Орыс философиясының кезеңдері мен бағыттары


Орыс философиясының кезеңдері мен бағыттары
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі - XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А. И. Герцен, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин, Н. Г. Чернышевский, Т. Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В. Г. Белинский, И. С. Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.
Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.
Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, К. С. Аксаков, Ю. Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В. И. Даль, А. Н. Островский, В. И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.
Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.
Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.
Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А. С. Хомяков (1804-1860) . Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т. б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф. Достоевский мен Вл. Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.
Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С. Трубецкойдың, Е. Трубецкойдың, П. Флоренскийдің, С. Булгаковтың, Н. Бердяевтің, Н. Лосскийдің, С. Франктің, Л. Карсавиннің, А. Лосевтің, И. Ильиннің және т. б. шығармашылық қызметінің негізін құрады.
XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А. А. Григорьев, Н. Н. Страхов, Ф. М. Достоевскийлер болды.
Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф. М. Достоевский (1821-1881) . Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz