Ықпал түрлерін оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ЖОБА
Функционалды фонетика
Тақырыбы: «Ықпал түрлерін оқыту әдістемесі».
6B01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
1 курс
101-топ
Орындағандар:Бақытбеков Ерсұлтан, Тауекелова Актолкын
Қабылдаған: Әміржанова Назира
Мазмұны
I Кіріспе
2. 1 Ықпал туралы түсініктеме . . . 4
ІІ Негізгі бөлім.
2. 2 Ықпал түрлері . . . 5
2. 3 Мектеп бағдарламасы бойынша ықпалды оқыту әдістемесі . . . 9
Ұсыныс . . . 10
2. 4 Жоғары оқу орындарындағы ықпал түрлерін оқыту әдістемесі . . . 11
Ұсыныс . . . 13
ІІІ Қорытынды . . . 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 15
Аннотация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Ықпал түрлерінің оқыту әдістемесін қарастыру
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ықпал түрлерінің оқыту әдістемесі бойынша жұмыс жасап, жаңа әдістер ұсыну
Зерттеу міндеттері:
1. Ықпал түрлерін ажырату
2. Әрбір түріне жеке-жеке анықтама беру
3. Ықпал түрлерін оқыту әдістемесін үйрету
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
1) Ықпал түрлерінің оқыту әдістемесінің кем тұстарын түзетіп, дұрыс жолдарымен көбірек жұмыс жасау
2) Студенттерді зерттеу жұмысымен толықтай таныстыру
Зерттеу жұмысының мәселесі:
Ықпал түрлерінің оқыту әдістемесі бойынша таныстырып, кем тұстарымен жұмыс жасау
Зерттеу жұмысының мәселесін шешудің болжамы :
1) Қазіргі кездегі ықпал түрлерін оқыту тәсілдерімен таныстыру
2) Жаңа әдістерді ұсыну
Зерттеу әдістері:
Жұмысты жазуда негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Кіріспе, негізгі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Кіріспе бөлім
2. 1 Ықпал туралы түсініктеме
Үндестік заңы - фонетика тарауындағы негізгі тақырыптардың бірі. Әдіскерлер көрсеткендей, «дыбыс үндестігін білу сауатты жазу мен дұрыс сөйлеуді жақсы қалыптастыруда көп көмегін тигізеді».
Үндестік заңы бағдарлама бойынша орта мектептің 5-сыныбында берілген. Соған орай оқулықта үндестік заңының екі түрі, яғни буын үндестігі және дыбыс үндестігі, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар ілгерінді ықпал, кейінді ықпал мәселелері қамтылған. Үндестік заңының ішінде буын үндестігі, яғни сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесетіндігі түсіндіріледі. «Мектеп оқушылары үндесудің бұл түрің жай жаттап алмас үшін алынған мысалды талдау кезінде түсіндірейін деген кезде сызықша (стрелка) арқылы көрсету артық болмайды, керісінше, оны дәлелдеуге көп мүмкіншілік береді және әңгіменің не жайында екендігін тұп-тура білуге болады». Сондай-ақ қазақ тілінде буын үндестігіне бағына қоймайтын қосымшаның түрлерін де атап өту керек.
Дыбыс үндестігі белгілі бір сөз ішінде, болмаса сөз аралығында қаар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне қарай бейімделіп тұруына негізделеді. Жалпы ықпал морфеманың аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың арасында болады. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө, үй-дү, өс-үп, т. б.
Қазақ тілінде дауыстылар бірге келген дыбыстардың алдыңғысы (яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбыс) кейінгісіне (яғни кейінгі морфеманың басқа дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.
Бұл кезде сол дыбыстардың мықты не әлсіз болуы сол жердегі дауыстың дыбысына байланысты. Дауысты дыбыстар тоннан жасалғандықтан, әрқашанда басқа дыбыстарға ықпал етіп тұрады. Бұл жағынан үнділер де басым болып келеді. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға басымдылық жасайды. Дауыс бірлігі жағынан әлсіз болып келетіндер - үнсіз(ұяң, қатаң) дауыссыздар. Соған қарамастан, ұяңдар мен қатаңдар көбінесе тіл табыса алмайды. Қатар жазылғанда кейде ұяңдар катаңданып, ал катаңдар ұяңданып кетеді.
ІІ Негізгі бөлім.
2. 2 Ықпал түрлері
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөзбен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгеруін дыбыс үндестігі дейміз. Дыбыс үндестігі-сөздердің ішіндегі екі сөздер арасындағы қатар тұрған екі дыбыстардың, яғни екі дауыссыз дыбыстардың бір-бірлеріне ықпал етуі. Жалпы ықпалдардың үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Ықпалдардың түрлері
Кейінді ықпал
Ақ лақ / ағ лақ
Ілгерінді ықпал
Көзқарас/көзғарас
Тоғыспалы ықпал
Бес жыл/беш шыл
Ілгерінді ықпал -сөз ішінде немесе сөздердің аралығындағы алғашқы дыбыстардың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп туруын ілгерінді ықпал дейміз. Яғни, қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етуі.
Ілгерінді ықпал сөз ішіндегі және де екі сөз арасындағы қатар тұрған екі дыбыс аралығында кездеседі екен. Мысалға айтатын болсақ:
1) Сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпал : «ашса»-деп жазылса, «ашша»-деп оқылады.
Ал біріккен сөздерде, Сәтбек-жазылуы бойынша, Сәтпек-оқылуы бойынша айтылады екен. Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы жұбы қатаң болса, соңғы жұбы ұяңнан басталса да ол қатаңға айналып кетеді. Бірақ жазғанда оның түбірі сақталып қалады. Мысалы: «Қонысбек-Қоныспек», «Тынысбек-Тыныспек, » «тас бер-тас пер».
Егер біріккен сөздердің, сөз тіркестерінің алғашқы жұбы дауыстыға, яғни үндіге, ұяңға аяқталып, екінші жұбы қатаң дыбысынан басталса, айтылған кезде дыбыс ұяңданып естіледі. Бірақ оның түбірлері сақталып отырады. Мысалы: «Жаңақорған-Жаңағорған», «кім келді-кім гелді».
2) Ілгерінді ықпал екі сөз арасында кездесіп жатса, мысалы:
Тіркесті сөздерде-«алып бер» деп жазылса, «алып пер» деп оқылады.
Сөз тіркестерінде-«ақ балық» деп жазылса, «ақ палық» деп оқылады.
Қос сөздерде «құрбы-құрдас» деп жазылса, «құрбы-ғұрдас» деп оқылады
Жазылуда ескеріліп жазылатын ілгерінді ықпал заңдылықтары
Сөздер жазылған кезде, ілгерінді ықпалдың заңдылықтар бойынша, сөздерге жалғанатын дауыссыз дыбыстардан басталатын қосымшалар:
Егер сөздердің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, қатаң дауыссыздан басталып жазылады. Мысалыға, «тас» сөзі, «тас қа , та стар » болып жазылады екен. Ал егер, сөздердің соңы дауысты болса, яки үнді дауыссыз болса, ұяңнан немесе үндіден басталады. Мысалы «бала» сөзі-«бала ны », «түн» сөзі- «түн де » болып жазылады екен.
Егер сөздердің соңы ұяң дауыссыз дыбыстардан болып жатса, ол ұяңнан басталады екен. Мысалыға, «қарыз» сөзі- «қарыз ды »
Тағыда айта кетсек, егерде «ш, с» дыбысымен басталған қосымшалар, кез келген сөздерге сол күйінде жалғанып жазылады екен. Мысалы:жесін, алсын, қазсын жәнеде тағы басқа.
Ал оқығанда, жазылуда ескерілмейтін заңдылықтарға келетін болсақ:
Ш+С=ШШ, Ш+Ж=ШШ
Егерде «ш» дыбысынан кейін, «с немесе ж» тұрса, онда «с, ж» дыбыстары «ш» дыбысы болып оқылады екен. Мысалыға айта кетсек, (ашса-ашша, үш жыл-үш шыл) .
Егерде қатаң дауыссыз дыбыспен+б қатар келсе, «б» дыбысы «п» болып оқылады. Мысалы:ақ бор-ақ пор, жас бала-жас пала, алып бер-алып пер, Жүсіпбек-Жүсіппек, және т. б
Кейінді ықпал
Кейінді ықпал-қатар келген екі дыбыстардың екіншісінің алдыңғы дыбыстарға ықпал жасап, өзіне ұқсатуы. Мысалы, жазылған кезде, (басшы) деп жазылса, (башшы) деп оқылады. Және сөз ішінде немесе сөздер аралықтарында кейінгі дыбыстардың өзінен бұрынғы дыбыстарға әсер етіп тұруын кейінді ықпал дейміз.
Егерде сөздің соңғы дыбысы қатаң яғни, «п, қ, к» болып, жалғанатын қосымша дауыссыз дыбыстардан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ) болып жазылады. Ал кейде «п» дыбысы, «у» ға айналады екен. Мысалыға айтатын болсақ:күрек-күрегі, доп-добы, тауып-таппып.
Кейінді ықпалдар сөздердің ішінде және де екі сөз араларында қатар тұрған екі дыбыстар аралығында кездеседі екен.
Мысалы:
1) сөздердің ішінде кездесетін кейінді ықпалдарға:
Соның ішінде: сөз бен қосымшаның арасында- «басшы»сөзі жазылады, ал оқылғанда «башшы» болып оқылады. Біріккен сөздерде-«Есенгелді» деп жазылса, «Есеңгелді» деп оқылады.
2) екі сөздердің арасында кездесетін кейінді ықпалдарға:
Мысалы:
Тіресті сөздерде- «он бес» деп жазылса, «ом бес» деп оқылады.
Сөз тіркестерде- «ақ лақ» деп жазылса, «ағ лақ» деп оқылады.
Қос сөздерде- «ап-алыс» болып жазылады, ал оқылған кезде ол «аб-алыс»деп айтылады екен.
Кейінді ықпалдың заңдылықтары бойынша сөздер жазылған кезде, дыбыстық өзгерістер болады.
к, қ, п+дауысты дыбыстар=г, ғ, б дауысты болып ұяңданады.
Мысалы:күрек-күрегі, жақар-жағар және т. б
Соңғы дыбыстары «п» болған етістіктерге көсемшенің «-ып, -іп, »жұрнағы жалғанған кезде, «п» дыбысы «у» дыбысына айналады екен.
П+ып=уып
П+іп=уіп
Мысалы:шап+ып=шауып, кеп+іп=кеуіп.
Оқылған кезде ескерілетін кейінді ықпал заңдылығы бойынша
Егерде «н»дыбысы мен «г, ғ» өатарынан тұрса, онда «н» дыбысы «ң» болып оқылады. Мысалы: сенгім-сеңгім.
Егерде «с, з» дыбыстары мен бірге «ш» дыбысы қатар тұрса, онда «с, з» дыбыстары «ш» болып оқылады. Мысалы:Жазшы-жашшы.
Егерде «з» дыбысы мен «ж, с» дыбыстары қатар тұрса, онда «з» дыбысы «ж» немесе «с» болып оқылады екен. Мысалы:тұзсыз-тұссыз.
Егерде «н» дыбысы мен «б, п» дыбыстары қатар тұрса, онда «н» дыбысы «м» болып оқылады. Мысалы:он бес-ом бес.
Егерде «к, қ, п» дыбыстары мен дауысты дыбыстар немесе ұяң, үнді дыбыстары қатар келсе, ондай болса, «к, қ, п» дыбыстары «ғ, г, б» болып оқылады екен. Мысалы: «Көкжиек» сөзі жазылуы бойынша, «көгжиек» болып оқылады екен.
Жәнеде сөздерде қатар тұрған екі дауыстының біріншісі түседі екен. Мысалы: «сары ала» сөзі «сарала» болады.
Тоғыспалы ықпал
Тоғыспалы ықпал- сөздерде қатар келген екі дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, аталған осы екеуініңде өзгеріске ұшырауы. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы көршілес дыбыстардың бір-бірлеріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуініңде басқа дыбысқа ауысуы тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы: «бес жыл»деп жазылса, «беш жыл» болып оқылады.
Егерде «с» мен «ж» дыбысы қатар тұрса, екі дыбыста «ш» болып оқылады.
Мысалы:Досжан-Дошшан, Есжан-Ешшан, тас жол-таш шол.
Егерде «н» мен «к, қ» дыбыстары қатар тұрса, онда «н» дыбысы «ң» болып, ал «к, қ» дыбыстары «г, ғ» болып оқылады екен.
Мысалы:он келін-оң гелін.
ІІ Негізгі бөлім
2. 3 Мектеп бағдарламасы бойынша ықпалды оқыту әдістемесі
« Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу үстіндегі айтылуы әрдайым бірдей бола бермейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрі мен оның оқылуы да үнемі сәйкес келе алмайды. Ауызша сөйлеу үстінде сөздер бір-бірімен «тіл табысып», үндесіп, үйлесіп жатады. Сол үйлесімдік үшін кейбір сөздер бір-екі дыбысын «сындыруға», өзгертуге, кейде тіпті жоғалтуға дейін барады. Мұндай үйлесімділік - қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи заңдылықтары ». Р. Сыздық
Алматы, 2011. Ескі баспа, 4-сынып, қазақ тілі кітабы
Дыбыс үндестігі туралы қысқаша мәлімет 4-сыныптың кітабында берілген. Ереже аз болғанымен тапсырмалар жеткілікті.
Алматы, 2017. Жаңа баспа, 5-сынып, қазақ тілі кітабы
Алматы, 2015. Ескі баспа, 5-сынып,
қазақ тілі кітабы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz