыр еті. Ол күн сайын жинаған гүл, үйдің думаны, дүниенің қызығы, көнілдің хошы. Гүл қашанда ерекше баптауды сүйеді. Егер оған су қүйылмай баптауы кем болса, өз тамырын солдырып, табиғи да жарасым түсің өзгерте бастайды, Демек ол үшін ерекше күтім қажет. Сонда ғана гүл өзінің сұлу бейнесіне, табиғи жаратылысына ие болып қалады. Арнаулы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, ойындар, спорт балалардың есін, зейінің, қимылыныі дәлдігі мен тездігі, тіртіптілікті, логиқалық ойлауын, еңбек сүйгіштігімен табандылығын дамытады. Кейде ата-ананың, мұғалімнің «тыныш отыр», «қозғалма» деген сөздерін жиі естисің. Бұл дұрыс емес. Бала әрдайым қозғалыста болсын, ол осы дағдыны интуициялы түрде қажет етеді. Оған кедергі жасауға болмайды . Мұның өзі баланың клеткаларының өсуіне жасалған бөгет. Тіпті ұйқыда жатқан адам орта есппен16 рет аунайды екен. Дене тәрбиесімен айналйспаған жағдайда организмнің сыртқы ортаға қарсыласуы 13 жастан ақ нашарлайды. Ал біздің балалармыз қазір мүлдем аз қимылдайтын болды. Олар мектепте, сыныпта, үйде сабақ дайярлау кезде, телевизор, компьютер алдында қимылзыс отырады. Соңғы кезде кейбір балалардың жанары нашар көріп, тыныс алу органдары баяу жетілетінің дәрігерлер жиі айтып жүр. Кей балалардың көзі нашар көреді.
Тірек - қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл - қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық - функциялық негізі. Жаңа қимыл - қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл - қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.
Күрделі қимыл - қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.
Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл - қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша, қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.
Жаңа қимыл - қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану, сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан - сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл - қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.
Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді. Индифференттік тітіркендіргіштердің күші, дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл - қозғалыстардың өзі, оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер, яғни өте күрделі жаттығулар, оқушының қимыл - қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше, күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл - қозғалыстар, оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.
Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау, түсінік беру, қателіктерін түзету, үнемі назарда ұстау жаңа қимыл - қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл - қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл - қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл - қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар, қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда, ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл - қозғалыс автоматтандырылған сайын, оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл - қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл - қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.
Жаңа қимыл - қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл - қозғалыстардан, сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы, оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара - бара мақсатты қимыл - қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау - ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын, бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса, олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.
Алғашқы даму кезеңдерінде баланың қимыл - қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.
Бір - екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі, көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл - қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.
Қимыл - қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл - қозғалыстарға ие бола бастайды.
Тірек - қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл - қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар, шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін, аяқ астынан пайда болатын қимыл - қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл - қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне, қуаттау әдістерінің ебін табуына, баланың сабаққа деген ынта - жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да, түсінік беріп, жаттығулардың орындалуына баға беріп, баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.
Ерікті қимыл - қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл - қозғалыстарға саналы ынта - жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді. Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.
Баланы жаңа қимыл - қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі, әрекет жетістіктерін бағалауы, баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым, сонымен қатар айқын, жағымды, табиғи, биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты. Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ. Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.
Балалар техникалық жағынан күрделі қимыл - қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен, жаңа қимыл - қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.
Баланы қимыл - қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері) . Мысалы, 6-8 жастағы баланы коньки тебуге, 9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл. 8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да болсын қимыл - қозғалысқа үйретуге болады.
Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы, екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған. Аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл - қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі. 8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды, ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді, тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.
Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты, нақты, заттық тітіркендіргіштерге қарағанда, сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады. Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта), негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл - қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен, қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау - түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы, жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.
Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі, қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл - қозғалыстарға ынта - жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан -жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.
Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.
Адамның ерікті қимыл - қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.
Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл - қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.
Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz