Онтология. Болмыс және сана ұғымдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары.
Жоспар:
1. Онтология ғылымы
2. Болмыс ұғымы
3. Сана ұғымы
1.Онтология (гр. ontos  - болмыс, logos - ілім) -  философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары -- Платонның түрлер теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды акторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және онын өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.                                       
        Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.     Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдіңпікірі бойынша Онтология - "мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім" ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология - болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Яспе рсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология "болу" деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады. Адам -- Дүние қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.                                                                      Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының  заттар дүниесіне жинақталғандығы  (М.Хайдеггер).   Заттық тәуелділік.    Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес, жемісті емес бағдарлануының формалары. Ие болу стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайылығы ретінде. Болу стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемістігі бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде.  Әлем - адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке - жеке емес, бір - бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем - біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір - бірімен гравитация күшімен байланысқан.Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол бол, болу сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық әлем деген не? сұраққа жауап беруге болады.  Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес - деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.  Гераклит болмыс қарама - қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір - бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
2. Болмыс  - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.            Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол "бол", "болу" сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық "әлем деген не" сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз -- бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану -- механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе -- болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы -- онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттар болмысы
Болмыс формалары
Онтология мәселелері
Онтология: ұғымдары мен принциптері
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
Адам болмысы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Фиолософия дәрістер курсы
Пәндер